Акша несие саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 20:22, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты :
-ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері
Курстық жұмыстың міндеті:
- ақша теориясының мәнін, негізгі түрлерін және ақша реформасының теориялық аспектілері мен өткізу қажеттіліктерін қазіргі экономика тұрғысынан ашып қарастыру.
- ҚР-ғы ақша реформасының ерекшеліктерін толық қарастыру

Работа содержит 1 файл

КУСОВАЯ.doc

— 217.50 Кб (Скачать)

Мұның бәрі бағаның өсуіне әкеліп соғады. Халықты әлеуметтік жағынан қорғауды қамтамасыз ету үшін үкімет жалақыны, зейнет ақыны, жәрдем ақыны көтеріп отырады. Халық тұтынатын тауарлар өндірісі өспейінше баға өсе береді. Баға – жалақы – баға  деген тізбек айнала береді.

Жалпы алғанда қағаз ақшалардың құнсыздануы бұл тұрақсыз экономикаға тән нәрсе. /6,478-482б/  

 

<h4>2.4 Ақша массасы және ақша базасы

 

 

Ақша айналысының негізі сандық көрсеткіштерінің біріне ақщша массасы мен ақша базасы жатады.

Ақша массасы – жеке тұлғаларға, кәсіпорындармен мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы.

Белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналысының сандық өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге байланысты шараларды жасау үшін әр түрлі көрсеткіштер пайдаланылады. Ондай көрсеткіштерді ақша агреттары деп атайды.</h4>

Өнеркәсіп жағынан дамыған елдердің қаржылық статистикасында ақша массасын анықтау барысында мынадай ақша агрегаттарын қолданылады:

М1 агрегеты, яғни ол айналыстағы нақты ақшаларды (бакноттар мен монеталарды) және банктегі ағымдық шоттардағы қаражаттарды қамтиды;

М2 агрегаты, ол М1 агрегаты қосылған коммерциялық банктердегі мерзімді және жинақ салымдарынан тұрады;

М3 агрегаты, ол М2 агрегаты қосылған арнайы несиелік мекемелердегі жинақ салымдарын құрайды;

М4 агрегаты, М3 агрегаты қосылған ірі коммерциялық банктердегі депозиттік сертификаттардан тұрады.

Қазақстан Респуликасында ақша массасы Ұлттық Банк пен екінші деңгейдегі банкілердің баланстық шоттарын шоғырландыру негізінде анықталады және оның құрамының айналыстағы қолма-қол ақша және резидент заңды тұлғалар мен үй шаруашылығы депозиттері жатады.

Ақша базасы (МВ) – бұл міндеттемелерге жататын резервтік және бастапқы ақшаларды білдіреді. Ол мынадай формуламен есептеледі:

 

МВ = СIC + RR + DCB,

 

мұндағы CIC – айналыстағы нақты ақшалар;

RR – міндетті резервтер;

DCB – екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі қор, шоттағы қаражаттары.

 

CIC = L ( H + C ),

 

мұндағы Н – айналысқа шығарылған банктік билеттер;

С – айналысқа шығарылған монеталар.

 

Қазақстандағы негізгі ақша агрегаттарына, қазіргі кезде ақша-несие статистикасын жасау және талдауда қолданылып жүрген, ақша базасы мен белгіленуі М3 – ақша массасы жатады. Ақша массасы құрылымына мынадай ақша агрегаттары жатады:

  М0 (айналыстағы қолма-қол ақша немесе банк жүйесінен тыс ақша);

М1 =  М0 + банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың теңгедегі аудармалы дипозиттері;

М2 = М1 + теңгедегі басқа да депозиттер және банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютиасындағы аудармалы дипозиттері;

М3 (ақша массасы) = М2 + банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы басқа да депозиттері.

Аудармалы дипозиттер – 1) әрқашан айыппұлсыз және шектеусіз атаулы құнымен ақшаға ауыстырылады; 2) чектің, траттаның немесе жиро-кепілдіктің көмегімен еркін айналады; 3) төлемдер жүргізуде кеңінен қолданылады. Аудармалы дипозиттер қысқа ақша массасының бір бөлігін құрайды.

Басқа дипозиттер – негізінен, ол белгілі уақыт аралығынан кейін ғана алынатындығы немесе әр түрлі шектеулері жай коммерциялық операцияларда біраз қолайсыздық туғызатын және жинақ механизміне қойылатын талаптарға жоғары дәрежеде сай келетін жинақ және мерзімді дипозиттер. Басқа дипозиттер, сонымен қатар, шетел валютасында салынған басқы салымдар мен дипозиттерді қамтиды.

Ақша базасының ақша массасына ықпал  етуі ақша мультипликаторы (Ам) көмегімен мынадай формула арқылы есептеледі:

 

                                                М3 (ақша массасы)

                                    Ам  = 

                                                МВ (ақша базасы)

 

Егер мысалы, ақша мультипликаторы 2,0-ге тең болса, онда ақша базасының әрбір 2 теңге жасауға қабілеттілігін көрсетеді. 2002 жылы ақша массасындағы депозиттердің өсуі, ақша мультипликаторының мәні өткен жол мен салыстырғанда 3,29-дан 3,67-ге дейін өсіріп отыр.    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

<h4>3. ҚАЗАКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША ЖҮЙЕСІ

 

3.1 Ақша жүйесі жөнінде түсінік

 

 

Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша ай              налысын ұйымдастыру ақша жүйесі болып табылады. Әр бір мемлекеттің  өзінің ұлттық ақша жүйесі бар.

Ақша жүйесі – бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекітілген ақша айналысын ұйымдастыру формасы.

Ақша жүйесінің өзіне тән типтері және элементтері болады. Ақша жүйесінің типі бұл ақшаның қандай формада болуын сипаттайды. Ақша жүйесі келесі элементтерден тұрады: ақша бірлігі, эмиссиялық жүйе және ақша түрлері .

Ақша бірлігінің – барлық тауарлардың бағаларын бейнелеуге қызмет ететін, заңды түрде бекітілген ақша белгісі. ҚР-дың ақша бірлігі ретінде 100 тиыннан  құралған 1 теңге болып табылады.</h4>

Ақша бірліктерінің түрлері. Егер 1991 ж. 1 қаңтарына дейін айналыста қазыналық билеттер болса, онда қазіргі кезде ҚР ақша белгілері болып олардың өсу құны бойынша төлемнің барлық түрлеріне қабылданатын банкноттар мен монеталардан құралады. Олар Ұлттық банктің міндеттемесе болып табылады және барлық активтермен қамтамасыз етіледі.

Эмиссия тәртібі – бұл әр елдің орталық банктерінің айналысқа ақша шығаруын білдіреді. Қолма-қол ақшаларды шығарып, олардың айналысын ұйымдастыру және айналыстан шығаруды Ұлттық банктің қолма-қолсыз ақша эквивалентін алумен банкнота мен монеталарды сату формасында жүзеге асырады.

Ақша түрлері заңды төлем құралы болып табылатын: несиелік және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) жатады. Мысалға, АҚШ-та айналыста: 100, 50, 20, 10, 5, 2 және 1долларлық бнак билеттері; 100 долларлық қазыналық билеттер; 1 долларлық, 50, 20, 10, 1 центтік күміс-мыс және мыс-никельдік монеталар жүреді.  

Валюталық бағам дегенміз – бұл басқа бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленген сол елдің ақша бірлігінің бағасы.

Ақша жүйесінің мынадай типтері болады:  

–  металл ақша айналысы, яғни мұндай ақша тауарды тікелей бола отырып, ақшаның барлық қызметтерін атқарады, ал несиелік ақшалар металға ауыстырылады;

–  несиелік және қағаз ақшалар айналысы, яғни алтын айналыстан алынып тасталып, оның орнына несиелік және қағаз ақшалар айналысқа түседі. Металл ақша жүйесі екіге бөлінеді:

Биметаллизм – жалпыға балама рөлі екі бағалы металға (алтын және күміс) негізделген ақша жүйесі.

Биметаллизмнің үш түрі болады:

–  қос валюталы жүйе, яғни мұнда алтын мен күмістің арасындағы шекті қатынас, металдардың нарықтық құндарына байланысты белгіленген;

–  қатар жүретін валюталар жүйесі, яғни мұнда бұл қатынас мемлекет тарапынан белгіленген;

–  ақсақ валюта жүйесі, яғни мұнда алтын және күміс монеталары заңды төлем құралы қызметін атқарады, бірақ бірдей негізде емес, себебі күміс монеталарды жасау жабық түрде жүзеге асырылып, алтын монеталар жасауға ерік берілді.

Биметалдық ақша жүйесі капиталистік шаруашылықтың даму қажеттілігіне сәйкес келмеді, себебі екі металды құн төлшемі ретінде қатар пайдалану ақшаның бұл қызметінде қарама-қайшылық тудырды. Нәтижесінде, жалпы құн өлшемі ретінде қызмет ететін бір ғана металдың болуы талап етілді. Сөйтіп, биметаллизм ақша жүйесінің орнына монометаллизм ақша жүйесі келді.

Монометаллизм – бұл барлығына бірдей балама және ақша айналысының негізі ретінде бір ғана металл (алтын немесе күміс) қызмет ететін ақша жүйесі.

Алтынға ауыстырылатын құн белгілерінің сипатына байланысты алтын монометаллизмі мынадай үш түрге бөлінеді: алтын монета стандарты, алтын құйма стандарты және алтын девиз (алтын валюта) стандарты.

Алтын монета стандарты – бұл еркін бәсеке тұсындағы капитализм талаптарына біршама сәйкес келе отырып, өндірістің, несие жүйесінің, дүниежүзілік сауда мен капиталды сыртқа шығарудың дамуын қолдады. Бұл стандарт мынадай өзіне тән негізгі белгілерімен сипатталады:

– алтын елдің ішкі ақша айналысында болып, ақшаның барлық қызметтерін бірдей атқарды;

–  алтын монеталарды құюға рұқсат етілді;

– толық құнды емес ақшалар айналыста жүре отырып, еркін және шектеусіз мөлшерде алтын монетаға ауыстырылды;

–  алтын және шетел валюталарын еркін түрде сыртқа шығаруға және ішке алып келуге болатын болды.

Алтын құйма стандартының алтын монетадан айырмашылығы, мұнда айналыста алтын монета болмайды және алтын монетаны еркін түрде жасауға тыйым салынады. Мұнда банкноталар, басқа толық бағалы емес ақшалар сияқты алтын құймасына тек олардың сомалары көрсетілген жағдайларда ғана айырбасталады. Англияда 12,4 кг алтын құймасының бағасы 1700 фунт стерлинг сияқты.

Алтын девиз стандарты – банкноталардың алтынға, шетел валютасына айырбасталатынын білдіреді. Сөйтіп, бұл стандарт бір елдің валютасына тәуелділігін көрсетеді. Германия, Австралия, Дания, Норвегия және басқа да елдерде алтын девиз стандарты бекітілген.

1929–1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың нәтижесінде алтын монометаллизмнің барлық формалары жойылды. Алтынға айырбасталмайтын несиелік ақшалардың жүйесі бекітілді. Банкнотаның алтынмен қамтамасыз етілуі және оны алтынға айырбастау капиталистік елдердің барлығында тоқтатылды.

Алтын айналысынан айырбасталмайтын несиелік ақшалар жүйесі, ақша бірлігі құндарының қалыптасу механизміне қарай айырбасталды. Несиелік ақшалардың номиналдық құны оның нақты құнынан біршама асып тұрады. Эмиссиялық жүйені реттеу ашық нарықтағы операциялар, міндетті резервтер нормасы, пайыз мөлшерлемесі, ақша-несиенің басқа да әдістері арқылы, қаржы және валюта саясатының көмегімен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1995 жылы 30 наурыздағы ”Қазақстан Республикасының Ұлттық банк туралы “ ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығына сәйкеә ұйымдастырылған. Жарға ақша айналысын ұйымдастыру негізін және формаларын белгілейді, онда ресми ақша бірлігі, ақша бірліктерінің эмиссиясы, сонымен монеталарды жасау тәртібі, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тертіптері қамтылады.

 

3.2 Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасы және ұлттық валюта

 

 

  1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан, ТМД-нің басқа мемлекеттерімен бірге    “рубль аумағында“ қала береді. 1992 жылы айналысқа 200, 500, 1000 рубльдік купюралар шықты. Олардың эмитенті ретінде жұмысын тоқтатқан КСРО Мемлекеттік банк атап көрсетілген. 1992 маусым айында алғаш рет ресейлік 5000 рубль, кейіннен 10000 және 50000 купюралары шығарылды.

Сөйтіп, Ресей Федерациясында және одан тысқары жерлердегі айналыста ақшаның үш түрі:1961 – 1991 жылы кеңес ақшалар, 1992 жылы Кеңес үлгісіндегі (200, 500, 1000 рубль). Ресей Орталық банк шығарған ақшалары, 1993 жылдың бірінші жартысында шығарылған ресейлік ақшалар жүрді.</h4>

1993 жылы 23 шілдесінде Ресей Орталық банкі 1961 – 1991 жылы кеңес ақшаларының белгілерін, сондай-ақ 1992 жылы 5 000 және 10 000 рубльдерді айналыстан алу туралы хабарлады. Бастапқыда олардың айырбасына бір апта берілді.

Қазақстан Республикасы Президенттің Жарлығымен екі күн өткенсоң айырбас мерзімі 1993 жылы 1 қыркүйек айына дейін ұзартылып, айырбас шегі бір адамға 100 мыңға дейін ұлғайтылды.

Ресейдегі ақша реформасы ескі үлгідегі ақшаларды ТМД елдеріне, оның ішінде Қазақстанға қарай жаппай ығысуына жол берілді.

1992 жылы бірінші жартысында-ақ Қазақстан Республикасының жетекшілері ендігі жерде рубльден күдер үзіп, өз валютасын шығаруға бет-бұрыс жасаған болатын. Жаңа ақшаларды  шығаруға ағылшынның “Хариссон” фирмасымен шарт жасалды. Сөйтіп, 1993 жылы 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік ақшалар Қазақстанға жеткізіледі. Оларды қолдан жасаудан қорғанатын 18 дәрежесі бар.

1993 жылы 12 қарашада Қазақстан РЕспубликасының Президенті Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев “ Қазақстан Республикасына Ұлттық валютаны енгізу туралы “ Жарғыға қол қойды. Осы жарғымен 1993 жылы 15 қарашада сағат 8 –ден бастап ұлттық валюта – теңге енгізілді.

КСРО Мембанкінің және 1992-1993 жылы Ресей үлгісіндегі қазыналық және банктік билеттерді айырбастау 20 қарашада сағат 18-де аяқталды.

Қолма-қол ақшалардың, рубльдік шоттардың, салымдар мен мінлеттемелердің теңгеге айырбасы 1 теңге үшін 500 рубль айырбасы бағамы бойынша жүргізілді.

15 қарашадан 18 қарашаға дейінгі аралықта халық теңгемен және рубльмен де есеп айырыса алды. Сондықтан заңды тұлғалармен, сол сияқты бөлшке сауданы жүзеге асырушы және халық арқылы қызмет көрсететін тұлғалардың ақшалай түсімдері күнделікті қабылданды.Қолма-қол ақшаны айырбастау және активтер мен пассивтерді қайта есептеу кезеңінде банктер клиенттермен операциялар жүргізбеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі теңгенің валюталық бағамын: 1доллар = 4 теңге 70 тиын шамасында белгіледі.Келесі жылдары ол бірден өссіп кетті. Соған сәйкес баға мен жалақы да өсті.

Информация о работе Акша несие саясаты