Агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуына өндірістерді

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 15:22, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Агроөнеркәсіп кешені республикадағы экономикасы жоғары потенциалды, мүмкіндігі мол, ұдайы өндірістік және әлеуметтік мәнді негізгі саланың бірі болып саналады. Мұнда, қазіргі кезде жалпы республикада тұратын халықтың 43,0 пайыз шамасы, экономикалық белсенді халықтың үштен бір бөлігі тұрады.
Кейінгі жылдары (2003-2006) агроөнеркәсіп кешенінде (АӨК) байқалып отырған негізгі мәселелердің бірі, мұнда көп укладты экономиканың дамуы. Меншік түрлерінің өзгеруіне негізделген жаңа агроқұрылымдардың пайда болуы: шаруа (фермер) қожалықтарының, ЖШС, өндірістік кооперативтер, мемлекеттік коллективтік шаруашылықтар.
Қазақстан Республикасы Дүние жүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруге қадам басып жатқан кезеңде, ауыл шаруашылығын реформалауды қайта қарау, оны нарық қатынас жүйесіне толықтай бейімдеу, ауылдың экономикасын көтеру, олар үшін нақты мүмкіндіктер жасау, өндірісті тұрақтандыру негізгі міндеттердің біріне айналуда. Осыған байланысты, кейінгі жылдары ауыл шаруашылығының жағдайын жақсарту да, оның ішінде агроқұрылымдардың дамуына бағытталған бағдарламалар қабылданды. Бұл бағдарламаларды жүзеге асыру үшін біраз мәселелер іске асырылуда.

Работа содержит 1 файл

Агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуына өндірістерді модернизациялаудың рөлі.doc

— 452.50 Кб (Скачать)


ӘӨЖ 631.15-631.3                                                  Қолжазба құқығына  ие

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Даурбаева Маржан Өнерқызы

 

 

 

Агроөнеркәсіп кешенінің  тұрақты дамуына өндірістерді модернизациялаудың рөлі

(Оңтүстік Қазақстан облысы мәліметтері бойынша)

 

 

 

08.00.05- Экономика және халық шаруашылығын басқару (салалар мен қызмет өрістері бойынша)

 

 

 

 

Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылған диссертацияның

 

                                                     АВТОРЕФЕРАТЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2008

 

Диссертациялық жұмыс М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде орындалды

 

 

 

Ғылыми жетекші:                          экономика ғылымдарының докторы,

                  Құралбаева А. Ш.

                                                                      

 

 

Ресми оппоненттер:                       экономика ғылымдарының докторы, 

                                                          профессор Махамбетов Н. Ә

 

 

 

                                                      экономика ғылымдарының кандидаты,

                                                           доцент Жунусов Қ. Г 

                                                           

 

 

 

Жетекші ұйым:                АО «ҚазАгроИнновация»                                              

                                                           Агроөнеркәсіп кешенінің

                                                          экономикасы және ауылдық аумақтарды

                                                           дамыту ғылыми зерттеу институты

             

 

Диссертация 2008 жылдың «12 » желтоқсан сағат «14-30» да,  Халықаралық Бизнес университеті жанындағы экономика ғылымдарының докторлық ғылыми дәрежесін тағайындау (беру) құқығына ие Д 20.01.07 диссертациялық кеңесінің мәжілісінде қорғалады.

Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Абай даңғылы «8а», үй.

 

 

Диссертациямен Халықаралық Бизнес университетінің кітапханасында танысуға болады

 

Автореферат «____ » қарашада 2008 жылы таратылды

 

 

 

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы, э.ғ.д., профессор                                                М.Х. Тусеева

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Агроөнеркәсіп кешені республикадағы экономикасы жоғары потенциалды, мүмкіндігі мол, ұдайы өндірістік және әлеуметтік мәнді негізгі саланың бірі болып саналады. Мұнда, қазіргі кезде жалпы республикада тұратын халықтың 43,0 пайыз шамасы, экономикалық белсенді халықтың үштен бір бөлігі тұрады.

Кейінгі жылдары (2003-2006) агроөнеркәсіп кешенінде (АӨК) байқалып отырған негізгі мәселелердің бірі, мұнда көп укладты экономиканың дамуы. Меншік түрлерінің өзгеруіне негізделген жаңа агроқұрылымдардың пайда болуы: шаруа (фермер) қожалықтарының, ЖШС, өндірістік кооперативтер, мемлекеттік коллективтік шаруашылықтар.

Қазақстан Республикасы Дүние жүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруге қадам басып жатқан кезеңде, ауыл шаруашылығын реформалауды қайта қарау, оны нарық қатынас жүйесіне толықтай бейімдеу, ауылдың экономикасын көтеру, олар үшін нақты мүмкіндіктер жасау, өндірісті тұрақтандыру негізгі міндеттердің біріне айналуда. Осыған байланысты, кейінгі жылдары ауыл шаруашылығының жағдайын жақсарту да, оның ішінде агроқұрылымдардың дамуына бағытталған бағдарламалар қабылданды. Бұл бағдарламаларды жүзеге асыру үшін біраз мәселелер іске асырылуда. Ауыл шаруашылығын дамытуға инвестициялар тартылды, ауылдың әлеуметтік транспорттық, инженерлік және де басқа инфрақұрылымдарын  қалпына келтіру жолында едәуір жұмыс атқарылды. Жер кодексі, салық жүйесі, меншік туралы, техниканы лизингке беру туралы заңдар қабылданды. Бюджеттік төлемдер, жеңілдетілген несие беру түрлері қалыптасты. Мұның барлығы ауылдың дамуына, ауыл шаруашылығында бизнестің кең көлемде, тиімді жүргізілуіне қолайлы жағдайлар жасады. Агроөнеркәсіп кешенінің әлемдік ашық экономика жағдайында жұмыс жүргізуіне мүмкіндік берді, сол арқылы республиканың азық-түлік проблемасын шешетін негізгі өндіріс-ауыл шаруашылығының дамуына мүмкіндік жасалуда.

Дегенменен, ауыл шаруашылығындағы негізгі мақсаттар, нарық қатынас жағдайындағы кей бір негізгі мәселелер әлі де болса шешілмей келеді. Олар, ауылдағы тауар өндірушілердің өнімділігін көтеру, тиімділігін  арттыру, өнім өндірудегі шығынның көптігі, тауар өндірушілердің табысының төмендігі, өндірістегі өнім өндірушілермен ауыл шаруашылығындағы өнім өндірушілердің өнімдерінің баға айырмашылығының алшақтығы, көптеген ауылдағы өнім өндірушілердің зиянға ұшырауы т.б. Бұлардан басқа отандық ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің өнімінің сапалылығының төмендігі, бәсекеге қабілетсіздігі. Мұның барлығы олардың тұрақты өнім өндіруге теріс әсерін беретіндігін көрсетіп отыр.

Тәжірибелік сараптаудың нәтижесіне қарағанда, республиканың ауыл шаруашылық саласының сапалы, кең көлемде өнім өндіруге мүмкіндігінің жеткілікті екендігін көрсетуде. Аграрлық сектор мол өнім өндіруде және оны өңдеуде жоғары мақсатқа жету, мемлекеттің халқын отандық тауармен толық қамтамасыз ету, бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін өндірістің тұрақтылығын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл туралы мемлекеттің Президенті өзінің 2005-2008 жылдардағы Қазақстан халқына Жолдауларында аграрлық сектордың экономикасын дамыту, оның өндірісінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері әлі ол болса толық орындалмай жатқандығын айта келіп, оны шешу үшін 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында: - «КазАгроның негізгі міндеті- ауыл шаруашылығының өнімділігі деңгейін арттыра беру, жердің тозуына жол бермеу, еліміздің су және басқа да табиғи ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру, сонымен қатар ескірген аграрлық технологиялардың қолданылуына тосқауыл қою, аграрлық ғылымның дамуындағы баяулықты, сондай-ақ ұсақ шаруа қожалықтарының бытыраңқылығын еңсеру мәселелерін жүйелі түрде шешу» керек деген тұжырымдаманы айтты. Міне, осы жағдайда агро-өнеркәсіп кешенін модернизациялау (жаңарту), оларды индустризациялау және интеграциялау, кластерлік жүйенің рөлін арттыру зерттеудің өзектілігін анықтайды.

Тақырыптың зерттеу деңгейі. Агроқұрылымдардың дамуының теориялық және тәжірибелік негіздерін, оның құрылымдық және технологиялық аспектілерін көптеген экономист- ғалымдар зерттеген. ТМД ғалымдары- Л.И. Абалкин, И.Н. Буздалов, В.Р Боев, А.Л. Никинов, Л.А Андреев, Б.З. Сергеев, Н.К. Каюмов, Т.К. Койчуев, А.У. Оразбаев, М. Трейси, А. Петриков, К.А. Багриновский, М. Ионов, А.Х. Хусанов және тағы басқалар.

Ауыл шаруашылық саласының тұрақты өнім өндіруін, оның құрылымдық жаңғыртуына Қазақстанның ғалым-экономистеріде жұмыстарында өз үлестерін қосты. Олардың қатарына белгілі отандық ғалымдар- А.Т. Әймен, Р.Р. Аутов, Т.Ә. Әшімбаев, С.Ә. Әбдилдин, М.Б. Кенжегузин, К.М. Белгібаев, У.К. Есқараев, Т.И. Есполов, Т.А. Есіркепов, Г.А. Қалиев, К.А. Сағадиев, Ж.К. Қорғасбаев, А.К. Қошанов, Г.А. Кубаев, А.Ш. Құралбаева, Ш.К. Көпешев, Р.Ю. Куватов, А.Б. Молдашев, А.А. Сатыбалдин, Ж.Ж. Сулейменов, М.И. Сигарев, О.Б. Сабден, Ж.С. Сундетов тағы басқалар жатады.

Бірақта, республиканың жеке аймақтарының табиғи, әлеуметтік, экономикалық және де басқа ерекшеліктеріне байланысты, агроқұрылымдардың тұрақты дамуы бәсекеге лайықты өнім өндіруіне, оның құрылымдық жағдайын нарық қатынасына қалыптастыру, технологиялық аспектілерін анықтау, интеграция негіздерін реттеудің теориялық және тәжірибелік жағынан зерттеудің әлі де болса керектігін уақыт талап етіп отыр.

Зерттеу тақырыбының мақсаты мен міндеттері. Диссертация жұмысының мақсаты- агроөнеркәсіп кешенінің нарық қатынас жағдайындағы құрылымдық өзгерістерін, ұйымдастыру- экономикалық негіздерін зерттей келе, оны келешекте жетілдіруге негізделген ұсыныстарды тұжырымдау. Бұл мақсатты орындау үшін диссертациялық жұмысқа келесідей міндеттер қойылды:

     - агроөнеркәсіп кешенінің институционалды-құрылымдық, технологиялық жаңғыртудың теория- әдістемелік жүйесін негіздеу;

     - ауыл шаруашылығының экономикасы дамыған шетелдер тәжірибесін талдау барысында аграрлық саланың жаңа құрылымын ұйымдастыруға ұсыныс жасау;

       - агроқұрылымдарды реформалауда, оның экономикаға тигізетін әсерін бағалау;

        - аграрлық сектордың нарық қатынас кезеңдегі технологиялық қамтамасыздандырудың жағдайын сараптау, ерекшеліктерін анықтау;

        - агроөнеркәсіп кешеніне индустризациялау мен интеграцияны енгізудегі бағыттарын нақтылау.

Зерттеудің пәні. Нарық қатынас жағдайында агроқұрылымдарды модернизациялау (жаңғырту) мен кластерлік жүйенің рөлін қарастырудың теориялық және тәжірибелік мәселелерінің жиынтығы.

Зерттеудің объектісі. Жұмыстың объектісі ретінде Республиканың  және Оңтүстік Қазақстан облысының агроқұрылымдарының өнім өндірудегі  жағдайы, келешегі даму барысы туралы мәліметтер пайдаланылды.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері. Диссертация жұмысының теориялық және әдістемелік мәселесінде отандық және шетелдік ғалым-экономистердің ғылыми еңбектері, Қазақстан Республикасының заңдары, Үкіметтің нормативтік- құқықтық актілері негізге алынды.

Зерттеудің ақпараттық базасын Республикалық статистика агенттігінің мәліметтері, агроөндіріс кешендерінің түрлі салаларының есеп құжаттары, ғылыми-зерттеу мекемелерінің тәжірибиелік- эксперименттік мәліметтері және шетел ақпарат көздерінің статистикалық мәліметтері, сондай-ақ, автордың жеке зерттеу барысындағы жинақтаған материалдары құрады. Зерттеу барысында қорытындылар мен тұжырымдамалар, салыстырмалы талдау, монографиялық суреттеу, кестелік – сараптамалық, статистика - математикалық, экономика-математикалық болжамдау, зерттеудің әдістерін қолдануы арқылы жүргізілді.

       Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалықтары. Диссертацияда алынған ғылыми жаңалық саланың экономикалық даму кезеңіндегі оны жаңғыртудың, ұйымдастыру - құрылымдық негіздерін, өнім өндірудің тұрақтылығын теориялық негіздерін қалыптастыру болып табылады:

         - нарыққатынас жағдайында агроөнеркәсіп кешенін жаңғыртудың (модернизациялаудың) құрылымдық негізі, авторлық көзқараспен қарастырылды;

         - саланың технологиялық қамтамасыздандыру мәселелерімен ерекшеліктері анықталды;

         - аймақтардағы агроқұрылымдарды қайта құрудың салыстырмалы, бәсекелікке қабілеттілігі анықталып, әдістемесі ұсынылып, оның тиімділігіне баға берілді;

         -   аграрлық саланың тұжырымдамалық стратегиясы және институционал-құрылымдық дамуының тиімді бағыттары белгіленді;

         - агроөнеркәсіп кешенінде кластерлік жүйенің дамуына негізделген                                                                                        ұсыныстар тұжырымдалды.

        Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

         - агроөнеркәсіп кешенінің жаңғыртудағы (модернизациялаудағы) құрылымын теориялық негізде қалыптастыру;

         - агроқұрылымдардың жаңа технологиялық ерекшеліктерін қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

         - ауыл шаруашылығындағы тауар өндірушілердің бәсекеге қабілетті өнім өндіруіне интеграцияны өндіріске енгізуде оның рөлін арттыру;

         - аграрлық саланың тұрақты өнім өндіруін қамтамасыз етуде кластерлік жүйені қолданудың тиімді жолдарын іздестіруді қамтамасыз ету.

Диссертацияның ғылыми зерттеу жоспарларына байланыстылығы. Диссертация жұмысы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ғылыми - зерттеу жұмыстарының бағдарламаларына сәйкес жүргізілді. «Оңтүстік Қазақстан аймақтарының өнегелеріне қарай адам ресурстарының сапасын көтеру негізінде Қазақстан Республикасының экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету мен диверсификация мәселелерін зерттеуі, табиғат ресурстарының капиталын                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          пайдалануын және технологиялық жаңалықтарын ашу» тақырыбына лайықты.

Информация о работе Агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуына өндірістерді