Аграрлық мәселенің шешімдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 09:33, курсовая работа

Описание работы

Айтарлықтай айрықша болмаған және аз естілетін феодалдық құрылыс іштен қиратушы күштерді бүзып келді. Олар: ең алдымен Англияда пайда болып онан соң Европа континенттеріне жэне барлық жерге кіріп келіп, лезде капиталистік өндірістің қарқындылығы көтерілді, жұмысы жоғары деңгейде бөлінген ірі орталықтандырылған ману фактуралар жоғары машиналы техникаға өтуге істелінген; қолға азырақ жинақталған, саяси жағынан дүрыс емес, бірақ эканомикалық жағынан өте күшті класс үлкен буржуазиялық капиталды.

Содержание

Кіріспе ……………………………………………………………………….. 3
I бөлім, ¥лы Француз буржуазиясының ревалюциясы …..……….……8
Ревалюцияның негізгі себептері……………………………..…………….8
Алдынғы қатарымыз буржуазия мен халық бұқарасының идеялары....15
II бөлім, Революцняның ахуал…………………………………………..…21
Ревалюцияның басталуы ұлы буржуазия өкімет басында…………..…21
Якобиншілдердің халықпен байланысы ……………………………….. 30
III бөлім. Аграрлық мәселенің шешімдері …………………………... 37
1792-1793 жылдар халық көтерілісінің шиеленісуі ………………….. 37
Якобиншілер диктатурасының ең жоғарғы кезеңі ………………... 43
Якобиншілердің агаралық саясаты …………………………………….46
Қорытынды ………………………………………………………………… 51
Сілтемелер …………………………………………………………………….. 54
Пайдаланылған әдебиеттер ………………………………………

Работа содержит 1 файл

referattar.kz_066780923.doc

— 283.00 Кб (Скачать)

Мелье (1664—1729). Шаруаның баласы, кейін селолық священник  Жан Мелье шаруаның мүшкіл халін көзімен көрді, деревня кедейлеріне жан-тәнімен берілді. Мелье өлгеннен кейін оның қалық қолжазба күйіндегі «Өсиеті» қалды,бұдан оның діни қызыметіне қарамастан,дін атауларының бәрі де жалған екеніне, феодалдық тәртіптерді ғана емес, жерге жеке меншікті де түгелдей жою қажеттігіне көзі жеткенін көреміз.

Мелье дінді өрескел  алдау деп, дворяндар мен корольдарды адам денесіндегі қатыгез арамтамақ және «барып тұрған мейірімсіз, нағыз малғұндар», оларды аяусыз жою керек деп жариялады. Мелье меншікті және қанаушылардың артықшылығын жою жағында болды. Ол жоқшылық, басқан, сеньорлар мен дін басыларының қыспағындағы село кедейлерінің революциялық талабын көрсетті, ортақ жерде барлығына бірдей міндетті коммунистік негізде еңбек етуге шақырды. Мельенің идеялары алғашқы кезде «Өсиеттің» қолжазба көшірмесі ретінде тарап, баспа-сөзде XVIII ғасырдың екінші жартысында ғана белгілі бола бастады.

Энциклопедияшылар. Дидро. Жазушы әрі философ Дени Дидро бастаған бірқатар ағартушылар 1751 жылдан көп томды «Ғылым, өнер және кәсіп энциклопедиясын» шығара бастады.

Оның авторларының ішінде Вольтер, Руссо және басқа  белгілі жазушылар болды. Олар өз заманындағы ғылыми білімдер мен алдыңғы қатарлы идеяларды бір жүйеге келтіруді және мазмұндауды өздерінің алдарына мақсат етіп қойды. Ол кезде, ең алдымен феодалдық-абсолюттік тәртіптерді сынайтын, оларды жоюға шақыратын идеялар ғана озық, идеялар болып есептелді.

Энциклопедияда  математикадан, астрономиядан, географиядан, физикадан, химиядан жэне түрлі өндіріс технологиясынан тұжырымды мақалалар берілді. Өнеркәсіп бұйымдарын дайындаудың, ауыл шаруашылығын жүргізудің озат тәсілдері жазылды, бұлар елдің өндіргіш күштерін дамытуға көңіл аударды.

«Энциклопедия» авторлары  адамның бүкіл өмір әрекетінің негізінде  дін емес, парасаттылық, оқу-ағарту мен ғылым жатуға тиіс екенін көрсетті. Ол дін мен шіркеуді сынады, корольдардың жеке билігін, сословиелік артықшылықтарды,  шаруалардың  феодалдық  міндеткерліктерін,   тағы Сонымен катар энциклопедияшылар жеке меншікті, еркін кәсіпкерлікті қорғады, ауыл шаруашылығына, өнеркәсіп пен саудаға қысым жасау атаулының бәрін жоюды қолдады, сословиелі қоғамды сынады. Олар үлт, яғни бүкіл француз қоғамы сословиеге бөлінген «азаматтардан» емес, заң алдында тең праволы және тең міндеттері бар азаматтардан тұруға тиіс деп жариялады.

«Энциклопедияның» басылып  шығуы үкіметті үрейлендірді. Оның алғашқы томдарын өкіметтің бұйрығымен өртеп жіберді, алайда қанша кедергі жасағанмен, «Энциклопедияның» жарыққа шығуы тоқталған жоқ. Ол француз ағартушыларының алдыңғы қатарлы ғылыми және саяси-көпшілік ойларының неғұрлым жанжақты ескерткішіне айналды.

Ағартушылардың алдыңғы қатарлы идеялары революцияны дайындауда және оның барысында маңызды роль атқарды, оның идеологиялық алғышарты болды.

Революциялық жағдайдың  қалыптасуы. Революцияның неге болғандығын  түсіндіру үшін, біріншіден, оның негізгі  себептерін, екіншіден, революциялық, жағдайдың қалай қалыптасқанын, яғни революииялық дүмпуге тікелей апаратын жағдайды білу керек.

Өндіргіш  күштер мен олардың дануына кедергі  болып отырған ескі, феодалдың өндірістік қатынастар арасындағы қайшылықтар буржуазиялық революцияның негізгі себебі болды. Нығайып алған буржуазия абсалюттік монархияға да, феодалдық тәртіптерге де көнгісі келмеді. Халық та дворяндарға қарсы тұруға әзір еді.

Бұрыннан-ақ пісіп жетілген революциялық дүмпуге түрткі болатын революциялық жағдайды революцияның негізгі себептерінең ажырата білу керек. 1789 ж. қарсаңында Францияда осындай жағдай пайда болды. Бұл кезде билеуші «жоғарыдағылар» мен «төмендегілердің», яғни халық бүқарасының жағдайлары бір мезгілде шиеленісті және халықтың саяси белсенділігі артты. В. И. Ленин революциялық жағдайдың үш белгісі —

күйзелуінің әдеттегіден  де күштірек шиеленісе түсуі, соның  нәтижесінде халық бұқарасының саяси бесенділігінің күшейе түсуі балып табылады деп көрсетті.

Біріншіден, революция алдындағы Англиядағы сияқты король қазынасы біржолата босап қалды. Король финанс жағдайы тұйыққа тірелгендіктен 175 жылдан бері (1614 жылдан) жиналмай келген Бас штаттарды шақыруды үйғарды. XVI Людовик Бас штаттардан жаңа заемдар мен салыққа келісім аламын дел үміттенді. Басқаша айтканда, абсолюттік монархия енді бұрынғыша басқара алмады.

 

II бөлім. Революцняның ахуал.

2.1. Ревалюцияның  басталуы ұлы буржуазия өкімет  басында.

Жоғары топтардың  жұргізіп отырған саясаты онсыз  да революция қарсаңында елде қалыптасып отырған революциялық жарылысты тездете түсті. Таққа 1774 жылы келген Людовик XVI королге одан бұрынғы король Людовик XV күйзелген шаруашылық пен қарыз ғана қалдырды. Елде тұрмыс нашарлады. Жер иелері шаруаларды қанауды тіпті күшейтіп жіберді. Әскерге офицерлік қызметке төрт атадан бері дворян атағы бар адамдар алынды. Бұл әскердегі король үкіметінің ықпалын күшейту эрекеті еді. Сондайақ 1784 жылы тоқылатын орамалдардың ені, ұзындығы белгіленді. Сыртқы саясаты да буржуазияның ойынан шықпады. 1786 жылы Англиямен сауда келісімін жасады, ол француз өнеркэсібіне зиян келтірген келісім болды. Англияда өндірілген арзан тауарлардың Францияға еніп кетуіне мүмкіндік берді. Осының бэрі революциялық ахуалды тудырды. В. И. Ленин атап көрсеткен революциялық ахуалдың үш белгісі қалыптасты».

Елді корольдің жеңіл  мінезді әйелі басқарды. Күнделікті қызықты өмір сүру әрекеті елдің алдында оның және корольдің беделін түсірді. Мемлекеттік қарыз өсті. Жаңа заемдар шығарды. 1789 жылдың қарсаңында мемлекеттік қарыз көлемі — 4,5 миллиард сомға жеткен. Елде енеркәсіп — сауда дағдарысы жасалды. Жұмыссыздар пайда болды. Мұқтаждық шегіне жетті.

Осы дағдарыстан шығудың  жолын іздеп аласұрған король үкіметі 1789 жылы 5 мамырда сонау 1614 жылдан бері шақырылмаған Бас штаттарды  — үш сословие өкілдерінің жиналысын шақыруға мәжбүр болды. Жоғары екі сословие өкілдері корольдің екі жағына жұмсақ креслоларда шалқая орналасса, үшінші сословиенің алақүла киінген өкілдері залдың ең артқы бөлігінен орын алды. Үшінші сословиенің 600 өкілінің қоғамдағы қүқықсыздығы осы жердің өзінен-ақ сезіліп тұрды.

Король өзінің сөзінде  қазнаның ортайып кеткендігі «жаңалықтар» талап етудің көбейіп кеткендігіне өзінің өкпелі екенін айта берді. Король ел күтіп отырған реформалар туралы ештеңе айтпады. Оған негіз де бар. Бас штаттардың бұл отырысына 47 епископ, 41 аббат, 200-ден аса кюрелер катысты.

Ең басты  келіспеушілік дауыс берудің  төңірегінде күшейді, бұрынғы тэртіп бойынша сословие бөлек-бөлек дауыс берсе, үшінші сословие саны көп болса да дауыс ала алмайтын еді. Енді үшінші сословие әр адамның дауыс беруін енгізуді талап етті. Оған бірінші жэне екінші сословие өкілдері, әрине, келіспеді. Үшінші сословие өкілдері өздерін ¥лттық жиналыс деп жариялап, бұдан былай салынатын салықтар мен түрлі шешімдер бізбен келісілуі керек,— деп мэлімдеді. Тағы бір кызығы, діни сословиенің төменгі топтарының өкілдері, тіпті дворяндардан да ұлттық жиналыс жағына шыға бастады. Бұл жоғарыда айтылып кеткен «жоғарғылардың» дағдарысының тереңдей түскендігін паш етті. ¥лттық жиналыс 1789 жылы 9 шілде француз халқының атынан заң шығаруға хүқығы бар Құрылтай жиналысы деп жариялады өзін (граф Мирабо, Сиейес, ле Шапелье, Бариав). Граф Мирабо осы оқиғалар болып жатқан кезде-ақ өзінің көзқарасын білдіріп алды. «Бұл ұлы революция ешқандай зиянсыз, көз жасынсыз жүзеге асады»—деген еді, ал шын мәпінде революция элі басталған жоқ, тек қарсаңы ғана болатын. [5]

Революцияның басталуы. Революция Парижде басталды. 13 шілде күні халық өкілдері ұлттық жиналысты қорғау үшін жиналды. Король үкіметінің контрреволюциялық әрекетіне тойтарыс беру үшін ұлттық гвардия қүрылды. Ортағасырлық зорлық-зомбылықтың бетбейнесі — Бастилия Қамал-түрмесің алуға ұмтылды. Бүл 14 шілде күні болатын. Көтерілісшілерден 100 адам өлді. Пышақпен, мылтықпен, қанжармен қаруланған халық Бастилияны алды. Бұл күн (14 шілде) бүгінгі күнге дейін француз халқының ұлттық мейрамы болып отыр. Париждегі халық көтерілісінің жеңуі үлкен оқиға болды. Король үкіметі мен шексіз билікті күлатты. Ірі буржуазияға үкімет билігін алып берді. Олардын өкілдері Париж муниципалитеттеріне отырып алды. Буржуазияға дворяндардың либерал бөлігі қосылып кетті.

Париждегі рсволюцияның жеңуі бүкіл елде революциялық қозғалыстың өрлеуіне дабыл болды. Қалаларда буржуазияның өкілдерінен тұратын муниципалитеттер құрыла бастады.

Революцияға қатысқан әлеуметтік топтар мен әлеуметтік топтардың революциялық белсенділік дәрежесі қандай болды деген заңды сұрақ тууы мүмкін. Әрине, үшінші сословиеге кіретін топтар өкілдері мүлкі, өмір сүру ерекшелігі, білім тағы басқа жағынан бірдей болған жоқ. Бірақ революцияның бірінші кезеңінде бүлардың бәрі бірдей дәрежеде өзінің жалпы жауы — феодалдық-абсолютистік қүрылысқа қарсы күресті.

Халық бұқарасы — шаруалар мен плебейлік топтар революцияда  зор қозғаушы роль атқарды. Олардың батылдығы, батырлығы революцияны жеңіске жеткізді, алға тартты. Осылардың белсенді қатысуы бүл революцияға буржуазиялық-демократиялық сипат берді.

Алайда, революцияға бүлар  жетекшілік жасай алмады, ол кезде  әлі жас, прогресшіл буржуазия революцияға жетекші болды. Францияның буржуазиясының ерекшелігі бүл революцияда ол халықпеи одақтасты. Бірақ революция тереңдеп, өрлеген сайын буржуазияның түрлі топтарының экономикалық және саяси мүдделері айқындалып, революциядан кете бастады. Олар әуелі консервативтік топқа, кейін контрреволюциялық топтарға айналып кетіп отырды.

Сонымен революцияның 14 шілде күнгі жеңісі нэтижесінде  үкімет басына буржуазияланған либерал дворяндармен одақтасқан ірі буржуазия («буржуазиялық аристократия») келді. Олар — банкирлер, ірі мануфактура иелері, кәсіпорын иелері, кеме қожайындары, ірі саудагерлер, ірі үй қожайындары, буржуазиялана бастаған бай жер иелері, Міне, осылар енді қолдан келгенше революциялық өрлеуді бәсеңдетіп, қолға түсірген биліктерінен айрылып қалмаудың жолдарын қарастыра бастады. Сондай шараларының бірі ұлттық гвардияда қарапайым халық өкілдерін көбейтпеу әрекеті болды. Оған мүше болу үшін өте қымбат түратын киім кию керек болды, оған жай халық өкілдерінің шамасы келмеді.

Революцияны кідірту  саясатын өте шебер жүргізген  адам граф Мирабо. Граф Мирабо шексіз билікті сынады, күлатуды қолдады. Солай бола түра өзі ірі аристократия отбасынан шыққан адам ретінде абсолюттік басқару орнына Францияда Англия монархиясына жақын келетін парламенттік монархиялық басқарудың түрін жүзеге асыруды қолдады. Бұл деген сөз — король билігі сақталады. Бірақ оның бұрынғы абсолютті басқаруына конституция қабылдату арқылы шек қойылады.

Бұл ірі буржуазия мен либерал дворяндар жэне оның конституцияшылдар партиясы барлық ұйымдарды басқаруда басты роль атқарды.

Осы алғашқы күндері, Құрылтай жиналысында екі топ — оңшыл жэне солшыл топтар қалыптасты. Оңшылдар ескі тәртіпке соққы бергісі келген жоқ, онымен келісуді ойлады.

Ал солшыл топ болса революцияның жеңісіне масаттанып әлі ойланып үлгірмеген еді. Үшінші сословиеге кіретін түрлі топтардың арасындағы айырмашылық әлі анықталып болмаған еді. Сондыктан да олардың арасында революцияның бірінші кезеңінде граф Мирабо мен либерал дворян маркиз Лафайеттің беделі жоғары болды.

Үкімет басына келген ірі буржуазия мен либерал  дворяндардың мақсаты олардың бірінші күнгі шешімдерінен айқын көрінді. Мысалы 4—11 тамыз күнгі шешімінде феодалдық тәртіп толық жойылмады деді. Ал, шындығында, ол бірқатар түкке түрмайтын міндеткерліктерді жою болып шықгы. Ал жермен байланысты міндеткерліктерді шаруалар өте қымбат көлемде сатыл алуға тиіс болды.

Бұлардың ойының «арамдығын» бірінші болып сезген, таныған «Халық досы» газетін шығарушы, бұрынғы атақты дәрігер, ғалым, кейіи өз халқының бақыты үшін осының бәрін тәркі еткен жалынды ревалюционер француз халқының ардақты үлы Ж. Поль Марат болды. Ол осы газетте өзінің түпкі мақсатын былайша айқындады: «Мен еш аяусыз екі жүзділерді әшкерелеп, байлыққүмар адамдарды қоғамдық істерден тайдыру үшін күресемін».

Кұрылтай жиналысы 1789, жылы 28 тамызда «Адам жэне азамат құқығы» туралы декларация қабылдады. Бұл декларация ұлттың билігін жариялады. Бостандық, меншік, қауіпсіздік, қаналуға қарсылық сияқты адамның табиғи қүқығын мойындады. Бірінші бабында адам кұқық жөнінде тең болып туады жэне солай болып қалады деп көрсетеді. Бірақ Декларәцияның 17 бабында меншік қасиеті жэне оны ешкім бұзуға болмайтын құқық екендігі атап көрсетілді.

Бұл өз заманы үшін прогрессивті құжат. Онда жарияланған «бостандық, теңдік туысқандық» ұраны бүкіл Еуропаға революциялық ықпал жасаған данқты ұран болды. Бүл қүжат буржуазиялық сипаттағы қағидаларды жариялады. Әсіресе жеке меншіктің сақталуы жарияланған тендіктің шын теңдік еместігін паш етіп, капиталистік қауымға қажетті негіз жасады. Өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншік жойылғанда ғана шын теңдік жасалады.

Құрылтай жиналысы 1791 жылы 13 қыркүйекте королъге конституцияға қол қойдырып, бекіттірді. Францияда конституциялық монархия орнады. Конституция корольге зор билік берді. Екінші тарауының бірінші бөліміыің бірінші бабында король билігінің мүрагерлік сипаты, оның жеке басы қасиетті, қол сұғылмайтын,—дей келе, заң мен ұлтқа қызмет ететіні, оның билігінің заңыан жоғары емес екені атап көрсетілді.

Сайлауға мүліктік шек  қойылды. Халықтың «пассив» деп аталған тобы дауыс беру құқығын ала алмады, себебі мүлкі жоқ, сайлау салығын төлей алмады. Конституция бойынша жасалған конституциялық монархиялық басқару, әрине, абсолютистік басқаруға қарағанда алға басқандық болды, бірақ «Адам жэне адамзат қүқығы» декларациясына қарағанда кері шегініс жасаған қүжат. Декларацияда теңдік принципі жарияланған болса, конституцияда сайлау салығы арқылы, халықты «актив» жэне «пассив» деген екі топқа бөлуі арқылы мүліктік жэне саяси теңсіздікті мәңгі етуге тырысты. [2]

Информация о работе Аграрлық мәселенің шешімдері