Қазақстан Республикасындағы инфляциялық үрдістерді реттеу ұстанымдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 15:22, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Инфляция мәселесі нәтижелі зерттеу жұмыстарын, маңызды шаралар қажет ететін күрделі экономикалық құбылыс. Қай кезде болмасын бұл тақырып бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу өзекті мәселе болып табылады. Бүгінгі таңда Елбасының бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясын орындау барысында инфляция мәселесін талқылау, ақша айналысын тұрақтандыру жолдарын анықтау, шетел тәжірибелерін қолдану аса маңызды жұмыс болып отыр.

Содержание

Кіріспе
3
1
Инфляцияға теориялық сипаттама
5
1.1
Инфляцияның жалпы түсінігі
5
1.2
Инфляцияның түрлері және даму механизмі
6
1.3
Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары
12
2
Қазақстан Республикасы экономикасындағы инфляция жағдайын талдау

15
2.1
Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процеске әсер ететін факторлар

15
2.2
Қазақстан Республикасының инфляциялық жағдайына баға беру
17
2.3
Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясатын талдау
20
3
Инфляциямен күресті жетілдіру бағыттары
23
3.1
Шетел мемлекеттерінің инфляциямен күресу үлгілерінің артықшылықтары

23
3.2
Қазақстан Республикасындағы ақша айналысын тұрақтандыру әдістерін жетілдіру жолдары.

25

Қорытынды
28

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
30

Работа содержит 1 файл

Справедливое устройство общества.docx

— 448.17 Кб (Скачать)

Ақша айналысын тұрақтандырудың басты элементі болып – қаржыны сауықтыру мен халық шаруашылығы экономикасын тұрақтандыру, залалды және шамалы рентабельді шаруашылық субъектілерін қысқартуды белгілесек. Бұған халық тұтынатын тауарларға бағаны көтеру жолымен емес, интенсификация негізінде және өндірістің тиімділігін көтеру арқасында қол жеткізу мүмкін. Бұл жерде шетел несиелерін солай пайдаланған маңызды, оларды тез уақытта иесіне қайтарып, сөйтіп аса мол пайда табу. Шетел ғалымдарының пайыдауынша, Қазақстандағы аса пайдалы салаларға – түсті металлургия, ауыл шаруашылығы, мұнай өңдеу өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп және туризм жатады. Сондықтан да, осы салалар басымдылықпен дамуы қажет. Сыртқы саудамен айналысатын кәсіпорындарға толық валюталық өзін-өзі өтейтін жолға көшіру керек

Ақша айналысын тұрақтандыру шараларын сипаттағанда, екі әдістемені бөліп айтуға болады. Бірінші әдістеме шеңберінде (оны осы күнгі Кейнс  теориясының өкілдері зерттейді) белсенді бюджет саясаты жүргізіледі сұранымға ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде сұраным қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді. Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі де қысқарады. Бұл экономикада дағдарыс жағдайын қалыптастырып, жұмыссыздықты арттырып жіберуі мүмкін. Ол қоғам үшін инфляцияны тежеудің құны болады. Ендеше, бұл жерде инфляция құны жоғары болмас үшін шығындарды қысқартып, салықтарды салу барысында өндірістің өсуі ескерілсе, яғни алдын-ала күрделі жоспар құрылып, нақты есеп жүргізілсе, жоғарыда аталған дағдарыс жағдайын бәсеңдетуге болар еді.

Құлдырау жағдайында бюджет саясаты сұранымды кеңейтуге  бағытталады. Егер сұраным жеткіліксіз  болса, онда мемлекеттің инвестиция бағдарламасы іске қосылады және шығындар артады, салықтар төмендетіледі. Ең алдымен табысы төмен нарық субъектілеріне салынатын салық қысқартылады. Бұл бірден нәтиже береді: сұраным тез өседі, ол өндіріске ықпал жасайды, жалпы экономикалық өсу басталады.

Екінші әдістемені жаңа классикалық бағыттағы экономистер ұсынады. Олар бірінші орынға ақша-несие арқылы реттеу әдісін қояды. Бұл әдіс экономика жағдайына жанама түрде икемді ықпал жасайды. Бұл саясаттты үкіметке тікелей бағынбайтын Орталық банк жүргізеді. Орталык банк айналымдағы ақша көлемін өзгертеді және қарыз пайызы кесімін реттейді, сонымен экономикаға ықпал жасайды.

Ақша айналысын қысқарту мақсатында келесі әдістерді белгілесек:

  • орталық банктің нақты ақша эмиссиясын қысқарту арқылы айналыстағы ақша массасының ауқымын азайту;
  • барлық несие ресурстарын қымбаттату және оларға қол жететіндігін азайту мақсатында орталықтандырылған кредиттер үшін қайта қаржыландырудың есептік мөлшерлемесін арттыру;
  •   несие мультипликаторын қысу және коммерциялық банктердің кредит экспансиясын шектеуге жету үшін Орталық банктің коммерциялық банктерге резервтік талаптарын арттыру;
  • сондай мақсаттарда Орталық банктің кредитін тікелей қысқарту.

Инфляцияны басқаруды  жақсарту шараларының бірі ретінде  инфляциялық таргеттеуге үлкен мән беріледі.

Ұлттық Банктің негізгі міндеті ретінде бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету ақша-несие саясатындағы мүлдем жаңа айқындама Ұлттық банк жариялаған Еуроодақ стадарттарына және инфляциялық таргеттеуге көшумен үйлеседі. Инфляциялық таргеттеу қағидаттарына дайындық және оған көшу ақша базасы бойынша мақсатты көрсеткіштерден біртіндеп бас тарта отырып, инфляция бойынша мақсатты көреткіштерге көшуді болжайды. Соңғы жылдары формалды мақсатты инфляциялық көрсеткіштерді белгілеуге негізделген ақша-несие саясаты өнеркәсібі дамыған елдерде ғана емес, рыноктық экономикасы қалыптасып келе жатқан елдерде де кеңінен қолданылуда. Инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерді қолданатын өтпелі экономикасы бар елдер қатарының өсуі осы жүйенің артықшылықтары бар екендігінің жанама белгісі болады.

Австралия, Канада, Финляндия, Жаңа Зеландия, Испания, Швеция, Ұлыбритания  инфляцияның мақсатты таргеттеуіне көшті. Сонымен қатар, нарықтық экономикасы  қалыптасып келе жатқан көптеген елдер  де: Бразилия, Чили, Чехия, Израиль, Польша, Оңтүстік Африка Республикасы инфляцияны тергеттеуге көшеді.

Қазіргі уақытта инфляциялық  таргеттеуді енгізуге дайындық шеңберінде мынадай шаралар қабылданды. Ұлтттық банк 2000 жылдан бастап ақша-несие саясатын жоспарлаудың үш жылдық деңгейін белгіледі. 2007 жылдан бастап инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштер – «базалық инфляция» индексі қолданыла отырып белгіленеді. Бұл индекс монетарлық емес факторлар бағаларының деңгейіне дағдарыстық ықпалын жояды және инфляциялық процестердің негізгі үрдістерін көрсетеді. 2007 жылдың қаңтарынан бастап Ұлттық банктің мақсаты ретінде бағаларды тұрақтандыру және мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыруға тиым салу міндеті заңмен бекітілді, бұл инфляциялық таргеттеу еңгізудің қажетті шарттарының бірі болып табылады. Еліміздің орталық банкі ретінде Ұлттық банктің тәуелсіздігін күшейтетін нормативтік-құқықтық актілер әзірленіп жатыр. Тұрақты негізде қайта қаржыландыру мөлшерлемесін белгілеу мүмкіндігі қарастырылуда. 2007 жылдың қазан айынан бастап Халықаралық валюта қоры Ұлттық банкке инфляциялық таргеттеу тетігін әзірлеу мәселелеріне қатысты ақпараттық және консультациялық көмек көрсетіп келеді.

Инфляциялық таргеттеуге  қажетті база жасау үшін Ұлттық банктің  алдында бірқатар мынадай ірі  проблемаларды шешу міндеті тұр:

  • ашық рынок операцияларын кең ауқымды көлемде жүргізуге көшу үшін жағдайлар жасау;
  • өзінің бағалы қағаздар портфелін ұлғайту;
  • бағалы қағаздардың қайталама рыногын дамыту;
  • трансмиссиялық тетіктің үлгісін, яғни репо мөлшерлемесі өзгерісінің инфляция деңгейіне ықпалын бағалауға мүмкіндік жасайтын үлгіні әзірлеу;
  • инфляциялық таргеттеуді пайдалана отырып, шешім қабылдау қағидаттарын іске асыру рәсімін әзірлеу және т.б..

Сонымен,  Қазақстанның Ұлттық банкі үшін инфляция негізгі  мәселе болып қалмақ. Мемлекеттің  Ұлттық банкі ортамерзімдік ақша-несие саясатынның негізгі бағыттарында белгіленген өзінің стретегиясын құруда және әсіресе монетарлық түрдегі шараларды орындауда және ақша айналысын тұрақтандыру әдістерін жетілдіру жолында бірқатар жобаларды құрастыруда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Курстық жұмысты қорытындылай келе «Инфляцияның мәні, оның түрлері және ақша айналысын тұрақтандыру әдістері» атты тақырып төңірегінде күрделі зерттеу жұмыстары жүргізілді деп айтуға болады.

Жоғарыда айтылғандай, инфляция экономикалық құбылыс ретінде  көптен бері өмір сүріп келеді. Инфляция – ақша жүйесінің дағдарысты жай-күйі. Оның құнсыздануының негізгі факторлары ретінде айналалысқа артық ақшаның шығарылуы, қолайсыз төлем балансы, үкіметке сенімнің жоғалуы саналады. 

Өз кезегінде Қазақстан  Республикасында туындайтын инфляциялық процестердің басты факторларына мұнайға деген әлемдік бағаның жоғары болуы, сонымен қатар алтын, жез, күміс сияқты металдарға бағаның жоғары болуы жатады. Мұнайдан түсетін қарының еселенуі, өз кезегінде тікелей болмаса да, қаржының сырттан ағылуына себепші болады.

Ұзақ уақыт бойы инфляцияны монетарлық құбылыс деп санай  отырып, ол ақшаның құнсыздануы мен  тауар бағаларының өсуі тұрғысында түсіндіріліп келді. Әлі де бірқатар шетелдік авторлар инфляцияны экномикада бағаның жалпы деңгейінің артуы ретінде анықтайды. Алайда инфляцияның тауар бағасының өсуінде көрінгенімен оны тек таза ақша феноменіне жатқызуға болмайды. Бұл нарықтық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы ұдайы өндірістің сәйкессіздігінен туатын күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Инфляция әлемнің көптеген елдеріндегі экономиканың қазіргі дамуының ең өткір проблемаларының бірі болып есептеледі.

Бүгінде инфляция бағаның  өсуі нәтижесінде ақшаның сатып  алу жарамдылығының құлдырауымен ғана емес, сонымен бірге елдің экономикалық дамуының жалпы қолайсыз ахуалымен байланысты. Сонымен бірге инфляцияның зардаптары күрделі және көп түрлі болып келеді. Инфляцияның әлеуметтік зардаптары ұлттық табысты қайта бөледі. Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық зардаптары, оған шалдыққан елдердің үкіметін белгілі экономикалық саясат жүгізуге мәжбүр етеді және бұндай шараларды жүргізу күрделі әрі ұзақ процестерді қажет етеді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  өзінің биылғы Халыққа Жолдауында келесідей  бөлімді еңгізген: «Ақша-несие саясатының негізгі мақсаты – инфляцияны тежеуді қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық банк пен Үкіметке жүктеледі. Олардың қолдарында сол үшін барлық өкілеттіктер мен құралдар бар.

Ақша-несие саясатының келесі міндеті – қаржы  нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляция өсімінің залалды зардаптарын төмендету, сонымен бір мезгілде экономикалық өсуді ынталандыру үшін нақтылы айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру». Бұл Елбасының мемлекеттік басқару органдарына берген жауапкершілікті қажет ететін тапсырма.

Курстық жұмыстың соңында  Қазақстанның зиялы тұлғасы Ахмет  Байтұрсыновтың бір сөзін еске түсіріп  өтсек: «Қазақ  сыртқа (экспорт) шикізат  шығарады, ал сырттан (импорт) сол шикізаттан жасалған дайын өнімді екі –үш есе қымбат бағамен сатып алуда...» Елбасының көкейінде жүрген стратегиялық мақсат – Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы аясында экономиканың шикізаттық сипатын барынша азайтып, Отанның өңдеу өнеркәсібінің жаппай дамуына екпінді серпін беру. Ендеше  бұл да өз кезегінде экономиканы жоғары деңгейге жеткізетін ажырамас фактор болып қалмақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

  1. Андрианов В. П. Инфляция основные виды и методы регулирования.- Алматы : Экономист, 2006 - 238 б.
  2. Аяпова Ж. М., Арынов Е. М. Іскер адамның орысша қазақша экономикалық түсіндірме сөздігі. – Алматы : Инкар, 1993 – 198 б.
  3. Бимендиева Л. А. Экономикалық өсу – ұлттық экономиканың қызмет етуінің   нәтижесі ретінде. - Алматы : Хабаршы журналы № 6, 2004, 69 – 71 б.
  4. Бердалиев К. Б. Қазақстан экономикасын басқару негіздері. – Алматы : Экономика, 2001, 583 б.
  5. Буенко Н. П. Инфляционное бездействие. - Москва : Мегополист, 2006, − 123 б.
  6. Власова В. М. Основы предпринимательской деятельности. – Москва 1996 – 463 б.
  7. Грибанов А. М. Инфляция, нажми на тормоза. Алматы : Вечная, 2006, 236 – 239 б.
  8. Елемесов Е. Р. Государство и рынок. – Алматы : Қаржы-қаражат, 1997, 603б.
  9. Ихданов Ж. О., Орманбеков Ә. О. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері. – Алматы : Экономика, 2002 − 465 б.
  10. Қабдиев Д. Қ. Экономикалық саясат. – Алматы : Экономика, 2002 – 537 б.
  11. Мейірбеков А. Қ., Әлімбетов Қ. Ә.Кәсіпорынның экономикасы. – Алматы : Экономика, 2003 – 367 б.
  12. Оразалин К. Ж., Жантасов М. М. Орысша-қазақша қазіргі уақыттағы экономикалық түсіндірме сөздігі. – Алматы : Экономика, 2001 – 452 б.
  13. Сахариев С. С., Сахариева А. С. Жаңа кезең – экономикалық теориясы. – Алматы : Данекер, 2004 – 654 б.
  14. Сейітқасымов Ғ. С. Ақша, несие, банктер. – Алматы : Экономика, 2001, 193 – 198 б.



Информация о работе Қазақстан Республикасындағы инфляциялық үрдістерді реттеу ұстанымдары