Қазақстан Республикасында ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердің даму стратегиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 12:04, автореферат

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі шаруашылық субъектілірдің қолданып отырған стратегияларында ашылатын, болашақтағы кәсіпорын қызметі кеңістігінің кеңейтілуімен негізделеді. Стратегиялық болжау мен жоспарлау кәсіпорын және ел экономикасы дамуының басым мақсаттарын белгілеп отырғанда, оперативті жоспарлау кәсіпорын өркендеуінің қысқа мерзімдік тенденцияларын белгілеуді ұйғарады.

Работа содержит 1 файл

SataevSA_abstract.doc

— 411.50 Кб (Скачать)
  • Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары (мемлекет күш жігері негізгі бес бағытқа бейімделеді, соның салаға қатысты бөлігі - экономиканы жедел әртараптандыру)(3-сурет);
  • Ел Президентінің «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауы;
  • Қазақстан Республикасы Ақпарат және байланыс министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары (аталған жылдар ішінде көлік және коммуникация кешенін дамыту);
  • Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі территориялық даму стратегиясы (жалпылама еліміз деңгейінде коммуникациялық корридорларды нығайту, қалыптастыру мәселелері);
  • 2010-2014 жылдарына арналған қарқынды индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы;
  • 2006-2009 жылдар аралығындағы ақпараттық кеңістікте бәсекеқабілеттілікті арттыру концепциясы.


3-сурет – Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының негізгі бағыттары

 

Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында айтылып кеткен бес негізгі бағыттың белгіленген деңгейде нақты көрсеткіштерге жетуі үшін қазіргі заманға сай коммуникациялық инфрақұрылымның болуы маңызды. Өйткені заманауи нарық шағын және орта бизнес өкілдерін байланыстың сан алуан түрлерімен ұштастыруда және осының нәтижесінде коммуникация құралдарының тұтынушысы ретінде қарастырылатын бизнес өкілдері тек қана инновациялық және тиімділігі жоғарғы құралдарды пайдаланатынын, ал осыны ескере отырып жоғарыдағы көрсеткіштердің әлі де даму үстінде болатынын болжауға негіз бар. Телекоммуникация нарығының даму көлемі ЖІӨ өсуінен жоғарылау (жыл сайын 25-35%). Бұған дәлелдердің бірі ретінде еліміздегі ұялы байланыс қызметінің және интернетке кең алқапты қосылу көрсеткіштерінің артып келетінің көрсетуімізге болады (2-кесте).

 

2-кесте – 2008-2009 жж Қазақстан Республикасының телекоммуникация қызметін тұтынушылардың өзгеру серпіні

 

Қызмет түрі

Өлшем

бірлігі

2008 ж

2009 ж

2009/2008ж қарағанда %

Бекiтiлген байланыс

млрд.тенге

85,59

83,2

-2,8%

Ұялы байланыс

млрд.тенге

219,75

236,9

+7,8%

оның ішінде:

       

тіркелген абоненттер саны

млн

15,91

16,47

+3,5%

белсенді абоненттер

млн

13,3

14,4

+8,2%

Интернетке кеңалқапты қосылу

млрд.тенге

20,70

27,7

+33,8%

оның ішінде:

       

кең алқапты абоненттер саны

мың

342,1

507,1

+48,2%

белсенді ұйымдар арасындағы қосылу

%

35

39%

+11,4%

Ескерту – әдебиет деректері  негізінде автормен құрастырылған


Жоғарыдағы кестеде  қарастырылып өткендей егер елімізде экономиканың даму динамикасы сақталатын болса халық ұзақ мерзімді қолданылатын тауар алады, сонымен қатар ұялы телефон, интернет байланыс түрлерін қолдану көрсеткіші жоғарлайды. Осы орайда мұндай оңтайлы жағдайдың тек қана байланыс саласына ғана тиесілі емес екенін, сонымен қатар көрсеткіштердің жоғарлауы еліміздің басқада маңыздылығы жоғары салаларына септігін тигізетінін нақты негіздеуге болады. Мысалы, телекоммуникация саласындағы қалыптасқан мәліметтер беру және де ұялы, жергілікті, қалааралық, халықаралық байланыс сегменттері бойынша табыстылық деңгейінің артуы көлік байланысы саласына да әсерін тигізуде. Байланыс қызметтеріне тән табыс көлемдерін 3-ші кестеден байқауымызға болады.

 

3-кесте – Байланыстың түрлері бойынша 2007-2010 жж арасында көрсетілген қызмет түрлерінен түскен табыс көлемі (қантар-желтоқсан) 

                                                                                                                            млн.тг

Қызмет түрлері

Қаңтар-желтоқсан 2007 ж

Қаңтар-желтоқсан 2008 ж

Қаңтар-желтоқсан 2009 ж

Қаңтар

2010 ж

1

Почталық және курьерлік байланыс

10 304,0

12 210,3

12 307,1

955,2

2

Электр байланысы қызметтері

346 487,8

400 096,2

429 053,3

37 956,6

 

  Барлығы

356 791,8

412 306,5

441 360,4

38 911,8

Ескерту – ҚР Статистика агентігі мәліметтері негізінде автормен құрастырылған


 

Кесте саладағы қызмет түрлеріндегі оңтайлы өзгерістер жүзеге асырылып жатқан қыруар жұмыстардың нәтижесін бейнелейді. Мысалы, жүргізілген бағалау деректеріне сәйкес «Қазақтелеком» АҚ (еншілес компаниялар есебімен) Интернет-пайдаланушыларының жалпы саны 2008 жылдың қорытындысы бойынша 1 млн. 190 мыңнан астам адамды құрады, 2007 жылға қарағанда 41,5% артық. Олардың ішінен кеңжолақты Интернет пайдаланушылар саны (еншілес компаниялар есебімен) – 660 мыңнан астам адам. 2007 жылмен салыстырғанда өсу шегі – 124,5%. Қарқынды дамып келе жатқан интернет желісі үшін бұл мәселе әлі де дами түседі деуге негіз бар. Өйткені бұған дәлел ретінде республикалық деңгейде қолға алынып жатқан 2020 жылға дейінгі даму Стратегиясы мен ҚР Ақпарат және байланыс министрлігі шараларын атап айтуымызға болады. Осы орайда «Қазақтелеком» компаниясы Қазақстан байланысының ұлттық операторы және кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі ең қарқынды дамып келе жатқан телекоммуникациялық компаниялардың бірі бола отырып жоғарыда көрсетілген динамикалық көрсеткіштердің кең көлемін қамтамасыз етеді деуге негіз бар.

Қазіргі уақытта Қазақстанның тәуелсіз және бәсекеге қабілетті телекоммуникациялық  желісі бар. Оның қызметі көп жағдайда «Қазақтелеком» АҚ-ның мемлекеттік  мәні бар – Ұлттық ақпараттық супермагистральдің ірі жобасын аяқтаумен келісілген. Осы жобаның жүзеге асырылуы «цифрлы мемлекетті» құру, «электрондық үкімет», сондай-ақ «ақпараттық қоғам» инфрақұрылымын құру жолына маңызды қадам жасауына мүмкіндік берді. Бұдан басқа да, ұлттық ақпараттық супермагистрал Қазақстанның әлемдік ақпараттық кеңістікке бірігуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Қазақтелеком» АҚ компаниялары тобының  акционерлік құнын арттыру басты ұзақ мерзімді стратегиялық мақсат болып табылады. «Қазақтелеком» АҚ өз миссиясы мен мақсатынан шыға отырып, 2017 жылға дейінгі кезең ішінде басымдылықтарға қол жеткізу үшін Топты дамыту жөніндегі келесідей негізгі стратегиялық мақсаттарды көздеуде:

  1. топтың тиімді құрылымын жасау;
  2. бизнесті дамыту (жаңа қызметтер мен жаңа нарықтар);
  3. топты басқару тетіктерін оңтайландыру;
  4. байланыс желілерін дамытудың жалпы әлемдік үрдістеріне сай әрі қолданыстағы, сондай-ақ, жаңа байланыс қызметтері түрі талаптарын ескеретін заманауи телекоммуникация инфрақұрылымын жасау;
  5. байланыс желілерінде жаңа инфокоммуникация технологияларын енгізу;
  6. ұлттық телекоммуникация желісін ғаламдық инфокоммуникация инфрақұрылымына ықпалдастыру.

Аталмыш мақсаттарға байланысты жалпылама  ақпараттық-телекоммуникациялық саладағы ең бастысы – стратегиялық менеджмент аясында инновациялық бағыттардың қолданылуы. Сондықтан да өркендеп келе жатқан телекоммуникациялық компанияларда осындай инновациялық менеджменттің болуы шығармашылық және инновациялық өсудің кепілі, саладағы ұйымдық дағдылардың қайнар көзі болып табылады. Осы орайда, «Қазақтелеком» АҚ «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында негізгі мақсаты тұтынушыларға телекоммуникация қызметтерінің кең шоғырын ұсыну мүмкіншілігі бар жоғары сапалы сандық байланыспен қамтамасыз ету болып табылатын NGN (Next Generation Networks) келесі ұрпақтың желісін салуды аяқтады. Бүгінгі күні «Қазақтелеком» АҚ компаниясы ТМД-ғы бүкіл елдің ауқымында қалааралық байланыс желісінен NGN бағытына өткен бірінші телекоммуникациялық операторы болып табылады. Осы шешім қалааралық байланыс желісін анағұрлым тиімді және үнемді тәсілмен кеңейтуге және оның базасында жергілікті NGN желісін дамытуға мүмкіндік береді. 2009 жылдың аяғына NGN желісінің жалпы сыйымдылығы - 904 034 портты құрап, 2010 жылы NGN желісін 127000 портқа кеңейту жоспарланып отыр. Кеңейту нәтижесінде NGN желісінің жалпы сыйымдылығы 1 031 034 портты құрайды. Бұл көрсеткіш өз кезегінде компанияның негізгі даму саясатының тетіктерімен ұштаса отырып қызметтер сапасын арттыру және олардың ауқымын кеңейту, технологиялық жаңалықтар, қолайлы тарифтік саясат, операторлар арасындағы өзара пайдалы серіктестік қатынастарын дамыту мәселелеріне ықпал етеді. Осы тұрғыдан қарастырғанымызда «Қазақтелеком» АҚ компаниясы өз қызметін кеңейту және әртараптандыру үшін сыртқы нарықтарға шығу қадамдары мен оңтайлы трансұлттық оператор құрылымын құруға қатысты шаралар кешенін жүзеге асыруын келесі 4-суреттен байқауға болады.

 

«Қазақтелеком»  АҚ ұйымдастырушылық құрылымы

 

Акционерлердің  жалпы жиналысы

 
 

Директорлар кеңесі

 
 

Басқарма

 
 

Орталық аппарат

 
 

Филиалдар

 

Астанателеком

 

«Инфокоммуникациялық  технологиялар академиясы» дирекциясы

Алматытелеком

 

«Алыспен  байланыс» бірлестігі

Корпоративтік сату дирекциясы

 

ТИКД

«ТелекомКомплект» дирекциясы

 

Радиотехникалық бірлестік

«Ақпараттық жүйелер» дирекциясы

   
 

Облыстық  телекоммуникациялар дирекциясы

 
 

Ресей Федерациясындағы өкілдігі

 
 

Қытай Халық республикасындағы өкілдігі

 
 

Тәжікстан Республикасындағы өкілдігі

 

Еңшілес және тәуелді ұйымдар

«Алтел» АҚ

«Нұрсат»  ЖШС

 

«Востоктелеком» ЖШС

«Кептер

телеком» АҚ

«РадиоТел»  ЖШС

«Сигнум»  ЖШС

 

«Мобайлтелеком

сервис» ЖШС

«GSM Қазақстан» ЖШС


 

4-сурет – «Қазақтелеком» АҚ-ның ұйымдастырушылық құрылымы

 

Қазақстан территориясында жаңа желілер  ұйымдастыру үшін «Қазақтелеком» АҚ қазіргі уақытта DWDM спектрлік нығыздау технологиясы негізінде Супермагистральды кеңейту жобаларын сәтті аяқтауда. Бұл компанияға «Азия-Еуропа» жолы бойынша ұйымдастырылатын арналар үшін мейлінше бәсекелік бағаларды ұсынуға мүмкіндік береді. Ұлттық ақпараттық супермагистральдың толық ауқымды жұмыс істеуі біздің мемлекетіміздің әлемдік коммуникация кеңістігіне шоғырлау үрдісін үдету үшін жағдай жасайды. «Қазақтелеком» компаниясы бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырған, сонымен бірге тораптарды сандық жүйеге келтіруді, жаңа технологияларды енгізуді, ауылды жерлерге телефон қондыруды жалғастыруда. Аталған жобаларды жүзеге асыру жалпылама телекоммуникация нарығындағы инфрақұрылымды дамытуға және де «Қазақтелеком» АҚ компаниясының негізгі қызметі бойынша табыстарының бірқатар өсуіне мүмкіндік береді. Алайда, басқа көрсеткіштердің серпіні таза табыстың – компания жұмысының жекелеген салалардағы қызметтердің нашарлағандығын бейнелейді (5-сурет).

 

 

5-сурет – «Қазақтелеком» АҚ 2005-2008жж. таза табысының

өзгеру серпіні

Ескерту – Автормен жасалынған

 

Жоғарыдағы суретте «Қазақтелеком» АҚ-да 2008 жылмен салыстырмалы түрде таза табыс көлемінің төмендегенін көруге болады. Коммерциялық нәтижелерге дағдарыс әсерін тигізді.

Қазіргі уақытта Ұлттық оператордың  ерекше мәртебесі, яғни жалпы қол жетімді қызметтерді қамтамасыз ету және ішкі қиысқан шығындарды субсидиялауды жүзеге асыру мүмкіндігі «Қазақтелеком» АҚ-на берілген. Бұл мәселе жалпы қолданудағы телебайланыс желісі үшін қалааралық және халықаралық байланысқа толық құқықтық қызметпен байқалады. Аталған жағдайда жауапкершілік деңгейін бір оператор қолында шоғырландыру оңтайлы болып табылады, өйткені барлық республика территориясында бірыңғай қол жетімді белгілерді ең аз көлемдегі басқарушылық шығындармен жүзеге асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Алайда телекоммуникация желісінде халықаралық, қалааралық  қызмет нарығында ресми абсолюттік монополияның болуы аталмыш нарықта бәсекенің дамуын бәсеңдетеді, сонымен қатар нақты толық құқықтың сақталуы жеткілікті дәрежеде күрделі болып келеді. Сондықтан да нарықты ырықтандыру және монополияны болдырмау үрдісінде міндетті түрде қаржыландырудың сапалы әрі әділетті жүйесіне көшкен жөн, яғни белгілі бір аудан ішінде жалпыға қол жетімді қызмет көрсетумен айналысатындар, инфрақұрылымды қалыптастыратындар үшін барлық операторлар арасында әлеуметтік ауыртпалық пен шығындардың тең дәрежеде бөлінуін қамтамасыз ету.

Байланыс саласындағы өкілетті органның басым міндеттерінің бірі жалпыға қол жетімді байланыс қызметін ұйымдастыру бойынша нақты және елеулі тетіктерін жасау мен мақұлдау болып табылады. Бұл тетіктердің жүзеге асырылуы үшін орта уақыттық кезең параметрлерінің сапасымен берілген жалпыға қол жетімді телебайланыс қызметінің төменгі ағынын байланыс аумағындағы өкілетті органдардың нормативтік актілерімен бекіту қажет. Сонымен бірге, республика деңгейінде жалпыға қол жетімді байланыс желісінде ҚР Үкіметі қаулысымен ұлттық байланыс операторлары туралы ереже, оның ұлттық қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз ету бойынша міндеттері, қысқа мерзімдік кезеңде басқа операторларға қатысты артықшылығын бекіту және сәйкес ереже мен әдістерді қалыптастыру ескерілу қажет.

Телекоммуникация сферасындағы инвестициялық саясат бірінші кезекте байланыс операторлары мен қызмет түрлерін кеңейтуге, бәсекелестікті ынталандыруға негізделген дұрыс, бұл үшін, инфрақұрылым негізін жасау маңызды болып табылады. Инфрақұрылым мен желіні жасау коммуникация сферасындағы мемлекеттік инвестициялық саясаттың басым бағыты болып табылады. Аталған тұжырымды орта мерзімді болашаққа негіздей отырып жүзеге асыру барысында мемлекет тұрғысынан басымдылығы жоғары сфера мен жобалар болып мыналар табылады:

Информация о работе Қазақстан Республикасында ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердің даму стратегиясы