Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 09:36, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі уақытта Қазақстандық кәсіпкерлік біршама қиыншылықтарды бастан кешіріп отырса да, өзінің негізін әлдеқашан құрып болған. Ол заңмен қорғалады және әрқашан дамып отырады. Қазіргі уақытта бұл тақырыптың өзектілігіне ешкім күмәнданбайды, себебі кәсіпкерлік іс-әрекетсіз нарықтық экономика болмайды. Ол әлі де даму барысында болса да, бизнестің қоғамдық өндірістің негзігі саласы болатындығына ешкімнің күмәні жоқ.

Содержание

1. Кәсіпкерлік қызмет, оның негізгі түрлері мен формалары...........................4
1.1. Кәсіпкерліктің экономикалық мәні және мазмұны..........................4
1.2. Кәсіпкерлік қызметінің белгілері мен принциптері.........................5
1.3. Кәсіпкерліктің ұйымдық формалары............................................... 7
2. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бағдарламалары.................................................................................................9
2.1. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуының үрдістері.............................9
2.2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламалары....................12
2.3. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры»......................... .....................15
2.4. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы................................22

Работа содержит 1 файл

курсовая работа Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы.docx

— 67.48 Кб (Скачать)

l Қаражатты кейіннен Əйелдер кəсіпкерлігіне микрокредит беру үшін ЕДБ келісіп орналастыру бағдарламасы. Аталмыш Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə.Назарбаевтың 05.03.2009 ж. Қазақстан əйелдерінің V-ші Форумында айтылған тапсырмасына сəйкес əзірленген. Бағдарламаның мақсаты – жұмыс істейтін жəне жұмысын жаңадан бастаған əйелдер кəсіпкерлігі субъектілерінің жобаларын жеңілдікпен несиелендіру арқылы олардың экономикалық белсенділігін ынынталандыру.

«Еуразиялық банк» АҚ, «Цесна Банк» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Delta Bank» АҚ мен «Темірбанк» АҚ əріптес-банктер ретінде болды. Əріптес-банктер 01.09.2010 жылғы жағдай бойынша 675 млн. теңге  сомаға 217 қарыз алушыны қаржыландырды.

l Маңғыстау облысы Жаңаөзен қ. Шағын кəсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру бағдарламасы. ҚР Үкіметінің 19.09.08 ж. № 865  Қаулысымен бекітілген «Маңғыстау облысы  Жаңаөзен қ. əлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу жөніндегі 2009-2012 жылдарға арналған

кешенді жоспар» аясында  Жаңаөзен қ. ШКС жергілікті жəне «Даму» Қорының қаражаты есебінен несиелендіруді ұйымдастыру қарастырылуда. Осыған байланысты «Даму» Қоры Маңғыстау облысы Жаңаөзен қ. ШКС жобаларын қаржыландыру жөнінде жеке Бағдарлама бекітті, оның іске асырылуына кейіннен ШКС-н 2009-2012 жж. Ішінде ЕДБ арқылы қаржыландыру үшін, 900 млн. теңге көлемде қаражат  бөлінді. Бағдарламаға 4 əріптес- банк қатысады: «Сбербанк» АҚ ЕБ, «Еуразиялық  банк» АҚ, «Темірбанк» АҚ, «Delta Bank»  АҚ. 01.09.10 жылғы жағдай бойынша 78,9 млн. теңге сомаға 8 жоба қаржыландырылды.

l Өңдеуші өнеркəсіп саласындағы шағын жəне орта кəсіпкерлік  субъектілерінің лизингтік мəмілелерін ЕДБ жəне Лизингілік компания-

лар арқылы қаржыландыру бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты – экономиканың басым салаларындағы шағын жəне орта бизнестің негізгі қаражатын лизингтік мəмілелерді жеңілдікпен қаржыландыру жолымен ұлғайту жəне жаңарту мүмкіндігін қамтамасыз ету. Бағдарлама аясында өңдеуші өнеркəсіп саласында жұмыс істеп жүрген шағын жəне орта кəсіпкерлік субъектілерінің лизингтік мəмілелері ЕДБ жəне лизингтік компаниялар арқылы қаржыландырылады. Бағдарламаға келесі лизингтік компаниялар қатысады: «BTA Orix leasing» АҚ, «Leasing group » АҚ, «Темiрлизинг» АҚ. 01.09.2010 жылғы жағдай бойынша Бағдарлама аясында жалпы сомасы 660,7 млн. теңгеге 10 қарыз алушы  қаржыландырылды, оның ішінде «Даму» Қорының үлесі 244,0 млн. теңгені құрайды. Сонымен қатар, 2011 жылдан бастап «Даму» Қоры ШОБ қолдауға мынадай қаржылық бағдарламаларды жүзеге асыруды бастайды.

l «Даму - Аймақтар II» ШОБ қаржылай қолдау бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты – шағын жəне орта бизнесті аймақтық қолдау жəне дамыту бағдарламаларын аймақ үшін басым салалардағы немесе жекелеген аумақтық бірліктердегі жобаларды қаржыландыру жолымен іске асыру тиімділігін арттыру.

l Аймақтарды қаржыландырудың нүктелі бағдарламалары «Даму» Қорының стратегиялық аспектілері қызметіне сəйкес аймақтарда / салада/ тұрғындар тобын ЕДБ арқылы, аймақтық экономиканың басым салаларында жəне/немесе территориялық бірліктің, сондай-ақ тұрғындардың жекелеген топтарын (əйел-кəсіпкерлер, кəсіпкерлік бастамашыл жастарды, оралмандарды қаржыландыру) ШОКС қолдау жөніндегі қаржылық аспап ретінде ШОКС қаржыландырудың нүктелі бағдарламасын жүзеге асыруды қарастыруда. Бағдарлама мақсаты –аймақтағы басым салаларын/жеке территориялық бірлікті, сондай-ақ тұрғындардың жекелеген топтарын ШОКС жобаларын қаржыландыру арқылы ШОКС қолдау мен дамыту аймақтық бағдаламаларын жүзеге асырудың тиімділігін арттыру.

l ШОБ Азия Даму Банкісі желісімен қаржыландыру бағдарламасы ШОБ қолдау мақсатымен Қор 2010-2017 жылдарға арналған ШОБ қаржыландыру Бағдарламасын екінші деңгейдегі банктермен алдын ала келісілген қаражатты үлестіру арқылы Азия Даму Банкісі (бұдан əрі АДБ) қаражаты есебінен жүзеге асыруды жоспарлайды. Бағдарлама Қазақстанда ШОБ сапалы дамытуға көмектесу мақсатында жасалды, оның ішінде:

- ШОБ даму потенциалына  ие барлық субъектілеріне қаржыландырудың қол жетімдігін қамтамасыз ету.

- ШОБ саласында экономиканың  диверсификациясына көмек көрсету  жəне бəсекелестікті арттыру. Жоба құны 500 млн. АҚШ долларын құрайды. АДБ Қорға қарызды траншпен беруді жоспарлауда:

- бірінші транш - 2010 жылы 150 млн. АҚШ доллары;

- екінші транш - 2011 жылы 150 млн. АҚШ доллары;

- үшінші транш - 200,0 млн.  АҚШ доллары ;

Əрбір траншты беру мерзімі  – 7 жыл. Сөйтіп, жоба мерзімі 2010-2017жж. құрайды. Бұдан басқа, «Даму» Қоры шағын жəне орта бизнесті қаржылай емес қолдау, кəсіпкерлерге консалтингтік, оқу-əдістемелік жəне ақпараттық-

аналитикалық қолдау көрсету  түрінде шағын жəне орта бизнес субъектілеріне қаржылай емес қолдау көрсету. Бұл бағытта келесі бағдарламаларды атап өтуге болады:

l «Бизнес-Кеңесші» бизнес - оқыту бағдарламасы. Бағдарламаны іске асырудың негізгі тетігі Қазақстанның барлық 209 ауданындағы жəне халық тығыз қоныстанған əкімшілік-аумақтық бірліктеріндегі кəсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарды жəне жұмыс істеп жүрген кəсіпкерлерді қысқа мерзімді тренинг-оқыту қызметтерін көрсетуді ұйымдастыру болып табылады. Бағдарламаның бірінші кезеңі 2009 ж. 18 қыркүйекте Алматы об-

лысында басталып, 2009 ж. 25 желтоқсанында аяқталды. Оқыту курстарын өткізу үшін 91 оқытушы дайындалды, 66 оқытушы дəріс берді. Жалпы қатысушылар саны 11 603, оның ішінде жеке тұлғалар – 7 007 немесе жалпы тыңдаушылар санының 59% құрады, кəсіпкерлер саны – 4 952 (41%). Курсқа қатысушылардың жартысынан астамы (60%) əйелдер болды – 6500. Бағдарламаның екінші кезеңі 2010 ж. 5 сəуірде іске қосылып, 2010 ж. 23 маусымда аяқталды.

«Даму» Қоры оқытудың екінші кезеңі үшін қосымша 31 оқытушыны əзірледі. Жалпы алғанда, халықты жəне кəсіпкерлерді екінші кезеңде оқыту жұмысын аймақтық ЖОО мен тренингтік компаниялардың 57 оқытушысы өткізді. Жалпы тыңдаушылар саны 8 071 адам, оның ішінде жеке тұлғалар – 4 977 немесе жалпы тыңдаушылар санының 62%құрады, кəсіпкерлер – 3 094 адам (38%). Курс тыңдаушыларының басым көпшілігі əйелдер – 4 960 əйел немесе 61%. Бағдарламаны іске асырудың үшінші кезеңі 2010 ж. қыркүйек айында басталды.

l ШОБ субъектілеріне арналған баспасөздік БАҚ құру. 2009 жылдың қараша айынан бастап «Мой Бизнес. Казахстан» жорналы жарық көрді. Жорналды шығарудағы мақсат – нақты іспен шұғылданып жүрген немесе жаңа бизнес ұйымдастыру ниеті бар адамдар алдында тұрған проблемалар мен перспективаларды қамти отырып, отандық кəсіпкерлікке ақпараттық қолдау көрсету, кəсіпкерлерге бизнесін мейлінше тиімді басқаруына көмектесу. 01.09.2010 ж. журналдың 9 нөмірі шықты.

l Қазақстандағы ШОБ жөнінде аналитикалық кітапты шығару. 2010 жылдың наурыз айында «Қазақстандағы жəне оның аймақтарындағы шағын жəне орта кəсіпкерліктің даму жағдайы туралы есеп» атты 2 000 дана тиражбен бірінші кітап шығарылды. Кітап барлық мемлекеттік органдар,«Даму» Қоры ынтымақтасатын Қоғамдық ұйымдар арасында таратылды. Бұл кітап жыл сайын шығарылатын болады жəне Қазақстан ШОБ

секторының «Инвестициялық төлқұжаты» іспеттес сипат алады. «Даму» Қорының сайтына орналастыру үшін, кітаптың электрондық нұсқасын жасау

жұмысы қолға алынды. Қазіргі уақытта Аналитикалық кітаптың 2-ші шығарылымын басып шығару жөнінде, сондай-ақ Қордың сайтына орналастыру үшін кітаптың электрондық нұсқасын жасау, оны тоқсан сайын

жаңалап отыру жөнінде  жұмыстар жүргізілуде.

l «Даму» Қорының геоақпараттық жүйесі. «Даму» Қорының геоақпараттық жүйесі (ГАЖ) «Даму» Қорының қызметі туралы, сонымен қатар шағын жəне орта кəсіпкерлікті, микроқаржы секторын дамыту, республикалық жəне аймақтық деңгейлердегі макро- жəне микроэкономикалық үдерістер туралы барлық өзекті статистикалық əрі талдаушылық ақпарат берудің интерактивті жүйесі болып табылады. 2010 ж. наурызда ГАЖ-дың бір бөлігі сыртқы пайдаланушылар үшін ашық болды. Сонымен қажетті барлық ақпаратты бір дереккөзде - ГАЖ-да шоғырландыру басты шешім болып табылды. Қызығушылық танытқан барлық тұлғалардың қолжеткізулері барынша ыңғайлы болуы үшін, жүйеде Web-интерфейс бар. Деректер қорының интерактивті ақпараттық-талдамалық деректері ақпаратты бастапқы дереккөздерден (ҚР ҰБ, ҚРСА, АФН, ЕДБ жəне өзгелерден) ай сайын жинақтай отырып жаңартылатын болады. «Даму» Қорының барлық жалпы республикалық қаржы бағдарламаларын, «Бизнестің жол картасы 2020» аясындағы бағдарламаларды да қоса отырып, қаржы бағдарламаларының жүйесіне біріктіру жұмысы жүргізілуде.

l «Даму - Көмек» Бағдарламасы. «Даму -Көмек» Бағдарламасы мүмкіндіктері шектеулі кəсіпкерлерге олардың проблемалары мен оларға қажетті ресурстар (қаржылай көмек, мүлік, консультациялық қолдау, өзге қызметтер) туралы қоғамның ақпараттану деңгейін арттыру арқылы қолдау көрсетуге мақсатталған. «Даму» Қоры осы бағдарлама аясында қаржылай көмек көрсетпегенімен, алайда мүмкіндіктері шектеулі кəсіпкерлер мен əлеуетті демеушілер жəне кредиторлар арасында байланыстырушы буын ретінде əрекет етеді. Аталған мəселені шешу үшін 2009 ж. желтоқсан айында мүмкіндіктері шектеулі бизнесмендерге көмек көрсету мақсатында ақпарат алмасу үшін, электрондық хабарландырулар тақтасы сияқты өзіндік ерекшелігі бар www.damukomek. kz сайты іске қосылды. Көмекке зəру жандар сайттың «Көмек қажет» деген бөлімінде өтінім үлгісін толтыруларына болады. Өз əріптестеріне көмек көрсетуге да-йын кəсіпкерлер «Қол ұшын беремін» деген бөлімде тиісті нысанды толтыруларына болады. 01.09.2010 ж. күнгі жағдай бойынша сайта көмек сұраған 154 өтінім орналастырылды. Осы кезде түскен өтінімдердің жалпы санының 33 өтініші бойынша көмек көрсетілді. «Даму - Көмек» Бағдарламасы ақпараттық қолдаумен қатар, мүгедек - кəсіпкерлерге бизнес-оқыту арқылы олардың біліктілік деңгейін арттыруға да жəрдемдеседі. Мүгедек -кəсіпкерлер «Бизнес - Кеңесші» Бағдарламасы аясында кəсіпкерлік негізі бойынша экспресс -курс тыңдаушылары қатарына қосылған. Бүгінге«Бизнес - Кеңесші» Бағдарламасы аясында 176 мүгедек дəріс алды.

l «Бір болайық» / «Вместе» телевизиялық хабары. Мүмкіндіктері шектеулі кəсіпкерлерге қолдау көрсетуге бағытталған тағы бір жоба «Бір болайық», «Вместе» атты телевизиялық хабарлар кезеңдігі болып табылады. Бұл мүмкіндіктері шектеулі жандар арасындағы кəсіпкерлікті дамыту жөніндегі ақпараттық-талдамалық бағдарлама. Бұл жобаның мақсаты – мүмкіндіктері шектеулі кəсіпкерлерге осы бағдарламадағы көмек көрсету актісін қамти отырып, тұрақты түрде атаулы жəне нақты көмек көрсету, олардың бизнес-идеяларына консультативтік- тəжірибелік қолдау көрсету. Телевизиялық хабар «Хабар» телеарнасында көрсетіліп отырады. Бірінші бағдарлама 2010 жылдың 24 маусымында алғашқы рет көрсетілді.

l Аймақтарда Кəсіпкерлікті қолдау орталықтарын құру. Бағдарламаның мақсаты –кəсіпкерлерге жəне кəсіпкерлік бастамашылығы бар тұрғындарға консалтингтік жəне ақпараттық-талдамалық қолдау көрсету бойынша қолжетімді қызметтер ұсыну. Бағдарламаны іске асыру кезінде «Бизнестің жол картасы 2020» аясындағы бағдарламаларды да қоса отырып, қаржы бағдарламаларының жүйесіне біріктіру жұмысы жүргізілуде.

 

 

2.4. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы

 

Біз елімізде неғұрлым көп  және алуан түрлі тауар өндіретін  болсақ, соғұрлым ел экономикасы да мықты бола бермек. Бүгінгі күні Қазақстан әлемдегі мұнай, газ, металл, жоғары сапалы бидай өндіруші алдыңғы  қатарлы мемлекеттің бірі. Алайда, көптеген тауарларды біз әлі де өзге мемлекеттерден сатып алуға мәжбүрміз, өйткені біз мұндай өнім түрін өз елімізде шығарып отырған жоқпыз.

Импорттан түскен тауарларды сатып алғанда, біз өзге елдердің экономикасына қолдау жасап отырмыз, сөйтіп, шет мемлекеттерге сол  елдің азаматтары  үшін жаңа жұмыс  орындарын ашып беруге ықпал етудеміз. Әлбетте, біздің нарыққа өзге елдерден тауар жеткізуші әріптес-серіктестерімізге  айтар алғысымыз мол, дегенмен, бүгінгі  таңда біз ең алдымен өз еліміздің, өз халқымыздың және өзіміздің отандық  өнім өндірушінің мүддесін алға қоюымыз  керек[6,3].

Өндіріс саласын дамыта отырып біздің еліміз мемлекеттік бюджеттің  тұрақтылығын қамтамасыз етіп, резервтік  Ұлттық қор жасақтай алды. Соның  арқасында  дағдарыс салдарын біршама  жеңілдетуге мүмкіндік туды, оның ішінде орта және шағын бизнес үшін де. 2008-2009 жылдары тек қана кәсіпкерлікті  қолдау бағытында мемлекет жалпылай алғанда      400   млрд. теңгеден    астам қаражат  бөлді.

2010 жылдан бастап отандық  бизнесті қолдау бағдарламасы  Қазақстан Республикасы Президентінің  19 наурыз 2010 жылғы  958 Жарлығымен  бекітілген 2010-2014жылдарға арналған  Қазақстан Республикасының үдемелі  индустриалды-инновациялық даму  бағдарламасы аясында жүзеге  асатын болады. Яғни, бұл бағыттағы  бар жұмыс жеделдетілген және  нығайтылған түрде жүргізіледі  деген сөз.

«Бизнестің жол картасы 2020» - бұл – Мемлекеттік үдемелі  индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын  жүзеге асырудың бір жолы,  бір  тетігі. Аталған бағдарлама аясында  қолданылатын шаралар әлемнің көптеген елдерінде тиімді жолмен жүзеге асып жатыр. Мәселен, пайыздық ставканың  бір бөлігін субсидиялау, несиелер бойынша ішінара кепілдік беру, өндірістік инфрақұрылымды дамыту және сервистік  қолдау, салықтық жеңілдіктер, әлеуметтік жұмыс орындарын ашу және тағы басқалары. Мұндай тәжірибе түрлері  Қазақстанда да бар. Дегенмен, бұл шаралар бізде  алғаш рет кешенді түрде қолға алынып отыр. Ал оларды жүзеге асыру үшін алдағы 10 жылда мемлекеттік қаржыландыру жоспарланған.

«Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасындағы процедуралар тым бюрократиялық болып көрінуі  де мүмкін. Дегенмен, біз бұл арада  мәселе мемлекеттік  ақша жөнінде  болып отырғанын ұмытпағанымыз  абзал, ал мемлекеттік қаржының жұмсалуына жан-жақты бақылау керек.

Информация о работе Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы