АҚШ-тың сақтандыру жағдайы
Реферат, 01 Ноября 2011, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Қазіргі кездегі Америка Құрама Штаттарындағы сақтандыру әлемдегі ең дамыған сақтандыру саласы болып табылады.
Америка Құрама Штаттарының монополиялары дамыған елдердегі бүкіл сақтандыру нарығының 50%-дан астамын бақылап отырады. Америка Құрама Штаттарында 10 мыңдай сақтандыру компаниялары жұмыс жасайды, олардың 8 мыңнан астамы мүліктік сақтандыруды жүзеге асырады. Америка Құрама Штаттарының әр штатының өзінің
Работа содержит 1 файл
АҚШ-тың сақтандыру жағдайы.ppt
— 121.50 Кб (Скачать)АҚШ-тың сақтандыру жағдайы
Орындаған: Мирқасымов Д
Тексерген: Садыханова Д
АҚШ-тың сақтандыру жағдайы
- Қазіргі кездегі Америка Құрама Штаттарындағы сақтандыру әлемдегі ең дамыған сақтандыру саласы болып табылады.
- Америка Құрама Штаттарының монополиялары дамыған елдердегі бүкіл сақтандыру нарығының 50%-дан астамын бақылап отырады. Америка Құрама Штаттарында 10 мыңдай сақтандыру компаниялары жұмыс жасайды, олардың 8 мыңнан астамы мүліктік сақтандыруды жүзеге асырады. Америка Құрама Штаттарының әр штатының өзінің сақтандыру туралы заңы және сақтық бақылауы болады, сондықтан да ол жақта бірыңғай сақтандыру туралы заң және сақтық бақылау органы жоқ.
- Әрине, әр штат өзінің жарғылық капиталын, көрсетілетін сақтандыру түрлерін бекітеді, өзіне қарасты сақтандыру ұйымдарына бақылау жүргізеді, сақтандыру қызметін қадағалап, реттейді, брокерлерге, агенттерге және сақтандыру компанияларына лицензиялар береді.
- Америка Құрама Штаттарында сақтандыру ұйымдарының екі типі бар: акционерлік қоғамдар және өзара сақтандыру қоғамдары. Ол жақта мемлекеттік сақтандыру компаниялары жоқ. Компания акцияларын жеке және заңды тұлғалар иеленеді. Америка Құрама Штаттарында тарихи түрде сақтандыру компаниялары арасында өзара сақтандыру қоғамдарының үлесі басым болады деген ой қалыптасқан, бірақ олардың саны акционерлік қоғамдардан әлдеқайда азырақ.
Ел ішінде сақтандырудың үш типі қалыптасқан
- 1. бенефиттер (өмір мен денсау
лықты сақтандыру, зейнетақыныс ақтандыру, жинақтаушы, автокөліктерді сақтандыру, медициналық сақтандыру және т.б.);
- 2. жеке мүліктік (бұл жерге құ
рылыстарды сақтандыру, автокөлікті және азаматтардың өзге де мүлкін сақтандыру жатады);
- 3. коммерциялық (сақтандырудың
барлық басқа түрлері).
- Қазіргі кезде АҚШтың барлық сақтандыру компанияларының активтері 2 трлн доллардай соманы құрайды немесе орта есеппен алғанда әр компанияға 200 млн доллардан келеді. Барлық сақтандырушылар бақыланып отырады. Олардың қызметі : A.M.BEST, Moody S, Standart & Poors сияқты үш консалтингтік компаниялармен талданады. Бұл компаниялар қаржылық жағдайы туралы хабарлайды, сақтандырушылардың қызметі бойынша каталогтар шығарады, сенімділік рейтингін және төлем қабілеттілігі туралы мәліметтерді жариялайды.
- Брокерлік компаниялардың өздерінің айрықшалықты бөлімшелері болады. Бұл бөлімшелер басқа компаниялардың қызметін талдайды, олардың қаржылық жағдайын, төлемдерін, сервистік қызмет көрсету деңгейін, қызметіндегі икемділікті, қызметтер бағасын және тағы басқаларды зерттейді.
- Сақтандырушының қызметінің тиімділігінің критериі болып жоғалтулар деңгейі, табыстар және инвестициялар бойынша пайда коэффициенті, дебиторлық қарыз деңгейі саналады.
- Америка Құрама Штаттарында өмірді сақтандыру бойынша ірі сақтандыру компаниялары жоғары авторитетке ие, сондықтан да олардың қызметіне әртүрлі зейнетақы қорларына тиесілі бірнеше миллиардтық ақша қаражаттарын капиталды одан әрі көбейту мақсатында береді. Бұл қаражаттарды басқарғаны үшін сақтандыру компаниялары комиссиондық сыйақы (шамамен 0,1%) алады.
- Америка Құрама Штаттарының сақтандырушылары өндірістік корпорациялармен тығыз байланыста. Осылайша, өндірістік корпорациялардың әрбір 100 директорлар кеңесінің 27-сінде сақтандырушылар отырады.
- Сақтандыру ұйымдарының ұйымдық негізін акционерлік қоғамдар мен өзар а сақтандыру қоғамдары құрайды. Андеррайтерлер мен сақтандыру брокерлерінің – сақтандыру агенттерінің немесе тәуелсіз брокерлік фирмалардың институты бар. Осылайша, өмірді сақтандыру бойынша “Пруденшл” ірі сақтандыру қоғамының 20 мыңнан астам сақтандыру брокерлері бар. Сондай-ақ, “Марш-Макленан”, “Александр энд Александр”, “Фрек Холл”, “Фред С.Джеймс” және тағы басқа да брокерлік фирмаларды атап өтуге болады.