Қазақстан Республикасында ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердің даму стратегиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 12:04, автореферат

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі шаруашылық субъектілірдің қолданып отырған стратегияларында ашылатын, болашақтағы кәсіпорын қызметі кеңістігінің кеңейтілуімен негізделеді. Стратегиялық болжау мен жоспарлау кәсіпорын және ел экономикасы дамуының басым мақсаттарын белгілеп отырғанда, оперативті жоспарлау кәсіпорын өркендеуінің қысқа мерзімдік тенденцияларын белгілеуді ұйғарады.

Работа содержит 1 файл

SataevSA_abstract.doc

— 411.50 Кб (Скачать)

Зерттеу нәтижелерінің жүзеге асырылуы. Зерттеу нәтижелері «Қазақтелеком» АҚ стратегиялық жоспарлау қызметі саласына, Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ «Стратегиялық менеджмент», «Бейдағдарыстық менеджмент» пәнінен студенттер мен магистранттарды дайындау бойынша оқу үрдісіне енгізілген.

Жарияланымдар. Диссертациялық зерттеу тақырыбы бойынша жалпы көлемі 2,6 б.т құрайтын еңбектер жарияланды.

Диссертациялық жұмыстың құрылымы. Диссертация кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыста 23 кесте, 25 сурет және 10 формула орын алды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

Мемлекеттің стратегиялық дамуы кешенді жоспарды жасау мен жүзеге асыру бойынша бәсекелестерден шапшаң қимылдап тиімді қызмет көрсету мақсатына ие экономика салалары мен жеке кәсіпорындардың даму басымдықтарын қалыптастыруды көздейді.  Осыған байланысты мемлекеттің ұзақ мерзімді «Қазақстан-2030» даму стратегиясынан бастап мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына бағыттаған жолдаулары мен 2010, 2020 жылдарға дейінгі стратегиялық даму жоспарлары еліміздің және экономика салаларының негізгі бағыттырына назар аударып отырады.

Байланыс саласы әрдайым тұрақты  саяси басқаруды қамту, елдің стратегиялық дамуы, қажет етілетін ақпараттың қадағалануы мен аналитикалық өңделуі бойынша шешімдерді дайындау, ақпараттық ортада демократиялық нормаларды қамту, адамның құқығы мен еркіндігін сақтау, елдегі құқықтық базаны қалыптастыру сияқты проблемаларды шешеді. Сала міндетінің мәні мемлекеттің ақпараттық егемендігін қамтамасыз етуге саяды. Сондықтан да байланыс саласының даму мәселелері және оны тиімді түрде жүзеге асыра білу өнері жалпылама стратегиялық басқаруға қатысты болып табылады.

Стратегиялық басқарудың негізі ретінде сыртқы және ішкі ортаның бар мүмкіндіктері мен ұзақ мерзім ішінде мейлінше нақты жоспарлай, болжай білу қабілеті қарастырылады. Аталмыш мәселелер стратегиялық жоспарлауды ағымдағы жоспардан, яғни, қысқа мерзімді әрекеттер мен қоршаған ортаның күрт өзгеру ықтималдылығының төмен болуымен ерекшелендіреді. Сонымен қатар, стратегия алға қойылған мақсатқа жету үшін ресурстарды бөлудегі ұтымдылыққа бағытталған басқарушылық шешімдер жүйесін қолданады. Стратегияны құрудың маңызды бөлігі болып жоспарлау табылады, ал аналитикалық базасында жасалатын болжау және үлгілеу үрдісі оның туындысы ретінде қарастырылады. Аталған мәселелерді ескере отырып стратегия және стратегиялық ой ұғымын келесідей анықтамалар арқылы сипаттауымызға болады:

  • стратегия бұл қазіргі уақыттан болашаққа көрініс;
  • ертеңгі күні не болатынын түсіне білу қабілеттілігі;
  • мақсаттарға жету бағыты, мақсат басшылықтың (меншік иесінің) құндылықтарымен анықталады;
  • стратегия кәсіпорынды табыстылықтың бір деңгейінен екінші деңгейіне жеткізу құралы.

Стратегияның жіктелуі белгілі бір критерийлер арқылы құрылады және оған төмендегілерді жатқызуға болады:

  • бүкіл ұйымға ортақ болып келетін корпоративтік стратегия;
  • көп бағытты болатын, ұйым қызметіне негізделген стратегия;
  • компания бөлімшелерінің қызметін ерекшелейтін функционалдық стратегия.

Сонымен қатар, стратегияны қалыптастырудағы көзқарастар жалпылама компанияның ішкі мазмұнына сәйкес оның түрлеріне байланысты келесідей саты арқылы қарастыруға мүмкіндік тудырады (1-сурет).

 


 

                                                                        Корпоративтік стратегия

                                                                       (жоғарғы басшылық        

                                                                     деңгейі)


                                                                  Іскерлік стратегия

                                                                (бизнес-бірліктерін

                                                              басқару деңгейі)


                                                          Функционалдық

                                                        стратегия (бөлімше

                                                      басқарушылары деңгейі)

                                  


                                                   Операциондық

                                                 стратегия

                                              (менеджерлер мен

                                             атқарушылар

                                           жауапкершілігі)

 

 

 

1-сурет – Стратегияның ранглер сатысы

Ескерту - әдебиет көздерінің негізінде автормен жасалынған

 

Суретте корпоративтік стратегияның қызмет бағыттары жекелеген бизнес-бірліктерді қалыптастыру мен басқаруды, синергияны ұйымдастыру мен бәсекелестік артықшылықты шығаруды, инвестициялық басымдылықтарды анықтауды, бизнес-бірлік стратегиясын үйлестіру мен зерделеуді, ұйымның корпоративтік стратегия элементтерін, әртараптандыру мен корпоративтік теңестіруді, бизнес-бірліктер арасында инвестицияны тарату мен жаңаларын енгізуді қарастырады.

Іскерлік стратегия бизнес-бірліктердің бас менеджерлері тарапынан қарастырылып сәтті бәсекелестік пен бәсекелік артықшылықты сақтап қалу үшін іс-әрекеттер мен тәсілдерді белгілейді және аталған мәселе бизнес өрістің өзгеруіне деген жауап болып табылады.

Функционалдық стратегия іскерлік бағытты қолдау, алдағы мақсатқа қол жеткізу үшін шаралар мен тәсілдерді анықтау мақсатын көздеуде. Оны қолдану салалары ретінде ғылым, қызмет, маркетинг пен персоналды басқару қарастырылады. Функционалдық деңгейге сәйкес қарастырылатын бизнес стратегиялар ұйымның жекелеген бөлімшелері үшін әрбір бөлімшелерді басқаруда қажетті тәсілдермен шараларды анықтап отырады.

Операциондық бизнес стратегиялар маңызды технологиялық үрдістерді басқару тәсілін анықтап, стратегиялық маңызы бар оперативті мәселелердің шешуін қамтамасыз етеді (қорларды басқару, жөндеу, жарнамалық компаниялар).

Осылайша стратегияның жүзеге асырылуы бойынша ұйымдық қызметтің басты нәтижелерінің шарты ұйым мен стратегия элементтері арасындағы жоғары деңгейдегі үйлесімділік пен компанияда қолданылатын уәждемелік құралдар болып табылады. Бұл кезеңдегі міндет, келісілген стратегияны тиімді жүзеге асыру және компанияның үздіксіз инновацияларға байланысты қабілеті – жаңалық қалыптастыру немесе ескі тауарлар мен үрдістерді жақсартып жаңа нарықтарға шығу қабілетін сақтаған жағдайда түбегейлі қайта құруға қажеттілікті сезінетін ұйымды құру болып табылады.

Қарастырылған көзқарастарды жалпылай отырып, жүргізілген зерттеу нәтижелері мен қорытындыларын назарға ала келе, стратегиялық менеджментке қатысты авторлық жекелеген анықтама ұсынылды. Стратегиялық менеджмент – бұл көп жағдайларда уақыт бойынша сәйкес келетін болашақты қарастырудан туындайтын мақсаттар мен нақты міндеттерді қалыптастыру, мақсаттарға жету мен міндеттерді шешу құралы ретінде стратегияның әзірлену, компанияның іскерлік қабілеттері мен тұрақты бәсекелестік жетістіктердің дамуын көздейтін кешенді жоспардың жүзеге асырылу үрдісі болып табылады.

Стратегиялық менеджменттің мәні мен мазмұнын тереңірек ашу үшін оның барлық мектептеріне аналитикалық шолу жасалына отырып, олардың әрқайсысына телекоммуникациялық қызмет көрсету саласындағы басқарушылық қызметте қолданылу немесе қолданылмауы тұрғысынан баға берілді. Осыған байланысты телекоммуникациялық қызмет саласында стратегияның негізгі құралдары мен тұжырымдарын қолдану мәселесі, саланың нақты жағдайына талдау жүргізуге септігін тигізеді.

Қазіргі таңда телекоммуникациялық  кешен әлемде қарқынды дамып жатқан бағыттардың қатарында. Коммуникациялық инфрақұрылым арқылы беріліп жатқан мәліметтер көлемі әр 2-3 жыл ішінде еселеніп ұлғаюда. Дамыған елдердегі телекоммуникация сферасына деген инвестицияның өсу қарқыны игеру және қайта өңдеу саласына жұмсалған инвестиция қарқынынан едәуір көп болуда. Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) құрамында телекоммуникация кеңістігінен түскен табыс көлемі мен осы бағытта еңбекке тартылған жұмыскерлер саны ұлғаюда. Сонымен бірге, мемлекеттік деңгейде қолға алынып жатқан жаңарту стратегиясы инфокоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту үшін қуатты серпін беруде. Бұл бағдарлама аясында ақпараттық индустрияның жаңа бағыттары пайда болып, оның қоғам өміріндегі рөлінің қарқынды дамуы ЖІӨ құрамындағы сала еншісін жоғарлату жоспары мен негізделуде (ЖІӨ құрамында 2009 ж. 3,2%). Осыған байланысты ақпарат құрамы мен технологияның ғылыми әуелетіне нарық субъектілерінің экономикалық белсенділігінің әсері едәуір өсуде. Бұл үдерісті автормен толықтырылған төмендегі 2-суреттен анық байқауға болады.

Қазақстан Республикасының телекоммуникациялық  нарығы

   

   

Толықтай  монополия аумағы

Шектеулі монополия аумағы

Еркін бәсеке аумағы

         

Үкіметтік байланыс

Халықаралық және қалааралық байланыс (ІР телефония)

Интернет  қызметтері

(мәлімет іздестіру, элоктрондық пошта қолдану)

         

Ауыл  арасы байланысы

Спутниктік  байланыс

Ұялы  байланыс

         

Телеграфтық қызмет

Мәліметтерді  жіберу қызметі

ІР ТВ

         

Пошталық  қызмет

Қалалық байланыс

 
         
   

Радио байланыс

 

Ескерту – ҚР статистика агенттігінің деректері негізінде автормен жасалынған


 

2-сурет – Қазақстанның телекоммуникация нарығының құрылымы

Қарастырылған сурет еліміздегі телекоммуникация нарығының ерекшеліктерін бейнелей отырып, қарапайым халыққа көрсетілетін қызметтердің тиімділігі жағынан әлі де жетілдірілуі қажет екенін аңғартады. Яғни нарық құрылымының қазіргі уақытта түбегейлі оңтайландырылуы, бәсекелестік ортаға шығарылуы қажет екені айдан анық және осы орайда экономикалық қауіпсіздік себептеріне байланысты оған айтарлықтай қатысы жоқ немесе заңдық актілер негізінде инвестиция сомасы шектелген  құрылым элементтері бұл ортадан тыс қалуда. Телекоммуникация нарығы дамуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі ретінде ел экономикасының жағдайымен анықталатын тұтынушылардың төлемқабілетті сұранысы қарастырылады, ал оның даму бағытына әсерін тигізетін факторларды нарық көлемі анықтайды.

Қазіргі тұжырымдамаларға сәйкес ХХІ  ғасырдың басы жаһанды телекоммуникациялық инфрақұрылымның құрылуын қажет етуші ақпараттық қоғам дәуірі ретінде қарастырылады. Дамыған және дамушы елдерде бір пайыздық экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін телекоммуникация саласының кемінде үш пайыздық өсуіне қол жеткізу қажет. Бұл жағдайда дамыған және дамушы елдердің экономикалық көрсеткіштеріндегі телекоммуникация саласының мәні оның ЖІӨ құрамындағы үлесінің тұрақты өсуінен көрінеді. Өнеркәсібі дамыған елдерде телекоммуникация қызметін көрсету көлемі ЖІӨ құрамында 5-8% дейін жетіп отырады, ал ТМД елдерінде дамудың жоғарғы қарқындарына қарамастан бұл көрсеткіш ЖІӨ құрамында орта есеппен 2,8 % пайызды құрайды (Қазақстанда 2,9 %). Осыған байланысты телекоммуникациялық сала Қазақстандықтарды бірінші кезектегі байланыс қызметімен қамтамасыз етумен бірге, жаңа белестерге шығуы қажет болып табылады. Яғни ел үшін қағидалы мәні бар Қазақстанның маңызды транзитті буынын қолдана отырып жүзеге асырылатын жобаларды орындау. Аталмыш мәселелерге сәйкес еліміздегі телекоммуникация саласының негізгі индикаторларын, сонымен қатар нарықтың тартымдылығын 1-кестеден байқауға болады.

 

1-кесте – Республикада 2006-2009 жылдарға арналған телекоммуникация саласындағы негізгі мақсатты индикаторлардың өсу динамикасы

 

 

Мақсатты индикаторлар

2006 жыл

2007 жыл

2008 жыл

 

2009 жыл

1

Байланыс  желісінде жазылған абоненттердің саны

2869500

3136500

3428704

3 762 932

2

Ұялы  байланыс абоненттерінің саны

7623000

12195000

15674027

14 995 325

3

Интернет  пайдаланушылар саны 

309000

683000

3202000

5 151 325

4

Интернет желісіне қосылған мектептер саны

7011

7364

7443

7 535

Ескерту – ҚР статистика агенттігінің деректері негізінде автормен құрастырылған


 

Кестедегі көрсеткіштерден көріп  отырғандай сала бойынша мақсатты индикаторлар саны жыл сайын артып келетінің  байқауымызға болады. Бұл мәселе саланың дағдарысқа қарамастан өскенін және бұл бағыттың әлі де жалғасатынын көрсетуде. Телекоммуникация саласындағы индикаторлардың әлі де өсуіне еліміздегі қабылданып, жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар мен маңызды стратегиялық құжаттар негізінде болжам жасауымызға болады. Олардың қатарында:

Информация о работе Қазақстан Республикасында ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердің даму стратегиясы