Ақша нарығы
Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 17:22, реферат
Описание работы
Икемді ақша саясаты қоғамдық ұдайы өндірісті мемлекеттік реттеудің аса маңызды құралдарының бірі. Дж.М. Кейнстің пікірінше, оның инфляциялық әсерін фискальдық саясат және баға мен жалақыны бақылау арқылы кемітуге немесе белгілі шекте шектеуге мүмкіндік туады. Тұрақты жалақы мен өте баяу өзгеретін баға денгейі кейнсиандық үлгінің пәрменділігінің шарттары. Бірақ, жалақы мен бағаны заң актілері арқылы шектеу, олардың негізгі қоғамдық қызметі-қоғамдық қажетті шығындарды өлшеу мүмкіндіктерінен ажыратып, экономикалық дұрыс шешім қабылдауға, яғни нені, қалай және кім үшін өндіру қажеттігін айқындауына бөгет болады.
Содержание
Бет
КІРІСПЕ ............................................................................................................
1 Ақша нарығы ................................................................................................
1.1. Ақша жүйесінің мәні және түрлері ...................................................
1.2. Ақшаға сұраныс пен ұсыныс ..............................................................
1.3. Ақшаның өндіріс көлеміне ықпалы ...................................................
ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Работа содержит 1 файл
Ақша нарығы .DOC
— 223.50 Кб (Скачать)Монетаризм ақшаға деген сұранысты шаруашылық агенттерінің ақша қорынан түсетін және баламалы актиытердің келтіретін табыстарын салыстыру нәтижесі ретінде анықтайды. Ақша қорының артықшылығы ақшаның айырбасты жеделдету және банкроттан сақтау қабілетінен көрінеді. Сөйтіп, кейнсшілердің қоржынға нені салуды қалайтынын ақшаны ма, жоқ аблигацияны ма деген таңдауларын жеңілдетеді. Ал монетаристер болса, таңдаудың көптеген баламаларын (альтернативтерін) ұсынады.
М. Фридменның теориясында
ақшаға сұраныс қызметінен тұраұты
болатыны баса айтылған. Бұл кейінсшілердің
ақшаға сұранысты болжап білуге
болмайды дегендеріне қарсы бағыттылған
анықтама. Монетаристер халық жинағындағы
ақша қорларын жалпы ұлттық өнімнің тұрақты
бөлігі деп есептейді. Бұл анықтаманы
теориялық жағынан негіздеу үшін М. Фридмен
ақшаға актив қаржыларының ең бір инерциялық
элементі деп қарады. Ақшаға деген сұраныс
өзгермелі табыспен емес, оның орнықты
бөлігімен, тұрақты табыспен анықталады.
Ол өткен жылдарға және қазіргі табыс
дәрежесі негізінде орташа мөлшер түрінде
есептеледі. Егер нақты ақша қоры халықтың
тілейтін дәрежесінен асып түссе не болар
еді? Онда адамдар қосымша ақшадан өздерінің
шығындарын көбейту немесе өздерінің
активтерінің (мысала бағалы қағаздар
сатып алу) құрылымын өзгерту арқылы құтылады.
Ал бұл жиынтық сұранысты өсіргендіктен
баға көтеріледі, олай болса өндіріс те
ұлғаюы тиіс. Бүкіл ұлттық өнім адамдардың
қосымша сұраныс тудырғанына дейін өсіп
отырады. Халық қолындағы күткендігінен
көп ақша таусылғанша жоғарыдағы процесс
жүре берелі. Сонымен қатар ақша қорының
құрылымы өзгереді(біреулер ақша азайса,
екіншілерінде көбейеді). Алайда, тұтас
алғанда ақша көлемі, массасы өзгеріссіз
қалады. Бірақ бұл нақтылы өмірге сәйкес
келмейді, сұраныс пен болған жағдайда
ақшаны ұсыну деңгейі өзгереді, мысала
жоғарыда көрсетілген депозиттердімультипликациондық
Соғыстан кейінгі, алғашқы онжылдықтарда АҚШ-тың ЖҰӨ мен ақша массасының өзгеруі туралы деректер монетаристердің көзқарастарын рыстағандай еді, бірақ 70-80 жылдарда ақшаға деген сұраныстың тұрақтылығы жөніндегі тезис айтарлықтай шайқалады, өйткені монетаристердің бірде-бір теориялық үлгісі, теңдеу жүйелері сол кезеңдегі ақша массасы қаншалықты өзгеретінін дәл айта алмады. Сөйте тұра монетаристер ЖҰӨ-ге қатысты, ақшаға деген сұраныстың қалайда өзгеретінін жоққа шығармады. Бірақ бұл өзгерістер өте баяу жүреді (мысалы, несиелік карточкаларды енгізу, ЭВМ банкілерін құру үшін уақыт керек) немесе бұл өзгерістердің айтарлықтай еместігі сонша, тіпті оларды есепке алмауға да болады. Сңғысына монетаристер процент ставкасын жоғарлату немесе төмендету арқылы номиналды ақша қалдықтарындағы өзгерістерді жатқызады. Монетаристер олардың ақша қоры үлесін өзгертетін факторлар екеніне сенбейді. Олар инфляциялық өсуін күткен адамдар ақша қорын азайтып, оны көп жұмсауға тырысады.
М. Фридменнің таза теориясын сұраныс теориясы демей, ақша ұсынысы теория деу абзал. өйткені соңғысы жиі және жедел өзгеріп, рыноктағы жағдайды анықтайды. Монетаризмнің маңызды бір жорамалы ақша ұсынысының экзогендік сипаты, яғни оны анықтайтын күштердің экономикалық жүйеден тыс болуы (бұл жерде олар үкіметті көрсетеді). М. Фридмен бұл жағдайда ақша ұсынысы оған сұраныстың өзгеруімен байланысты емес, автономды, бөлек жүреді деп толықтырады. Ақша ұсынысының экзогендік сипаты міндетті түрде орталық банктің ақша массасына қатаң және тиімді бақылау жасауын қажет етеді. Неокейнсиандық монетаристердің ақша ұсынысын экзогендік сипаты бар дегендеріне қарсы шықты. Несиелік ақшаға негізделген шаруашылық жағдайында ақша ұсынысы оған деген сұраныстың өзгеруіне тікелей тәуелді (қолма-қол ақшаға немесе депозиттеріне) және ол эндогендік (ішкі параметрлерге тәуелді) сиаптта болады. Монетаристер баға мен жалақы иекмді болып сұранысқа қарай жылдам өзгеретінін айтады. Сөйтіп олар Дж.М.Кейнс пен оны қолдаушылардың бұл көлемде тұрақты өзгермейді дегендерін жоққа шығарады. Бір қарағанда әңігме таза теориялық, схоластикалық өмірден алшақ проблема сияқты, рыноктік шаруашылықты мемлекеттік реттеу мәселелерін шешуге қатысы жоқ болып көрінеді. Бірақ олай емес, біз болашақта өмірлік маңызы бар екі экономикалық мектептің макроэкономикалық үлгілерімен таныстық.
1.3 Ақшаның өндіріс көлеміне ықпалы
Неокейнсиандықтар мен монитаристердің теориялық айтыстары қалай дегенмен баға белгілеу немесе ақшаға сұраныс мәселесі төңірегінде емес, ақшаның рыноктык шаруашылық дамуына әсері қандай деген проблемада жатыр. Бұл мектептің рыноктық экономика механизмінің қызметі туралы түсініктері әр түрлі.
Монитаристер неоклассиктер сияқты барлық ресурстарды толық пайдалану жағдайында нарықтық экономика тепе-теңдікті автоматты түрде сақтауға ұмтылады дегенді жақтайды. Өйткені экономикалық дамудың «қозғаушы» және «тұрақтандырушы» тетіктері мүлтіксіз жұмыс істейді. Сондықтан мемлекеттік саясат ұдайы өндіріс проценттеріне жанама түрде ғана араласуы керек, өйткені ол кәсіпкерлік еркіндікке зиян келтіріп, оны жоққа шығарады. Алайда өздерінің болжамдарына берік неокейнсияндықтар рынок шаруашылығының ішкі механизмі экономиканы ұзақ кезеңді тоқыраудан, дағдарыстан шығара алмайтын деп жариялайды. Сондықтан олар рыноктық шаруашылықты мемлекеттік реттеу саясатын белсенді насихаттайды.
Монитаристердің макроэкономикалық үлгісі ақшаның жиынтық сұранысын реттеуге немесе мемлекеттік монитарлық саясатына басымдылық маңыз береді, ал кейнсияндықтардың ақшамен қатар фискалдық (салық) саясатына да назар аударғаны белгілі. Ақша (монитарлық) саясаты – орталық банктің жиынтық сұранысты реттеу мақсатында несие мен ақша айналымына жоспарлы түрде ықпал ету үшін қабылдаған өзара байланысты шараларының кешені.
Неокейнсияндықтар жақтайтын фискалдық саясатқа мемелекеттік шығындар мен салықтарға жоспарлы ықпал ету арқылы жиынтық сұранысты реттеу жатады. Монитаристер мен кейнсияндықтардың бұл мәселе жөніндегі айырмашылықтары олардың теориялық алғышарттарында жатыр.
Егер ақшаға сұраныс тұрақты, алдын ала болжауға мүмкін болса, ол ақшаны ұсыну экзогенді болса, онда орталық банк ақша саясаты арқылы шаруашылық агенттерінің шығындарын ұлғайтып, немесе қысқарта алады, сөйтіп, экономикалық дамуды тиімді реттей алады. Егер ақшаға сұраныс тұрақты болмай ақшаны ұсыну эндогендік сипатта болса, онда орталық банктің ақша саясаты нәтижесіз болады және шарушылықты реттеу фискалдық саясат арқылы жүреді. Қандай экономикалық әдістер мен тетіктер арқылы орталық банк өзінің ақша саясатын жүргізе алады?
Орталық банк банкнот (эмиссия) саласында ғана монопольдық жағдайда болып қана қоймай, сонымен қатар мемлекеттің монитарлық саясатын жүргізу барысында да маңызды рөл атқарады. Бұл саясат қысқа мерзімге арналған және жанама тәсілдер арқылы жүргізіледі. Монитарлық саясатты жүргізе отырып, орталық банк экономикалық өсуге қолайлы жағдай жасау үшін алдына нақты мақсат қояды: экономикалық өсудің қарқынын реттеу, тауар, капитал және жұмысшы рыноктарындағы циклдық ауытқуларды жұмсарту, инфляцияны тежеу, төлем балансында сәйкестікке жету. Орталық банктің несие – ақша саясатының басты құралдары: ашық рыноктағы операциялар, дисконттық саясат, (процент ставкасын өзгерту) банк мекемелері үшін міндетті резерв нормаларын өзгерту.
Орталық банктің несие – ақша саясатының басты бағыты ашық рыноктағы операциялар. Мұның мәні мемлекет облигацияларын сатып алу мен сату. Мемлекет облигацияларын инвестициондық брокер – диллерге сатып, ал олар оны комерциялық банктерге, корпорациялар мен қаржы мекемелеріне қайта сатуды ұйымдастырып, орталық банк банктік резервті азайтуға, сол арқылы депозиттерді едәуір қысқартуға қол жеткізеді. Ашық рыноктағы операцияларды батыс елдерінің орталық банктері, әсіресе мемлекеттік облегация сиымдылығы үлкен рыногы жүргізеді(АҚШ, Ұлыбритания, Канада).
Есеп – прцент, дисконтты саясаттың мәні процент ставкасы көлемін реттеуден көрінеді. Ол комерциялық банктер және орталық банктер мен резервтерді қамтиды. Әдеттегі тәжірибеде комерциялық банктер олардан алатын қаржылар көлемін азайтуға мәжбүр болады. Ал мұның өзі резервтерді төмендетіп ставка процентін көтеріп, кредит операцияларын азайтады. Есеп – процент механизмі ғасырдың бас кезінде жақсы істеп, бірақ оны қолдану банк монополиялары тарапынан қарсы әрекеттерге кезікті. Олар пройенттік ставканы рынокта қалыптасқан жағдай бойынша емес, өзара келісім белгіленеді. Шаруашылық өмірдің интернационалдануы да есеп –пройент саясатының тиімділігіне теріс әсер етті. Қазіргі кезеңде ставка есебін төмендетсе, ол кпиталдың сол елден басқа елге кетуін мәжбүр етеді, сөйтіп бұл саясат экономикалық конюктура әсерін әлсіретеді. Орталық банк барлық банк мекемелерінің міндетті резервті көлеміне тікелей әсер ете алады. Осы құрал қаржы жағдайына оперативті түрде жедел ықпал жасайды. АҚШ-та міндетті резервтің төмен нормасы 1933 жылдан бастап жүргізілді. Ал 1980 жылы депозиттік институттарды реттеу және монетарлық бақылауды күшейту туралы заң қабылданды. Бұл заң бойынша ФРС (федералдық резерв системасы) резервтік талаптарды елдің барлық депозиттік институттарына (бұрын тек ФРС мүшелері комерциялық банктерге ғана міндетті) таратты. Бұл АҚШ-тың несие жүйесіндегі ФРС-тің позициясы мен рөлін күшейтті.
80-жылдары батыс
елдері өздерінің орталық
Орталық банктің монетарлық саясатының механизмі қандай? Ақша массасының несие көлеміне жоғарыда көрсетілген әртүрлі тәсілдердің әсер етуі орталық банктің түпкілікті жиынтық сұранысқа жүйелі ақша массасы, процент нормасы, күрделі қаржы, жиынтық сұраныс, ұлттық табыс арқылы ықпал жасайды. Егер орталық банк қабылдаған шешімдерді жүзеге асу механизмін кезеңдерге бөліп қарасақ былай болар еді:
Бірінші кезеңде орталық банк өзінің әрекеттері арқылы (комерциалық банктерден облигациалар сатып алу немесе резервтік талап ставкаларын төмендету) ақша массасын көбейтеді.
Екінші кезеңде банк депозиттерінің мультипликациондық кеңеюі болып ақшаны ұсыну ұлғаяды.
Үшінші кезеңде ақшаны ұсынудың өсуі оны арзандатады, яғни проценттік ставкасын төмендетіп инвестицияға сұранысты ұлғайтады.
Төтінші кезеңде процент ставкасының төмендеуінің нәтижесінде жеке меншік және мемлекеттік инвестициялар артады.
Бесінші кезінде күрделі қаржының өсуі табыстардың көбеюіне, өндірістің, жұмыспен қамтудың ұлғаюына және инфляция қарқынының жеделдеуіне әкеледі.
М-ақша массасының көлемі; І-инвестиция мөлшері; Ү-жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) мөлшері; МДМД – ақшаға сұраныстық қисық сызығы, MSMS – ақшаны ұсыну қисық сызығы; ІІ-инвестицияға сұраныс қисық сызығы, SS инвестицияны ұсынудың қисық сызығы.
Графикте ақша рыногы мен инвестиция рыногының өзара байланысы байқалады. Экономикалық өсу мен іскерлік белсенділікті мадақтаудың кейнсиандық «рецепті» үкімет монетарлық саясатты жүргізуде ақша массасын көбейтуді (ақша ұсынысын) мақсат етуі тиіс. Бұл ақша ұсыну қисық сызығын оңға MSMI – жағдайына жылжытады. Ақша рыногындағы тепе-теңдіктің жаңа нүктесі процент ставкасының төмендеуіне rs сәйкес келеді. Процент ставкасының азаюы жеке бизнестің несие ресурстарын алуға жол ашып инвестицияны ІА деңгейден ІВ –ге дейін өсіреді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жоғарыда айтылғандарға байланысты ақша саясатының қысқа және ұзақ мерзімді нәтижелері болатындығын көреміз. Бұл мәселеде де неокейнсияндықтар мен монитаристердің позициялары сәйкес келмеді. Неокейинсияндықтар үшін жалақы және баға икемсіз құралдар олардың рыноктық шаруашылықтың дамуына әсері шектеулі, сондықтан қысқа мерзімге болса да үкімет ақша массасын ұлғайту арқылы көрсетілген кесте бойынша ЖҰӨ-нің өсуін қамтамасыз етеді. Ұзақ мерзімді жоспарда мұндай ақша саясаты ЖҰӨ-нің едәуір өсуіне әкелмейді, ол тек инфляцияны туғызады.
Монитаристер
басқаша есептейді. Олардың ойынша
баға мен жалақы – икемді құралдар.
Сондықтан қысқа және ұзақ мерзімде
ақша массасына бақылау саясаты
олардың пікірінше тек
Процент нормасының аз болуына байланысты аблигацияларды жаппай сатып алу қаупі де қосылады. Осылардың салдарынан ақша рыногі табыстың қандай деңгейінде де тепе-теңдік жағдайда болады, ал процент нормасы өзгермейді. Бұл үкіметтің монитарлық саясатын тиімсіз етеді, орталық банктің ықпалымен ақша массасы көбейгенімен процент нормасы төмендейді, сөйтіп табыстың қандай деңгейінде де ақша рыногі тепе-теңдік жағдайда болады. Теория бойынша тауарларды артық өндіру мен бағалардың төмендеуі сонымен қатар жұмыссыздар санының өсуі процент нормасымен табыстың тепе-теңдігін өзгерте алмайды, тек рыноктік экономиканы автоматты реттеушілердің әрекеті тоқтап қалады. Дағдарыстан шығудың жалғыз-ақ жолы – фискалдық (бюджеттік) сипаттағы шараларды қолдану.
Тәжірибеде мемлекеттің ақша және фискалды саясаттары бір-бірімен тығыз байланысты. Үкіметтің бюджет тапшылығын қаржыландыруы ақша массасын ұлғайтуға әкеледі, өйткені орталық банктің несиесін пайдаланады, ал бұл банк депозиттері кеңейуінің мултипликаторлық әсері мен жүріп отырады. Демек, фискалдық саясат ақша саясатына сүйенеді.
Өткен он жылдықтарда ақша саясатын жақтаушылар тек монитаристер арасында ғана болмай, неокейнсияндықтар арасынан да шықты. Олар ақша саясатының әдістері фискалдық шараларға қарағанда жылдам және икемді жүргізіледі дейді. Фискалдық саясат заң шығарушылар мен әкімшілік органдардың да ұзақ келсуін қалайды, ал бұл тиімділікті төмендетеді. Ақша саясатының көмегімен инфляцияға қары тиімді күресуге және құлдырауды тежеуге болады.
Жоғарыда айтылғандай, кенсияндық үлгі бойынша ақшалай ұсыныстың ұлғаюы нақтылы өндірістің ынталандырушысы қызметін атқарады. Кейнсшілердің ойынша ақша көлемін артуы несие өсімінің төменлеуіне, қаржыландыруды, өндіріс пен іске тартылуды ынталандыруға ықпал етеді. Ақшаға сұранысты теориялық талдау мен рыноктағы теңдік жағдайларын зерделеу бұл мәселелерде екі негізгі экономикалық мекткптің «монетарлық және кейнстік макроэкономикалық үлгілердің пайда болғанан көрсетеді. Трансакциондық қалдық қаржыларды белгілі бір ақша табысының деңгейін ұстап тұру үшін сақтайды. Табыс келтіру және оны жұмсау белгілі уақытта бөлінген және бұл интервалды үнемді толықтырып тұру керек. Егер интервал ұзақтығы тұрақты болып және ол табыс деңгейімен процент нормасының өзгеруімен байланысты болмаса (оларды мүлдем ескермеуге болмайды) онда мынадан қорытындыға келеміз: жеке дара адам үшін трансакциондық қалдық деңгейі оның ақша табысындағы үлесіне тең болады. Есеп – процент механизмі ғасырдың бас кезінде жақсы істеп, бірақ оны қолдану банк монополиялары тарапынан қарсы әрекеттерге кезікті. Олар пройенттік ставканы рынокта қалыптасқан жағдай бойынша емес, өзара келісім белгіленеді. Шаруашылық өмірдің интернационалдануы да есеп –пройент саясатының тиімділігіне теріс әсер етті. Қазіргі кезеңде ставка есебін төмендетсе, ол кпиталдың сол елден басқа елге кетуін мәжбүр етеді, сөйтіп бұл саясат экономикалық конюктура әсерін әлсіретеді.