Қазақстан Республикасындағы инфляциялық үрдістерді реттеу ұстанымдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 15:22, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Инфляция мәселесі нәтижелі зерттеу жұмыстарын, маңызды шаралар қажет ететін күрделі экономикалық құбылыс. Қай кезде болмасын бұл тақырып бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу өзекті мәселе болып табылады. Бүгінгі таңда Елбасының бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясын орындау барысында инфляция мәселесін талқылау, ақша айналысын тұрақтандыру жолдарын анықтау, шетел тәжірибелерін қолдану аса маңызды жұмыс болып отыр.

Содержание

Кіріспе
3
1
Инфляцияға теориялық сипаттама
5
1.1
Инфляцияның жалпы түсінігі
5
1.2
Инфляцияның түрлері және даму механизмі
6
1.3
Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары
12
2
Қазақстан Республикасы экономикасындағы инфляция жағдайын талдау

15
2.1
Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процеске әсер ететін факторлар

15
2.2
Қазақстан Республикасының инфляциялық жағдайына баға беру
17
2.3
Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясатын талдау
20
3
Инфляциямен күресті жетілдіру бағыттары
23
3.1
Шетел мемлекеттерінің инфляциямен күресу үлгілерінің артықшылықтары

23
3.2
Қазақстан Республикасындағы ақша айналысын тұрақтандыру әдістерін жетілдіру жолдары.

25

Қорытынды
28

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
30

Работа содержит 1 файл

Справедливое устройство общества.docx

— 448.17 Кб (Скачать)
  • балансталған инфляция – басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің бірқалыпты өзгеруіне сәйкес бағаның бірқалыпты өсуі;
  • балансталмаған инфляция – бұл кезде экономика өзгеріп жатқан жағдайларға уақтылы бейімделе алмайды.

Инфляцияның таралу ауқымына қарай:

    • ұлттық;
  • әлемдік және т.б..

Енді, шығу тегіне байланысты сұраныс және ұсыныс (шығындар) инфляцияларына нақтырақ тоқталайық:

Сұраныс инфляциясы – бұл ұлттық экономиканың әлеуетті деңгейіне жуық шамада, артық жиынтық сұраныс салдарынан нақты ЖІӨ-нің тұрақты көлеміне баға деңгейінің көтерілуі. Ұлттық экономика өзінің әлеуетіне жақындаған және жеткен кезде артық жиынтық сұранысқа толық жауап қата алмайды. Өйткені, экономикадағы барлық ресурстар қолданыста болған кезде ұлттық өндірістің нақты көлемі одан әрі ұлғая алмайды. Мұндай жағдай, қалыптасқан артық жиынтық сұраныстың тұрақты нақты өнім көлеміне бағаның жоғарлауы мәселесін, яғни сұраныс инфляциясын туындатады. Бұл жағдай (Сурет 1) бейнеленген. Ұлттық өндіріс өзінің әлеуетіне (Ү*) жақындаған кезде жиынтық сұраныстың артуы (АD1-ден AD2-ге)  өндіріс көлемінің өсуіне (Ү1-ден Ү2-ге) ықпал етуімен қатар, баға деңгейінің де көтерілуіне                 (Рд1-ден Рд2-ге)  алып келеді. Ал, экономикалық әлеуетке қол жеткен кезде жиынтық сұраныстың артуы (АD3-тен AD4-ке)  өндіріс көлеміне (Ү*-не) ықпал ете алмағанымен, баға деңгейінің көтерілуін (Рд3-тен Рд4-ке)  болдырады.

 

 

 

Сурет  1 – Сұраныс инфляциясы

 

Шығындар инфляциясы немесе ұсыныс инфляциясы – бұл  орташа шығындардың өсуі немесе жиынтық  ұсыныстың азаюы салдарынан туындайтын баға деңгейінің көтерілу үрдісі. Орташа шығындардың өсуі тұрақты жиынтық өнім көлеміне жалпы шығындарды ұлғайтады. Орташа шығындардың өсуінің негізгі себептері:

  • атаулы еңбек ақының еңбек өнімділігінің өсуіне теңгерімсіз өсуі;
  • шикізаттарға бағалардың көтерілуі;
  • салықтың артуы және т.с.с..

Орташа шығындардың  өсуі фирма пайдасын азайтады, ол өз кезегінде фирманың өндіріс көлемінің  қысқаруына алып келеді. Нәтижесінде, берілген баға деңгейінде жиынтық ұсыныс азаяды. Жиынтық сұраныстың өзгеріссіз көлемінде (Сурет 2) жиынтық ұсыныстың қысқаруы (АS1-ден АS2-ге) баға деңгейін көтереді (Рд1-ден Рд2-ге), яғни инфляция қарқынын үдетеді.  

 

Сурет  2 – Ұсыныс немесе шығындар  инфляциясы

 

Егер, инфляция атаулы еңбек ақының теңгерімсіз өсуі, шикізаттарға бағалардың көтерілуі, салықтың артуы және т.б. себептермен байланысты орташа шығындардың өсуі салдарынан туындаса, мұндай инфляцияны шығындар инфляциясы деп атайды. Шығындар инфляциясы белгілі бір дәрежеде өзін-өзі шектеуші сипатта болады. Нақтырақ айтсақ, орташа шығындардың өсуі салдарынан өндіріс көлемінің қысқаруы, өндірістің қосымша шығындарының өсуін тежейді. Өйткені, жұмыссыздықтың көбеюі кезінде атаулы еңбек ақының мөлшері азаяды, сәйкесінше фирманың жалақылық шығындары қысқарады. Шығындардың қысқаруы және үй шаруашылығының табыстарының азаюы инфляцияның өсуін тежейді.

 Сұраныс инфляциясы мен ұсыныс инфляциясының үйлесуі инфляция шиыршығын (спираль) туындатады.

Енді, инфляцияның табыстардың бөлінуіндегі рөліне тоқталар болсақ, мұндай әсерлер екі жақты болуы мүмкін. Мысалы, тұлға біреуден бір жылға     5 %-бен 100 мың теңге қарыз алу арқылы, қандай да бір тауар сатып алды делік. Осы жылы 10 %-дық  инфляция болса жыл соңында ол 105 мың теңге етіп қарызын қайтару тиіс. Сонымен қатар, жыл соңында қарыз алушының сатып алған тауарының бағасы 110 теңге болады (инфляция салдарынан). Сонда, қарыз алушы жыл соңында 5 мың теңге ұтыс алады (110 – 105 = 5 теңге). Ал, қарыз беруші 5 мың теңге пайда тапқанымен, инфляция салдарынан 10 мың теңге зиян шегеді. Нәтижесінде, ол қаражатының 5 мың теңгесін жоғалтады. Бұл мысалдан, инфляция кезінде бұған дейін қарыз бергендер көбірек, ал қарыз алушылар әлде қайда аз зиян шегетінін немесе тіптен пайда табуы да мүмкін екенін байқаймыз. Яғни, инфляция табыстардың бөлінуіне түрлі әсер етеді екен. Ақшалай немесе атаулы табыс – бұл адамдардың еңбек ақы, рента, пайыз немесе пайда түрінде қолына алатын ақша мөлшері. Ал, нақты табыс атаулы табысқа сатып алуға болатын тауарлар мен қызметтердің мөлшерімен анықталады. Егер, атаулы табыс баға деңгейінің өсуіне (инфляция қарқынына) қарағанда жоғары қарқынмен өссе, онда нақты табыс артады. Ал, керісінше инфляция қарқыны атаулы табыстың өсу қарқынына қарағанда шапшаң өссе нақты табыс азаяды. Бұл жағдайды жуықтап келесі түрде бейнелеуге болады:

                                           

                       ΔRн = ΔRа – π                                                                                      (3)

 

Мұндағы, ΔRн – нақты табыстың өзгерісі;

        ΔRн – атаулы табыстың өзгерісі;

       π – инфляция қарқыны.

 

Мысалы, атаулы табыстың 5 %-ға көтерілуі 10 %-дық инфляция кезінде нақты табыстың 5 %-ға азаюын алып келеді. Егер,  Rн / Rа > 1 болса, табыс иесінің өмір сүру деңгейі артады, ал керісінше Rн / Rа < 1 болса төмендейді. Мұндағы, Rн – нақты табыс, Rн – атаулы табыс.

Табыстардың бөлінуіне инфляция өзінің байқалу дәрежесіне байланысты әртүрлі әсер етеді. Болжанған инфляция жағдайында табыс иесі инфляцияның жағымсыз салдарының алдын-алу немесе азайту үшін шаралар қолданады. Олай істемеген жағдайда, оның нақты табысының шамасына кері әсер болады. Яғни, нақты табыстың шамасы инфляция шамасына қысқарады.

Ұлттық табыстың атаулы мөлшеріне инфляция салдарынан арылту үшін түзетулер Фишер теңдігінің көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін. Фишер теңдігі келесі түрде бейнеленеді:

 

                                     i = r + πе                                                                                 (4)

 

Мұндағы, r – нақты пайыздық мөлшерлеме;

                 i – атаулы пайыздық мөлшерлеме;

                 πе – күтілетін инфляция деңгейі.

 

Инфляция қарқыны 10 %-дан көп болған жағдайда Фишер теңдігі келесі түрде болады:

                                                i – πе

                                          r = ———                                                                         (5)

                                     1 + πе

 

Болжанбаған инфляция атаулы табысы орташа баға деңгейінен тез өсетін экономикалық агенттердің табысынан басқа барлық түрдегі тұрақты табыстарды қысқартады. Болжанбаған инфляция кезінде қарыз алушы қарыз беруші есебінен ұтымды жағдайда болады. Өйткені, қарыз алушы өз қарызын құнсызданған ақшамен қайтарады. Мысалы, үкімет мемлекеттік қарыз көптеп жинақталып қалған кезде қысқа мерзімдік инфляцияны белсендіру саясатын жүргізу арқылы өз қарызын салыстырмалы түрде құнсыздандырады.

Инфляцияның экономикалық-әлеуметтік зардаптары оған шалдыққан елдердің үкіметін инфляцияға қарсы бағытталған белгілі бір экономикалық саясат жүргізуге мәжбүрлейді. Бірақ, жүргізілетін саясаттар әр елдің ерекшеліктеріне байланысты болады. Инфляцияға қарсы саясаттың негізінен екі бағыты бар. Олар:

  • кейнсиандық инфляцияға қарсы саясат;
  • монетаристтік инфляцияға қарсы саясат.

Бірінші бағыт бюджеттік – салықтық (фискальдық) саясатты жақтайды. Мұндай жағдайда үкімет мемлекеттік шығыстар мен кірістерді (салықтарды) икемді пайдалану арқылы төлем қабілетті сұранысқа ықпал жасайды. Сұраныс инфляциясы кезінде үкімет өз шығыстарын қысқартып, салықтар шамасын арттырады. Нәтижесінде, сұраныс қысқарады және инфляция қарқыны бәсеңдейді. Алайда, мұнымен қатар өндіріс көлемі қысқарып, жұмыссыздық өседі, экономикада күйзеліс белгілері байқалады. Бұл инфляцияны тежеудің қоғамдық құны.

Экономиканың құлдырау кезінде сұранысты ұлғайту үшін арнайы бюджеттік-салықтық саясат жүргізіледі. Егер, сұраныс жеткіліксіз болса, мемлекеттік қаржыландыру бағдарламалары жүзеге асырыла бастайды және салықтар деңгейі төмендетіледі. Төмен деңгейлі салықтар ең алдымен табысы аз топтарға салынады, әдетте олар табыстарын жедел пайдаланады. Сөйтіп, тауарлар мен қызметтерге сұраныс ұлғаяды. Бюджет қаржылары арқылы ынталандыру сұранысты арттырғанымен, бюджеттің тапшылығын арттырады. Бюджет тапшылығының ұлғаюы үкіметтің салықтар арқылы маневр жасау мүмкіндіктерін тарылта түседі.

Екінші бағыт экономикада  пайда болған инфляциялық ақауларды  ақша-несие (монетарлық) саясат арқылы реттеуді ұсынады. Реттеудің бұл түрі үкіметтің тікелей бақылауынан тыс, Ұлттық банкпен дербес жүргізіледі. Ол айналымдағы ақша массасын және несие пайызының мөлшерлемесін өзгерту шаралары арқылы жүзеге асырылады. Экономикаға қысқа мерзімдік кезеңінде ықпал жасау құралы ретінде ақша-несие саясаты, дәлірек айтқанда артық, төлем қабілеті бар сұранысты тежеу үшін ақша және пайыз мөлшерлемесі саяси құралдары қолданылады.

Антиинфляциялық саясатты шартты түрде 2 типке бөлуге болады:

  • инфляцияға ыңғайласу;
  • инфляциямен күресу.

Инфляцияға ыңғайласу жағдайында табысты индекстеу шаралары жүргізіледі, бірақ бұл шара өте шектеулі болады. Өйткені, өте жоғары индекстеу (100 %-ға жуық) «жалақы-баға» инфляциялық шиыршығын тудыруы мүмкін.

Инфляцияға қарсы күресу шараларының ішінен «естен тандыру терапиясын» ерекше атауға болады (Ресей 1992 жылы). Қымбат несиелер арқылы әлсіз фирмалардың жұмысын тоқтату, әлеуметтік топтардың табыс айырмашылығының күрт өсуі, өндірістің қысқаруы, жұмыссыздықтың өсу нәтижесінде инфляцияны тоқтату.

 

 

 

 

1.3 Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары

 

Инфляцияның зардаптары күрделі және көп түрлі болып  келеді. Инфляцияның жоғары деңгейі  баға мен пайда нормасын жоғарылатып, уақытша коньюктураны жандандырады. Процестің ушығуы барысында инфляция ұдайы өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік шиеленістерді тереңдетеді. Инфляция, аттың текіректеп шауып, бой бермеген кезіндегідей шаруашылықтың шырқын бұзып, айтарлықтай зиян келтіріп, экономикалық саясатты жүргізуге жол бермейді. Бағаның әр түрлі өсуі экономика салаларының арасындағы сәйкестілікті бұзып, тұтынушылар сұранысын бүркемелеп, ішкі нарықта тауарлар өткізуді қиындатады. Мұндай инфляция тұтынушының ақшадан тауарға ауысуын күшейтіп, бұл процесті «таудан аққан тасқынға айналдырып», тауарға тапшылық тудырып, ақша қорлануына ынтаны жойып, ақша-несие жүйесінің қызметін бұзады. Бұдан басқа халықтың жинағы құнсызданады, банктер, несие беретін мекемелер зиян шегеді. Өндірістің интернационалдануы инфляцияны бір елден екіншісіне аударады, халықаралық валюта және несие қатынастарын күрделендіреді.

Инфляцияның келесідей  зардап-салдарларын атап көрсетуге болады.

Біріншіден, ол ұлттық табыс пен байлықты қоғамның әр түрлі топтарымен, экономикалық және әлеуметтік институттар арасында қалай да болса және болжамсыз қайта бөлінуіне мәжбүр етеді.

Екіншіден, инфляцияның жоғары қарқыны және бағалар құрылымының күрт өзгеруі фирмалар мен үй шаруашылықтарының жоспарлауын (әсіресе ұзақмерзімдік) қиындата түседі. Нәтижесінде бизнес жүргізуде болжамсыздық пен қауіп-қатер өсе түседі. Осының төлемі ретінде процент ставкасы мен пайда өседі. Инвестициялар қысқамерзімдік сипат ала бастайды, инвестицияның жалпы көлеміне күрделі құрылыстың үлесі төмендейді және спекулятивті операциялардың үлес салмағы өсе бастайды.

Үшіншіден, қоғамның саяси тұрақтылығы төмендейді, әлеуметтік шиеленіс өседі. Жоғары дәрежелі инфляция қоғамның жаңа құрылымына көшуге жол ашады.

Төртіншіден, экономиканың «ашық» секторындағы бағаның өсуінің шамамен жоғары қарқындылығы ұлттық тауарлардың бәсекелік қабілетін төмендетеді. Бұның нәтижесінде импорт өседі, экспорт төмендейді, жұмыссыздық көбейеді және тауар өндірушілер ойсырайды.

Бесіншіден, тұрақтылығы жоғары шетел валютасына сұраныс өседі. Капиталдың шетелге кетуі өседі, валюта нарығында спекуляция үдейе түседі. Осылар бағаның өсуін жылдамдатады.

Алтыншыдан, ақша формасында жасалған жинақтың нақты құны төмендейді, нақты активтерге сұраныс өседі.

Жетіншіден, мемлекетттік бюджеттің құрылымы өзгереді және оның нақты табыстары төмендейді. Мемлекеттің экспансионистік фискалдық және монетарлық саясат жүргізуге мүмкіндігі шектеледі. Бюджеттік тапшылық және мемлекеттік борыш өседі.

Сегізіншіден, жұмыспен толық қамтамасыз етілген жағдайда қызмет ететін экономикадағы орташа инфляция, халықтың нақты табысын шамалы төмендетіп, оның көбірек және бұрынғыдан да жақсы еңбек етуін талап етеді. Нәтижесінде жылжымалы инфляция бір мезгілде экономикалық өсудің «төлемі» және оның стимулы болып табылады.

Тоғызыншыдан, стагфляция жағдайында инфляцияның жоғары дәрежесі үлкен жұмыссыздықпен ұштасады. Елеулі инфляция жұмыспен қамтуды өсіруге мүмкіндік бермейді.

Оныншыдан, әр түрлі тауарлардың салыстырмалы бағалары және олардың өндірісінің көлемі ұқсас емес бағытта жылжып отырады.

Инфляцияның әлеуметтік зардаптары да бар, ол ұлттық табысты қайта бөледі, халыққа салық үстіне салық болып, номиналды және нақты жалақының өсу қарқынының қызметтер мен тауарлар бағасының күрт өсуінен кейін құлдырайды. Инфляция зардабын барлық жалдамалы жұмысшылар, еркін кәсіп иелері, зейнеткерлер басынан өткізеді.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы инфляциялық үрдістерді реттеу ұстанымдары