Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 06:33, реферат

Описание работы

Қазақстан бүгiн Еуропа мен Азия арасындағы коммуникациялар легiнiң түйiскен тұсында тұр. Бiздiң мiндет - осынау бiрегей геосаяси жағдайымызды өз елiмiз бен халықаралық қоғамдастықтың мүддесi үшiн ұтымды пайдалану.

Работа содержит 1 файл

Документ Искакбаева реферат (2).doc

— 99.50 Кб (Скачать)

     Елді  және таратып орналастыру жүйесiн  аумақтық 
ұйымдастыру перспективалары       

Мiндеттерi. Ел мен оның өңiрлерiнiң жаңа ұстанымдану мiндеттерiне жауап беретiн, бiртұтас iшкi экономикалық кеңiстiк құруды қамтамасыз ететiн, ел дамуының геосаяси және гэоэкономикалық факторларын ескеретiн экономикалық әлеуеттi және халықты таратып орналастыруды тиiмдi кеңiстiктiк ұйымдастыруды қалыптастыру. 
      Әлемдiк және өңiрлiк экономикада ел мен оның өңiрлерiнiң орнын айқындау, экономикалық, табиғи, еңбек әлеуетiн талдау және бағалау, сондай-ақ таратып орналастыру жүйесi негiзiнде елдiң аумақтық кеңiстiгiн қалыптастырудың осьтiк ұстанымына көшудi жүзеге асыру көзделiп отыр, оның қаңқалық негiзi қазiр бар және қалыптастыру көзделiп отырған, сыртқы нарықтарға шығу мен елдiң өңiрлiк және әлемдiк экономикаға кiрiгуiн қамтамасыз ететiн көлiк-коммуникация дәлiзi, ал аса маңызды тораптары - өңiрлiк және жаһандық нарықтарға кiрiктiрiлген көшбасшы iрi қалалар болады. 
      Солтүстiк, Оңтүстiк, Орталық аумақтық дамудың стратегиялық осьтерi (9-қосымша): 
      қалыптасқан, сол сияқты қалыптастырылып жатқан өңiрлiк және өңiрге қарасты құрылатын аумақтық-шаруашылық жүйелердi, сондай-ақ оқшауланған экономикалық тораптар мен олардың арасындағы аумақтарды байланыстырады, бұл жергiлiктi осьаралық желiлердi қалыптастырумен қатар елдiң iшкi экономикалық кеңiстiгiнiң бiртұтастығын қамтамасыз етедi; 
      ортақ еуразиялық экономикалық кеңiстiк қалыптастыру аясында елдiң геоэкономикалық жағдайынан түсетiн қосымша пайданы қамтамасыз ете отырып, трансеуразиялық сауда-экономикалық, көлiк-коммуникациялық дәлiздер бағытында қалыптастырылады. 
      Солтүстiк даму oci Каспий (Атырау, Ақтау) және Алматы (Талдықорған, Достық) аумақтық шаруашылық жүйелерiне шығумен Өскемен - Семей - Павлодар - Астана - Қостанай (Көкшетау, Петропавл) - Ақтөбе - Орал бағытында және Ресей Федерациясының шекара маңындағы өңiрлерiне осьтiң бүкiл периметрi бойынша қалыптасады. 
      Ось елдiң солтүстiгi мен батысындағы "астық белдеуi" деп аталатын өмiр сүруге және шаруашылық қызметке қолайлы, дамыған сауда-экономикалық және көлiк-коммуникациялық байланыстары бар толық игерiлген аумақтарды Ресей Федерациясымен, еуропалық, таяушығыстық және шығыс-азиялық (Орталық ось арқылы) экономикалық кеңiстiкке негiзгi шығу жолдарымен байланыстырады және Солтүстiк-қазақстандық трансеуразиялық сауда-экономикалық дәлiзiн құрады. 
      Оське кiретiн аумақтардың қазiр бар экономикалық әлеуетiн нығайтумен қатар, Қостанай - Ақтөбе ocькe қарасты дәлiздiң әлеуетiн, сондай-ақ Каспий аумақтық шаруашылық жүйесiне (Атырау, Ақтау) шығуды ұйымдастыруды нығайту мен өсiру перспективалы мiндет болып табылады. 
      Оңтүстiк даму oci бүкiл периметр бойынша ортаазиялық мемлекеттердiң шекара маңындағы өңiрлерiне шығумен Қытай Халық Республикасының шекарасы (Достық, Қорғас) - Талдықорған - Алматы - Тараз - Шымкент - Қызылорда - Атырау, Ақтау бағытында қалыптасады. 
      Ocь елдiң оңтүстiгiндегi өмiр сүруге және шаруашылық қызметке қолайлы, дамыған сауда-экономикалық және көлiк-коммуникациялық байланыстары бар толық игерiлген аумақтарды Орталық Азия мемлекеттерiмен, сондай-ақ Қызылорда, Ақтөбе (оңтүстiк бөлiгi), Атырау және Маңғыстау облыстарының оқшауланған экономикалық тораптарын еуропалық, таяушығыстық, шығыс-азиялық және оңтүстiк-азиялық экономикалық кеңiстiктерiне негiзгi шығу жолдарымен байланыстырады және Оңтүстiкқазақстандық трансеуразиялық сауда-экономикалық дәлiзiн (жаңарған Ұлы Жiбек жолын) құрады. 
      Елдiң экономикалық кеңiстiгiнiң тiрек қаңқасы елдiң орталық бөлiгiнде Оңтүстiк және Солтүстiк даму осьтерiн байланыстыратын Орталық ось болады. 
      Орталық даму oci Балқашқа, Достыққа тармақталумен және Қытайға, сондай-ақ Жезқазғанға шығумен, Батыс Қазақстанның теңiз порттары бағытына шығу перспективасы бар "Астана - Қарағанды - Алматы" бағытында қалыптасады. 
      Оське қосылатын даму аумақтарының ерекшелiгi олардың игерiлу дәрежесiнiң төмендiгi, өмiр сүруге және шаруашылық қызметке қолайсыз жағдай, қалыптасқан аумақтық шаруашылық жүйелердiң оқшаулығы және көлiк-коммуникация желiлерiнiң дамымауы болып табылады. Сонымен бiр мезгiлде елдiң орталық аумақтары оның резервтiк ресурстық аймағы болып табылады. 
      Ocьтiң бойында орналасқан аумақтарды игеру "Ақтөбе - Атырау, Ақтау", "Семей - Өскемен - Алматы" жергiлiктi осьаралық желiлердi дамытумен қатар, елдiң бiртұтас iшкi экономикалық кеңiстiгiн, Ресей Федерациясының Азиялық бөлiгi - Орталық және Оңтүстiк Азия (Солтүстiк - Оңтүстiк) бағытындағы сауда-экономикалық дәлiздердi қалыптастырудың негiзiне айналуға тиiс. 
      Қалыптастырылатын даму осьтерiнiң аса маңызды тораптары аумақтық-шаруашылық жүйелердiң iрi экономикалық орталықтары болып табылатын, әлемдiк, өңiрлiк және ұлттық еңбек бөлiнiсiнде бәсекеге қабiлеттi, серпiндi дамып келе жатқан көшбасшы қалалар мен тiрек қалалар болады.
 
 
 

Тiрек  қалаларды дамыту       

Мiндеттер. Өзiне экономикалық белсендiлiктi шоғырландыратын және өңiрлердiң сыртқы нарықтарға кiрiгуiн қамтамасыз ететiн тiрек қалаларды басым дамыту арқылы өңiрлердiң серпiндi дамуын қамтамасыз ету. 
      Ел өңiрлерiнiң аумақтық-шаруашылық жүйелерiнiң даму перспективалары бәсекеге қабiлеттi өндiрiстердiң болуына ғана емес, ашық нарықтағы ағындар мен алмасуларды тиiмдi басқаратын, өңiрдiң барлық түйiндi (табиғи, қаржы, адами және басқалары) ресурстарын ұтымды желiлiк жүйелерге байланыстыратын және өздерiн сыртқы нарықтарға белсендi ұстанымдайтын бәсекеге қабiлеттi орталық тораптарды - тiрек қалаларды қалыптастыруға да тәуелдi. 
      Мынадай факторлар бойынша қолда бар және перспективалы әлеует тiрек қалаларды айқындау өлшемi болды: 
      экономикалық дамыған iрi қала және басқару орталығы; 
      көлiк торабы мен iшкi және халықаралық көлiк дәлiздерiнде орналасу; 
      әлеуеттi iшкi немесе сыртқы өткiзу нарықтарына жақын орналасу; 
      көршiлес мемлекеттердiң iрi қалаларымен симметриялық даму мүмкiндiгi (принцип: бәсекелес қалалар). 
      Екi деңгейдегi тiрек қалалар айқындалды: 
      1. Ұлттық деңгейде - экономикалық макроөңiрлердiң: Қостанай қаласындағы орталығымен Солтүстiк, Қарағанды қаласындағы орталығымен Сарыарқа, Ақтөбе қаласындағы орталығымен Орал, Атырау қаласындағы орталығымен Каспий, Шымкент қаласындағы орталығымен Оңтүстiк, Өскемен қаласындағы орталығымен Ертiс, Алматы қаласындағы орталығымен Жетiсу орталықтарын бөле отырып, барлық қалалар - облыс орталықтары және Шығыс Қазақстанның аса маңызды көлiк торабы ретiнде Семей қаласы. 
      2. Өңiрлiк деңгейде - облыстық маңызы бар басқа перспективалы қалалар. 
      Елдiң барлық дерлiк тiрек қалаларының шекара маңындағы аудандарда орналасуы олардың таяу орналасқан өңiрлерге белсендi ұстанымдануының қажеттiгiн негiздейдi. 
      Шекара маңындағы қалаларға форпосттардың, елдiң бәсекелiк стратегиясының тiрек нүктелерiнiң және қалыптастырылатын даму осьтерiнiң шеңберiнде халықаралық экономикалық ынтымақтастықтың қажеттi буынының рөлi берiледi. 
      Шекара маңындағы өңiрлердiң тiрек қалаларын дамыту стратегияларында оларды iргелес елдердiң таяу орналасқан iрi қалаларымен бәсекелi түрде "симметриялық" (тең дәрежеде) дамыту қажеттiгi ескерiлетiн болады. 
      Өздерiне таяу орналасқан шағын қалалар мен ауылдық аумақтарды қоса алғанда, тiрек қалалар өңiрлiк кластерлердi қалыптастырудың және кәсiпкерлiктi жандандырудың катализаторына айналады. 
      Экономиканың өңiрлiк нарыққа бағдарланған инновациялық секторын (ғылыми-технологиялық, сауда-логистикалық, қаржы, ақпараттық-бiлiм беру және iскерлiк қызмет көрсетулер) қалыптастыру тiрек қалалардың мамандануын әртараптандырудың бағытына айналуға тиiс. 
      Тiрек қалаларды дамытуды олардың ұлттық немесе өңiрлiк экономикалық кеңiстiкте тиiмдi ұстанымдануын қамтамасыз етудi көздейтiн өңiрлердiң даму стратегияларын (бәсекелi стратегияларды) iске асыру шеңберiнде жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асыратын болады. 
      Орталық деңгей тарапынан жекелеген қалаларды дамытуды қолдау өңiрлердi дамытудың стратегияларын (бәсекелi стратегияларды), даму бағдарламаларын және олардың iске асырылу серпiнiн талдау мен бағалау арқылы конкурстық негiзде жүзеге асырылады.
 

     Аумақтық  дамуды инфрақұрылымдық қамтамасыз ету 

Мiндеттер. Экономикалық белсендiлiктiң өсуi мен әлемдiк шаруашылық жүйесiне үйлесiмдi кiрiктiрiлген бiрыңғай iшкi экономикалық кеңiстiк құру үшiн жағдайлар жасау. 
      Халықтың қолайлы тыныс-тiршiлiк ортасын жасау. 
Өндiрiстiк, энергетикалық, инженерлiк, көлiктiк, телекоммуникациялық, су шаруашылығы, әлеуметтiк және рекреациялық инфрақұрылымды үйлестiре дамытуды қамтамасыз ету. 
      Кластерлiк дамуды қамтамасыз ету инфрақұрылымын қалыптастыру. Мемлекеттiк-жеке меншiк серiктестiк тетiктерi арқылы инфрақұрылым объектiлерiн салуға және пайдалануға жеке меншiк капитал тарту.

       

     Инновациялық  инфрақұрылым       

Мiндеттер. Ұлттық инновациялық жүйенiң ҰИЖ) орнықты жұмыс iстеуiн және оны дамытуды қамтамасыз ететiн көп деңгейлi инновациялық инфрақұрылым қалыптастыру, экономика мен экспортқа бағдарланған өндiрiстердiң жаңа жоғары технологиялық секторларын құру. 
      Инновациялардың ролi мен оларды орнықты генерациялауды қамтамасыз ететiн жүйе бiлiмге негiзделген, қоғамдық әл-ауқаттың iргетасы болуға қабiлеттi бәсекеге қабiлеттi экономика құру үшiн аса маңызды. 
      Елдi ұстанымдаудың жаңа мiндеттерiн шешу тұрғысында: 
адам ресурстарын капиталдандыруға; қоғамдық капиталдың өнiмдiлiгiн өсiруге; зияткерлiктi қажетсiнетiн қызмет салаларында халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылдау қажеттiлiгi туындайды. 
      Осы мәселелердi шешу мақсатында Қазақстанда: 
жоғары оқу орындарынан, ҒЗИ-лардан, ғылыми орталықтардан, бiлiктi жұмыс күшiн даярлауға және жаңа идеялар мен әзiрлемелердi генерациялауға бағдарланған консалтингiлiк және бiлiм беретiн компаниялардан тұратын, өзара iс-қимыл желiсiн танытатын бiлiм беру-инновациялық кешендер мен аймақтарды; 
      технологиялық парктер мен технологиялық бизнес-инкубаторларды қамтитын, ғылыми идеялар мен әзiрлемелердi коммерцияландыруға және тауарларға материалдандыруға бағдарланған бизнес-технологиялық кешендердi; 
      инновациялық қызметтi қолдауға бағдарланған және қаржыландыру, маркетинг, жарнама-көрме қызметi, патенттеу-лицензиялау жұмысы мен зияткерлiк меншiктi қорғау мәселелерiмен айналысатын құрылымдарды қамтитын қолдау кешендерiн қамтитын көп деңгейлi инновациялық инфрақұрылымқалыптастыру көзделедi.
 

Информация о работе Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму