Қазақстан республикасының экономикалық дамуының болашағы

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2011 в 13:33, курсовая работа

Описание работы

Көрсеткіштер мазмұнын анықтағанда саяси-экономикалық концепцияларға негізделіп зерттелген үрдістер мен құбылыстарға сандық талдау жасалады. Бұл концепциялар ЖІӨ, ұлттық табыс, т.б., сияқты аса маңызды макроэкономикалық көрсеткіштерге де қолданылады. Мысалы, ұлттық есептер жүйесінде қолданылатын саяси-экономикалық концепциялардың бірінде нәтижесінде құн қалыптасып, ұлттық өнім өндірілетін қызмет түрлерінің анықталуы қарастырылады.

Содержание

Кіріспе 5
1 Жалпы ұлттық өнім, қор және ағын 7
1.1 Жалпы ұлттық өнім және негізгі макроэкономикалық көсеткіштер 7
1.2 Нақты және атаулы жалпы ұлттық өнім 8
1.3 Жалпы ұлттық өнімді есептеу әдістері 9
2 Қазіргі таңда қазақстан республикасындағы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің динамикасы 16
2.1 Тәуелсіз жылдарындағы Қазақстан Республикасының ЖҰӨ көрсеткіштерін талдау 16
2.2 Оңтүстік Қазақстан облысындағы ЖҰӨ -нің дамуының ерекшеліктері 21

3 Қазақстан республикасының экономикалық дамуының болашағы
25
3.1 Қазақстан Республикасындағы макроэкономикалық өсудің жетілдіру жолдары 25
Қорытынды 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Жалпы ұлттық өнім.doc

— 596.50 Кб (Скачать)

   Ағымдағы  жылдың жалпы ұлттық өнім көлеміндегі тауар өндірісі мен қызмет өндірісі сәйкесінше 41,2% және 53,8%-ды құрады. Жалпы ұлттық өнім көрсеткішіндегі өндірістің негізгі бөлігін өнеркәсіп құрайды - 32,8%.

   Төмендегі суреттерде ЖҰӨ -ді қолданудың  соңғы  қолданыс әдісінің 2004-2011 жылдар арасындағы көрсеткіші талданды. Нұсқалынған көрсеткіштерде 2004 жылдан 2011 жылға дейінгі ЖҰӨ қолданыс аясының диаграммасы қалай құрылғандығы айқындалды [18].  
 
 

   

   Сурет 1.  ЖҰӨ -ді қолданудың  соңғы қолданыс әдісінің 2004-2011 жылдар арасындағы көрсеткіші  

   Екінші  суретте көрсетілгендей ЖҰӨ-ді қолдануы бойынша 2005 жылдан 2011 жылдар арасындағы соңғы қолданыс және жалпы жинақ, таза экспорттың пайыздық көрсеткіші талданды.

   

   Сурет 2. ЖҰӨ қолдануы бойынша 2005-2011 жылдар арасындағы пайыздық көрсеткіші 
 

   2.2 Оңтүстік Қазақстан облысындағы ЖҰӨ -нің дамуының

         ерекшеліктері 

   Оңүстік Қазақстан облысындағы ЖҰӨ-ның  даму динамикасы өткен жылдың қортындысы бойынша өңірлік өнім көлемі алғаш рет 1 трлн 135 миллиард теңгені құрады. 2009 жылмен салыстырғанда бұл 4,7%-ға көп. Жаңа кәсіпорындардың ашылуы және өндірістің өрлеуі есебінен 10 528 жұмыс орны да ашылған. Егіншілік саласы бойынша алынған өнімдер 40%-ға дейін артты. Дегенмен, ақ алтынның отаны саналатын өңірімізде мақта өндіру өндірісі әзірге ойдағыдай емес. 15–20 центнер мақта аламыз, оны тазалағанда оданда аз [17].

   Алайда, қазірдің өзінде жерді қайта қалпына  келтіру жұмыстары қолға алынып отыр.Ол үшін ел қазынасынан оңтүстікке 1.8 миллиард теңге қаражат та бөлінді. Берік Оспанов облыстағы мал  шаруашылығын жандандыруда да бірқатар жобалар қолға алынып отырғанын жеткізді.

   Берік Оспанов, ОҚО әкімінің бірінші орынбасары: - 180 шаруа қожалығын ашамыз. Оны қамтамасыз ететін 5 үлкен орталық боладжы. Соның 2-і репродукциялық орталық және 3-і бордақылау орталығы болады.

   Тағы  бір айта кетерлігі,облыс бойынша  бюджет көлемі 259,1 миллиард теңгені  құрады,бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 17,6%-ға артық. Қазына қаржысының игерілуі 99% жетті. Бюджеттік кірістердің  өсу динамикасы бойынша да біздің өңір республикада бірінші орынды иеленді.

   Сонымен, ірілендірілген өңірлер қалай дамыды, 2003-2010 жылдары кезеңінде олардың  еліміздің экономикасын дамытуға қосқан үлесінің салыстырмалы деңгейі мен  динамикасы қандай? Осы кезең ішінде еліміздің номиналды ЖІӨ-нің ең үлкен үлесі Батыс өңірі мен Алматы қаласында өндірілді, ең аз үлесі – Шығыс өңірінде.

   1-сурет. 2010 жылғы номиналды ЖІӨ-дегі облыстардың  үлесі, %

   2010 жылы еліміздің ЖІӨ-дегі өңірлердің  үлесі төмендегідей қалыптасты:

   Батыс өңірі – 29,6%; Алматы – 18,2%; Оңтүстік өңір – 15,7%; Солтүстік өңір – 13,7%; Орталық өңір – 8,5%; Астана – 8,3% және Шығыс өңірі – 5,9%. ЖІӨ өңірлік құрылымының өзгеруі 2003 жылдан бастап Батыс өңірі пайдасына, оның экономикасы өсуінің жоғары қарқыны есебінен болды.

   Номиналды көрсеткіштегі жалпы өңірлік өнімінің (ЖӨӨ) орташа жылдық өсімінің ең жоғары қарқыны Астанада, Алматыда, Батыс өңірінде, Оңтүстік және Орталық өңірлерінде байқалды. Біршама төмен – Солтүстік және Шығыс өңірлерінде. Дағдарыстың әсерінен 2009 жылы номиналды ЖӨӨ өсіміндегі айтарлықтай тежелу Солтүстік (2,8%) және Батыс (3,5%) өңірлерінде байқалды.

   Халықтың  жаң басына шаққандағы ЖӨӨ өңірлер  экономикасының даму деңгейін бағалау  үшін ең объективті көрсеткіш болып  табылады. Осы көрсеткіш бойынша  ең жақсы жағдай Батыс өңірінде, сондай-ақ, Алматыда және Астанада байқалады, ең нашар – Оңтүстік өңірде.

   Өнеркәсіптің  өңірлік құрылымында ең үлкен  үлеске Батыс өңірі ие болды: 2003 жылғы 45,5%-дан 2010 жылы оның үлесі 51,2%-ға дейін  өсті. Яғни, республиканың өнеркәсіп өнімінің жартысынан көбі елдің Батысында өндіріледі.

   Ауыл шаруашылығы

   Жалпы өнімнің барынша көп көлемі Солтүстік  және Оңтүстік өңірлерінде (жиынтығында, бұл өнімнің 70%-дан астамы) болды. Ауыл шаруашылығында, сол сияқты өнеркәсіптегі баға 2003 жыл (2002 жылға 6,3%) – 2008 жыл (2007 жылға 39,4%) аралығында айтарлықтай үдемелі үрдіске ие болды. 2008 жылы барлық ауыл шаруашылығы өңірлерінде баға барынша көп өсті. 2009 жылы бағаның өсуі күрт тоқтап қалды. Ал 2010 жылы алғаш рет баға ауыл шаруашылығында, тұтастай алғанда, республика бойынша 6,7%-ға төмендеді. Осы көрсеткіштің едәуір төмендеуі Солтүстік және Шығыс өңірлерінде байқалды.

   Құрылыс

   Құрылыста төрт аймақ көшбасында тұр: Батыс  және Оңтүстік, сондай-ақ Астана және Алматы. Ел бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінде олардың жиынтық үлесі қаралып отырған кезең ішінде тұрақты түрде жоғары болды: 2003 жылы – 86,9% және 2010 жылы – 81,9%. Жиынтық үлесі құрылымында – Батыс өңірі айтарлықтай басымдыққа ие болды. Құрылыстағы бағаның өсуі жыл сайын: 2003 жылғы 3,5%-дан 2008 жылы ең көп қарқынмен – өткен жылға 8,1% болды. 2009 жылдан бастап бағаның өсуі тоқтап қалды және 2010 жылы орташа есеппен 4,6% болды. Бағаның ең көп өсуі 2010 жылы Астанада, Орталық және Шығыс өңірлерінде, ең азы – Алматыда байқалды. Тұтастай алғанда, өңірлерде бағаның мұндай өсуін қалыпты ретінде сипаттауға болады.

   Тұрғын  үйлерді пайдалануға енгізудің  ең көп көлемі 2010 жылы Батыс өңірінде, Астанада және Оңтүстік өңірде, біршама  азы – Алматыда және Солтүстік  өңірде, және ең азы – Орталық  және Шығыс өңірлерінде байқалды. Егер көшбасшылар тобында бұл көрсеткіш 20-дан 25%-ға дейін ауытқыса, онда «аутсайдерлерде» ол 5%-ға дейін де жеткен жоқ.

   Қызмет көрсету секторы

   2010 жылғы қорытындылар бойынша елдің  ЖІӨ құрылымында қызмет көрсету  52,8% болды. Елдегі көлік және байланыс бойынша көрсетілетін қызмет көлемінің ең көп үлесі Алматы, Астана және Солтүстік өңірге тиесілі. Бұл ретте қаралып отырған кезеңдегі көрсеткіштің тұрақты өсуі Алматы қаласында ғана байқалды. Тауар айналымының жалпы көлемінде 2010 жылы басым үлеске Алматы ғана ие болып отыр – 40,9%. Елдің тауар айналымындағы ең көп үлес Шығыс өңірінде – 6,3%.

   Инвестициялар

   Инвестициялардың  негізгі капиталға ең көп көлемі – Батыс және Оңтүстік өңірлеріне тиесілі. 2010 жылы ол тиісінше 2121,5 млрд. теңге және 980 млрд. теңге болды. Олардың деңгейі Солтүстік өңірде, сондай-ақ Алматы мен Астанада едәуір төмен болды: тиісінше 492,2 млрд. теңге, 407,6 млрд. теңге және 391,3 млрд. теңге. Және айтарлықтай төмен – Орталық және Шығыс өңірлерінде (229,7 млрд. теңге, 150,9 млрд. теңге). Негізгі капиталға шетелдік инвестицияларды көбінесе Батыс және Оңтүстік өңірлер тартты, олардың өсу қарқыны Алматы және Шығыс өңірінде аз болды. Астана, Солтүстік және Орталық өңірлерде инвестициялар көлемі 2003 жылмен салыстырғанда 2009 жылы айтарлықтай төмендеді.

   Қаржылық жай-күйі

   Қарастырылып  отырған кезеңде экономиканың нақты секторының қаржылық жай-күйі тұрақты жақсару динамикасына ие болды: өндірістің орташа рентабельділігі 2004 жылы 25,7%-дан 2007 жылы 38,2%-ға дейін өсті. 2008 жылы қаржы дағдарысының әсерінен өндіріс рентабельділігінің өсімі 31,4%-ға дейін, ал 2009 жылы 19,8%-ға дейін бәсеңдеді, алайда 2010 жылы рентабельділік 31,2%-ға дейін өсті. Табысты кәсіпорындардың үлесі осы кезең ішінде бірталай қысқарды. Мәселен, егер 2009 жылға дейін олардың саны 62-66% аралығында болса, 2009 жылы 57,7%-ға дейін төмендеді, ал шығынды кәсіпорындардың үлесі 42,3% болды. Ең жақсы жағдай Батыс, Оңтүстік және Орталық өңірлерде орын алды. Батыс өңірдегі барынша жоғары рентабельділік мұнай өндірудің жоғары үлесімен және мұнайға бағаның өсуімен байланысты болды.

   Кәсіпорындар  мониторингінің деректері, жалпы алғанда, өңірлердегі өндірістің орташа рентабельділік динамикасы ірі және орта кәсіпорындардың  жоғары рентабельділігіне (20%-дан астам) қатысты қамтамасыз етілетіндігін көрсетеді. 2009 жылы кәсіпорындардың қаржылық жай-күйі елеулі нашарлады: Батыс өңірде шығынды кәсіпорындардың үлесі 36,2%, ал қалған өңірлерде 40%-дан астам болды.

   Кредиттік белсенділік

   Осы көрсеткіш бойынша өңірлік дамуда елеулі дифференциация байқалады. Банктер берген кредиттерінің көлемі 2010 жылы 5,1 трлн. теңге – олардың жалпы көлемінің 67,3% көрсеткішіне қол жеткізген Алматы кәсіпорындары кредиттік белсенділік танытып отыр. Халыққа берілген ипотекалық кредиттердің негізгі көлемі де Алматы қаласына тиесілі. Одан барынша аз Астана, Батыс және Оңтүстік өңірлерде, одан мейлінше аз Шығыс және Орталық өңірлерде берілді.

   Екінші  деңгейдегі банктердегі заңды тұлғалардың  салымдары шамамен 11 есеге 2003 жылғы 349 млрд. теңгеден 2010 жылғы 3986 млрд. теңгеге дейін өсті. Олардың көп бөлігі Алматы және Астана қалаларына тиесілі. Халықтың салымдары, жалпы алғанда, 2003 жылғы 330 млрд. теңгеден 2010 жылғы 2182 млрд. теңгеге дейін өсті. Бұл жерде Алматы 2010 жылы 53,4% көрсеткішпен алда келеді.

   Инфляция бойынша ахуал

   2003 жылдан бастап 2007 жылға дейін  Қазақстанның барлық өңірлері  бойынша бағалардың өсуі байқалып  отыр. Тұтынушылық баға индекстерінің  барынша артуы 2003 жылы Ақмола  және Жамбыл облыстарында, сондай-ақ 8%-дан астам өсуі Алматыда орын алды. Әлемдік қаржы дағдарысының әсерінен индекс 2007 жылы республиканың барлық өңірлері бойынша күрт өсті. Инфляцияның ең жоғары деңгейі Алматыда (27,1%) және ең төменгі деңгейі Орталық өңірде (14,2%) байқалды. 2008-2009 жылдары баға индексі айтарлықтай төмендеді, 2010 жылы ол 7,8%-ды құрады. Ең жоғары деңгей Астанада – 8,2%, ең төменгі деңгей Орталық Қазақстанда – 6,9% болды.

   Жұмыссыздық деңгейі

   2003-2010 жж. жұмыссыздық деңгейін төмендетудің  тұрақты динамикасы: 2003 жылғы 8,8%-дан  2010 жылғы 5,5%-ға дейін қалыптасты. 2003 жылы ең жоғары жұмыссыздық деңгейі Оңтүстік және Батыс өңірлерде шамамен 10%, ең төменгі деңгей Шығыс өңірінде 7,3% байқалып отыр. 2010 жылы өңірлер бойынша жұмыссыздық деңгейі бір уақытта: Астана қаласында 5,9%-дан және Орталық өңірде 5,3%-ға дейін төмендеді әрі теңесті.

   2003-2011 жылдар аралығындағы кезеңде елдің ірілендірілген өңірлері бойынша жоғарыда баяндалған талдауларды және негізгі көрсеткіштердің өзгеру деңгейі мен динамикасын қорытындылай келе, Батыс өңір мен Алматы көптеген маңызды көрсеткіштер бойынша ең жақсы деңгейді және өзгеру динамикасын көрсеткендіктен, олар даму бойынша басқа өңірлерден көш ілгері келеді деген қорытынды жасауға болады. Атап айтқанда, бұл өңірлерде елдің ең жоғарғы номиналды ЖІӨ, халықтың жан басына шаққанда ЖӨӨ үлесі және ЖӨӨ өсімінің жоғары орташа жылдық қарқыны байқалып отыр. Елдің өнеркәсіптік өнімдерінің жартысынан астамы Батыс өңірде шығарылады, ал қызмет көрсету секторының ең жоғарғы үлесі негізгі капиталға инвестициялардың ең көп мөлшері салынатын Алматы қаласының еншісіне тиеді [17]. 

   ОҚО бойынша 2010 жылдан 2011 жылға дейінгі  өнім жалпы табыс көрсеткіші 

   

 

   Сурет 3. Экономикалық қызмет түрлері бойынша аймақтардық өнім жалпы табыс

 

    3 Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының болашағы 

   3.1 Қазақстан Республикасындағы макроэкономикалық өсудің

         жетілдіру жолдары 

   ЖҰӨ көрсеткіші елдің жылдық өндірісінің  көлемін ақшалай сипаттауға мүмкіндік  береді. Сонымен қатар, ЖҰӨ ұлттық шынайы экономикалық жағдайын көрсетпейді  деген де тұжырымдар жоқ емес, бұл келесідей жағдайлармен түсіндіріледі.

   Қоғамның  игі жағдайын арттыратын балалар  мен ауру адамдарды үйде қарау, үйді барлық қолайлылықтармен жабдықтау, репетитрлік  сияқты қызмет түрлері туралы жүйелі және анық статистика ешбір елде жоқ. Қоғамның игі жағдайына кері әсерін тигізетін заңсыз ойын-сауықтар, есірткілік заттар мен қару сату сияқты әрекеттердің нәтижелері жалпы ұлттық өнімде қарастырылмайды. Сонымен қатар, жалпы ұлттық өнім қоғамның игілігін арттыратын, бірақ нарықтық сипаты болмайтын тұрмыстық жұмыстарды (пәтер, электрлік және радиоаппараттарын, аяқ-киім, автокөлік және т.б. жөндеу) есепке алмайды. Жалпы ұлттық өнімде қоғам мүшелерінің қолайлы жағдайларының деңгейін төмендетуге әкелетін өндірістің кері нәтижелерін бағалау (ресурстардың сарқылуы, климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның ластануы) көрсетілмейді. Сондай-ақ жоғары дамыған экономикалық жағдайда табыстардың деңгейі игі жағдайлардың, яғни ауқаттылықтың өсуіне тең сапалы демалыс пен халықтың айтарлықтай бөлігінің бос уақытының ұзаруына жеткілікті [23]. 

   Келесі  кезекте жалпы ұлттық өнімнің  негізгі макроэкономикалық көрсеткіш  ретіндегі  кемшіліктерін қарастырсақ:

  1. Жалпы ұлттық өнім көрсеткіші елдегі өндірістің толық көлемін сипаттай алмайды. Мәселен, есептеудің күрделілігі үй шаруашылығымен аналысатын адамдардың еңбек нәтижелерін оларға қосып есептеуге мүмкіндік бермейді.
  2. Жалпы ұлттық өнімде «көлеңкелі» экономиканың тұрғын халыққа тауарлары мен қызметтері мүлдем ескерілмейді. Бұлар әдетте, жеке адамдардың автомобильдері, тұрмыстық  техниканы жөндеу, құрылыс жұмыстарын жүргізу, дәрігерлік көмек көрсету, әр алуан заттарды айырбастау және тағы басқалары жатады.
  3. Жалпы ұлттық өнім өндірістің қоршаған ортаға әсерін көрсетуге жағдайы жоқ.
  4. Егер дамыған бір мемлекет өз тарапынан дамуы мешеу қалған кез келген мемлекетке материалдық көмек көрсететін болса, яғни белгілі бір уақыт аралығына дейін несие беретін болса, ал несие алушы мемлекет бұл несиені қайтаруға еш мүмкіндігі болмауы мүмкін. Нәтижесінде, несие беруші мемлекет бұл несиені қайтарымсыз деп танып, сызып тастауына тура келеді. Бұл сөзсіз мемлеке экономикасына, нақтылап айтсақ жалпеы ұлттық өнім көлемін қысқартыуға, яғни шығын ретінде енгізуге әкелетіні анық.

Информация о работе Қазақстан республикасының экономикалық дамуының болашағы