Қазақстан Республикасының валюта жүйесі және валюталық саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 12:13, курсовая работа

Описание работы

Ақша, несие, банктер - қазіргі өркениеттіліктің өзінен ажырағысыз белгілері. Олардың қызметі қоғамдық өнімді өндіруді, бөлуді, айырбастауды және тұтынуды бір-бірінен бөлінбейтін үздіксіз процеске айналдырады. Оларды пайдаланбай ешбір шаруашылық субъектісінің ісі тынбайды, ал кез келген адам үнемі немесе анда-санда банк қызметін пайдаланады. Банктер уақытша қолданылмаған ақша қаражатын жинақтап, оларды салалар мен аймақтар, кәсіпорындар мен халықтар арасында қайта бөлумен қатар, экономиканы қосымша капиталмен қамтамасыз етіп, сайып келгенде қоғамдық байлықты көбейтуге негіз қалайды.

Содержание

КІРІСПЕ 3
І. ВАЛЮТАЛЫҚ НАРЫҚ ЖӘНЕ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІ 4
1.1. Валюталық нарықтың мәні 4
1.2. Валюта жүйесі және оның түрлері 5
ІІ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР 11
2.1. Халықаралық валюталық қатынастарды реттеу. Валюталық саясат 11
2.2. Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму кезеңдері 15
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІ 22
3.1. Қазақстан Республикасының валюта жүйесі және валюталық саясаты 22
3.2. Теңге: тарихы мен келешегі 24
ҚОРЫТЫНДЫ 36
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 37

Работа содержит 1 файл

халыкаралык валюта.docx

— 70.74 Кб (Скачать)

ІV. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ  ҰЙЫМДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ  АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ

 

     Халықаралық валюталық қор (МВФ) және Халықаралық  қайта құру және даму банкісі. Осы екі органда 1944 жылдың шілде айында АҚШ-тың Бреттон-Вудс қаласында өткен БҰҰ-ның валюта-қаржы маслихатында ұйымдастырылған. Екеуінің де негізгі мақсаттары, дүниежүзілік шаруашылықтардың ынтымақтастығын дамыту және олардың тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

     Халықаралық валюта қоры өз операциясын 1947 жылдың наурыз айында, Халықаралық қайта  құру және даму банкі - 1946 жылдың 25-шілдесінде бастады. Олардың жарғысында өте  жағымды ізгі ниеттер жазылған: Мысалы, онда бұл органдар, мүше елдердің төлем  балансыларын теңестіру үшін және валюталарының  тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеңілдетілген  талаптар мен қысқа (МВФ), және ұзақ (МБРР) мерзімді несиелер беріледі делінген.

     Іс  жүзінде олардың қызметтері, бірінші  күннен бастап, америкалық монополистердің  мүдделеріне бағындырылған. Мысалы, Халықаралық валюта Қорының несие  беру тәртібін алсақ, біріншіден несие  сұраушы елден үлкен экономиканы  тұрақтандыру бағдарламасын жасауды  талап етеді, екіншіден ол бағдарламада Халықаралық валюта қорына, ол елдің  барлық экономикасын қадағалап отыруға  мүмкіншілік беретін қатаң талаптар қарастырылады.

     Мысалы, 1998 жыл, Оңтүстік Шығыс Азиядағы дағдарыс кезінде, Халықаралық валюта қоры, ол елдерге несие беру үшін: жергілікті салықты көбейтуді, несиелік процентті  жоғарылатуды, Үкіметтің экономиканы қолдау шығындарын азайтуды талап етті. Тіпті, Оңтүстік Кореяға мынандай нақты талап қойды. "Барлық қаржылық - өндірістік құрылымды қайта құру, шетелдік тұлғаларға банктердің, сақтандыру компаниядарының акцияларының бақылау пакетін сатып алуға рұқсат ету, шетелге шығарылатын тауарларға ешқандай шек қоймау, несиелеу жүйелерін батыстық жүйеге ауыстыру".

     Халықаралық қайта құру және даму банкісінен несие  алуда (15-20 жылға) экономикалық мақсаткерліктің  ұсыныстарын орындаумен байланысты, ал бұл ұсыныстар, алдын ала жүргізілген  осы елдің экономикасын қаржы-қаражаттарын жан-жақты зерттеу негізінде жасалады. Көбінесе, мұндай зерттеулер қарыз  сұраушы елдің егемендігіне қауіп  туғызатын талаптарды алға қояды.

     АҚШ-тың, бұл органдарға үстемдік жасай алатын себебі, олар Халықаралық валюта қорында 17,7%, Халықаралық қайта құру және даму банкісінде 17% дауыстары бар. Екеуінің де штаб пәтерлері, олардың капиталында  ең үлкен үлесі бар елдің астанасы, Вашингтонда орналасқан.

     Бұл екі органның қызметтері өзара байланысты. Олар бірін-бірі толықтырып отырады  және де Халықаралық қайта құру және даму банкісіне мүше болуға, тек  Халықаралық валюта қорының мүшесінің  құқығы бар.

     Халықаралық қайта құру және даму банкісінің өзіндік  ерекшелігі оның үш бөлімшесі бар: 1960 ж. құрылған Халықаралық даму ассоциациясы; 1956 жылы құрылған Халықаралық қаржы корпорациясы; 1988 жылы құрылған көп тарапты инвестицияны сақтандыру агенттігі.

     Осы мемлекетаралық қаржы институттарының  Халықаралық несие қатынастарын реттеуде үлкен маңызы бар. Осы институттардан аз да болса несие алған ел, кез  келген басқа банктерден несие алуға  құқықты, яғни, Халықаралық валюта қорының, немесе Халықаралық қайта құру және даму банкісінің несие бергендігі (азда болса) ол елдің несие қабілеттілігін растайды.

     Байланыстарды интернационалдандыру жағдайында Халықаралық  институттардың маңызы жоғарылайды. Бірақ, өкінішке орай, олардың қызметтерінде  серіктестік пен тайталастық  бағыттары тоқайласады.

     Батыс елдерінің зерттеушілерінің айтуына  қарағанда 1965-1995 жылдары арасында Халықаралық  валюта қоры 89 елдің экономикасын жөндеуге әрекет жасаған екен. Бүгінгі күні солардың 48-інің жағдайы өзгере қойған жоқ, ал 32 елдің экономикасы бұрынғыдан да нашарлаған.

     Европалық қайта құру және даму банкісі, 1990 жылы ұйымдастырылған. Орналасқан жері Лондон. Басты мақсаты - бұрынғы КСРО-ның, Шығыс және Орталық Европалық елдердің, нарықтық экономикаға ауысуына мүмкіншілік туғызу. Бұл банктің стратегиялық мақсатының біреуі, меншікті жекешелендіру, кәсіпорындарды мемлекет иелігінен алуға жәрдемдесу. Қызметінің артықшылық саласы қаржы, банкілік сала, энергетика, телекоммуникация, тасымал, ауыл шаруашылығы, шағын бизнестің дамуы. Қызметінің түрі, жәрдем көрсету әдісі Халықаралық қайта-құру және даму банкісінікімен бірдей.

     Европалық Одақтың шеңберінде басқа да аймақтың ұйымдары бар. Олардың ішінде:

     - Европалық инвестициялық банк. Оның мақсаты Европалық Одаққа мүше елдердің артта қалған аймақтарын дамыту, кәсіпорындарын қайта тұрғызу, бірлескен шаруашылық объектілерін құру, өндірістің маңызды салаларын дамыту. тұратын жері Люксембург;

     - Европалық даму қоры. Экономикасы өсіп келе жатқан елдерде Европалық Одақтың ұжымдық саясатын жүргізеді. Сол елдердің дамуына жәрдемдесудің екі жақтық ресми программаларын үйлестіреді;

     - Аймақтық дамудың Европалық қоры. Европалық Одақтың бірлескен бюджетінен мүше - елдердің аймақтық үйлесімсіздігін теңдестіру үшін несие береді;

     - Европалық валюталық Институт. 1994 ж. Европалық валюталық ынтымақтастық қорының орнын басты. Бұл барлық Ұлттық органдардың үстіндегі органға 12 орталық банктің меңгерушілері кіреді. Сол банктердің ақша және несие саясаттарын үйлестіреді;

     - Халықаралық есеп айырысу банкісі. 1930 жылы құрылған. Тұратын жері Базель. Іс жүзінде бұл 33 орталық банктердің банкісі. Оның атқарымы осы елдердің ынтымақтастығына жәрдемдесу, солардан депозиттер қабылдау, оларға несие беру. Сонымен қатар, ол халықаралық есеп айырысуда, клирингте т.б. есеп айырысу нысандарында мүше елдердің агенттік — банкі атқарымын орындайды.

     Бұл банк кейбір жетекші валютаның бағамын  қолдау үшін ұжымдық валюталық интервенция  ұйымдастыра алады, Үкіметаралық несиелерге қамқоршы болады, Европадағы нарықтың жағдайын қадағалайды.

     Осы сияқты Халықаралық Қаржы Институттары Азия аймағында да бар. Олардың ішіндегі ең бастылары:

     Азиялық даму банкі. 1965 жылы құрылған. Оның мүшелерінің қатарында тек Азияның экономикасы өсіп келе жатқан елдері ғана емес, Жапон, Австрия сияқты экономикасы дамыған елдер де бар. Барлығы 43 ел мүше. Штаб-пәтері Манилада (Филиппины)орын тепкен. Негізгі капиталының 81% алтын мен еркін айырбасталымды валюталардан тұрады. Одан басқа бұл банктің мүше елдердің ерікті жарналарынан тұратын арнаулы қоры бар. Ол қор, экономикасы төмен елдерге жеңілдетілген несиелер беруге пайдаланылады. Кезінде мұндай несиемен Индонезия, Оңтүстік Корея, Филиппины, Пакистан, Тайланд сияқты елдер пайдаланған. Несие 10-жылдан 30 жылға дейін 8,7% жылдық процентпен беріледі. Барлық берілген несиенің 1/3, 40 жылға дейін 1-4% жылдық процентпен берілген жеңілдетілген несие. Несиенің маңызды бағыттары экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылым, аграрлық-өнеркәсіптік объектілер, ауыл шаруашылығы, кен өндіру мен оны өңдеуші өндіріс орындары. Несие көбінесе жеке тұлғаларға, немесе жекешелендірілген мемлекеттік және бірлескен кәсіпорындарға беріледі.

     Ислам даму банкісі. Жұмысын 1975 жылы бастады. Бас офистері Джиддеде (Сауд Аравиясы). Одан басқа үш аймақтық офистері бар: Рабатта (Марокко), Куала-Лумпурда (Малайзия) және Алматыда (Қазақстан). Оның құрылтайшылары Ислам маслихатының ұғымына мүше 52 елдер. Негізгі капиталы 6 млрд. ислам динарынан тұрады, 1 млрд. Халықаралық валюта қорының СДР-на теңдес.

     Әр  мүше елдің банкінің негізгі қорында  үлесі әр түрлі: Сауд-Аравиясының  үлесі 16,6%, Ливияның үлесі 6,7%, Кувейттің  үлесі 8,3%. Гамбия, Мозамбик, Мальдиви, Сурина, Джибути, Катар және 4-ортаазиялық (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан) елдердің жалпы үлесі 0,4%.

     Банктің басты мақсаты шариаттың қағидаларымен  байланыстырылып, мүше елдердің және де мүше емес мұсылман елдерінің, экономикалық және әлеуметтік дамуына қаржылық жәрдем көрсету. Әрине, артта қалған мүше мұсылман елдеріне көбірек көңіл бөлінеді. Қазіргі жағдайда Ислам даму банкі  Қазақстанда өз жұмысын қарқындатуда. Көптеген инвестициялық проектілерді несиелеу жөнінде келісім шарттарға  қол қойылды. 
 
 
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ

 
 

       Экономистердің  көпшілігі валюталық саясатты экономикалық саясаттың ажырамас бөлігі ретінде  қарайды.

       Валюталық нарықтың негізгі ролі экспорттық-импорттық  операцияларды, капиталдардың ағымын және әлемдік экономиканың интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылатындықтан  Қазақстанның валюталық нарығы бұдан  әрі жетілдіріле түсуді, сөйтіп ұлттық экономикамыздың қажеттіліктерін  халықаралық операциялардың нақты  деңгейімен сәйкестендірілуі тиіс екені  белгілі.   Валюта нарығында мерзімді операцияларды енгізіп, қымбат металдар нарығын дамыта түсіп, Қазақстан нарығында «маркет-мейкер» - банктердің пайда болуы Қазақстан экономикасына валюталық нарықтың халықаралық стандарттарына жақындауына және шетелдік инвесторлар үшін ерекше тартымдылық факторы болуына ықпалы тиер еді деп ойлаймын.

       Шетел тәжірибесін, әсіресе Қазақстанның валюта нарығын либеризациялау және ұлттық валюта бағамын реттеудің  нарықтық әдістері жөніндегі оңтайлы  тәжірибесін ескере отырып Қазақстан  валюта нарығының механизмдерінің  халықаралық стандарттарға жақындату  мақсатында одан әрі жетілдіріле  түсуге күш жұмсалады деп сенемін.

       ҚР-ның  экономикалық дамуындағы соңғы жылдардың  қуанышты көрсеткіштері ел үкіметінің және Ұлттық банктің осынау күрделі  де маңызды мәселелерді ойдағыдай  шешіп жатқанын көрсетсе керек. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1.     Пашку Ю.В.  "Деньги:  прошлое и современность"  Л.,  1990

2.     Фишер С.,  Дорнбуш Р.,  Шмалензи  Р.  "Экономика"  М.,"Дело"  1993

3.     Поляков В.П.,  Л.А.Московкина "Основы денежного обращения и кредита" М., "Инфра-М" 1996

4.     Красавина Л.Н.  "Денежное обращение и кредит капиталистических стран" М., "Финансы" 1977

5.  Көшенова  Б.А. Ақша, несие, банктер. Валюта  қатынастары. Оқу құралы. / - алматы: Экономика, 2000 ж. -328 б.

6. Сейткасимов  Г.С., Шаяхметова К.О., Абдраимова  Г.Т. Бухгалтерский учет и отчетность  в банках, Алматы "Каржы-каражат", 2000 г., 450с.;

7. Мақыш С.Б.  «Ақша айналысы және несие». Оқу  құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2000

8. Омирбаев  С.М. «Финансы» Астана 2002 г. Гл.-17.

9. Саниев М.С.  Ақша, несие, банктер. Оқулық. Алматы: 2001 ж.

Информация о работе Қазақстан Республикасының валюта жүйесі және валюталық саясаты