Қаржы

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2012 в 00:02, реферат

Описание работы

Негізгі құралдар туралы түсінік және олардың жіктелуі
Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. «Негізгі құралдарға» – қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.

Работа содержит 1 файл

НК.docx

— 60.28 Кб (Скачать)

 

Негізгі құралдардың тозуы мен жөндеуінің есебі

      Негізгі құралдар өндіріс үдерісінде бірте-бірте  тоза бастайды, яғни өзінің бастапқы сапасын  жоғалтады. Олар белгілі-бір уақыт  өткеннен кейін пайдалануға жарамай  қалады да, бұл құралдардың орнына жаңа негізгі құралдар сатып алуға  тура келеді.

Негізгі құралдардың тозуы
табиғи сапалық
көп уақыт  бойы пайдаланылғандығына ғана байланысты емес, оған сонымен қатар басқа  да табиғи жағдайлар әсер еткендігіне  байланысты. Яғни негізгі құралдардың  табиғи тозуы (физикалық тозуы) олардың  ұзақ уақыт пайдаланылуы және оларға басқа да факторлардың әсер етуі нәтижесінен  болып табылады активтердің ғылыми-техникалық жетістіктерден артта қалуы

 

      Кәсіпорын активтерге, осы себептерге байланысты, тозуды есептеп отырады, бірақ айта кететін жайт, келесі аталған активтерге тозу есептелінбейді:

  • Жерге;
  • Кітапхана қорларына;
  • Фильм қорларына;
  • Архитектуралық және өнер ескерткіштеріне;
  • Өнімді малдарға;
  • Мұражайлық құндалықтарға (заттарға);

      Сонымен қатар амортизациялық аударым мынадай  жағдайларда есептелмейді:

  • қайта құру, жаңарту (реконструкция) және техникалық қайта қорландыру (перевооружения) жұмыстары жүргізіліп жатқан уақытта;
  • негізгі құралдарды уақытша тоқтатып қойған мерзімде.
 

      Кәсіпорын активтерге амортизация (тозу) есептеу  үшін қандай да бір әдісті пайдаланады:

Әдістің атауы Ең  маңыздысы Қолданылатын  формула Қысқаша мінездеме
1 Бірқалыпты (тікелей) әдіс пайдалану мерзім   осы әдіске сай, амортизация аударым әр ай сайын  бірдей сомамен есептелінеді
2 Өндірістік  әдіс өндірістік  күш, өндірілген өнім саны    бұл жағдайда объектінің өндірістік күші ең маңыздыс, оның пайдалну мерзімі ешқандай рөл атқармайды
3 Кумулятивтік  әдіс кумулятивтік  сан
Жыл сандар қосындысы = 1+2+3+...+ n = КУМУЛЯТИВТІК САН

 
 
1ж  = Бастапқы құн – жойылу құн  N / Кумулятивт. сан

2ж = Бастапқы  құн – жойылу құн  N-1 / Кумулятивт. сан

3ж = Бастапқы  құн – жойылу құн  N-2 / Кумулятивт. сан

4ж = Бастапқы  құн – жойылу құн  N-3 / Кумулятивт. сан

5ж = Бастапқы  құн – жойылу құн  N-4 / Кумулятивт. сан

...ж = Бастапқы құн – жойылу құн  N-. / Кумулятивт. сан

...ж = Бастапқы құн – жойылу құнN-. / Кумулятивт. сан

Nж = Бастапқы  құн – жойылу құн  N-. / Кумулятивт. сан

әдістің маңыздысы  – кумулятивтік сан.
4 Қалдық құнын  кеміту әдіс амортизация мөлшерлемесі, баланстық құн 1 ж = Бастапқы құн (2амортизация мөлш.) = У

2 ж = (Бастапқы құн – У)   (2амортизация мөлш.) = У1

 
 

3 ж = (А – У1)   (2амортизация мөлш.) = У2

 
 

4 ж = (В – У2)   (2амортизация мөлш.) = У3

... ж  = (С – У3)   (2амортизация мөлш.) = У4

ры қарай  осылай жалғасып кетеді, егер де ең соңғы  жылдың алдыңғы жылында шыққан соманы, баланстық құннан алып тастаған кезде  шыққан сома жойылу құнынан төмен  болса, соңғы жылы былай есептелінеді:

Жойылу  құны – соңғы жылдың алдындағы жылдың тозу сомасын

Ал, егер соңғы жылдың алдыңғы жылында  шыққан сома жойылу құнынан көп болса, соңғы жылды дәл солай есептеп  шығарамыз

бұл әдістің  алдыңдағы үш әдістен ерекшелігі бұл дәдіс баланстық құннан сеептелінеді, және ондағы бірқалыпты тікелей әдісте пайдаланатын амортизация мөлшерлемесі 2 еселенеді

 

Мысалы:

1 әдіс (Бірқалыпты (тікелей)  әдіс)

    Кәсіпорын 12 400 000 теңге тұратын ғимарат сатып алды, оның жойылу құны – 100 000 теңге, пайдалану мерзімі – 75 жыл.

    Есептеу: (12 400 000 – 100 000) / 75 = 164 000 (1 жылға) / 12 (ай) = 13 667 (әр айға) 

Мысалы:

2 әдіс (Өндірістік әдіс)

    Кәсіпорын 400000 теңге тұратын құрал-жабдық сатып алды, жойылу құны – 12000 оның техникалық төл-құжатына сай, ол – 50000 өнім өндіре алады, пайдалану мерзімі – 5 жыл. 1 айда кәсіпорын – 500 өнім, 2 айда – 470 өнім, 3 айда – 490 өнім өндірді.

     Есептеу:

     1 ай = ((400 000 – 12 000) / 50 000 ) * 500 = 3 880

     2 ай = ((400 000 – 12 000) / 50 000 ) * 470 = 3 647

     3 ай = ((400 000 – 12 000) / 50 000 ) * 490 = 3 802 
 
 
 

Мысалы:

3 әдіс (Өндірістік әдіс)

    Кәсіпорын 750 000 теңге тұратын құрал-жабдық сатып алды, жойылу құны – 15 000, пайдалану мерзімі – 6 жыл.

    Есептеу:

    1+2+3+4+5+6 = 21 (кумулятивтік сан) 

1 = (750 000 – 15 000) * 6 / 21 = 210 000 (әр жылға) / 12 = 17 500 (әр айға)

2 = (750 000 – 15 000) * 5 / 21 = 175 000 (әр жылға) / 12 = 14 583 (әр айға)

3 = (750 000 – 15 000) * 4 / 21 = 140 000 (әр жылға) / 12 = 11 667 (әр айға)

4 = (750 000 – 15 000) * 3 / 21 = 105 000 (әр жылға) / 12 = 8 750 (әр айға)

5 = (750 000 – 15 000) * 2 / 21 = 70 000 (әр жылға) / 12 = 5 833 (әр айға)

6 = (750 000 – 15 000) * 1 / 21 = 35 000 (әр жылға) / 12 = 2 917 (әр айға) 

Мысалы:

4 әдіс (Қалдық құнын кеміту әдісі)

    Кәсіпорын 820 000 теңге тұратын құрал-жабдық сатып алды, жойылу құны – 24 000, бірқалытпы әдісте пайдаланатын амортизация мөлшерлемесі – 10%, пайдалану мерзімі – 6 жыл.

    Есептеу:

    1+2+3+4+5+6 = 21 (кумулятивтік сан) 

1 = 820 000 * 20% = 164 000

2 = 656 000 * 20% = 131 200

3 = 524 800 * 20% = 104 960

4 = 419 840 * 20% = 83 968

5 = 335 872 * 20% = 67 174

6 = 268 698 * 20% = 53 740 

Ал, егер де жойылу құны 300 000 тең болса, онда ол былай есептелінеді, ең соңғы жылы

6 = 300 000 – 268 698 = 31 302 

      Негізгі құралдар бойынша амортизация есептелсе, кәсіпорында келесі бухгалтерлік өткізбелер құрылады:

Шаруашылық  операциялардың мазмұны Дебит Кредит 
1 Өндірістік  негізгі құралдар бойынша амортизация  есептелінсе 8110 2420
2 Көмекші өндірістегі  негізгі құралдарға амортизация  есептелінсе 8310 2420
3 Жалпы цехтық мұқтаждығында  пайдаланылатын негізгі құралдар бойынша  амортизация есептелінсе 8410 2420
4 Әкімшілік мақсатта пайдаланылатын негізгі құралдар бойынша  амортизация есептелінсе 7210 2420
5 Сату-өткізу процесінде пайдаланылатын негізгі құралдар бойынша  амортизация есептеліесе 7110 2420
6 Аяқталмаған құрылыстағы  негізгі құралдар бойынша амортизация  есептелінсе 2930 2420
7 Жинақталған тозу сомасы жойылғанда 2420 2410
9 Негізгі құралдардың  баланстық құнына тозу есептелінсе 7410 2420

 
 

    Кәсіпорын, негізгі құралдар өз пайдалану мерзімдерінен  ерте немесе басқа да себептерге байланысты тозып кетпес үшін, оларға уақыт  аралықта жөндеу жұмыстарын жүргізіп отырады.

Жөндеу  жұмыстары
жай күрделі
     тозып, істен шыққан бөлшегін жұмыс үрдісі барысында ауыстыру немесе оны қалпына  келтіру болып табылады. Бұл жөндеуге майлау, сырлау тағы да басқа жөндеу жұмыстары жатады. алдын ала жоспарланып, сапалық және табиғи тозған негізгі  құралдардың бөлшектерін толығымен  ауыстырып, оларды түгелдей жаңартуды  айтады. Бұндай жөндеуге жұмсалынған  шығындар тек объектінің жағдайын, қызмет атқару мерзімін, өндірістік қуатын, тағы да басқа көрсеткіштерін арттырғанда  ғана оның яғни негізгі құралдардың  бастапқы құнын өсіреді.

 

    Кәсіпорын жөндеу жұмыстарын кімнің жүргізгеніне де байланысты ек әдіске бөлінеді.

Жөндеуді  жүргізу
шаруашылық мердігерлік
ұйым  өз күшімен жөндейтін арнайы жабдықталған, яғни осындай мақсатқа арналған ұйымдарды  қарастыратын болса, бұл жөндеудің  мердігерлік ұйыммен келісімшарт  жасасады. Ол шартта жөндеу үшін керекті  материалдар мен қай ұйымның  қамтамасыз ететіндігі, жөндеу жүргізу  мерзімі, жөндеу жұмысының құны, есеп айырысу тәртібі және тағы да басқа  жағдайлар (талаптар) көрсетіледі.

 

      Жөндеу  жүргізілген негізгі құралдарды кәсіпорындағы тағайындалған комиссия мүшелерінің шешімімен қабылдап алады. Ондай негізгі құралдарды қабылдау барысында «Жөндетілген, қайта құрылған және жаңартылған объектілерді қабылдау-тапсыру актісі» толтырылады.

    Кәсіпорындарда  негізгі құралдардың төлқұжаттарына және олардың түгендеу карточкаларына негізгі құралдарға жүргізілген  жөндеуге байланысты тиісті деректер (өзгертулер мен толықтырулар) жазылуы  тиіс. Бұл толтырылатын актілермен басқа да құжаттар ұйымның бухгалтериясында сақталады. 

      Егер  жөндеу шарушылық әдіспен жүргізілетін болса, онда кәсіпорын бухгалтериясында келесі өткізбелер құрылады:

     Шаруашылық операциялардың  мазмұны  Дебит Кредит
1 Қоймадан көмекші  өндіріске негізгі құралдарды жөндеу үшін қосалқы бөлшектер мен материалдар  жіберілсе 8310 1350/1310
2 Негізгі құралдарды жөндеімен айналысқан көмекші өндіріс  жұмысшыларына жалақы есептелінсе 8310 3350
3 Көмекші өндіріс  жұмысшылар жалақысынан әлеуметтік салық есептелінсе 8310 3150
4 Көмекші өндіріс  жұмысшыларының жалақысынан  әлеуметтік сақтандыруға алымдар есептеліесе 8310 3210
5 Ағымды жөндеу бойынша шығындар өнімнің өзіндік  құнына жойылғанда 8110 8310
6 Ағымды жөндеу бойынша шығындар кәсіпорынның жалпы  шығындарына жойылса 7210 8310

 

      Егер  негізгі құралдарды жөндеу мердігерлік әдіспен жүргізілетін болса, онда жоғарыда аталған негізгі құралдарды жөндеуден кейін қабылдап алу үшін толтырылатын «Жөнделген, қайта құрылған және жаңартылған объектілерді қабылдау-тапсыру актісі» екі дана етіліп толтырылады да, екінші данасы негізгі құралдарға жөндеу жүргізген кәсіпорынға беріледі.

    Негізгі құралдарды жөндеу үшін жұмсалатын, шығарылатын  шығындарды өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына бірқалыпты кірістіруді, яғни қосып отыруды қамтамасыз ету  үшін кәсіпорындар жөндеу қорын (резервтер) құруларына болады. Әсіресе жөндеу қорын (резервті) құру маусыммен жұмыс  істейтін ұйымдар үшін тиімді болып  табылады. Бұл айтылған жөндеу қоры оның бекітілген мөлшердегі сомасын  ай сайын өндіріс шығындарына  қосу арқылы жасалады.

    Жөндеу  жұмыстары мердегерлік әдіспен жүргізілген болса, келесі бухгалтерлік өткізбе құрылады:

         Шаруашылық операциялардың  мазмұны 
Дебит Кредит 
1 Мердегерлерге жөндеу жұмыстарына сәйкес шот фактура  жазылса ХХ ХХ
 
  • ҚҚС-сыз
7210 3310
 
  • ҚҚС көрсетілсе
1420 3310
2 Мердегерлердің  шоттары өтелінсе 3310 1030
3 Күрделі жөндеу бойынша қорытынды залалға жойылса  5610 7210

 

Негізгі құралдарды есептен  шығару

    Кәсіпорындар  өздерінің пайдалануындағы, яғни меншігіндегі негізгі құралдарын есептен басқа  заңды немесе жеке тұлғаларға тегін  бергенде, сатқанда, ұрланғанда, жоғалғанда, табиғи апат, зілзала жағдайында бүлініп  жоғалғанда шығарады. Сонымен қатар  өздерінің меншігіндегі негізгі  құралдарын басқаларға айырбастағанда немесе ұзақ мерзімге жалға берген кезде де кәсіпорындар өздерінің  балансыннан негізгі құралдарды есептен шығара алады. Кәсіпорындарда негізгі құралдарды іске жарамсыздылығын, оларды бастапқы қалпына келтіру  үшін жүргізілетін күрделі жөндеудің  тиімсіздігін немесе мүмкін еместігін  анықтау үшін, сондай-ақ негізгі  құралдарды есептен шығаруға қажетті  құжаттарды толтыру үшін ұйым басшысының бұйрығымен тұрақты комиссия құрылады. Бұл комиссияның құрамында мынадай қызметкерлер болуы тиіс:

Информация о работе Қаржы