Қазақстан Республикасындағы құрылыс материалдары нарығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Июля 2013 в 12:51, реферат

Описание работы

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы өндіріс саласын жаңа деңгейге шығару мақсатында арнайы стратегиялық бағытты таңдап отыр. Атап айтсақ отандық тұрмыстық тауар өндірушілерді жан – жақты қолдап, олардың нарыққа ұсынатын тауарларының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды мақсат етіп алып отыр. Жаңа өндіріс қуаттарын іске қосу және еңбекшілердің тұрғын үйлер құрылыстарын одан әрі жақсарту басты міндеттердің бірі болып отырған жағдайда, құрылыс техникасымен, оның ішінде құрылыс материалдарын өедірумен және олардың соны жаңалықтармен оқушы қауымды таныстырып өткен жөн. Үйді қандай материалдардан салу жайы ерте замандарда – ақ адамдарды көп толғандырған.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1.Қазақстан Республикасындағы құрылыс материалдары нарығы
2.2.Құрылыс материалдары нарығының стратегиясы
2.3. Құрылыс материалдары өндірісі саласында кластерлік жүйені қалыптастыру
III Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Мазмұны1.docx

— 38.20 Кб (Скачать)

Осылайша, Қазақстанда құрылыс  материалдары нарығында сауда іс-қимылы инфрақұрылымын дамытуға назар аудару қажет, ол шетел тәжірибесімен салыстырғанда  біршама жаңғыртуды талап етеді.

Саудалық саласын қызмет көрсету сферасының маңызды бір  саласы деп қарастыру қажет. Оның ішінде осы қызмет сату жүйесін дамыту құрылыс материалдары өндірісін  орналастыруға белсенді әсер етіп, географиялық еңбекті бөлуде база негіздерін құрайды.

2.3. Құрылыс материалдары өндірісі саласында кластерлік жүйені қалыптастыру

 
Отандық экономиканы дағдарыстан  кейінгі жаңа бағытта дамыту жолында  бүгінгі қабылданып және жүзеге асырылып жатқан бағдарламалармен бірге бірнеше  жылдан бері әлі маңызын жоя қоймаған жобалардың бірі – ол кластерлік жүйе болып табылады. Ел экономикасын дамыту аясында кластерлік жобаларды енгізу қазіргі уақытта да аса маңызды  және қажетті шара ретінде қала береді. Әсіресе, экономиканы шикізаттық тәуелділіктен  босатуда және оны шикізаттық емес бағыттарда дамытуда кластерлер және кластерлік жүйенің рөлі қазақстандық экономиканың дәл қазіргі жағдайын есепке ала отырып өзін жаңа қырынан  байқатуы тиіс. Себебі, ғалымдардың  айтуынша, экономиканың әртүрлі салаларында  жұмыс істейтін кәсіпорындар өнім өндірудің  шикізаттық емес нарықтарында айтарлықтай  тәжірибе жинақтаған, бірақ олардың  өзара байланыстылығы мен әрекеттілігі бір жүйеге келтірілмеген, әрі өз беттерінше дербес және алшақтық тұрғысынан шешім қабылдайды. Осындай кәсіпорындардың  шеңберінде маман-кадрларды дайындау, ғылымды дамыту, қаржылық институттар  бойынша инфрақұрылымдар бар, алайда осылардың бәрі жүйесіз негізде болып отыр. Сондықтанда, көп жағдайда олардың қызмет ету нәтижелері мардымсыз. Бұл жерде кәсіпорындардың қызметін нәтижелілікке жетелейтін жүйелік өзара ынтымақтастықты қалыптастыру үшін кластерлік бағыттың жаңа серпіні қажет. Міне, кластерлік жүйенің отандық экономикадағы көрінуі тиіс жаңа серпіні мен қыры шикізаттық емес салаларды дамыта отырып экономиканы әртараптандыруда бүгінгі жаңа жобалармен ұштастырылуы тиіс. Мемлекет экономиканы кластерлік жүйемен дамыту туралы шешім қабылдағанда бір ғана мақсатты көздейді – ол қоғамның әлеуетін ондағы адамдардың интеллектуалдық ресурстары, қаржылары, мүліктері, ғимараттары тұрғысынан барынша толық пайдалану. 
 
Қазіргі уақытта, мемлекет басты тұлға ретінде кластерлік тұрғыдан келе отырып барлық салалардағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің іс-әрекеттерін белгілі бір нақты бағытқа жұмылдыруы тиіс. Соған байланысты елімізде кластерлік көзқарас тұрғысынан экономикада қоғамның әлеуетін барынша пайдалануда мынадай жүйе құраушы органдарды есепке алған жөн: 

  •  
    республиканы басқарудың мемлекеттік жүйесі;
  •  
    заңдылық және заң органдарының жүйесі;
  •  
    қаржы жүйесі және банктер;
  •  
    көлік жүйесі;
  •  
    энергетикалық жүйе.

 
Осы уақытқа дейін шикізаттық емес салаларда бәсекеге қабілетті, ғылымды 
 
көп қажет ететін, жоғары технологиялық, әрі экспорттық бағыттылығы бар өнімдерді өндіруде қауқарсыз болып отырмыз десек, онда осындай өнімдерді өндіруде кластерлік тұрғыдан келу жүйесі арқылы еліміздің жұмыс күші құрамын біріктіруіміз қажет. Олай болса, мемлекеттің экономиканың қазіргі даму кезеңінде шикізаттық емес салаларда кластерлерді құруының басты себебін күн тәртібіндегі осындай мәселелерді шешумен байланыстыруымыз керек. 
 
Жалпы алғанда, кластер деген ұғым біздің экономика үшін осы уақытқа дейін қолданылып келген жаңа термин болып табылады. Білетініміздей, кластердің атасы ретінде американ экономисі Майкл Портер саналады. Ғалымның кластерлік көзқарасына сәйкес, бұл ұғымға отандық және шетелдік әдебиет көздерінен анықтамалар көптеп беріледі. Яғни, біз де соларды ескере отырып, кластерге мынадай анықтама бере аламыз. 
 
«Кластер» – бұл географиялық жағынан бір біріне жақын орналасқан және технологиялық тізбектер бойынша өзара байланысқан компаниялардың (шикізаттарды, құрал-жабдықтарды, жинақтаушы бұйымдарды және арнайы инфрақұрылымдық қызметтерді жеткізушілердің), ғылыми-зерттеу орталықтарының, институттар мен университеттердің және басқа да мекемелердің тобы ретінде сипатталуы және бұлар өз кезегінде бірін бірі өзара толықтыра отырып жекелеген компаниялардың бәсекеге қабілетілік артықшылықтарын күшейте түсуі және жалпы кластердің өзінің дамуын қамтамасыз етуі тиіс.  
 
Кластер ұғымының келтірілген осы анықтамасын ескере отырып, бұл терминнің де біздің экономикада қалай қолданылатындығын білуіміз керек. Бұл жерде кластерлердің қандай да бір салада құрылуында әрқашанда мемлекеттік қолдау бар. Бірақ мемлекеттің қолдауымен кластерлер қандай бағытта құрылуы тиіс деген маңызды сұрақ туындайды. Егер мемлекеттік қолдау бар десек, онда бұл жүйе экономикада кез-келген бағытта құрыла алады, өйткені мемлекет экономиканың барлық саласында бүгінгі күні басты инвесторға айналған. Бірақ барлық салада жүзеге асырыла алады дегенмен бұл кластерлік жүйе өз тиімділігін болашақта көрсете алады-ау деген шектеулі салалар ғана аясында қолданыс таба алады. Сондықтанда, экономикалық тиімділік тұрғысынан, сол тиімді салалардың бірі ретінде құрылыс саласы табылады. Негізі біздің зерттеуіміздің мақсаты құрылыс саласында кластерлік жобаны қалыптастыру және дамыту үрдісі қарастырылады. Енді алға қойылған мақсатқа жету үшін осы салада кластерлік жүйені дамыту бойынша көзқарасымызды әріқарай қарастыруға тырысамыз. 
 
Құрылыс материалдарын өндіру бойынша кластер бірнеше жылдан бері, дәлірек айтсақ, 2005 жылдың 25-ші маусымынан бастап Үкіметтің қаулысымен бекітілген негізгі жеті қанатқақты кластердің бірі ретінде саналады.  
 
Құрылыс саласының қазіргі жағдайын ескере отырып, құрылыс материалдарын өндіру бойынша кластерді былайша қарастыра аламыз. Яғни, құрылыс қарқыны кезіндегі соңғы өнім болып қарапайым тұрғындар мен азаматтар үшін ғимараттар, үймараттар және үй-жайлар табылады. Бұл жағдайда өндірілген өнім тек ішкі нарықтық тұтынуға ғана арнала алады және экспорттық бағыттылығы бар тауар деп қарастырыла алмайды. Алайда халықтың жиынтық табыстары жылдан жылға өсіп жатыр, әрі тұрғын үйге деген сұраныс күннен күнге артып келеді десек, онда бұл кластердің жұмыс істеуінің болашағы зор деп күмәнсіз айта аламыз. 
 
Құрылыс үшін бастапқы құрылыс материалдары – кірпіш, цемент, құм және басқалары қажет. Сонымен қатар, көптеген ғылыми сиымды материалдар – металл мен пластиктен, шыны мен бетоннан жасалған бұйымдар, сантехникалық бұйымдар, жоғары сапалы әрлендіру материалдары, электр материалдары, тұрмыстық приборлар және басқа да материалдар қажет. Яғни, біз құрылысты әріқарай дамытамыз десек, онда құрылыс үшін өзімізге қажеттінің бәрін қалайша өндіруге қабілеттілік таныта алатындығымызды анықтап алуымыз керек. Әрине, құрылысқа қажетті құрылыс материалдарының барлығын өз ішімізде өндіре алмаймыз. Бұл саланың әлеуетін ескере отырып, өз құрылысымызға қажетті қолда бар негізгі бастапқы материалдарды ғана өндіре аламыз. Ал қалған құрылыс материалдарының түрлерін бәрібір сырттан тасуға мәжбүрміз. Сондықтанда, отандық құрылыс саласының өзіне тән артықшылықтары мен кемшіліктері бар екенін біз естен шығара алмаймыз.  
 
Құрылыс индустриясының бүгінгі жағдайын біле отырып және болашағын елестете отырып, кұрылыс кластерлерін қалыптастыруда біз ең алдымен, әлемдік экономикалық өзгерістердің әсерін және көрші мемлекеттердің экономикалық даму ерекшеліктерін, сондай-ақ, шетелдік құрылыс салаларының даму тәжірибелерін де мұқият зерделеуіміз қажет. Дегенменде, мұнымен қоса, отандық экономикада құрылыс саласының әр аймақ бойынша да даму ерекшеліктерін ескеруіміз керек.  
 
Негізінен, қазіргі уақытта құрылыс материалдарын өндіру бойынша кластерлік пилоттық жобаның іске асырылуы «2005-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында құрылыс материалдарының, бұйымдарының және конструкцияларының өнеркәсібін дамыту бағдарламасының» қабылдануымен байланысты Астана, Алматы және Қызылорда аймақтарында ұйымдастырылып келеді. Әсіресе, Астана қаласында аталмыш кластерді жаңадан құрылған құрылыс материалдарын өндіру бойынша индустриалдық аймақ арқылы дамыту үрдісі басты назарда болып отыр. 
 
Сонымен, елімізде құрылыс материалдары өндірісі саласында кластерлік жүйені енгізудің ерекшеліктеріне тоқталсақ. Алайда, ең алдымен құрылыс кластері дегенге анықтама беріп көруіміз керек. 
 
«Құрылыс кластері» - бұл құрылыс саласында шикізаттан бастап дайын құрылыс материалдары өнімдерін өндіруге дейінгі қызметтерді жүзеге асыратын көптеген географиялық және территориялық жағынан біріккен, әрі туыстас құрылыс компаниялары мен ұйымдары болып табылады. 
 
Қазақстанның құрылыс кластері (Астана, Алматы, Қызылорда) – бұл жергілікті өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және сол аймақтың экономикалық дамуына әсер ету мақсатындағы кәсіпкерліктік құрылымдардың, ғылым мекемелерінің, қоғамдық ұйымдардың, жергілікті билік органдарының еркін салалық территориялық бірлестіктері. Аталмыш кластер шамамен құрылыс саласындағы жүздеген кәсіпорындарды біріктіреді. Олар құрылыс-жөндеу жұмыстарын орындауға, құрылыс материалдарын өндіруге, жобалауға, дизайндық жұмыстармен айналысуға маманданады және әртүрлі мақсаттағы құрылыс нысандарын дайын өнімге айналдырғанға дейінгі құрылыс жұмыстарының толық циклін орындауды қамтамасыз етеді. Құрылыс кластеріне, сонымен қатар, саудалық, құқықтық, делдалдық, банктік, аудиторлық, маркетингтік, ақпараттық салаларды, білім мекемелерін және ғылыми-зерттеу қызметтерін қамтитын инфрақұрылымдық кәсіпорындар мен ұйымдар да кіреді. 
 
  Құрылыс кластері қызмет көрсету саласы мен мамандандырылған инфрақұрылымды қоса алғанда шикізатты жеткізушіден бастап соңғы өнімді тұтынушыға дейінгі өндірістік үрдістің барлық компоненттерін біріктіреді. Кооперативтік бірігудің негізгі мақсаты болып нақты экономикалық нәтижеге жету – бәсекеге қабілетті өнімді өндіру табылады. Бұл әрбір жеке ұйым іс-әрекетінің тиімділігін арттыруға және аймақ экономикасының біртұтас дамуын жеделдетуге мүмкіндік береді . 
 
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, кластерді басқару үшін қоғамдық коммерциялық емес ұйым болуы тиіс, оның өкілеттіліктері ретінде сол кластердің қатысушылары, қоғамдық ұйымдар мен аймақтың билік органдары табыла алады. 
 
Құрылыс кластерінің қызмет етуінің негізгі принциптері мыналар болып табылады: 
 
1. Біртұтас ақпараттық кеңістікті қалыптастыру. Бас ұйым мен басқа да ұйым-қатысушылардың арасындағы өзара әрекеттер арқылы жаңа ақпарат пайда болып қалыптасуы тиіс, бұл өз кезегінде іскерлік белсенділіктің қозғаушы күшіне айналады. Ол үшін мыналарға қол жеткізу қажет: 

  •  
    жаңа ақпаратты іске қосу және айырбас жасау (тиімді технологияларды, материалдар мен құрал-жабдықтарды енгізу есебінен құрылыстың құнын төмендету бойынша іс-шаралар туралы, отандық және шетелдік материалдардың негізгі түрлеріне деген бағалардың ауытқу жағдайлары туралы ақпараттармен ұйымды қамтамасыз ету; оқу семинарларын, семинар-отырыстарды және басқа да шараларды ұйымдастыру);
  •  
    біртұтас қаржылық кеңістікті қамтамасыз ету (ұйымның бюджеттік қарыздарын жабу және оны толық жою бойынша есептер жүргізу; кластерге кіретін ұйымдардың тапсырыстары бойынша жабдықтаушылар мен мердігерлердің арасындағы есептерді жүргізу);
  •  
    біртұтас технологиялық және құрылыстық кеңістікті қамтамасыз ету (құрылыс кешенінің технологиялық тұтастылығын сақтау; белгілі бір уақытта қаржыландырылатын құрылыс нысандарын салу тізімдерін ойластыру);
  •  
    біртұтас құқықтық кеңістікті қамтамасыз ету (қаржылық мәселелер бойынша желіге кіретін ұйымдарға методологиялық және кеңес берушілік көмек беру; ұйымдарға олардың экономикалық мүдделерін қорғау мәселелері бойынша тәжірибелік көмек беру; құрылыс жұмыстарымен айналысу үшін лицензия алуға және оның мерзімін созу жөнінде көмек беру; материалдық-техникалық жабдықтау саласында жұмыс істейтін ұйымдарға кеңес беру және методикалық көмек беру).

 
2. Құрылыс үрдістерін  жетілдіру. Жеке алынған құрылыс фирмасы белгілі дәрежеде басқа ұйымдардың қарамағындағы ресурстарға тәуелді болады. Желіге енетін фирма мынадай шараларды орындауға қол жеткізе бастайды, яғни ол: 

  •  
    тиімді құрылыс технологияларын енгізеді (қазіргі заманғы архитектуралық жобалар есебінен, инженерлік құрылғылары бар заманауи автономдық жүйелерді қолданумен байланысты жылу қорғағыш талаптар есебінен тұрғын үйлер салу; тиімді қабырғалық және жылу ұстағыш материалдар өндірісінің технологиясын ұйымдастыру және жетілдіру; құрылыс бұйымдарын, материалдарын, құрастырмаларын өндіру бойынша қуаттары қарқынды құрылыс фирмаларын техникалық жағынан қайта жарақтау және қайта жөндеу; ауылды мекендер мен тұрғын үйлерді инженерлік құрылғылармен қамтамасыз ету);
  •  
    жаңа архитектуралық-жобалық шешімдерді енгізеді (жылу техникасының жаңа талаптары бойынша және тұрғын үйлердің бұрын шығарылған каталогтарына түзету енгізу арқылы тұрғын үйлер жобаларының құжаттарын әзірлеу; шағын шаруа қожалықтарының және өңдеуші кәсіпорындардың жүзеге асыратын жобаларына құжаттық тізімдер дайындау және т.б.);
  •  
    құрылыс машиналары мен құрал-жабдықтардың жаңа түрлерін қолданады (тиімділігі жоғары құрал-жабдықтарды енгізу, құрылыс машиналарының тиімділігі жоғары негізгі түрлерін өндіру, машиналар мен құрал-жабдықтардың жаңа үлгілерін жасау).

 
3. Жалпы коммерциялық  саясат пен сыртқы экономикалық  саясатты қалыптастыру, яғни, мына шаралардың орындалуын қоса есептегенде: 

  •  
    өнімді өткізу және сервистік қызмет көрсету, қажетті ресурстарды тарту; инвестициялық жобаларға қатысу (фирманың бәсекеге қабілеттілігін арттыратын инвестициялық-құрылыстық қызметіне максималды түрде тиімділік әкелетін жұмыстар мен қызмет көрсетулерге деген конкурстарға қатысу үшін материалдарды дайындауды ұйымдастыру); 
  •  
    сыртқы экономикалық қызмет (өндірісті құрылымдық қайта құру, жаңа технологияларды енгізу және өнімнің бәсекеге қабілетілігін арттыру бойынша қызметтерді шетелдік ұйымдармен бірлесе отырып ұйымдастыру).

 
4. Қызметкерлердің  кәсіби біліктілік деңгейлерін  арттыру. Бұған басқарушылар мен қызмет көрсетуші қатардағы персоналдардың кәсібилік деңгейлерін көтеру және оларды еңбекке ынталандыру мен әлеуметтік қорғау сияқты іс-шаралар кешені жатады. 
 
Қазіргі уақытта, еліміз үшін құрылыс немесе тұрғын-үй кластері – бұл кластерлік модельдің ерекше формасы болып табылады, өйткені ұлттық құрылыс индустриясы мен тұрғын-үй коммуналдық шарушылығы – бұл ең алдымен, ішкі нарықтың тұрғын үйге деген қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталатын, және негізгі өнімі ретінде құрылыс пен заманауи қол жетімді баспанаға қызмет көрсету болып саналатын қызметтің ерекше түріне жатады. 
 
Сонымен, сөзімізді түйіндей келе біз мынадай қорытынды шығаруға тырысамыз, яғни, еліміздің құрылыс материалдары өндірісі саласында кластерлік жобаларды енгізуден болатын экономикалық тиімділіктер келесідей ерекшеліктермен сипатталуы тиіс: 
 
1. Өзара желіге кіретін әріптестердің барлық мүмкін болатын әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін өндірістік-құрылыстық жағынан бірігу.  
 
2. Қызметтің нақты түрлеріне маманданған әріптестерге жұмыстарды үлестіру жолымен құрылыс өнімдерін жаңартуға кететін шығындарды төмендету. 
 
3. Ұзақ мерзімдік әрі тұрақты әріптестік байланыстар орнату негізінде құрылыс өндірісін шикізаттармен, материалдармен, әртүрлі қосалқы детальдермен қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру. 
 
4. Құрылыс кәсібін терең меңгерген арнайы мамандандырылған ұйымдарды тарту, еңбек бөлінісі және мамандандыру есебінен кейбір басқарушылық қызметтерді орындаудың тиімділігін арттыру. 
 
5. Өнімді өткізу, сервистік қызмет көрсету және қажетті ресурстарды тарту бойынша бірқатар жұмыстардың тиімділігін арттыру. 
 
6. Инвестициялық-қаржылық және инвестициялық-құрылыстық кооперацияны орнатқан желілік әріптестердің бір-біріне деген сенімділігін арттыру. 

 

 

 

 

 

                                                    

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қазіргі таңда елімізде цемент, бетон бұйымдары, қабырғалық және жылу сақтайтын материалдар, гипс, таскендiр, арматура, гипстi картон, қиыршық тас, құм сынды құрылыс материалдарын  өндіру ісі жолға қойылған. Дегенмен де шектен тыс қадағалаулар саланың  қанатын кеңге жайып жұмыс  істеуіне кедергі келтіруде. Себебі отандық құрылыс материалдары құнының  шетелдердің арзан импортымен салыстырғанда  қымбат. Дағдарыс кезінде еліміздегі құрылыс материалдарын тұтынуының қысқаруы, өндiрiс көлемiнiң төмендеуіне  әкеп соққаны жасырын емес. Алдағы уақытта отандық құрылыс материалдарының  сапасы мен өндiрiс көлемiн арттырып, жоғары сапаға қол жеткізуінің маңызы зор. Сондай-ақ құрылыс материалдарын  өндіретін кәсіпорындардың заңды  мүдделерi мен құқықтарын қорғауды да назардан тыс қалдырмаған жөн. Үкімет бұл бағытта отандық құрылыс  материалдарын өндіруге ден қойған кәсіпорындарға сұраныстың болуына, инновациялық даму мүмкiндiгін кеңейтуге, құрылыс  материалдары өндiрiсi бойынша кәсіпорындарды басқарудың озық үлгісі мен жаңа технологияларын  енгізуіне көмек қолын созуы  тиіс. 
Қазақстанда құрылыс материалдарын шығаратын кәсіп-орындардың өнімі бағасы бәсекелестеріне қарағанда төмен болуы шарт. Бұл үшін Үкімет электр бағасы мен коммуналдық төлемдердің бағасын Ресейден кем қылмау тиіс. Сондай-ақ бизнесте жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың да жолын кесуіміз керек. Ресейдің құрылыс материалдарын өндіретін кәсіп-орындарымен салыстырғанда Қазақстанның зауыттары шағын. Зауыттың өндіретін өнімі көп болған сайын, оның өзіндік құны да аз болатыны белгілі. Сондықтан біздер Ресейдегі бәсекелестерімізді айналып өту үшін инновациялық заманауи өндіріске бой ұруымыз керек. Бұл үшін құрылыс саласы жоғары деңгейде дамыған елдермен ынтымақтастығымызды кеңейтіп, көптеген біріккен кәсіпорындар ашуға күш салуымыз керек.

 


Информация о работе Қазақстан Республикасындағы құрылыс материалдары нарығы