АҚШ банк жүйесі

Реферат, 01 Декабря 2011, автор: пользователь скрыл имя

Описание работы


АҚШ банктік жүйесі 1776 жылы өзінің тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап пайда болды. АҚШ та алғашқы банк 1791 жылы құрылған. Ол конгрестен ақшаны эмиссиялау құқығын ала отырып, коммерциялық банктердің бірқатар қызметтерін қатар атқарған.

Работа содержит 1 файл

АКШ банк жуйеси.doc

— 49.00 Кб (Скачать)

   АҚШ банктік жүйесі 1776 жылы өзінің тәуелсіздігін  жариялаған күннен бастап пайда болды. АҚШ та алғашқы банк 1791 жылы құрылған. Ол конгрестен ақшаны эмиссиялау құқығын  ала отырып, коммерциялық банктердің бірқатар қызметтерін қатар атқарған.

   «Орталық  банктің құрылуы туралы» 1913 жылы қабылданған заңға сәйкес , осы уақытқа дейін жұмыс жасап отырған үш деңгейлі Басқарушылар кеңесінен, Федералды резервтік жүйеге мүше банктерден тұратын Федералды резервтік жүйенің (ФРЖ) негізі қаланды.

   АҚШ -тың ФРЖ- сы басқару және ұйымдастыру қағидаларына қарай басқа дамыған елдердің орталық банктерінен ерекшеленеді. ФРЖ 12 федералдық резервтік банктерден және ФРЖ – ға мүше жеке коммерциялық банктерден тұрады.

   ФРЖ- ның құқықтық мәртебесі өзгеше, федералды  резервтік банктер үкіметі және қаржы министрімен тығыз байланыста болғанымен, ол заңды түрде мемлекеттік институт болып табылмайды.  ФРЖ- ның жарғысына сәйкес , оның капиталы ФРЖ- ға мүше жеке меншік коммерциялық банктердің қосқан жарнасынан құралады. ФРЖ- ның құрылуы туралы заңда оның мемлекеттік басқару жүйесі тұрғысындағы тәуелсіздік қағидалары қарастырылады. Бұл қағидалар ФРЖ- ның ұйымдастырылу және қызмет ету ерекшеліктерін анықтайтын кейбір заңдылықтарда да көрініс тапқан.

   ФРЖ- ның басқару кеңесі – бұл банктік  жүйені басқаратың ең жоғарғы орган болып табылады. Оның құрамына АҚШ- тың Президентімен ұзақ уақытқа (14 жылға ) тағайындалатын (Сенеттың келісімінен сон) 7 негізгі мүше кіреді. Олар Президенттің рұқсатынсыз қызметтен босай алмайды.

   Басқару кеңесі Сенатқа емес, ең жоғарғы заң шығарушы орган – Конгрестің алдында есеп береді. Басқару кеңесінің мүшелері мемлекеттік ұйымдардың, резервтік банктердің және ірі өнеркәсәптәк, ауыл шаруашылық, сауда және банктік монополиялардың өкілдерінен сайланады.

   ФРЖ- ның құрылымы оның функционалдық кешенін құрайтын 5 буынға бөлінеді:

    1. ФРЖ- ның басқару кеңесі ;
    2. Ашық нарықтағы операциялар жүогізетін федералды комитеті;
    3. Федералдық кеңес беру кеңнсі;
    4. 12 федералдық резервтік банктер;
    5. ФРЖ- ға мүше 6000 коммерциялық банктер.

  Басқару кеңесі Федералды резервтік банктердің қызметін бақылауға ФРЖ- ның саясатының басты бағыттары бойынша шешім қабылдауға өкілетті мемлекеттік құрылым ретінде құрылған.

  ФРЖ- ның басқару кеңесінің басты  қызметі – ақша- несие саясатын дайындау. Бұдан басқа бұл Кеңес  әр түрлі банктік институттар мен федералды резервтік банктерге қатысты қадағалау және реттеу қызметтерін де жүзеге асырады.

  Басқару кеңесі елдің төлем жүйесінің  үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз етеді, сол сияқты тұтыну несиесі аумағындағы  қызметтерді реттеуге бағытталған (жеке  несиелеу туралы, тең неселік мүмкіндік туралы және тұрғын үй ипотекалары бойынша ашық ақпараттар туралы )  федералдық заңдардың орындалуын  қатаң бақылап отырады. ФРЖ- ның  Басқару кеңесі Федералдық резервтік банктердің қызметін бақылаумен қатар, резервтік банктер мен ФРЖ- ға мүше басқа да резервтік округтерде, сол сияқы шет елдерде филиалын құруы туралы шешім қабылдайды және жылына бір рет резервтік банктердің қызметіне ревизия жүргізеді.

  Кеңестің  төрағасы халықаралық валюта – қаржы  мәселелері бойынша үкіметтің осы төңіректегі саясатын ретке келтіріп отыратын Ұлттық кеңес беру Кеңесінің мүщесі болып табылады.

  ФРЖ- ның Басқару кеңесі ФРЖ- ның ақша-  несие саясаты аясында кең өкілеттіліктерге ие болып келеді:

  • Федералды резервтік банктердің бюджетін бекітеді;
  • Барлық 12 федералды резервтік банктердің есепкп алу мөлшерін бекітеді және қайта қарайды;
  • ФРЖ- ның ашық нарықтағы операциялары жөніндегі Комитетті арқылы ФРЖ- ның бағалы қағаздарымен жасалатын операциялардағы саясатын анықтайды;
  • Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға қатысты барлық басты талаптарды реттейді.

  1978 жылы ФРЖ- ның Басқару кеңесі  АҚШ- та қызмет ететін шетелдік  банктердің филиалдары мен бөлімшелері  үшін жоғарғы шекті пайыз мөлшерлемесін  және резервтік талаптарды белгілеу, федералды резервтік банктердің оларға несие беру және де басқа да қызметі туралы сұрақтарды шешу, олардың АҚШ аумағында жүзеге асыратын банктік операцияларын бақылау туралы өкілеттілігін алады.

  Ашық  нарықтағы операциялар бойынша  федералды комитет ФРЖ- ның құрылғанына 20 жыл болғаннан кейін, 1933 жылы құрылды. Алғашқы жылдары комитеттің ашық нарықтағы бағалы қағаздармен жаслатын операцияларды әр резервтік банк орналасқан жерде жекше түрде жүргізіледі.

  Комитеттің  құрамына 12 адам кіреді.: 7- ФРЖ-  ның  басқару кеңесінің мүшелері, 5- федералды  резервтік банктердің алынған өкілдері. Нью- Йорктің федералды резервтік  банксінің Президентіне Комитеттің төрағалық қызметі жүктелген.

  Федералдыққ кеңес беру кеңесі де 12 адамнан тұрады. Бұл кеңестің мүшелері 1  жыл мерзімге федералды резервтік банктерден тағайындалады. Кеңес беру кеңесі ФРЖ- ның қызметтері: ақша- несие саясатына, алтынмен жасалатын операцияларға, банкноттарды эмиссияла ужәне щетел банктерінің операцияларына байланысты сұрақтар жайл ықызмет көрсетеді.

  ФРЖ операцияларын 12 федералды резервтік  банктер жүзеге асырады Бұл банктер  және олардың 25 бөлімшесі ірі қалаларда  орналасқан. АҚШ аумақтарында ФРЖ- ның  құрылуы туралы заңға сәйкес 12 федералды  резервтік округке бөлінеген. Федералды резервтік банктер орталық банктің банкноталарды эмиссиялау және де басқа қызметтерін жүзеге асырады.

  Әр  резервтік банкті 9 директордан( 6 директор ФРЖ- ға мүше банктердің өкілдері , ал 36 директор – ФРЖ- ның басқару кеңесінен) тұратын Кеңес басқарады.

  Директорлар 3 топқа бөлінеді: А класы, В класы және С класы. А және В класының дирекиорлары ФРЖ- ға мүше банктерден сайланады, екі кластың да бір- бір директоры ұсақ банктерден, біреуі – орташа , біреуі ірі банктерден сайланады. С класының директорларын ФРЖ- ның Басқару кеңесі тағайындайды.

  Федералды  резервтік банктердің 9 директорының әр қайсысы 3 жыл мерзімге сайланады, сөйтіп әр кластағы директорлардың біреуі жыл сайын ауыстырылып отырады. Әр резервтік банкті директорлар  кеңесі сайлайтын және ФРЖ- ның Басқару кеңесі бекітетін президент және бірінші вице- президент басқарады.

  Федералды резервтік банетер мынадай қызметтерді  атқарады:

  • Чектер бойынша қлма- қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асырады;
  • Айналысқа жаңа банкнотарды шығарады және айналыстан тозған ақша белгілерін алып отырады;
  • Несиелік мекемелердің қосылу мүмкіндіктерін бағалайды;
  • Резервтік округтер төңірегіндегі банктерге есептік несиелер береді;
  • ФРЖ  мен бизнесмендер арасындағы байланысты жүзеге асырады;
  • Штаттағы банктерді тексереді, округтердегі шарушылық қызметтерінің жағдайлары туралы ақпараттар жинайды;
  • Ақша-  несие саясаты туралы мекемелер бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді және аналитикалық журналдар шығарады.

   Федералды резервтік банктер ақша- несие  саясатын дайындауға қатынасады.

   Федералды резервтік жүйеге мүше банктердің жалпы  саны 6000- ға жуық жеке коммерциялық банктер, ал қалғандары штаттағы банктерден құралады. Ұлттық банктер федералдық аудандардың  шегінде қызмет етеді. Штатардың  банктері штаттағы заңдардың негізңнде қызмет етеді. Жіне олардың қызметтерін қадағалауды штаттағы билік ұйымдары жүзеге асырады.

   «ФРЖ-* ны құру туралы» заңға сәйкс барлық ұлттық банктер ФРЖ- ның мүшесі болуға тиіс. Штататардың банктері ФРЖ- ға мүшелікке ену талаптарына сай  келген жағдайларда ғана оның құрамына кіре алады. Яғни ол ФРЖ-  ның мүшелері санының 15% мөлшерін құрайды. Және шығару барысында алдын ала 6 ай бұрын хабардар етеді. ФРЖ- ға мүше банктер өз резервтерін нақты ақшада немесе өз округтеріндегі федералды резервтің банкте депозиттер формасында ұстауға міндетті. Сол  сияқты олар паритетері бойынша барлық толық құнды чектерді сатып алуға да және ФРЖ- ның клирингтік операцияларына қатынасуға міндетті.

   ФРЖ- ға мүше болудың басты бір артықшылығы  – ол банктің федералды резервтік  банктің клиенті болумен қатар оның қызметтетрін пайдалану мүмкіндігі болады. Егер де жеке банктерден алатын несиелердің мөлшері сол банктің ресурсының көлеміміңен шектелетін болса, ал ФРЖ- ға мүше банктер федералды резервтік банкке несие жайлы сұраныс жасағанда, ондай шектеге кез болмайды.

   Себебі  федералды резервтік банктің  ФРЖ- ның барлық қаржылық ресурстарын пайдалану мүмкіндігі бар. Жеке банктер ФРЖ- ның мүшесі болып табылмайды. Бірақ та олар ФРЖ- ға мүше банктермен іскерлік қарым қатынаста болған жағдайларда ФРЖ- ның несие, чек айналысы, клиринг және тағы да басқа қызметтерін жанама түрде пайдаланады.

   «Аутсайдерлер» баанктері мен ФРЖ- нің арасындағы мұндай байланыстардың болуы,ФРЖ- ғв клирингтік операцияларды жүргізуге құқылы арнайы «клирингтік банктерді» құруға мүмкіндік береді. Сонымен, ФРЖ- ңың ұйымдастырылу және функционалдық жағынан, ФРЖ орталықтандыру элементтерін ескере отырып жергілікті жерлерде өзіндік дербестікті сақтайды.

Информация о работе АҚШ банк жүйесі