Қазақстан республикасының экономикалық дамуының болашағы

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2011 в 13:33, курсовая работа

Описание работы

Көрсеткіштер мазмұнын анықтағанда саяси-экономикалық концепцияларға негізделіп зерттелген үрдістер мен құбылыстарға сандық талдау жасалады. Бұл концепциялар ЖІӨ, ұлттық табыс, т.б., сияқты аса маңызды макроэкономикалық көрсеткіштерге де қолданылады. Мысалы, ұлттық есептер жүйесінде қолданылатын саяси-экономикалық концепциялардың бірінде нәтижесінде құн қалыптасып, ұлттық өнім өндірілетін қызмет түрлерінің анықталуы қарастырылады.

Содержание

Кіріспе 5
1 Жалпы ұлттық өнім, қор және ағын 7
1.1 Жалпы ұлттық өнім және негізгі макроэкономикалық көсеткіштер 7
1.2 Нақты және атаулы жалпы ұлттық өнім 8
1.3 Жалпы ұлттық өнімді есептеу әдістері 9
2 Қазіргі таңда қазақстан республикасындағы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің динамикасы 16
2.1 Тәуелсіз жылдарындағы Қазақстан Республикасының ЖҰӨ көрсеткіштерін талдау 16
2.2 Оңтүстік Қазақстан облысындағы ЖҰӨ -нің дамуының ерекшеліктері 21

3 Қазақстан республикасының экономикалық дамуының болашағы
25
3.1 Қазақстан Республикасындағы макроэкономикалық өсудің жетілдіру жолдары 25
Қорытынды 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Жалпы ұлттық өнім.doc

— 596.50 Кб (Скачать)

   Жалпы Бағдарламаны іске асыру жоспары  орындалған, оны іске асыруға қарастырылған  бюджет қаражаты игерілді: бизнес субъектілері үшін сайт құрылды, кәсіпкерлерге маркетинг, менеджмент және бухгалтерлік есептер  бойынша оқу жүргізілді және консультация беру бойынша жұмыстар жүргізілді.

   Осылайша, шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін облыстық бюджеттен 2004 жылы – 7,1 млн. теңге, 2005 жылы – 5,0 млн. теңге, 2006 жылы -11,8 млн. теңге,  2007 жылы – 8,4 млн. теңге  бөлінді.

   «Кәсіпкерлік  қызметтерін қолдау» бюджеттік бағдарламасын іске асыру барысында:

   2006 жылы  2007-2009 жылдарға арналған  шағын кәсіпкерлікті қолдау мен  дамытудың жаңа Бағдарламасын  әзірлеу бойынша ұсыныстар мен  нәтижелер шынайылығын қамтамасыз  ету мақсатында облыстық бюджет  қаражатынан  шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша маркетингтік зерттеулер жүргізуге 5,0 млн. теңге  бөлінді.

   Зерттеу төңірегінде 503 бизнес субъектісіне келесі қызмет түрлері бойынша: құрылысқа  – 13 пайыз, ауыл шаруашылығы өндірісіне – 4 пайыз, көлікке – 13 пайыз, тауар  өндірісі мен халық тұтынуларына – 7,5 пайыз, сауда, тұрмыстық қызмет көрсетулерге – 58 пайыз, оқыту, консалтингтік және басқа қызмет көрсетулерге – 4,5 пайыз сауалнама жүргізілді [24].

   ОҚО облысының имиджін отандық және әлемдік нарықта анықтау  мақсатында 100 негізгі Инернет-сайттарда талдау жүргізілді, соның негізінде РR- стратегия бағыты анықталды, ол Қарағанды аумағына кәсіпкерлікті дамыту үшін артықшылық береді.

   ОҚО облысында өткізілген,   шағын  кәсіпкерлік  қоғамына қатысты  және жалпы экономикалық реформаларға қатысты анықтау бөлігінде облыс халқына социологиялық сұрау жүргізілді (3 мың адамға). Өткізілген зерттеулер ОҚО облысының шағын кәсіпкерліктің негізгі мәселелерінің картасын құруға ықпал етті [10]. 

   Ендігі  кезекте қор есебіне тоқталсақ.

   Қор есебі: мәселен, фирма қосымша жұмысшылар алып, өндірісін үлкейтсе, оларға жалақы төлесе, ал содан кейін жасалған тауарлары өтпей қалса, бұл жалпы ұлттық өнім көрсеткішіне қалай әсер етуі мүмкін? Жауап өтпей қалған тауарға байланысты. Егер өнім керек емес деп тасталынса, онда фирма пайдасы қосымша жалақы өлшемі ретінде төленеді, - сонда фирма жалақы ретінде үлкен сома төлесе, ал пайда ретінде өзіне ешқандай табыс тапқан жоқ. Бұл операция шығын көлеміне және табыс деңгейіне әсер етпейді.  Сондықтан, жалпы ұлттық өнім өзгеріссіз қалады (тек қана жалақыға тиесілі бөлігі ғана аз). Басқаша айтқанда, егер өнімді кейінірек сату үшін, қорға жинап қойса, онда ұлттық есептеу принцепіне байланысты, бұл операця басқаша қарастырылады. Бұл жағдайда пайда қысқартылмайды, себебі өнім фирма қорында сақталуда. Сол себепті жалпы ұлттық өнім көлемі көбейеді. Яғни, жалақының жоғары болуынан пайда жоғарылайды, сонымен қатар қордың жиналуынаншығын көлемі көбейеді. Жалпы ереже бойынша фирма тауар қорын көбейткен сайын инвестиция көлемі қорға және шығын құрамына, табыс құрамына енеді. Сол себепті, өндіріс нәтижесінде қор өсімі пайда болып, жалпы ұлттық өнім көбейеді. Нақты өмірде мемлекеттердің жалпы ұлттық өнімді есептеу өте күрделі мәселе. Сондай күрделі экономиканы өндіріс пен қызметтер шығынын қоса отырып, тікелей түсінуге болмайды. Жалпы ұлттық өнім туралы дұрыс тұсінік алу үшін, оның басты қалыптасу принциптері туралы білу қажет [11].

 

    2 Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы негізгі макроэкономика-

       лық көрсеткіштердің динамикасы 

   2.1 Тәуелсіз жылдарындағы Қазақстан Республикасының ЖҰӨ

           көрсеткіштерін талдау 

   Елбасы  Нурсылтан Назарбаев биылғы Қазақстан  халқына Жолдауында «Біздің ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттігіне  оны әлемдік экономикаға интеграциялаган  жағдайда ғана қол жеткізе алатынымыздың» атап көрсітілуі ел экономикасының жаһандық ықпалдастыққа жақындап келе жатқанын айқындады. Өткен жылдарғы реформалардың басты қортындыларын бағалай отырып, сөз жоқ, елдің әлеуметтік-экономикалық келбеті түбегейлі өзгергенін мойындау керек. Тәуелсіздік жолдарында өтпелі кезеңнің бұрынғы жүйесін сапалы жағынан жаңа экономикалық жүйеге ауыстыруға бағытталған реформалардың үш маңызды кезеңі болғаны байқалады.

   Бірінші кезең-романтикалық, либералдық. Еркіндік пен демократияны жариялауды өз-ақ ескіні күйретуші күш қана емес нарықтық қайта құруларды ілгерілетуші күш те болатындай көрінген бұл кезең принципті тұрғыда өз рөлін орындады. Реформалардың басты қозғаушысы-нарықтық қайта құрулардың еркін қатысушысы пайда болды. Сонымен бірге, мемлекеттің экономикадан тым жылдам шегінуі ынғайнда жарияланған жаппай ырықтандыру бақылаудан тыс инфляция, өндірістің құлдырауы, жұмысыздықтың пайда болуы мен өсуі сияқты келеңсіз жағдайларға әкеліп соқтырды.

   Екінші  кезең-инфляцияның ауздықтауға, қатаң  қаржы, ақша-кредит саясатын жүргізүге, нарықтық экономика қағидаларын қабылдау мен қатаң орындауға арналған тұрақтандырушылық бағыт. Қатаң бағыт елді гиперинфляциядан және экономиканың күйреүінен құтқарып қалды [13].

   Сондай-ақ ол реформаларды бостандық пен демократияның қажеттігі жөнінде жариялаумен ғана емес, өркениетті рынок нормаларымен ережелерін міндетті және мүлтіксіз сақтай отырып қана жүргізуге болатынын дәлелдеді. Алайда, кәсіпкерлік дәстүрлері, меншік нышандары жеткілікті дамыған елдерде монитаризм шеңберінде қолдануға болатын қатаң бағыт біздің халқымыз бен экономикамыз үшін тұтастай алғанда ауыр жүк болды. Және де реформаторлық міндеттерді жүзеге асыруғ а тым революциялық тұрғыда келу шыныменде жөн болмай шықты. Прагматикалық жол қоғамға қысымды бәсендетуге, анағұрлым жұмсақ постмонетарлық бағытқа көшуге, сонымен бірге отандық өндірісті нақты көтерумен айналысуға, жұмыспен қамтуды ұлғайтуға, ішкі рынокқа бет бұрұға арналды [14].

   Айтарлықтай қатаң экономикалық саясат ұстанған, елдің экономикалық тынысын нақты сезінетін және экономикалық бағытты түзеу қажеттігін аңғарған Президент Н.Назарбаев дамудың жаңа кезеңіне арналған бірқатар маңызды міндеттерді-экономикалық өсу бағытын, дамудың жаңа басымдықтарын қалыптастыруды алға тартты. Реформалардың бірінші және ең маңызды кезеңінің экономикалық жүйені, өндірістік қатынастарды түбегейлі өзгерту жөніндегі басты міндеттері шешілді. Қазақстан экономикасы нарықтық экономикаға айналды.

   Қазақстан экономикасы әлеуметі жағынан өзін-өзі  қамтамасыз ете алатын болғанымен, ол өзара байланысқа жүйе болмады. Бұл жәйт сыртқы рынокқа шығуды талап етті. Дағдарыс қисыны бойынша рыноқ қажет еткен өндіріс дамып, морльдық жағынан ескірген техникалық тұрғыда артта қалған, тиімсіз өндірістер ығыстырылып шығарылуы керек. Алайда, бұл міндеттерді шешу қаржы ресурстары жетіспегендіктен аса қиын болды. Қазақстан экономикасы мемлекеттік бюджет пен ірі кәсіпорындарды қаржылық қолдау үшін айтарлықтай ауқымды ресурстарды қажет етті. Бүгінде Қазақстан дүние жүзінде әлемдегі ірі өндірушілердің біріне айналды және әлемдік рынокта маңызда орын алды. 27 тауар позициясы бойынша алдыңғы лектегі 10 елдің қатарына кіреді. Мемлекеттің таяудағы 10 жылға арналған сратегиялық міндеттерінде республиканың экономикадағы дәстүрлі басымдықтарын барынша пайдалану қажеттігі міндеттелген. Бұл арада әңгіме табиғат байлығы мен минералдық шикізат қоры жөнінде болып отыр. Қазақстан олардың кейбірінің абсолюттік қоры бойынша да, өндіру бойынша да, соның ішінде халықтың жан басына шаққанда жүниежүзінде бірінші орынға ие.

   Қазақстан әлемдік және минералдық шикізат  кешеніндегі өзінің күшті позицияларын сақтай алады және солай етуі тиіс. Бұл үшін руданы өңдеу мен метал  балқыту жөніндегі қазіргі заманғы  технологиялардың дамуын қамтамасыз етіп, дәстүрлі дамыған геологиялық, тау-кен ісін қалпына келтіру қажет. 2000-2005 жылдары кен металлургия кешеніне инвесторлардың жылына 2 млрд. доллар және одан да артық көлемде инвестициялар салуы көзделінген. Тағы бір айта кетерлік жәйт, шетелдік инвестициялар экономикалық қайта құруға жәрдемдесетін болады деп күтілген-ді. Ондай үмітіміз ішінара ақаталды. Шетелдік инвестициялардың есебінен өндіруші салаларда өсімге қол жетті, бұл да экономиканың жалпы көтерілуіндегі едәуір маңызды фактор. әйтсе де еліміз өзінің дамуында біржақтылыққа жол бермеуі керек [14].

   Қазақстанның  өзара қатынастардың жаңа класына  кіру шарттары айтарлықтай қатаң. Егер республиканың шикізат рыногына қатысуына жол ашық болса, дайын  өнімдер рыногына кіруіне жоғары баж салықтарынан, инфрақұрылымдары дамыған қуатты трансұлттық компаниялардан тұратын кедергілер бар. Осыған байланысты Қазақстан өзінің жаңа Индустриялық-инновациялық бағдарламасын жүзеге асыруға байыпты және аса жауапты қарауы керек болады.

   Қазақстанда жоғары сапалы болат пен арнаулы  қорытпалардың қуатты саласын құру индустриялық-инновациялық дамудың басым бағыттарының бірі бола алады. Талдаулар көрсетіп отырғанындай, жаңа материалдардың пайда болуына қарамастан, әлемде болаттың беріктігі жоғары тат баспайтын, подшипниктік түрлеріне қажеттілі өсіп келеді, арнаулы қорытпалардың жаңа түрлері жасалуда. Халықаралық ұйымдардың болжамына қарағанда, таяудағы жылдары болат өнімдерін тұтыну арта түседі. Дұрыс есеп құрған жағдайда Қазақстан әлемдік болат рейтингінде қазіргіден 10-15 пункт жоғарылай алады.

   Өз  өнеркәсібінің көтеріліп жатқанына қарамастан Қазақстан темір, хром, марганец рудаларын үлкен көлемде сыртқа, нң алдымен Рессей зауыттарына жөнелтуді жалғастыруда. Республиканың елеулі резервтерінің бірі болат бұйымдар шығаруды, соның ішінде мырышпен қапталған болат шығаруды кеңейту болып табылады. Жалпы метеллургияның дамуы және арнаулы қорытпалар, жоғары сапалы болат пен олардан жасалған бұйымдар шығару республикаға 13-14 млрд. АҚШ долларынан астам табыс әкеле алады.  
Әлем деңгейінде 215-ке жуық мемлекет бар екенін ескерсек, оның алдаңғы шептегі елеуінің санына қосылу біздер үшін бұл асқақ арман. Оған жету шебер басқару жүйесін, терең білімді, жоғары біліктілікті, жан-жақты дайындықты, қажымас еңбекті, үлкен ізденістерді талап етеді. Алдағы елдер біздер қатарына қосылсын деп күтіп тұрмайды. Сондықтан ад біздер осы арманға даму қарқынын жеделдетіп, уақыт ұтқанда ғана жетеміз. 1999-2004 Қазақстанның ішкі ұлттық өнімі 60% жуық өсті. өсу қарқыны жағынан біздер ТМД елдерінің алдына шықтық, ал Шығыс Еуропа елдерімен бір деңгейдеміз. Шама бойынша енді 2-3 жыл ішінде ұлттық ішкі өнім 2 есеге көбейеді, қуаты жағынан 1 Қазақстан 2 Қазақстан болады деген сөз. Бір кездері күрделі экономикалық реформалар жүргізген Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне олардың ішкі жалпы өнімінің 2 есе өсуі үшін орта есеппен 12-13 жыл керек болған, біз осындай нәтижеге 8-9 жыл ішінде қол жеткіземіз деген үміттеміз. Яғни алған қарқын жақсы, осының арқасында алға кеткен елдермен ара қашықтықты азайтамыз деген жоьаның негізі бар. Бұл қарқын қолданып отырған саясаттың дұрыстығын растайды. Сонымен қатар осындай дамуға бізге Алла сыйлаған жер байлығының да көмегі молынан тиіп отырғанын мойындауымыз керек [15].

   Адам  басына шаққанда ІЖӨ бізде 2004 жылы 2700 долларға жетті, яғни 6 жыл ішінде 4 есеге  жуық өсті. 2005 жылы осы көрсеткіш 3207 доллар ал 2007 жылы 3800 доллар болады деп жобаланып отыр. Осы маңызды көрсеткіш бойынша біз Түркияның, көптеген Азия елдерін, Ресейден басқа барлық ТМД елдерін басып оздық, Шығыс Еуропа елдеріне біршама жақындадық.

   Дегенмен, жоғарыда аталған ұлттық байлықтың  адам басына шаққан мөлшері жөнінен  біз көптеген дамыған елдерден әлі  тым қашықтамыз. Мысалы, осы мөлшер әлем елдері алдында келе жатқан Сингапурда 30 мың доллар шамасында болса алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына қосылуға жақын Венгрияда 14 мың доллардан артық. Яғни біздің адам басына табысымыз осы елдерден 5-10 есе төмен, еңбек өнімділігі де осыған сәйкес төмен

   Қазақстан экономикасы үшін 1991-2001 жылдар қайшылықты сипаттағы экономикалық түрлену  және реформалар кезеңі деп белгіленді. Жеткен нәтижелер тұрғысынан алғанда елімізде 1994-1998 жылдары ешқандай алға басу болған жоқ. Қазақстанда 1994-1998 жылдары жалпы ішкі өнімнің өсуі теріс (-4,2 %) қарқын алды. 1996 және 1997 жылдар бұдан өзгеше болды, онда ЖҰӨ тиісінше 0,5% және 1,7%-ды құрады (өткен жылдың тиісті кезеңіне шаққанда). 1998 жылы ЖҰӨ көлемі 1994 жылдағы деңгейдің 91,4%-ын құрады. Экономистердің есебі бойынша, 2010 жылы 1990 жылдың деңгейіне жету үшін жалпы ұлттық өнімнің өсуін жыл сайын 3,5-4%-ға қамтамсыз ету қажет болды. Мұндай сәтсіз нәтижелер тек қана ішкі факторлардың ғана емес, сонымен бірге сыртқы факторлардың, ең алдымен Ресесйдегі қаржы дағдарысы, мұнай бағасының төмендеуі және т.б. жағдайларға байланысты туындағын.

   1999 жылдан мұнайға және шикізаттың басқа да түрлеріне бағалардың өсуіне, теңгенің құнсыздануына байланысты жағдай жақсарды. 1999 жылы жалпы ұлттық өнім 2,7%-ға (1998 жылмен салыстырғанда), 2000 жылы - 4,9%; 2003 жылы - 4,2; 2004 жылы - 3,6% болды [17].

   Қазақстанда макроэкономикалық тұрақтылыққа жету үшін республиканың орта мерзімдегі әлеуметтік-экономикалық Стратегиясында келесі іс шаралар белгіленген:

  • алдағы уақытта жалпы ұлттық өнімнің даму қарқынын және теңгені құнсызданудан сақтау;
  • инфляциялық процестерді тежеу;
  • сауда және төлем балансында оң сальдоға жету және т.б.

   Қазақстандағы өндірілген жалпы ұлттық өнімнің  көлемі жедел ақпараттар көзіне сүйенетін  болсақ,  4 367,9 млрд. құрап отыр. 2005 жылдың белгілі периоды бойынша жалпы ұлттық өнімнің нақты өзгеру қарқыны 109,3%-ды құрайды.

   Жалпы ұлттық өнім көлемінің өсу деңгейі 9,3% болып өсуі экономиканың кейбір салаларындағы нақты өнім көлемінің өсуімен түсіндіріледі. Яғни, бұл өсім өнеркәсіпте - 5%-ға,  ауылшаруашылығында - 4,1%-ға,  құрылыста - 37,6%-ға,  көлік кешенінде - 6,5%-ға,  байланыс кешенінде - 26%-ға, саудада - 9,5%-ға өскен.

   2006 жылыдың бірінші жартыжылдығының  индекс-дефляторы жалпы экономикада  116,3%-ды құрап, тиісті уақытта  тауар өндіруде - 116,7%-ды құраса, ал  қызметкөрсетуде - 112,0%-ды құрады [16].

Информация о работе Қазақстан республикасының экономикалық дамуының болашағы