ҚР агроөнеркәсіп кешенін дамытудың негізгі бағыттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 21:53, творческая работа

Описание работы

Аграрлық-өнеркәсіптік кешен (Аграрнопромышленный комплекс; лат. 'agrarius', және complexus — байланыс, үйлестіру) - іс-әрекеті өзара тікелей немесе жанама байланысты, халықтың азық-түлік қажеттіктерін қанағаттаңдыруға бағытталған салалардың (кәсіпорындардың) жиынтығы. Аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің мынадай негізгі үш саласы бар:


ауыл шаруашылығына, тамақ өнеркәсібіне және ішінара жеңіл өнеркөсіпке қызмет көрсетуге және күрделі құрылысқа арналған өндіріс құралдарын өндіру;
ауыл шаруашылығының өзі;

Работа содержит 1 файл

ҚР агроөнеркәсіп кешенін дамытудың негізгі бағыттары.pptx

— 6.88 Мб (Скачать)

ҚР агроөнеркәсіп  кешенін дамытудың негізгі бағыттары  

 

Тексерген: Садуллаева А.П.

Орындаған: Алмағамбетова М., Ақылбеков Н., Әбілкәрімов Б., Жақыпбекова Б., Кемешова Ф. ЭК10К1 тобы

Агроөнеркәсіп кешені дегеніміз не?

 

 Аграрлық-өнеркәсіптік кешен (Аграрнопромышленный комплекс; лат. 'agrarius', және complexus — байланыс, үйлестіру) - іс-әрекеті өзара тікелей немесе жанама байланысты, халықтың азық-түлік қажеттіктерін қанағаттаңдыруға бағытталған салалардың (кәсіпорындардың) жиынтығы. Аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің мынадай негізгі үш саласы бар:   

 

 

ауыл шаруашылығына, тамақ өнеркәсібіне және ішінара  жеңіл өнеркөсіпке қызмет көрсетуге  және күрделі құрылысқа арналған өндіріс құралдарын өндіру;

ауыл шаруашылығының өзі;

ауыл шаруашылығы  өнімдерін даярлау, тасу, сақтау, ұқсату және тұтынушыларға жеткізу салалары;

Агроөнеркәсіп кешенінің құрамы  

 

Агроөнеркәсіп кешенінің  құрамы

119 мемлекеттік  шаруашылықтардың барлық түрі

285 акционерлік  қоғам

122042 шаруа қожалықтары 

4452 серіктестік

1452 өзге де  ауыл шаруашылық құрылымдары

Қазақстанның  агроөнеркәсібі өндіреді:

 

    • Астық;
    • Ет;
    • Қаракөл елтірісі;
    • Минералды тыңайтқыштар;
    • Қуатты тракторлар;
    • Эрозияға қарсы және басқа да ауылшаруашылық техникасын;
    • Жеңіл және тамақ өнеркәсібі өнімдері;

Қазақстанның  ауылшаруашылық аймақтары

 

Дала аймағы –  интенсивті егін шаруашылығы, ет –  сүт беретін  ірі қара мал шаруашылығы, шошқа шаруашылығы және құс шаруашылығы  дамыған аймақ

Құрғақ дала астық  өндірісі, ет- сүт беретін ірі-қара және қой шаруашылығы масыған  аймақ

Жартылай шөл  ет – май және жартылай  биязы  жүн беретін қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығы дамыған аймақ, егін кем дамыған.

Шөл жер көлемі бойынша ең ірі және негізгі қаракөл  қой шаруашылығы  аймағы.

Тянь – Шань аймағы дамыған интенсивті суармалы және суарылмайтын егін шаруашылығымен,биязы  жүнді  қой, ет-сүт беретін ірі  қара мал шаруашылықтарымен спатталынады.

Алтай таулы және тау етегі ауыл шаруашылғында  пайдаланатын жердің көлемі бойынша  және егін, мал шаруашылық өнімдерін  өндіруде шамалы орын алады.

Ауыл  шаруашылығы

 

    • Ауыл шаруашылығы  Қазақстанның АӨК негізгі бөлімі, мұнда АӨК барлық жалпы өнімнің  60% өндіріледі, негізгі өндірістік қорының – 80 %-дайы шоғырланған .

 

Өсімдік шаруашылығы

Дәнді дақылдар

Малға азық дайындайтын  өндірістер

Мал шаруашылығы

Қой және ірі  қара

Шошқа, құс, жылқы, түйе

Жеңіл және тамақ өнеркәсібі

 

Қазақстанның  АӨК осы бөлімінде кешеннің тұтас  жалпы өнімнің 31% - і өндірілсе, негізгі  өндіріс қорының 11% - дан астамы  шоғырланған. Жеңіл және тамақ өнеркәсіптері  экономикалық саясаттың басты сақсатын орындауда және халықтың материалдық, мәдени тұрмысын көтеруде үлкен роль атқарады. Осы саллардың  өнімдері бөлшек сауда  товар айналымының  ¾ құрастырады. Республикада  жеңіл  және тамақ өнеркәсіптерінің ірі  кәсіпорындары  Алматы мақта –мата, Қостанайдың  таралған  жүннен мата және шұға шығаратын, Семей ет консервісін  шығаратын комбинаттар, Қарағанды  тәтті тағам бұйымдарын шығаратын  фабрика, тағы көптеген басқалар.

Ауыл  шаруашылығын нарықтық қатынастарға көшіру

 

 Ауылдың материалдық - техникалық негізі, оның инфрақұрылымының деңгейі және ауыл тауар өндірушілеріне толық қызмет көрсету әзірше төменгі сатыда тұр. Негізгі өндірістік қорлар әбден тозған, өлшеп орайтын жабдықтардың жоқтығы және әдістің тапшылығы ауыл шаруашылық өнімдерінің төмен дәрежеде тауарлық дайындылығына себеп болып отыр. Ауыл шаруашылығында өте көп инвестицияны қажет ететін аяқталмаған өндірістердің көлемі көп. Сонымен қатар, ауылдық тауар өндірушілердің ауыл шаруашылық кәсіпорындарының қаржы – экономикалық тұрақсыздықтарынан өндірісті кеңейтуге, жаңғыртуға және техникалық қаруландыруға өз қаржылары жоқ. Сондықтан аграрлық секторды реформалау бағдарламасында Республикалық бюджеттен қаржы ең алдымен дайындығы жоғары және халық шаруашылық маңызы зор обьектілерге жұмсалады, сондай-ақ сумен қамтамасыз ету проблемасын шешуге 1997-2000 жылы Республиканың 34 шаруашылығын суару және құрғату жүйелерін жақсарту үшін Бүкіл Әлемдік Банктен  140 миллион АҚШ доллары сомасында қарыз алу белгіленген. Электр тогын өткізу мен құрылысты жаңғырту және жаңа бағыттар салу үшін орасан зор қаржы қажет.

Агро  өнеркәсіптік кешенді техникамен қамтамасыз ету

 

Отандық машина жасауды дамыту жолы.

Комбайн жинақтайтын  және ауыл шаруашылық техникаларын пайдалануға  толық қызмет ететін шет ел фирмалары  мен қосылып ортақ кәсіпорындар ұйымдастыру бағдарламаларын жасау  жолы

8 сәуірде Серік Ахметовтың төрағалығымен кеңес өтіп, онда «Қарағанды облысының агроөнеркәсіп кешенінің индустриалдық-инновациялық дамуы» мәселесі талқыланды.

 

 

- Бұл міндетті  ауыл шаруашылығын индустриалдық-инновациялық  жаңғырту негізінде, жаңа техникаларды, қазіргі заманғы ресурс сақтаушы  технологияларды қолдану арқылы  ғана шешуге болады. Ал, бүгін  біз Мемлекет басшысының тапсырмаларын  жүзеге асыру тетіктерін талқылау  үшін, ауыл шаруашылығы тауарларын  өндірушілердің ел экономикасын  үдемелі индустриалдық-инновациялық  дамыту бағдарламасына белсене  қатысу жолдарын іздестіру мақсатында  жиналып отырмыз

  70-жылдардың отандық ғылымында ауыл шаруашылығын аралас салалармен бір кешенде зерттеу дами бастады. Тиісінше, «агроөнеркәсіптік кешен» атауы пайда болып, ғылыми және практикалық сөз қолданысына енді. Оның үш саласы – қор шығаратын салалар, ауыл шаруашылығының өзі және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, тасымалдау, сақтау және өткізумен айналысатын салалар кешені. Осы салалармен байланысты іскерлік қызмет өзінің айрықша ерекшеліктеріне қарамастан, өзара тәуелділік және өзара әсет етушіліксіз табысты жұмыс істей алмайды және дамымайды. Сондықтан да агробизнестің салалары да төрт негізгі сфераға бөлінеді.

Агробизнес кешенінің  басқа сфералары байланыстырып  тұратын ұйытқысы ауыл шаруашылығы  болып табылады. Бірінші сфераға  ауыл шаруашылығын техникамен, жем-шөппен, тұқыммен, тыңайтқышпен, өсімдіктер және малды қорғайтын дәрі-дәрмекпен, яғни өндірістің материалдық факторымен қамтамасыз ететін салалар жатады. Міндеті жағынан бұл сфераға  шаруа өндірісін дамытуға мүмкіндік  беретін қаржылық ресурс – несие  кіреді. Бұл сфера ауыл шаруашылығы  үшін ресурстар рыногын қалыптастырып, оның техникалық және технологиялық  деңгейін анықтап, ауылшаруашылығындағы өндіріс шығынының көлеміне несие  алуға баға мен шарт арқылы әсер етеді. Ауыл шаруашылығы үшін ресурстарды  тауып, жеткізіуші ретінде бұл сфераның өнеркәсіптік салалары нарықтық құрылым, өндірісті жинақтау және мамндандыру  сияқты барлық көрсеткіштер бойынша  ерекшеленіп, өнеркәсіптің басқа салаларымен  тығыз өндірістік байланыста болады.

 

Қазақстан агроөнеркәсіп өндірісі дамуының маңызды  ерекшелігі

 

 Қазақстан агроөнеркәсіп өндірісі дамуының маңызды ерекшелігі  алабөтен – топырақтық-климаттық жағдайы мен өсімдік өсіретін топырақ бетінің әр түрлігі, олардыңь көлденеңнен және тігінен аймақтануын анықтайтын кең байтақ жер аумағы алып жатқандығы болып табылады. Температураның (100˚С) тиімді жиынтығы солтүстіктегі 250000-нан оңтүстік-шығыста 45000-ға дейін аралықта құбылып отырады. Мұның өзі субтропикалық және тропикалық дақылдардан басқа, ауыл шаруашылығының барлық дақылдарын, дәнді дақылдан бастап, жүзім және мақта өсіруге дейін мүмкіндік береді.

Қазақстан жер  аумағының көп бөлігі егіншілікпен айналысуға нартәуекелмен баратындай аймаққа орналасқан. Республиканың  солтүстігі мен орталығында жауын-шашын 140-350мм-ден оңтүстік-шығыстың және шығыстың таулы және биік таулы аймақтарында 450-900 мм-ге дейін жетеді.

Жер аумағының  топырақ беті де қатты ерекшеленеді – республиканың солтүстігінде  кәдімгі, қою қоңыр топырақ, қоңыр  топырақ және ашық қоңыр топырақ  болса, оңтүстігінде құба құмды топырақ, сұр топырақ және таулы сілтілі  қара топырақты болып келеді. Қара топырақты жер көлемі бар-жоғы 15 миллион гектарға жуық жерді құрайды. Бұдан басқа, Қазақстанда 77 миллионға  жуық гектар топырақтың эрозияға ұшырауына  бейім жер, 50 миллион гектарға жуығы  эрозияға қауіпті жер, оның ішінде 17,7 миллион гектарға жуығы егістік  жер, 74 миллион гектардан астам  жер сортаң және кейбір топырақты  жер, оның 8 миллионға жуығы өңделген жер болып табылады.

Республиканың агроөнеркәсібінің  тағы бір ерекшелігі - өндірістің мамандандырылуы  мен шоғырландырылуының жоғарғы  деңгейде болуы. Қазақстанның ауыл шаруашылығы  кәсіпорындары егістік жер көлемі жағынан кеңестік кезеңде ТМД  елдері бойынша орташа есеппен алғанда  алты есеге жуық артық болды. Жалпы  өнім өндіру көлемі бойынша 2-3, одан да көп есе болды. Осы жағдай қазіргі  өтпелі кезеңде кеңшарлар мен  ұжымшарларды реформалауды және оларды шаруа (фермерлік) қожалықтарына, кооперативтерге  және басқа да нарықтық үлгідегі аграрлық кәсіпорындарға айналдыруды әлдеқайда  қиындатып отыр.

 

 

Қазақстан агроөнеркәсіп өндірісі дамуының маңызды  ерекшеліктері

 

Қазақстанның  агроөнеркәсіп өндірісінің келесі ерекшеліктері – мұнда жақын  шет елдерге қарағанда агроөнеркәсіп  кешеніндегі салалалық сәйкессіздіктер  көзге бірден ұрады, ауыл шаруашылығы  өнімдері мен шикізатын өңдеумен, оларды сақтаумен  және тасымалдаумен  айналысатын қор шығаратын сфералар мен салалар, сондай-ақ, жалпы агроөнеркәсіп  инфрақұрылымы нашар дамыған. 90-шы жылдардың басында агроөнеркәсіп  кешені құрылымында ауыл шаруашылығының үлес салмағы 64%-ке жуық, бірінші сферада 8%-ке жуық және үшінші сферада 28%-тен  астам болды. Республикада автомашина және комбайн жасау өнеркәсібі мүлдем жоқ. Қолда бар элеваторлық қуаттар  астықты өңдеуді, ал ет комбинаттары етті толық қамтамасыз ете алмады. Осының салдарынан өндіріс өнімі  көлемінің 30%-і ысырапқа ұшырады. Бұрынғы  КСРО кезінде Қазақстан кооператорлары шикізатты республикадан тыс  жерге шығарып, оны сонда өңдеп, дайын өнімді қайта алып келетін. Республикадан тыс жерге екі  жақты тасымалдауға келетін шығыннан басқа бірқатар өнім алу үшін бастапқы шикізат болып табылатын өнім қалдықтары да өнім өңделген жерде  қалып қоятын. Сондай-ақ, Қазақстан  еңбеккерлері өндірген үстеме өнімнің  бір бөлігі де сол ауыл шаруашылық өнімдерімен бірге сыртқа шығарылып  отыратын.

 

Агроөнеркәсіп үшін машина жасау

 

Павлодар трактор  зауыты

Ақмола эрозияға қарсы техника шығару өндірістік бірлестігі

«Манкентживмаш»

«Актюбсельмаш»

Мамлют машина жасау зауыттары

Мемлекеттің үлесі

 

Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен  дамуының стратегиясы» деген еңбегінде  былай деп атап көрсетті:

 

 

«... барлық стратегиялық жоспарлардың алдында агроөнеркәсіп  кешеннің дамуы, оны жүйелі және батыл  реформалау келеді...». «Ауыл, селоны және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың  артықшылықтары туралы» Заң қабылдау да осы мақсаттарға арналды.

 


Информация о работе ҚР агроөнеркәсіп кешенін дамытудың негізгі бағыттары