Акция келетін пайдасының есептеу әдістері және олар бойынша ақпараттың берілуі мен ашылуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 17:35, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыста қозғалған мәселелер нарықта еркін қозғалатын қарапайым және әлеуетті қарапайым акцияларына ие болатын немесе сондай құралдарды шығару үрдісі үстіндегі ұйымдармен байланысты және халықаралық стандарттарда көрсетілген принциптерді біздің еліміздегі ұйымдарға енгізе келе бірегей ақпараттарды беру немесе қазіргі таңда қолданылып отырған әдістерді жақсартумен, әр түрлі кәсіпорындардағы қызметтерінің көрсеткіштерінің бір есеп беру уақытында сәйкес келуімен айналысады.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................3
І. «Акцияға келетін пайда» стандартына сипаттама.
Акция ұғымы және түрлері....................................................5
«Акцияға келетін пайда» стандартының мақсаттары мен қолданылу ортасы..................................................................8

ІІ. Акция келетін пайдасының есептеу әдістері және олар бойынша ақпараттың берілуі мен ашылуы.
2.1. Акцияға келетін базалық пайда есебі.....................................10
2.2. Акцияға келетін азайтылған пайда есебі................................16
2.3. Ақпараттың ашылуы мен берілуі...........................................23
ІІІ. Жетілдіру жолдары................................................................25
Қорытынды мен ұсыныстар..........................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................29

Работа содержит 1 файл

Акция курс.doc

— 231.50 Кб (Скачать)

    Акцияға келетін азайтылған пайданы есептеу  үшін керек таза пайда:

    4520000-320000 = 4200000 теңге.

    Әділетті  құнымен шығарылған орташа алынған  акциялар саны:

    12000 * 250/300 = 10000.

    Акцияға келетін азайтылған пайда:

           4200000      = 8.71   

    (492000-10000) 

    Егер  қарапайым акцияларға конвертацияланатын келісім-шарттар немесе қарапайым акциялар саны өссе, онда салыстырмалы берілген ақпараттардағы барлық кезең бойынша базалық және азайтылған пайданы есептеулер ретроспективті түрде түзетулері тиіс, тіпті ондай өзгертулер есептік мерзімнен кейін болса, да бірақ қаржылық есептің берілуі мен баспаға шығарылуына дейін. Егер өзгерістер қолданған істерде немесе келісім-шарттарды қарапайым акцияға конвертацмялануында болса, онда есепте көрсетілген кезеңдерде азайтылған пайда қайта есептелмейді.

    Әлеуетті  қарапайым акциялар азайтушы ретінде  олардың қарапайым акцияларға конвертациясы  күнделікті қызметіндегі акцияға келетін  пайданы азайтқан кезде саналады.

    Азайтатын не азайтатынға қарсы және қарапайым  акцияға конвертацияланптын келісім-шарттар  ма екенін білу үшін ұйым «бақылау саны»  ретінде тоқтамайтын қызметтен  түсетін таза пайданы қолданады. Тоқтамайтын қызметтен түскен таза пайдадан артықшылығы бар акциялар бойынша дивиденттерді алып тастағаннан және тоқтаған қызметтерге жататын баптарды шегергеннен кейін кәдімгі (күнделікті) қызметтен түсетін таза пайда болады. Сонымен, төтенше жағдайдағы нәтижелер, есеп саясатының өзгерістеріне іс-әрекеттер және қателер түзетулермен алынып тасталады.

    Азайтушы  әсері қарапайым акциялар өздерінің  әділетті құнынан төмен бағамен  шығарылып орналастырылған кезде  болады.

    Мысалы, «Тұлпар»АҚ акцияға 150 теңге бойынша 300 қарапайым акцияларды орналастырды. Акциялардың нарықтағы бағасы 250 теңге болып тұр. Ал акцияларды орналастырған кездежоғартатын капитал мөлшері келесіні құрайды: 300акциялар*(250 теңге – 150 теңге) = 30000 теңге. Сол уақытта орналастырылған акциялар саны мен әділетті құнымен орналастыруға тиісті акциялар арасындағы айырмашылық құнының ешбір қайтарымысыз орналастырылған акция болып есептеледі. Сонымен. Акцияға келетін азайтылған пайданы есептеу үшін 120 акция (30000 теңге/бір акцияға келетін 250 теңге) олардың қайтарымысыз орналастырылды деп есептеледі және соған байланысты  акцияға келетін азайтылған пайданың «акцияға келетін» көрсеткіші нақты орналастырудың нәтижесінде 420 акцияға (300+120 акция) көбейді.

    Әлеуетті  қарапайым акцияларға конвертацияланған  жағдайда тоқтамайтын күнделікті қызметтен  түсетін акцияға келетін пайданы ұлғайтса, әлеуетті қарапайым акциялар азайтушыға қарсы әсері бар екенін білдіреді. Әлеуетті қарапайым акцтялармен шығарылатын азайтушыға қарсы әсері акцияға азайтушы пайданы есептегенде ескерілмейді.

    Ұйым  шығарған әлеуетті қарапайым акциялар ұандай әсері бар екенін (азайтушы не азайтушыға қарсы)білу маңызды:

    1. әлеуетті қарапайым акцияларды әрбір түрі және шығарылымы бойынша қарастырылады:

    а) әлеуетті қарапайым акцияларды конвертациялау нәтижесінде болған таза пайданың әлеуетті өсімі (ПӘӨ);

    ә) әлеуетті қарапайым акцияларды конвертациялау нәтижесінде қарапайым акциялар санының әлеуетті өсуі (АӘӨ);

    б)  таза пайданың әлеуетті өсімінің айналыстағы акциялардың әлеуетті өсіміне қатынасы (ПӘӨ/АӘӨ).

    Алынған көрсеткіш өсуі бойынша қойылады: ең төмен мөлшерінен жоғарысына дейін, демек, азайтушы немесе азайтушыға қарсы әсері үшін кезектілік тізімі алынады (РАК).

    1. акцияға келетін базалық пайданы есептеудегі формуланың алымын (таза пайда) және бөлімін (кезең бойы айналыстағы қарапайым акциялардың орташа есептелген саны) әрбір шығарылған әлеуетті қарапайым акцияның шығарылымы мен түрі бойынша жеке ПӘӨ/АӘӨ өсімінің кезектілігіне сай түзетіледі. Алымы пайда әлеуетті өсімі мөлшерінде көбейеді, ал бөлімі – белгілі бір түрі мен шығарылымы бойынша әлеуетті қарапайым акциялардың конвертациялануы нәтижесінде кезең бойы айналыстағы қарапайым акциялардың әлеуетті өсімі мөлшерінде көбейеді. Сонымен, әлеуетті  қарапайым акциялардың әрбір түрі мен шығарылымына түзетілген акцияға пайда мөлшері есептеледі.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   

2.3. Ақпараттың ашылуы мен берілуі 
 

    Ұйым  қарапайым акциялардың әрбір  тобына акцияға келетін базалық  және азайтылған пайдаларды табыстар мен зияндар туралы ақпаратты  есеп берудің  беткі бетінде көрсетуі міндетті болып табылады, егер олар кезең ішінде әр түрлі табыс алу құқықтарына қатысқан жағдайда. Ұйымға акцияға келетін базалық және азайтылған пайдаларды берілген барлық кезеңдерде бірдей дәрежедегі теңдікпен берулері тиіс.

    Акцияға келетін пайда бойынша ақпарат  пайда мен зиян туралы есеп берудің  барлық кезеңдерінде беріледі. Егер акцияға келетін азайтылған пайда кем дегенде бір кезеңде берілсе, онда ол басқа да есеп беру кезеңдерінде көрсетілуі керек, тіпті ол акцияға келетін базалық пайдаға тең болатын болса да. Акцияға келетін базалық және азайтылған пайдалар тең болған жағдайда, онда олардың көрсетілуі тиісті түсінікпен бір жолда көрсетілуі мүмкін.

    Сонымен бірге, қаржылық есепте акцияға келетін  пайданы есептеген формуланың алымы  мен бөліміндегі көрсеткіштер де көрсетілуі керек. Акцияға келетін  базалық және азайтылған пада көрсеткіштері есепті кезеңдегі таза пайдамен (зиянмен) салыстырылуы тиіс. Оған қоса формула бөліміндегі акциялардың орташа алынған саны да нақтылануы тиіс.

    Тоқтатылған операциялар жайлы ақпарат ашатын ұйым пайда мен зиян туралы есеп берудің беткі бетінде немесе қаржылық есептегі ескертулерде тоқтатылған операциялардан түскен акцияға келетін базалық және азайтылған пайдалар көрсетілуі керек.

    Акцияларға  келетін базалық және азайтылған пайдалар қаржылық есепте теріс көрсеткішті сомалар болған жағдайда да (кезең ішіндегі зиян) көрсетілуі тиіс.

    Қаржылық  есептегі ақпараттар келесілерді көрсетуі керек:

    а) акцияға келетін базалық және азайтылған пайдаларды формуламен есептегенде, алымы ретінде қолданылған мөлшерлерді  және сол мөлшерлерді құқық ішіндегі таза пайда немесе зиянмен салыстырып көрсету керек,

    ә) акцияға келетін базалық және азайтылған пайдаларды формуламен есептегенде, бөлімі ретінде қолданылған орташа алынған акциялар санын және өзара  бөлімдерін салыстырып көрсету керек;

    б) әлеуетті түрде болашақта пайданы азайтатын қаржылық құралдар туралы ақпараттарды ( шартты шығарылатын акцияларды қосқанда), бірақ акцияға азайтылған пайданы есептегенде есепке  алынбағандары, себебі олар азайтушыға қарсылар болып табылады.

    Егер  ұйым қарапайым акцияларға келетін, кезең ішіндегі таза пайда немесе зияннан өзгеше есептік таза пайдамен бірге қолданылған акцияға келетін пайда туралы қосымша ақпараттар көрсетме, онда мәліметтер кезең ішіндегі айналыста жүрген орташа алынған акцияларсаны көмегімен есептелуі тиіс. Егер есептеуде пайда мен зиян туралы есепберуде жеке бір жолда көрсетілмеген таза пайданың мөлшері қолданылса, онда қолданылған мөлшер мен пайда мен зиян туралы есеп берудің сәйкес бабы арасында тексеріс жүргізу керек. Акцияға келетін базалық және азайтылған пайдаларының сомалары бірдей дәлдікпен ашылулары керек.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ІІІ. Жетілдіру жолдары. 
 

    «Акцияға  келетін пайда» стандартындағы негізгі көрсеткіш пен қаржылық ортаға керек ақпарат көзі – ол, аты атап тұрғандай, бір акцияға келетін пайда мөлшері. Қаржылық ортада кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен мүмкіншілігін, экономикалық дамуы мен тиімділігін дәл осы көрсеткіш көрсетеді. Сол себепті бұл көрсеткіш маңызды болып табылғандықтан, оны мақсималды түрде дәл анықтап көрсеткен дұрыс болады.  

    Жоғарыда  көрсетілгендей акцияға келетін  пайда формуламен анықталады және формуладағы көрсеткіштер неғұрлым дәл көрсетілген болса, соғұрлым акцияға келетін пайда да дәлірек болады. Акцияға келетін пайданы есептегендегі маңызды көрсеткіштердің бірі – орташа алынған акциялар саны. Орташа алынған акциялар санының ең нақты көрсеткішіне жету үшін есептеуде Палий келтірген мысалға жүгінуге болады.

    Шығарылған(сатып

алынған) акциялар

Айналыстағы акциялар Күн бойынша  есептелген коэффициент
20Х1  жылдың 1-қаңтары Қалдық 1700 151/365=

=0.414

20Х1  жылдың 31-мамыры Ақшаға жаңа акциялар орналастырылды 800 2500 183/365=

=0.501

20Х1  жылдың 1-желтоқсаны Ақшаға акциялар сатып алынды 250 2250 30/365=

=0.082

20Х1  жылдың 31-желтоқсаны Қалдық 2250

     

    Айналыстағы орташа алынған акциялар санының күн бойынша есептелуі:

    (1700*0,414) + (2500*0,501) + (2250*0,082) = 2142 акциялар.

    Ал  егер әдеттегі әдісті қолданғанда, бұл  көрсеткіш біршама өзгеретін еді.

    Сонымен қатар, акцияға келетін пайданы  есептеуге керек акциялардың орташа алынған санының көрсеткіші көп жағдайларда өзгеріп кетеді. Ол құқықтарды шығарған кезде опциондардың орындалу құны көбінесе акциялардың әділетті құнынан төмен болуымен байланысты, ал ол өз кезегінде премияның (бонустік элемент) пайда болуына алып келеді. Бұл жағдайда акцияға келетін пайданы есептеуге керек акциялардың орташа алынған саны былай есептеледі:

    Акция құқықтарының             Бір акцияның      Нақты акционер                                                                                                                             

     жүзеге асуына дейінгі          әділетті құны  :   лерге тиесілі                                                      

    айналыстағы қарапайым                                    жаңа акция алу                                 

    акциялар  саны                                                   құқығына ие                                                       

                                                                             бір акцияның                                  

                                                                             әділетті құны  

                                                                                                                                            

    Ал  нақты акционерлерге тиесілі  жаңа акция алу құқығына ие бір акцияның әділетті құны былай анықталады: 

    Құқықтарды  жүзеге асыруына           Акциялардың құқықтарын                                                

    дейінгі акциялардың жалпы      +      жүзеге асырғаннан кейін                                                  

    әділетті  құны                                     түскен түсімдер                                                

    

    Акциялардың құқықтарын жүзеге асырғаннан кейінгі  айналыстағы акциялар саны

                                                                                                              

    Мысалы, ұйым 2006 жылдың 1-сәуірінде нақты акционерлерге әрбір төрт акцияға бағасы 5 АҚШ долларлы бір жаңа акция келетін құқығы бар құнды қағаздар шығарды. 2006 жылдың 31-маусымында айналыста 200000 қарапайым акциялар болып, акциялардың бағасы 8 АҚШ долларын құрады. 2005 жылға таза пайда 400000 АҚШ доллары болды, 2006 жылы – 600000. 2005 және 2006 жылдары акциялармен басқа өзгерістер болған жоқ.

Информация о работе Акция келетін пайдасының есептеу әдістері және олар бойынша ақпараттың берілуі мен ашылуы