Қалдықтардың классификациясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 17:34, реферат

Описание работы

Өндіріс тиімділігін арттырудың объективтік қажеттілігі кеңейтілген ұдайы өндіріс процесінің экономикалық мүддемен тікелей байланыстылығында. Дамудың қозғаушы басым күштерінің бірінен саналатын экономикалық мүдделер, өндіріс тиімділігінің артуына ынталандырудың ғылыми негізделген жүйесін ұтымды қолдану арқылы әсер етеді. Сонымен қатар, экономикалық мүдделер, ынталандыруды қоғамның заңдылықтарымен байланыстырып тұратын орталық буын болып табылады

Работа содержит 1 файл

қалдықтар.doc

— 139.50 Кб (Скачать)


Өндіріс тиімділігін арттырудың объективтік қажеттілігі кеңейтілген ұдайы өндіріс процесінің экономикалық мүддемен тікелей байланыстылығында. Дамудың қозғаушы басым күштерінің бірінен саналатын экономикалық мүдделер, өндіріс тиімділігінің артуына ынталандырудың ғылыми негізделген жүйесін ұтымды қолдану арқылы әсер етеді. Сонымен қатар, экономикалық мүдделер, ынталандыруды қоғамның заңдылықтарымен байланыстырып тұратын орталық буын болып табылады. 
Еліміздің қазіргі және орта мерзімді дамуындағы негізгі стратегиялық ұстаным – экономикалық өсуді экстенсивтік емес, интенсивті, индустриалды-инновациялық факторлардың басымдылығы есебінен қамтамасыз ету. Бұл үшін еңбек уәжі мен оған ынталандырудың жаңа жүйесін қалыптастырудың нақты жолдары анықталуы қажет. 
Алайда, экономикалық әдебиетте «еңбекке ынталандыру» мәнін анықтауда ортақ пікір қалыптаспаған. Ғылыми зерттеулерде «экономикалық мүддерлер», «қажеттілік», «ынталандыру», «материалдық ынталандыру», «уәж», «уәжділік» сияқты ұғымдар кеңінен қолданылады. Олардың мәні мен функционалдық мағынасы да бірқатар шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектерінде әртүрлі түсіндіріледі. Осыған байланысты, біз, «ынталандыру» категориясын нақтылауда бүгінгі заманға тән интеграциялық тәсілге сүйенуді, зерттеу шеңберінде тек экономикалық емес, сонымен қатар, тарихи, әлеуметтік-мәдени, құқықтық және саяси алғышарттардың да қамтылуы қажет деп санайтын экономистерді қолдаймыз. 
Қоғамның басты өндіргіш күші, ең алдымен адам ресурстары. Демек, ынталандыру ұғымы олардың мүддесіне тікелей қатысты түсінік, яғни еңбекке талаптандыру уәжі болып табылады. Өз кезегінде, «еңбекке ынталандыру» дегеніміз қажеттіліктің кешенді жүйесі, адамдардың іс қабілетін дамытудың күшті құралы. 
Экономикалық ынталандыру материалдық ынталандыруға қарағанда кең мағыналы категория. Экономикалық ынталандыру – адамдарды өнімді әрі табысты еңбекке қызықтыратын, олардың мүдделік белсенділігін арттырудың әртүрлі үрдістері мен әдістерін қамтиды. Сонымен, экономикалық ынталандыру дегеніміз өндірістік қатынастар субъектілерінің мүмкіндіктерін толығымен пайдалану мақсатында қолданылатын, олардың экономикалық және әлеуметтік жауапкршіліктерін нықтайтын материалдық және материалдық емес тетіктердің жиынтығы. 
Нарықтық қатынастар жағдайындағы шаруашылықты тиімді жүргізудің ынталандыру жүйесі өнімді еңбек қызметіне талаптандырудың тағы бір тобын қарастырады, олар әкімшілік және либералды болып жіктеледі. 
Экономикалық ынталандырудың қазіргі постиндустриялық жағдайында құндық бағдарлар мен қажеттіліктер, қызметкерлердің еңбек белсенділігінің даму барысындағы оңды өзгерістер мұқият ескерілуі тиіс. Бұлар: 
- материалдық ынтаны тұлғаның өзі іске асыруы, зияткерлік әлеуетті дамыту, адамның шығармашылық қабілеттері мен білімін үдету; 
- өнімді еңбек пен мол табыстың кепілі – жұмыскерлердің іскерлік қабілеті мен біліктілігін арттыру; 
- барынша көп тұтынудан гөрі, өмір сүру мен еңбек қызметінің әлдеқайда жоғары сапасын қамтамасыз етуге бой ұру, қазіргі заманғы жаңа ынталар жүйесіндегі өзін-өзі дамытудың басыңқылығына ден беру; 
- сапалы экономикалық өсімге қол жеткізуде еңбек белсенділігін ынталандыру міндеті қызметкердің еңбекке негізделген басым уәждерімен, әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандырумен сипатталады, демек материалдық ынталандыруда әлеуметтік фактордың ролі арта түседі. 
Қазақстан Республикасының жедел дамуына, сондай-ақ өндірістің өнімділігіне экономиканың қазіргі жағдайы, яғни трансформация (түрлену) процесі әсер етіп отыр. Кез келген өтпелі кезеңнің негізгі белгілері: бұрынғы және жаңа жүйе элементтерінің қатар жүруі, қарама-қайшылықтың ерекше көрінісі – бой көтере бастаған және ескірген экономикалық механизмдер мен тетіктердің арасындағы сәйкессіздіктер, тұрақсыздық. Трансформациялық жағдайдың кері әсері, бір жағынан, қоғамдағы экономикалық және өндірістік күрделі өзгерістерге тәуелді болса, екінші жағынан, өз ішінде қайшылық пен проблемаға толы нарықтық механизмнің қалыптасуымен тікелей байланысты. 
Нарықтық қатынастарға көшкен кезімізде әкімшіл-әміршіл жоспарлы жүйенің негізі бұзылды, ол жаңа өзгерген жағдайда іске аса алмады. Осыған байланысты, өндіріс тиімділігін ынталандырудың жаңа механизмін құрудың объективті қажеттілігі туындайды. Мұнымен қатар, өндіріс тиімділігінің төмендеуіне, экономикалық процестерді реттеуге кері әсерін тигізген құбылыстардың бірі меншіктік қатынастардың өзгеруі. Реформаларда, ғылымға негізделген концепцияның болмауы өндірістің құлдырауын, экономикалық өсім шеңберінің тарылуын тудырады. Меншік иелері мен меншікке ие топтар әлі ешкім иелене қоймаған ресурстарды қолға алуға және меншікті өз пайдаларына қарай бөлісуге ұмтылады. Бұндай жағдайда, өндіріс табыс табатын құрал ретінде емес, иеленуге болатын байлық ретінде қабылданады. Осының барлығы, өндіріс тиімділігін ынталандыруға ықпал етпейді. Жекешелендіру нәтижесінде, пайда болған меншіктік құрылым және меншікті іске қосудың тиімді, заң шығарушылық базасының жетіспеуі, тиімділікті экономикалық ынталандыру механизмінің мүмкіндігін әлсіретеді. 
Экономикадағы түрлендірулер тек меншік құқықтарының қайта бөлінісінде ғана емес, жеке меншікке негізделген өндірістік қатынастарды қалыптастыру. Шаруашылықты жүргізудің жеке меншіктік үрдісі өндіріс көлемін ұлғайтудың негізі, оның тиімділігін арттырудың қуатты құралы. 
Әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде экономиканы құрылымдық тұрғыдан қайта құру қажеттілігі кәсіпкерлікті жедел дамыту есебінен нақты іске асырылады. Кәсіпкерлік, дербес, ізденімпаз әрекетке дайын, мол табыс көзіне ұмтылуға қабілетті, іскер адамдар қатарының көбеюін қамтамасыз етеді. 
Өндіріс тиімділігін ынталандыру механизмі тұрақты экономикалық өсімге, халықтың барлық топтарының материалдық жағдайын жақсартуға, бәсекеге қабілеттілікке, елдің ұлттық қауіпсіздігін сақтау ұсталымын орындауға бағытталуы қажет. 
Біздің ойымызша, өндіріс тиімділігін экономикалық ынталандыруды мынандай белгілермен сипаттауға болады: 
- экономикалық өсімнің тұрақты қарқыны, оның сапалық сипаты; 
- өндірілген тауар сапасының артуы және оның отандық, әлемдік нарықты бәсекеге қабілеттілігінің өсуі; 
- халықтың материалдық жағдайы мен әл-ауқатының жақсаруы; 
- жаңа технологияларды меңгеру, ғылыми және инновациялық қызмет әсерінің күшеюі, адам капиталын нәтижелі қолдану; 
- басқару тиімділігін арттыру нәтижесінде өндірістік ресурстарды пайдалануды үнемдеу, еңбек өнімділігін ынталандыру. 
Қазақстан, қоғамдық өмірдің шешуші саласы – экономикада, әлеуметтік және саяси жаңару жолында сенімді қадам жасап ілгерілеп келеді. Ел экономикасы 2001 ж. бастап жылына орта есеппен 10%-ға өсіп отыр. Соңғы жылдары әлеуметтік-экономикалық әлеуеттің негізін құрайтын өнеркәсіп өндірісі де тұрақты даму үстінде. Егер 1995-2005 жж. аралығында өнімнің жылдық өсуі 5%-ды құраса, соңғы 5 жыл ішінде 11,8%-ға жетті (1-сурет). 
Ескертпе – ҚР статистика жөніндегі Агенттіктің деректері бойынша 
Сурет 1 - Қазақстан Республикасы өнеркәсіп өнімінің динамикасы 
(1995-2005 ж.ж.) 
Салада маңызды құрылымдық өзгерістер өз жалғасын тапты. Егер 1995 ж. республика өнеркәсіп өндірісінің жарты бөлігін өңдеу өнеркәсібі иеленсе, 2005ж. мұндай үлес тау-кен өнеркәсібінің еншісінде. 
Өнеркәсіптің макродеңгейдегі тиімділігі өндірілген тауар сапасының жақсарғанының, әлемдік нарықтық бәсекеге қабілеттіліктің көрінісі. Кен өндіру өнеркәсібінің қарқынды дамуы экспорт және импорт құрылымына тиісті әсерін тигізуде. Алайда, экспорттың құрылымында шикізаттық тауарлардың үлесі басым. 
Соңғы жылдары импорттық тауарлар құрылымында минералды өнімдер үлесінің өскені байқалады: 1999 ж. 11,5%-дан 2005 ж. 13%-ға дейін. Сондай-ақ металлургиялық өнеркәсіп өнімінің де үлес салмағы біртіндеп артып келеді. 
Зерттеу жұмыстары атқарылған мерзімде өнеркәсіптің жекелеген секторлардың табыстарының қалыптасуында құрылымдық өзгерістер орын алды. Мәселен, ЖІӨ-нің жалпы көлеміндегі еңбекақының үлесі 2000 ж. 35,8%-дан 2004 ж. 33,3%-ға дейін кемісе, кәсіпкерлердің табысын құрайтын таза пайда мен аралас табыс 38,2%-дан 43,5%-ға өсті. Бұл, бірінші жағынан, өндірістің тиімділігінің өскенін сипаттаса, екінші жағынан, пайданың, көбінесе, қызмет көрсету саласынан түскенін көрсетеді. 
Қарастырылып отырған кезеңде өндіріс тиімділігінің жалпылама көрсеткіші - өнеркәсіп кәсіпорындары тиімділігінің, экономикалық қызметтің басқа түріне қарағанда динамикалық қалыпты өсуі мен жоғары деңгейіне қол жеткізілді (1-кесте). 
Кесте 1 - Қазақстан Республикасы экономикалық салаларының тиімділігі 
Көрсеткіш 2000 ж. 2001 ж. 2002 ж. 2003 ж. 2004 ж. 
Барлық экономиканың тиімділігі, % 21,6 14,8 18,5 21,6 25,7 
Кен өндіруші саланың тиімділігі, % 45,1 37,8 31,9 38,8 67,5 
Қайта өңдеу саласының тиімділігі, % 21,4 13,8 19,2 21,4 22,8 
Ауыл шаруашылығының тиімділігі, % 5,4 5,3 -4,4 13,8 1,7 
Құрылыс саласының тиімділігі, % 4,3 4,5 5,2 5,0 3,4 
Сауданың тиімділігі, % 4,7 3,4 5,8 9,3 4,9 
Көлік және байланыс саласының тиімділігі, % 9,4 11,8 18,7 18,1 18,9 
Қаржылық қызмет саласының тиімділігі, % 3,3 32,5 15,6 9,1 11,2 
Жылжымайтын мүлік операциясының тиімділігі, % 40,1 -3,2 13,8 4,3 8,3 
Ескертпе – ҚР статистика жөніндегі Агенттіктің деректері бойынша 
1-кестеде келтірілгендей, өнеркәсіп кәсіпорындары тиімділіктің жоғары дәрежесіне ие. Кен өндіру саласы кәсіпорындарының тиімділігі мемлекет экономикасын тұтастай алғандағы пайдалылықтан жоғарырақ. Дей тұрғанмен, 2004 ж. барлық залалды кәсіпорындардың 50,7%-ы өнеркәсіп үлесіне тиеді, соның ішінде 11,5%-ы кен өндіру саласы, 21,4%-ы өңдеу саласы. 
Өндіріс тімділігін ынталандыру механизмінің тағы бір маңызды шарты – инвестициялық белсенділік. Инвестициялық қызметтің соңғы 5 жыл ішіндегі динамикалық өсімі қаржылық емес активтер бойынша өте қарқынды болды, олар жыл сайын орта есеппен 20%-ға көбейді. Экспортқа бағытталған салаларға инвестициялардың өсуімен қатар, олардың ішкі нарықтағы тапшылығы байқалады. 
Тиімділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етудің, яғни қазіргі мемлекеттік саясаттың басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттырудың басым факторы – еңбек өнімділігі. Демек, еңбек өнімділігін арттыру ұлттық экономиканың әртараптануының, фирманың, саланың, экономикалық қызметтің нәтижелілігінің алғы шарты. 
Зерттеліп отырған кезеңді тұтас алғанда корпорацияның бұл бағыттағы түпкі көрсеткіштері аса нәтижесіз емес. Алайда, табыстың өсу динамикасы тұрақсыз. Корпорацияның жалпы табыстылығына негізгі өндірістің тиімділігі, яғни негізгі қызметтен түсетін пайданың мөлшері тікелей әсер етуде. Мәселен, 2001 ж. корпорацияның таза табысы 2000 ж. салыстырғанда 4,6%-ға ғана кемісе, 2003 ж. бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 30,6%-ға төмендеп кетті. 2006 ж. корпорацияның таза табысы алдыңғы 2005 ж. қарағанда 128,5%-ға арттырылса, 2000 ж. салыстырғанда шамамен 6,0 есеге өскен. 
Зерттеліп отырған кезеңде, корпорация табыстарының жалпылама өсу барысына қарамастан, өндірістің тұрақсыздығы орын алды, мұның басты себептерінің бірі әлемдік нарықтағы мыс өнімі бағасының ауытқуы. Осыған байланысты 2001-2003 жж. аралығында өндіріс көлемінің өсу қарқыны біраз төмендеді, әсіресе кәсіпорынның негізгі өнімі – катодты мыс өндіру азайды. 
2000-2004 жж. серіктестіктің өнімділігі өнімнің материалдық сиымдылығы 0,15-тен 0,12 теңгеге дейін азая тұрса да 1,4 есе арттырылды. Бұл жылдары негізгі өндірістік қордың қайтарылымы 0,73 теңгеден 0,62 теңгеге дейін, ал өндірістің жиынтық тиімділігінің деңгейі 49,1%-дан 45,5%-ға дейін кеміді. Корпорацияның негізгі экономикалық көрсеткіштері соңғы жылдары айтарлықтай оңала бастады. 
Мәселен, 2004 ж. алдыңғы 2003 ж. салыстырғанда еңбек өнімділігі 32,8%-ға өсіп, 2 млн 546 мың теңгені құрады, өнімнің материалдық сиымдылығы 33,7%-ға төмендеп, 0,12 теңгеге теңелді, негізгі өндірістік қорлардың қайтарылымы 17,0%-ға арттырылды, өнімнің пайдалылық дәрежесі 14,3 пайыздық пунктке көтерілді. 
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-гі көпсалалы, кен өндіруден тұтынуға дайын өнім шығаруға маманданған, біткен циклды өндірісті меңгерген тау-кен металлургиялық кәсіпорыны. Компанияның негізгі қызметі: пайдалы қазбаларды өндіру және оларды байыту, катодтық мыс өнімін шығару, түсті металдар өндіру және сату. 
Корпорация, әлемдік деңгейде дамып келе жатқан құрылым. Оның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері мына төмендегідей (2-кесте). 
2-кестеден көрініп тұрғандай, 2000-2006 жж. аралығында корпорацияның өнім өткізуден тапқан табысы 3,7 есе, таза табыстың көлемі 6,0 есе арттырылды. ЖШС-і кәсіпорындарының жиынтық тиімділік деңгейі 2005 ж. 79,3%-ды құрады, бұл 2000 ж. салыстырғанда 30,2 пайыздық пунктке жоғары. 
Нарықтық қатынастардың тереңдетілуі және кәсіпкерлік өрісінің кеңеюі жағдайында еңбек төлемін реттеудің маңызы ерекше. Өйткені еңбекақы ғана жұмсалған еңбек күшіне пара-пар келеді және өндірістің дамуына ынталандырудың әсерін күшейте түседі. 
Кесте 2 - «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері 
Көрсеткіштер Жылдар 
2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006 
Сатудан түскен табыс, 
мың теңге 112699401 116625405 125221331 124219953 170492574 228817260 411176304 
Өткізілген өнімнің өзіндік құны, 
мың теңге 47093088 54165092 57217269 55782536 58737406 83691000 118303824 
Жалпы табыс, 
мың теңге 65606313 62460313 68004062 68437417 111755168 145126260 292872480 
Осы кезеңдегі шығын, 
мың теңге 19135686 19675843 17818541 26396187 44666565 23660417 30079588 
Негізгі қызмет табысы, 
мың теңге 46470627 42784470 50185521 42041230 67088609 121465843 262792892 
Негізгі емес қызмет нәтижесі, мың теңге 3685266 3286309 4350080 832402 6833626 1629564 11979561 
Салық салуға дейінгі табыс, 
мың теңге 50155893 46070779 54535601 42873632 73922235 123095407 274772453 
Табыс салығы, 
мың теңге 17627442 15465492 16502175 17243086 26926038 37927399 80125488 
Таза табыс, 
мың теңге 32528451 31016011 36880320 25600012 46996197 85168008 194646965 
Негізгі өндірістің тиімділік 
деңгейі, % 70,2 57,9 66,9 51,2 64,9 82,4 104,7 
Корпорацияның тиімділік 
деңгейі, % 49,1 42,0 49,2 41,2 45,5 
50,3 
55,3 
Ескертпе – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ң жылдық есептері бойынша есептеген автор. 
Тиімділік – әлеуметтік-экономикалық процестер мен құбылыстардың жиынтығын сипаттайтын, нәтижеге қол жеткізу мен ресурстарды пайдаланумен байланысты категория. Экономикалық тиімділіктің өсуі, өнім бірлігіне шаққандағы шығынның қысқаруымен немесе бұрынғы шығын көлемін сақтай отырып, тиімділіктің артуымен тікелей байланысты. Еңбекақының тиімділігіне сәйкес оның ынталандырғыш рөлін де айқындауға болады. 
Корпорация кәсіпорындарында 2000-2006 жж. аралығында жалақының 1 теңгесіне келетін тауарлы өнім көлемінде айтарлықтай өзгеріс бола қойған жоқ. Мұның кем дегенде екі себебі бар: бірінші, еңбек ақы мөлшерінің өндірістің өнім көлеміне сәйкес өсіп отыруы, екінші жалақы төлеуге бөлінген қаржының орынды жұмсалуы. Сонымен қатар, 2006 ж. жалақы төлеудің мөлшері 2005 ж. салыстырғанда 26,6%-ға көтерілді. Бұл тауарлық өнімдер өндірудің жалақы қорына қарағанда жоғары өсу қарқындылығының әсері (3-кесте). 
Кесте 3 - «Қазақмыс корпорациясы» шығындар мен тауар өнімдерінің жалпы сомасындағы жалақының үлес салмағы 
Көрсеткіштер Жылдар 
2000 2001 2002 2003 2004 
2005 
2006 
Тауар өнімі, 
мың теңге 70932717 70140555 73052511 74573932 168879478 230084292 437830139 
Жалақы қоры, 
мың теңге 8522051,5 9176852,4 9412695,1 9651465,2 19775114,5 23495989 29744199,1 
Өндірістік өзіндік құны, мың теңге 44708784,2 49259064 36532212 37031530 38257349 51557817 208890514 
Шығындардың жалпы сомасын-дағы жалақы үлесі, % 19,06 18,63 25,77 26,06 51,7 45,6 14,25 
Тауар өнімі мөлшеріндегі жалақы үлесі, % 12,01 13,1 12,88 12,94 11,7 10,2 6,79 
Ескертпе – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ң жылдық есептері бойынша есептеген автор 
2000-2006 жж., яғни 2006 ж. дейінгі кезеңде «Қазақмыс» корпорациясы кәсіпорындарында жалақының өндірістік шығындардың жалпы көлеміндегі үлесі үнемі өсіп отырды (2000 ж. – 19,1%, 2005 ж. 25,4%). 
Ал, оның тауарлы өнім мөлшеріндегі үлес салмағы керісінше, біршама төмендеді. Мұндай жағдай мына төмендегілермен түсіндіріледі: 
- салыстырылып отырған кезеңде өндірістік өзіндік құнның мөлшері 15,3%-ға өссе, жалақы қоры 2,7 есе, ал тауарлы өнім көлемі 3,2 есе арттырылды; 
- жалақы төлемдерінің салыстырмалы көтеріңкі өсімі осы мақсатта жұмсалған қаржының тиімділік деңгейінің төмен екенін көрсетеді. 
«Қазақмыс корпорациясы» құрамына енетін кәсіпорындарындағы жалақының үнемі өсіп отыруы өзін-өзі қаншалықты ақтап отыр, басқаша айтқанда, оның ынталандырғыш рөлі қандай? Мұны жұмысшылардың орташа жалақы мөлшерін, олардың еңбек өнімділігімен салыстыру әдісімен, яғни басып озу коэффициентін анықтау жолымен анықтауға болады (4-кесте). 
4-кесте деректерінен көрініп тұрғандай, корпорация жұмысшыларының еңбек өнімділігі мен олардың орташа айлық жалақысының арасындағы байланыс тым әлсіз. Бұл «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-і қызмет көлемінің өсуінде жалақының ынталандырушы рөлінің төмен екендігін көрсетеді. 
Демек, еліміздің табысы мол, іріленген өнеркәсіптік құрылымдарының алдында, олардың әлеуметтік жауапкершіліктерін арттыру бүгінгі таңда дұрыс қойылған мәселе. 
Кесте 4 - «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-і жұмысшыларының орташа жалақылары мен еңбек өнімділігінің динамикасы 
Көрсеткіштер 2001 ж 2000 ж. салыст. 2002 ж. 2001 ж. 
салыст. 2003 ж. 2002 ж. 
салыст. 2004 ж. 2003 ж. 
салыст. 2005 ж. 
2004 ж. 
салыст. 2006 ж. 
2005 ж. 
салыст. 
Орташы жалақының өзгеру динамикасы, % 103,4 101,9 107,6 108,4 111,2 125,8 
Еңбек өнімділігінің өзгеру динамикасы, % 95,5 105,75 104,52 132,86 143,37 189,16 
Басып озу коэффициенті, % 108,3 96,4 102,9 81,6 77,6 66,5 
Ескертпе – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ң жылдық есептері бойынша есептеген автор 
Жалақының жалпы көлемінің өсуі, оның өндірістік шығындардағы үлесінің өзгеріссіздігі, еңбек өнімділігінің жұмысшылардың орташа жалақыларының мөлшеріне, тиімділіктің табыс әкелуші ретіндегі маңызына кері әсерін тигізіп отыр (5-кесте). 
Кесте 5 - «Қазақмыс корпорациясы» жалақы пайдалылығының динамикасы 
Көрсеткіштер Жылдар 
2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006 
Негізгі қызметтен түскен таза табыс, 
мың теңге 32528451 31016011 36880320 25600012 46996197 85168008 194646965 
Жалақы қоры, 
мың теңге 8522051,5 9176852,4 9412695,1 9651465,2 19775114,5 23495989 29744199,1 
Жалақының 1 теңгесіне келетін табыс мөлшері, 
теңге/теңге 3,82 3,38 3,92 2,65 2,38 3,62 6,54 
Ескертпе – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ң жылдық есептері бойынша есептеген автор 
5-кесте материалдарынан көріп отырғанымыздай, корпорация кәсіпорындарында жалақы үлесінің өндірістің жалпы шығындарындағы тұрақтылығынан, еңбек ақыға бөлінген қаржының әрбір өлшеміне келетін табыс мөлшері 2000-2006 ж.ж. аралығында үнемі төмендеп отырған (2006 ж. басқасы). Мұндағы басты себептер, біріншіден, еңбек өнімділігінің пропорционалды өспей отырғандығы, екіншіден, корпорация жұмысшыларының орташа жалақыларының төмен деңгейі. Бұл өз кезегінде, еңбекке ақы төлеу жүйесін жетілдірудің, өнеркәсіп кәсіпорындарының қаржылық қызметін жақсартудың кезек күттірмейтін, бірінші қатардағы мәселелер екендігін дәлелдейді. 
Еліміздің экономикасы мен әлеуметтік әлеуетінің қазіргі даму барысында жұмысшылар мен қызметкерлерді өнімді еңбекке ынталандыру жүйесін күшейтуге бағытталған кешенді шешімдер қабылдануы қажет. Мұндай тұжырымның объективтік себептерінің қатарына мыналарды жатқызуға болады: 
- ең аз және орташа жалақы мөлшері мен тұтынудағы сұраныстың өскендігіне байланысты еңбекке ақы рөлінің жоғарылауы; 
- өнеркәсіптік ұжымдарда «шаруашылық серіктестігін» дамытудың қажеттілігі, яғни жұмысшының әлеуметтік маңызды мәселелер бойынша да тиісті шешім қабылдай алатындығын қамтамасыз ету. 
Постиндустриалды, әлемдік технологияның прогресшіл жаңа талаптарына сай дамып отырған өндіріс жағдайында еңбеккерлердің шығармашылық мүмкіндігі толығырақ жүзеге асырылуы қажет. Басқару ісіне нақты кірісу, ортақ құндылыққа өзінің қатысы бар екенін сезіну, жұмысшының еңбекке деген құлшынысын жоғарылатады, өндірістің резервтерін бұрынғыдан гөрі толығырақ пайдалануға ынталандырады. Ұжым мүшелерінің жеке меншіктік, яғни иелену құқы, басқаруға тікелей араласу сәті (өндіріс қаражатын жұмсау өкілеттілігі, өндірістік процесті ұйымдастыру және оның нәтижесін әділ бөлу) сайып келгенде ең төменгі деңгейдегі әлеуметтік келісімге қол жеткізуге мүмкіндік береді. 
Елбасы өзінің Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында (6 ақпан 2008 ж.) «қысқа мерзімді және орта мерзімді міндеттерді шешудің бірінші бағыты - өндіруші сектор» - деп көрсетеді. «Самұрық» холдингі мен өңірлік әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар тау-кен металлургия саласын тиімді дамыту мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде нақты шаралар қабылдауы тиіс». Олай болса, өнеркәсіп кәсіпорындарының тиімділігін арттыруда экономикалық өсімнің факторлары мен шарттары айқындалып, ынталандыру механизмінің ең ұтымды жолдары негізделуі қажет. 
Ынталандыру жүйесінің дамуында Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындары экономикалық ынталандыру жүйесінің келешегінде еңбекке ақы төлеуді жетілдірудің қажеттілігін ерекше бөліп атауға болады. 
Қазіргі кезде отандық өнеркәсіп кәсіпорындардың көпшілігі шетелдік өндірушілердің тәжірибесін ескере бермейді. Мысалы, тарифтік жүйе мерзімдік және кесімді еңбекақының үйлесімділігіне негізделген. Қазақстанның тау-кен өнеркәсібінде бұл жүйенің қолданылу аясы кең, бірақ оған қол жеткізу өндірістің технологиялық және қуаттылық деңгейіне байланысты. 
Еңбекақыны мерзімдік төлегенде еңбекті мөлшерлеу жұмысы жүргізіледі, сондай-ақ тапсырмалардың мөлшерленуі де іске асады. Қазіргі кезде, кейбір экономистер кәсіпорындардағы тарифтік жүйені мемлекеттік емес меншіктен алып тастау, немесе, жалақының бүкіл қорын әр жұмысшының жұмсаған еңбегінің түпкі нәтижесіне қарай бөлу қажет деген пікір айтады. Бірақ, біздің ойымызша, тарифтік жүйенің басты артықшылығы – ол жұмысшының біліктілігіне әсер етеді. Нарықтық ғылыми-техникалық прогресс жағдайында, сериялық өндіріс технологиясы жұмысшылардың жоғары біліктілігін қажет етеді және бұл кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығының, еңбек ресурстарының әлемдік бәсекелестікке лайықты төтеп беруінің негізгі шарты. Тарифтік жүйенің тағы бір артықшылығы, жұмысшы оны әлеуметтік әділдік ретінде қабылдайды, өйткені ол жұмыстың қиыншылығын, оның жауапкершілігін бағалайды. Тарифтің экономикалық ұтымдылығы – кәсіпорындар өздері өз бетінше жұмыс «бағасының» көрсеткішін анықтай алады, техникалық саясатқа сай шұғыл бақылап отыруды қажетсінеді. 
Біз жүргізген зерттеудің нәтижелері көрсеткендей, кеніш жұмысшылары негізінен разрядтарға ие, ал І, ІІ білікті разрядты жұмысшылар жоқтың қасы. Кейбір жұмысшылар жеткілікті білікті емес, разрядқа сай жұмыстың бар түрін атқара алмайды. Басқалары, керісінше, төмен біліктілікті қажет ететін жұмыстарды атқарады. Осының нәтижесінде еңбек төлемінде жоғары және төмен білікті мамандар теңестіріліп кетіп жатады. Қалыптасқан жағдайда, жұмысшылар жоғары білікті разрядқа ие болып отырғанда, өз кәсіби шеберлігін көтеруге деген ынтасы болмайды. 
Міне, осыларды ескере отырып, біліктілік разрядының тарифтік кестесін 6-дан 10-ға дейін көтеруді ұтымды деп санаймыз. Бұл жұмысшылар біліктілігін объективті түрде бағалауға және олардың кәсіби білімдері мен тәжірибе ынталандырмасының өсе түсуіне оң әсер етер еді. Сондай-ақ, жұмысшылар разрядын автоматты түрде өсірмей, жалпы білім алатын және кәсіби дайындық деңгейіне жоғары талаптардың арнайы ретін ойластыру қажет, бұл шығарылатын өнім және жұмыс сапасын арттыра түсуге, қауіпсіздік ережелерін және еңбекті қорғауға, технологияны жетік білуге және пайдалы қазбаларды үнемдеуге ықпалын тигізеді. 
Жұмысшының біліктілік разрядын анықтауда мына формуланы қолдануға болады: 
Рб = К1 х К2 х К3 х К4 , 
мұндағы Рб – жұмысшының біліктілік разряды; 
К1 – жұмысшының жалпы білімін, кәсіби деңгейін және оны өсірудегі еңбектің қажетсінуін анықтайтын коэффициент; 
К2 – берілген мамандық бойынша жұмыс тәжірибесін анықтайтын коэффициент; 
К3 – орындалатын жұмыстың жауапкершілігі мен ауырлығын анықтайтын коэффициент; 
К4 - еңбектік және өндірістік тәртіпті ескеретін коэффиицент. 
Жұмысшының біліктілік разрядын айқындауда негізінен 3 фактор ескеріледі, ал әрбір фактор тиісті балмен бағаланады. Коэффициенттер алдын-ала анықталған жіктеме бойынша анықталады. 
Экономикалық ынталандырудың келешегі зор бағыты – ерекше сыйақы беру. Жұмысшыларды сыйақыландыру жоғары өнімді және жоғары сапалы еңбекке ынталандыру, іс-әрекеттің түпкі нәтижесін жақсарту, кәсіпорын жұмыскерлерінің өмір сапасын көтеру мақсатында жүргізіледі. Сыйақы, еңбек мөлшері үшін алған ақыдан ерекше. Ол қолпаштау сипатында болып, төмендегідей принциптерге негізделеді: 
- сыйақы беру даралық сипатта болуы тиіс: жұмысшының аймақ, цех, кәсіпорын жұмысы көрсеткішін жақсартуы үшін өзінің қосқан үлесі үшін беріледі; 
- сыйақы беру нақты, белгіленген мөлшерлеме мен нормативті орындағаны үшін емес, еңбектегі ерекше жетістіктері үшін берілуі тиіс; 
- сыйақы беру – ағымдағы (ай сайын) және жыл қорытындысы бойынша тағайындалады; 
- сыйақы беру жүйесі қарапайым, әрбір жұмысшыға түсінікті болуы керек. 
Мұнымен қатар сыйақы беру шарттарын шектейтін жәйттерге қауіпсіздік ережелерін сақтау, еңбекті қорғау, жарақаттану болдырмау, бақытсыз жағдай және еңбек тәртібінің бұзылуын болдырмаулар жатады. 
Қазақстанның ұлттық кен-металлургиялық өнеркәсібінің ЖІӨ-дегі үлесі 9,4-10,5%. Сектордың басты міндеті – бәсекеге қабілетті өнім өндірісінің жоғары қарқынды өсуін қамтамасыз ету. Бұл үшін дәуірдегі құрылғылар мен тиімді технологияларды пайдалану қажет. Шикізат көздерінің дәстүрлі емес түрлерін пайдалы өңдеу, қолданыстағы кәсіпорындары техникалық және технологиялық жаңғырту, жаңа кәсіпорындар салумен тығыз байланысты. Мұндай жағдайда, қолданыстағы кен-металлургиялық кешен тиімділігінің өсуі тек ғылым мен өндірістің бірігуі арқылы, ғылыми жетістіктерді кең қолданумен, жаңа технологиялар мен техниканы жедел қолданысқа енгізу арқылы ғана жүзеге аспақ. Инновациялық және инвестициялық қызметтің жандануы кәсіпорынның дамуын шектеп отырған факторлардың зиянды әсерін әлсіретіп, өндірістік әлеуеттің түбегейлі жаңаруын қамтамасыз етеді, барлық ресурстар шығынын азайтып, қоршаған ортаны қорғау шарттарын мүлтіксіз орындауға өнімнің дәстүрлі және жаңа түрлерін шығаруға ықпалын тигізеді. Инновациялық үрдістің бұлайша қалыптасуы үшін дайындығы жетік, жоғары білікті мамандар қажет. 
Өйткені жаңа технологиялық жетістіктер, ресурс үнемдейтін технологиялар, еңбек өнімінің жоғары сапасы, барған сайын, адамның творчестволық қабілетіне тәуелді болып барады. Олардың деңгейі қаншалық жоғары болса, өндіріс нәтижелері соншалық маңызды. Әлемнің жетекші мемлекеттерінде интеллектуалдық әлеует экономикалық өсімнің іргелі көзіне айналған. Демек, экономиканың тиімді дамуын ынталандырудың экономикалық механизмі ғылымға, жаңа технологияға, жаңа білімге, адам капиталын нәтижелі қолдануға негізделуі қажет. 
Сапалық өзгерістердің көрінісі мынадай: аралық өніммен салыстырғанда түпкілікті өнімнің әлдеқайда алда болуы; өндірілетін өнім сапасының тез өзгеруі мен түрлерінің жаңаруы; ғылыми-техникалық прогресс жылдамдығын анықтайтын өндіріс салаларының өсуі. Сондықтан, экономикалық өсімнің жекелеген факторы заттық факторға қарағанда экономикалық өсудің жаңа сапасына қажетті басты шарты болып табылады. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, адам капиталына жұмсалған инвестиция мен экономикалық өсім сабақтас құбылыстар. Сондықтан, экономикалық өсудің басты құралы адам капиталына жұмсалатын инвестиция. 
Міне осы баяндалған тиімділік критерилерін негізге ала отырып, экономика тиімділігін ынталандырудың механизмінің мына моделін ұсынамыз (2-сурет). 
Ескертпе – автормен құрастырылған 
Сурет 2 - Экономикалық өсімді ынталандыру механизмінің моделі 
Модельден экономикалық өсімді ынталандыру механизмінің экономикалық тиімділіктің өсуіне бағытталып тұрғанын аңғаруға болады. Механизм тиімділігінің критерилері экономикалық өсімнің сапалық анықтамсын көрсетеді, яғни экономикалық өсім үнемі экономикалық дамуды қамтамасыз ету қабілетіне байланысты. Экономикалық өсімді ынталандыру механизмі қызметінің нәтижелері тек сандық емес, әсіресе сапалық өсімде де көрінеді, бұл өз кезегінде, адамдардың өмір сүру деңгейінің көтерілуіне, өмір сапасының жақсаруына, халықтың тұрмыс деңгейі бойынша жіктелуінің анағұрлым азаюына серпінді ықпалын тигізеді. 
Экономикалық өсімді ынталандыру механизмін қалыптастыруда бірінші кезекте ғылымды мемлекеттің есебінен қаржыландыру мәселесі тұр. Мұнымен қатар, ғылыми-техникалық прогрестің дамуында шаруашылық субъектілерінің шығындарын арттыру қажет. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына бюджеттен қаржыландыру 2001-2003 жж. 40% деңгейінде болса, 2004 ж. ол 50,3%-ға көтерілді. Қаржыландыру көздеріндегі өзіндік қаражаттың үлесі 18,3% шамасында. 
Пайда болған қиындылықтарға қарамастан, тұтастай алғанда, отандық ғылым жоғары әлеуетке ие, бұл орта мерзімді міндеттерді басым бағыттарда шешудің, өндіруші сектормен қатар, экономиканың шикізаттық емес салаларын іс жүзінде үдіретудің кепілі. 
Ғылымның жоғары технологиялық өрістеріне негізделген өндіріс, өнім нарығының дамуына, интеллектуалдық меншіктің қорғалуына тікелей әсер етеді, инвестицияның ғылыми зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жобалармен байланыстылығын күшейте түседі. 
Экономикалық өсімді ынталандырудың тиімді механизмін қалыптастырудың маңызды бағыттары – жоғары деңгейдегі инвестициялық белсенділікті қамтамасыз ету, қаржылық қызметті реттеу, бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру, қысқа және орта мерзімді болжамдар жасау. 
Мұндай бағыттардың іске асырылуы төмендегі шаралардың нақты орындалуын қажет етеді: 
- экономиканың, жоғары технологиялық үрдістері басым құрылымына көшу; 
- іргелі және қолданбалы зерттеулері мемлекет және жеке меншік тарапынан қолдау; 
- ғылыми зерттеулерді бюджеттік қаржыландырудың тұрақты, заңдық нормативтермен қамтамасыз ету; 
- қаржы ресурстарын тиімді пайдалана отырып, адам әлеуетін инвестициялауды жетілдіру. 
ҚОРЫТЫНДЫ 
Жүргізілген зерттеу мына төмендегі тұжырымдар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді: 
1. Жұмыста «экономикалық мүдде», «ынталандырма», «уәж», «уәждеме», «ынталандыру» категориялары нақтыланды. «Ынталандырма» категориясының екі жақты екені анықталды: біріншіден, объективті (материалды заттық) жағы, оның негізінде экономикалық мүдде қалыптасады; екіншіден, субъективті жағы, аз уәж және ынталандырманың өзара байланыстарын сипаттайды. Экономикалық ынталандыру дегеніміз адамдарды өнімді еңбекке құлшындыратын, олардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған әдістер мен тетіктердің жиынтығы. 
2. Тұтынушының жоғары стандарты мен техноло¬гиялық дамуы, адамдардан шаруашылық процесінде, тек ғылыми (біліктілік) дайындығы ғана емес шығармашылық басқару қызметтеріне араласуын да талап етеді. 
Жұмыскердің еңбек белсенділігін ынталандыру үшін уәждемелер мен ынталандырудың жаңа жүйесін жасау қажет, оның теориялық әдістемелік принциптеріне мыналар жатады: 
– өндірісте материалды ынталандырудан, тұлғаның өзін-өзі жетілдіру уәждемесіне бағдарлануы, интеллектуалды әлеуеттілікті өсіру; 
– еңбек және тұрмыс сапасының жоғары деңгейге көтерілуі; 
– материалды ынталандырудың өрісі мен үрдістерін кеңейту; 
– материалды, моральді, шығармашылық т.б. ынталандыруды жалпы-ландыру. 
3. Постиндустриалды парадигма жағдайында еңбекке ынталандыру жүйесі кешенді түрде қарастыруды қажет етеді. Ол үшін мыналар жүзеге асуы тиіс: 
- жалақының рөлін ең аз және орта жалақыны өсіре отырып арттыру; 
- келешегі бар ынталандырмалар ретінде «шаруашылықты бірге жүргізу», ынталандыруды дамыту, яғни жұмыскердің басқару қызметіне шешім қабылдауға қатынасуы, еңбек және өндіріс көлемінде ғана емес, жалпы әлеуметтік маңызы бар істерге араласуы; 
- жаңа технологиялық талаптарға сай еңбек саласын түрлендіру. 
4. Өндіріс тиімділігін экономикалық ынталандыру механизмінің негізгі құрамдас бөліктері: экономикалық өсімнің тұрақты қарқыны; оның сапалық сипаттары; шығарған өнімнің отандық және әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін көтеру және сапасын жақсарту; халықтың материалдық жағдайын көтеру; жаңа технологияларды меңгеру, ғылыми және инновациялық жұмы-сының әсерін күшейту, адам капиталын нәтижелі пайдалану. 
5. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өндіріс тиімділігін талдау мына жағдайларды анықтап берді: 
– өндіріс өсімі және корпорация табысының артқанына қарамастан зерттелген кезеңде өндіріс тұрақсыздығы байқалған, бұл әлемдік нарықтағы баға тұрақсыздығына байланысты болды; 
– кәсіпорында өндіріс тиімділігін арттыру саясаты жүргізілді, нәтижесінде өнімнің өзіндік құны біршама төмендеді; 
– зерттелген кезеңде еңбек өнімділігінің біршама тұрақты өскені байқалды; 
Сонымен қатар, 2004 ж. бастап, корпорация қызметінде мына тенден-циялар орын алды: 
– өнімнің материалды қажетсінуі 1,12 теңгеге төмендеуі; 
– еңбек өнімділігі алдыңғы кезге қарағанда 33%-ға өсіп, 2005 ж. 2546,5 мың теңгені құрады. 
– негізгі өндірістік қор қайтарылымы 0,62 теңгеге тең; 
– өндіріс тиімділігінің негізгі көрсеткіштерінің өсуі өнімділік пайда-лылығының 45%-ға өсуінің әсері. 
6. Еңбекақы төлеуге бөлінген қаражатты қолдану тиімділігін талдау «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-де жалақының өндіріс көлеміне пропорционалды өсіп отырғанын көрсетеді. Сонымен қоса, жалақы үлесі жалпы корпорация өндірісі шығынының көлемінде де өсіп отырды, нәтижесінде жалақы өсу қарқыны еңбек өнімділігінің өсу қарқынынан басым болды, сөйтіп, жалақының тиімділік көрсеткіші төмендеді. Жалақы жүйесінің басты кемшілігі – қызметкер жалақысының еңбектің түпкі нәтижесіне байланысты еместігі. 
7. Қазіргі нарықтық экономикада, жалдамалы еңбекке негізделу, еңбек бағасын және жалақыны анықтауда «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің еңбек саласының өзінде түрлендірулерге жол беріліп отыр. Бұл жұмыстың негізгі бағыттары: а) корпорация кәсіпорындарының техникалық жаңғырту барысында жұмыс орындарын түрлендіру; б) ұдайы өндірістің постиндустриалды типіне сай жұмысшыны қалыптастыру, жұмысшының білімі және кәсіби біліктілігін өсіру негізінде еңбек белсенділігінің артуына қолайлы жағдайлар жасау; в) өндірістің жеке және материалды-заттық факторларының өзара әсерінің тиімді жүргізілуі. 
8. Еңбекке сыйақы төлеуде мына принциптер сипатталуы қажет: 
– сыйақыландыру даралық сипатта болуы, яғни жұмысшылардың жұмыс орны, цех, кәсіпорын жұмыс жақсартуға қосқан үлесі үшін; 
– сыйақыландыру нақты болуы, яғни белгілерін нормативтер мен мөлшерді орындағаны үшін емес, еңбектегі жетістігі үшін; 
– сыйақының максималды көлемінің шектелмеуі; 
– сыйақыландыру әркімге түсінікті және қарапайым болуы керек. 
9. Ынталандыру механизмінің ұсынылып отырған моделі экономикалық тиімділікті арттыруға бағытталған. Тиімділік механизмінің критерийлері экономикалық өсімнің сапалық анықтамасын көрсе¬теді, ол әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты қарқын беру қабілетіне тікелей байланысты. Экономикалық дамудың тиімділігін ынталандыру механизмінің басты бағыттары мыналар: 
– экспортқа бағдарланған шикізат секторының өңдеу өнеркәсібі және импорт алмастыру процестеріне ауысуы; 
– ғылыми-техникалық прогреске және жоғары технологиялық өндіріске ынталандыру, өнім сапасына білімнің әсерін күшейту. 
– инновациялық процестерді және жаңа техника мен технологияларды енгізу, адам капиталына инвестицияларды белсендіру; 
– экономикалық тиімділікті еңбек өнімділігін өсіру есебінен қамтамасыз ету; 
– макроэкономикалық болжаудың, елдің экономикалық дамуын ынталан-дыру процесіндегі рөлін арттыру; 
– халықтың әл-ауқатының жақсаруы, тұрғындардың тұрмыс деңгейі бойынша жіктелуін мейлінше төмендету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қалдықтар

Қалдықтарды қосымша шикізат ретінде тиімді пайдалану көптеген проблемалардың шешу жолдарын ашуға мүмкіндік туғызады. Қалдықтарды қайтадан колдану қоршаған ортаны қорғаумен, бастапкы материалдарды, электрэнергияны үнемдеумен, еңбек ресурстарын босатумен байланысты көптеген мәселелерді шешуге жол ашады.
Кейде ойланбастан көптеген заттектер мен материалдар қалдықтарға жатқызыла береді, шын мәнінде оларды әр түрлі қажеттілікке немесе баска өндірістсрге шикізат ретінде қолдануға болады. Кезінде Д.И. Менделеев "Химияда қалдықтар болмайды, тек қана қолданылмаған шикізат болады" деп айтқан. Сонымен катар ол озат технологияның басты мақсаты пайдасыздан пайдалы өнім алуға бағытталған болу қажет деп те ескерткен. Сондықтан ішінара немесе толығымен кайта өндеу арқылы қажетке жаратылатын өндіріс пен тұтыну қалдықтарын екінші реттік материалдық ресурстар ретінде қарауға болады.
Біздің халық шаруашылығымыздан жыл сайын шығатын қалдықтардың көлемі 1 миллиард тоннадай. Статистикалық мәліметтсрге сүйенсек біздің елде жиналған қатты өндіріс калдықтарының көлемі 20 млрд. т шамасында. Оның ішінде 5,2 млрд. т түсті металлургия өндірісінің меншігіне жатады (4 млрд. т — тау-кен өндірісінікі, 1,1 млрд. т байыту фабрикаларыныкі және 105 млн. т металлургиялық өндеу процестерінен шыққан қалдыктар). Сонымен қатар әр түрлі қоймалар мен кен байыту фабрикаларының түндырғыштарында көп мөлшерде сұйык қалдыктар жинақталған. Қалдыктардың 70-75%-і тау-кен өнді-рістерінен, 20%-і байыту және қалғандары металлургия көәіпорындарынан пайда болады.
Қалдықтардың негізгі көлемі тау-кен қазбаларынан, металлургия, химия, мүнай және газ, ағаш, қағаз, қүрылыс материалдарын өндіретін өнеркәсіптерден және ауылшаруашылығы мен үй-жай шаруашылықтарынан шығып отырады.
Өнеркәсіп қалдықтарының көбісінің құндылығы едәуір, оны оларды дүрыс пайдаланғанда білуте болады. Өндіріс қалдықтарын пайдаға асыру мәселесі шешілетін болса, ауылшаруашылығында пайдалануға жататын біраз жерлерді босатуға мүмкіншілік туады.
Егерде қалдықтар шаруашылық айналымға түсірілсе, олар қоршаған ортаны жақсартумен қатар, жердегі шикізат корын да үнемдейтіні сөзсіз. Өнеркәсіп өндірістері дүниежүзілік шикізат корының күрт елсулі азаюына әкелді. Ғалымдардың болжауы бойынша, қазіргі пайдалану деңгейі сақталған жағдайда, мұнай мен газдың коры 80-170 жылға, мырыш, никель, мыс коры 100 жылға, көмір кенін 1700 жылдай уакыт бойы ғана шығаруға жетеді. Табиғи ресурстардын коры шексіз еместігіне байланысты оларды кешенді түрде пайдалануға ерекше көңіл аударып, атап айтқанда, аз қалдықты немесе калдықсыз тсхнологияларды жасау және халықшаруашылығының әртүрлі салаларыида шикізат базасын қалдықтарды кеңінсн пайдалану арқылы көбейту қажет. Түсті металлургияда негізінде пайдалы элемснттердіц 2-3% ғана алынып, 97-98% пайдасыз нәрсе ретінде тасталынады.
Маңызды шикізат қорына қалдықтардың ішінде күл мен қокысты жатқызуга болады. Осы күнды материалдың казіргі кезде 20%-тен аспайтын бөлігі ғана өңделінеді. Кул негізінде цементке толтырғыш ретіндс қолданыдады. Түтін газдарынан алынған 1,3 т қоңыр көмірдің күлі 1т цемснттің орнын толтырады. Қоңыр көмір күлінің күрамында 5-30% темірдің оксиді, 30% әк жөне едәуір мөлшерде коксталған көмірдің қалдығы бар екендігіне байланысты металлургияда оны темір концентратын алу үшін пайдалануға мүмкіндік бар.
Қазақстанның түсті металлургиясының шикізат базасы ретінде тек күлді ғана емес, өндірілетін руданың құрамында бірқатар металдардың мөлшері көптеген жылдар бойы мол жинақталган жүздеген миллион тонна шлактарды да пайдалану кеңінен қарастырылуда. Геологиялык. барлау жасауға, тасымалдауга, рудниктер және байыту фабрикаларын салуға қаражат жұмсалмайтынына байланысты шлактардан алынғап металдардың өзіндік құны рудадан алынғаннан бірнеше есе төмен болады.
Қазақстанның тусті жәнс кара металлургия саласындағы көптеген өнеркәсіптерден бөлініп шығатын газдар күкірт қышқылын алуға шикізат ретінде пайдаланылып келеді. Металлургия өнеркәсіптерінің құрамында күкірті бар газдардан алынған қышқылдың өзіндік кұны, сонымсн катар, 1 т өнімге жүмсалған қаржының үлсс салмағы табиғи шикізаттан өндірілген күкірт қышқылына қарағанда 2 еседей төмен.
Кені бар шикізатты кешенді түрде пайдалануды мақсатқа ала отырып, Орталық жәнс Солтүстік Қазақстанда металлургиялык өндірістерінің калдықтарын колдану аркылы азот, фосфор жоне баска да минералдық тыңайткыштарды өндіруге бағытталған химия өнеркәсібі дамуда.
Азот тыңайтқыштарын алуға оттекті өндіргенде шыққан металлургиялық өнеркәсіп қалдықтары пайдаланылады. Сульфитті рудаларды күйдіргенде бөлінген газдардан алынған күкірт қышқылы аммоний суперфосфатын, сульфатын және гидросульфатын алуға қолданылады.
Металл сынықтары өнеркәсіп калдықтарының ішінде ерекше назар аударуға тұратын калдыққа жатады. Өндіріс процестерінен шығатын металл сынықтарының жалпы көлемінің 67% кесінділерден, металл ұнтақтарынан, жоңқадан, табақша үлгілерден, 31%-ті амортизациялык сынықтардан, қалған 2%-ті қоқыстан алынғап металл қалдықтарынан түрады.
Амортизациялық сынықтарға шығынға жіберген, істен шыққан жабдықтар, саймандар, бұйымдар және т. б. инвентарлар жатады. Мысалы, вагондар мен рельстердің 30 жыл, кемелердің 25 жыл, көпірлердің 100 жыл, автомобильдердің 10 жыл, электр қуатын жүргізу жолының қолдану мерзімі 50 жыл ғана.
Машина жасайтын өнеркәсіптерде амортизациялык сынықтардың 55% технологиялық жабдықтар мен саймандарды ауыстырған кезде шығады. Өндірістегі металл қалдықтарыныи өңдеуге жататын көлемі металдар мен ерітпе қоспаларының мөлшеріне байланысты келеді. Қалдықтардың шығатын негізгі көздерінс мсталдарды механикалық өндеу, түрлі формаларға келтіру, құю процестері жатады.
Металлургиялық өнеркәсіптер тек металл сынықтары мен қалдықтар шығаратын көз ғана емес, сонымсн қатар олар негізгі пайдаланушының қатарына жатады. 1 тонна электрлік болат өндіруде 940 кг, 1 т мартен болатына 500 кг, 1 т шойын алуға 20 кг-нан 700 кг-ға дейін металл сыныктары пайдаланылады. Металл сынықтарынан алынған болаттың құны рудадан алғаннан 60-70%-тей арзанға түссді.
Шет елдерде ерекше назар алюминий жәие қаңылтыр банкілерін жинау мен өндеуге аударылады. АҚШ-та кайтадан өнделіп шығарылған алғашқы өнімдер алюминий ыдыстары болған. 1990 жылы жасалған 88 млрд. банкілердің 55 миллиарды, яғни 62,5% қайтадан өндеу арқылы қалдыктардан алынған. Қалдықтарды өндеу арқылы алынатын алюминий мен қаңылтыр банкілерінің мөлшері Ұлыбританияда 5%-тен, ал Батыс Еуропа елдерінде 25% тен асқан емес, экономикалық түрғыдан карағанда, қолданылған банкілерді өңдеп, кайтадан өнім алу арзан түсетініне байланысты болашақта осы жол кеңінен пайдаланылатынына күмән жоқ деуге болады, себебі бастапқы шикізаттан өндіргеннен гөрі қалдыктардан банкілср шығарғанда 10 еседей аз мөлшерде энергия жүмсалады.
Өте қиын және де кідіртуге болмайтын проблемаларға пластмасса мен әртүрлі полимерлі материалдарды өңдеу және қайтадан пайдалану жатады. Бұл проблемалар жарым-жартылай шешілген, себебі оларды өңдеуден өткізу үшін алдымен ұқыпты түрде сұрыптау және бөлектеу қажет. Сонан соң олар үгітіліп, жуылып, бөлініп болған соң, белгілі өнім түрлерін алуға пайдаланылады. Белгілі анықталынған сипаттамасы болмаған ала-құла (әр текті) пластмассалар тек төменгі сортты материалдар алуға жұмсалады. Полиуретан мен жасанды талшықтардан жасалған кейбір бүйымдарды кайтадан өңдеу өте қиынға түседі, биохимиялык ыдырауға түспейтін болғандыктан олар көмуге де жатпайды, сондыктан қазіргі кезде орын алған шешімсіз проблемалардың бірі пластмассалық жарамсыз қалдықтар. Дүние жүзі бойынша жыл сайын 80 млн. тоннаның үстінде шығарылатын пластмассалардың 70%-нен артығы автокөліктер аккумуляторлары мен азық-түлік салатын ыдыстар түрінде калдықка айналып отырады.
Соңғы 15-20 жылда пластмассалардың жаңадан жетілдірілген түрлерін жасау максатында ғылыми-зерттеу жұмыстары карқынды түрде жүргізілуде. Негізгі мақсат мұнайдан өндірілетін әдеттегідей арзан пластмассалардың орнына табиғи жағдайда биологиялық жолмен микрооргағшзмдердің қатысуымен қоршаған ортаға залал келтірмейтін қосылыстарға ыдырайтын түрлерін алу. Осындай полимерлі материалдар ауылшаруашылык дақылдарынан (жүге-ріден, картофельден, катты тағам қалдықтарынан) алынған крахмал немесе целлюлоза мен полиэтилен қоспаларынан алынады. Биологиялық жолмен ыдырайтын полимерлерге химиялық синтез арқылы алынған синтетикалық полиэфирлер және микроорганизмдердің катысуымен түзілгсн биополимерлер, биосахаридтср жатады. Осындай жаңа материалдар толығымен дымқылды жағдайда биохимиялық жолмен ыдырайды және әртүрлі жағдайда қолдаланылады. Биоиолимерлерден негізінде бірсыпыра өнімдер шығарыла бастады. Мысалы, бұрынғы полистиролдан жасалған жоңқалардың орнына амортизациялык буып-түюге арналған жоңқалар, орауыш қаптар, бір реттік әртүрлі ыдыс-аяктар, контейнерлер және т. б. жасалуда.
Мәскеуде полимерлер негізінде жаңа материалдар жасайтын "Норпласт" атты ғылыми-өндіріс бірлестігі ұйымдастырылған. Бастапқы шикізат -

 



Информация о работе Қалдықтардың классификациясы