Қазақстандағы банк жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 13:01, курсовая работа

Описание работы

Банк – ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, кредит беру, мемлекеттер, кәсіпорындар, мекемелер мен жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру, ақшаның белгілі бір түрін айналымға қосу, ақша мен қүнды қағаздар шығару, алтынмен, шетелдік валютамен түрлі операцилар жасау және басқа да қызметтер атқаратын қаржы мекемесі.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................3

1 Банк жүйесінің мәні мен мазмұны....................................................4
1.1 Банктің нарықтық экономикадағы ролі............................................4
1.2 Банктік қызметті ұйымдастырудың негізі........................................8
1.3 Банктік қызметті бақылау мен қадағалау.......................................10

2 Қазақстан Республикасының банк жүйесі......................................13
2.1 Қазақстанның банк жүйесінің қызметі...........................................13
2.2 Коммерциялық банктердің қызметі................................................17
2.3 Ұлттық Банк - Қазақстан Республикасының Орталық
банкі...............................................................................................21

3 Қазақстан Республикасындағы банк жүйесін жетілдіру...................24
3.1 Қазақстандағы банк жүйесін жетілдіру
(«БанкЦентрКредит» мысалында)......................................................28
Қорытынды............................................................................................31

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................33
Қосымшалар..........................................................................................34

Работа содержит 1 файл

Қазақстандағы банк жүйесі.docx

— 88.58 Кб (Скачать)

Қазақстанда бүгінгі  күні елдің қаржылық инфрақұрылымын дамытуға қажетті мүмкіндіктердің  бәрі бар, сондай-ақ ресурстар да, бюджет те жеткілікті".

"Қазақстан  Республикасы бүгінгі күні айтарлықтай табыстарға қол жеткізді, атап айтқанда, қазақстандық банктер оң нәтижелерге жетіп отыр. Осыған байланысты жаңа жұмыс орындарын ашуға құлықты және экспорттық өнімдер алғысы келетін шетелдік инвесторлар  бұл елге қуана-қуана келеді.

Біз сіздердің  әлі де ілгерілей түсейік, экономикалық өрлеуге қол жеткізейік деген тілектеріңізге толық қосыламыз және ең бастысы - халықтың әл-ауқатын жақсарту екенін жақсы түсінеміз. Бұл әбден жинақталған дағдылар мен тәжірибеден, сондай-ақ ашық ақылдасудан құралған даналық қисын.

ЕҚДБ Қазақстанның Алматыда Халықаралық қаржы орталығын  ашу жөніндегі бастамасы қолдайды және бұл мәселе бойынша жұмыс  істеуге әзір. ЕҚДБ қажетті қаржыландырудың  бәрін бергелі отыр. Алматыда инфрақұрылымды және жоғары технологаяларды дамыту капиталдың тұрақты рыногын жасаудың аса маңызды факторы болып  табылады".

ЕҚДБ Қазақстанға 320 миллион доллар сомасында кредит бере отырып, оны орта және шағын  бизнес, агроөнеркәсіп кешені, инфрақұрылымды дамыту сиякты салаларға жұмсауды ойластырып отыр. Бізде бұдан өзге де нақты жобалар бар. ЕҚДБ бүгіннің өзінде Қазақстанның орта және шағын кәсіпорындарына 700 миллион доллар сомасының 120 мың қарызын берді.

ЕҚДБ Қазақстанның банктерімен, шағын және орта бизнесімен ынтымақтастығын жалғастыра береді. Біз Қазақстан банктерімен бірлесе  отырып және де республикалық бюджетке ешқандай салмақ салмастан инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жобаларды қаржыландыруды жоспарлап отырмыз".[7.83]

Филип Меррилл, АҚШ  Эксимбанк директорлар Кеңесінің  төрағасы және президенті:

"Біз Қазақстанмен  тығыз ынтымақтастыққа мүдделіміз  және республикадағы тұрақты  экономикалық дамудың қатысушылары  болғымыз келеді әрі оның экономикасының  түрлі саласын инвес-тициялауға  американдық компанияларды көбірек  тартпақпыз".

Магар Куюмджан, Stаndаrd & Рооr’s рейтингілік агенттігінің жетекші талдаушысы:

"Қазақстанның  банк секторындағы ахуал Ресейдегіге  қарағанда біршама тәуір және  Шығыс Еуропа елдерінің деңгейіне  жақындап келеді. Бұл көп жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкінің рөлі өте жағымды болғандығына байланысты. Ұлттык Банк халықаралық тандарттарды республиканың банктік секторына ыждағаттылықпен енгізіп келеді.

Қазақстанда жариялылық та әлдеқайда жақсы дамыған, Ең ірі  деген 3 банк рынокта бет қаратпайтын  ойыншыларға айналып отыр, бірсыпыра  шағын банктер де баршылық. Ресейде  банк секторы әлдеқайда қожыраған  күйде қалып отыр".Хорст Келлер, Дүниежүзілік валюта қорының (ДВҚ) басқарушы  директоры:

"Соңғы жылдарда  Қазақстан қуатты экономика құруда және басталған құрылымдық реформаны жалғастыруда орасан зор табыстарға қол жеткізуге болатындығын керсетіп берді.

Мен өз пікірімнің республика басшылығының орта және шағын  бизнеске барынша қолдау көрсету  қажет деген пікірімен бір  жерден шыққандығына қанағатғанғандық білдіремін, өйткені ол әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етеді...

Ұлттық банктің  басшылығы банктік секгорды одан әрі нығайту, ықпалды банктік  қадағалау құру және сақтандыру әрі  бағалы қағаздар рыногын реттеу бағытында  жұмыстар жүргізуге тиісті.

Қазақстанда ықпалды  қаржылық делдалдық, яғни жинақталған  қаржыны инвестициялармен байланыстырудың  шарттары қазірдің өзінде пісіп жетілді, онда да капитал рыногына арқа сүйеу  қажет".

Тессен фон  Хайдебрек, Dеutsсһе Ваnк директорлар  басқармасының мүшесі:

"Президент  Назарбаев өзінің сөзінде елдің  өткен онкүндіктегі бірсыпыра  орасан зор жетістіктерін атап  өтті.

Dеutsсһе Ваnк  пен қазақстандық әрілтестер  ежелден қарым-қатынаста болғандықтан, біз қаржылық сектордағы айтарлықтай  реформалар мен езгерістердің  куәсі болдық.

Жолдауда көрсетілген  бағыттар өте маңызды және таяу болашакка  қатысты шешуші мақсаттар болып есептеледі. Олардың кейбіреулері өзіміз мүшесі болып табылатын әрі мақтан ететін шет елдік инвесторлар Кеңесінің өткен отырыстарында талқы-ланды,

Мен қаржы секторы  үшін инвестициялық тетіктердің  база-ларын кенейтуге және қазақ  кәсіпкерлерінің капитал рыногына қол жетімділігін көтеруге алып келетін  бағалы қағаздар рыногың дамыту туралы шешімді маңызды деп білемін.

Dеutsсһе Ваnк  Қазақстанның одан әрі дамуына  өз үлесін қосуға әзір".

[8.41]

 

       «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңнын, 1-бабына сәйкес, «банк - осы заңға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға».

           Банктік қызмет — бұл банктік  операцияларды жүзеге асырумен  байланысты қызметті білдіреді.  Аталған заңның 30-бабына сәйкес  банктік операцияларға мыналар жатады:

  • заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
  • жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
  • банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспондентік шоттарын aшy және жүргізу;
  • заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;
  • кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;
  • аударым операциялары; заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын орындау;
  • есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
  • заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай нысанда несиелер беру;
  • заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент- банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу;
  • сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және оның мүддесіне сай, ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын басқару;
  • клиринттік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза ұстанымын анық- тау;
  • сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарын сақтау қызметін керсету, сондай-ақ жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беру;
  • ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;
  • төлем карточкаларын шығару;
  • банкнот пен монеталарды және бағалы заттары инкассациялау және жөнелту;
  • шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдасытыру;
  • төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельден басқаларын);
  • чек кітапшаларын шығару;
  • бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;
  • аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;
  • ақшалай нысанда орындалуды көздейтін, банктік кепіл-хаттарды беру;
  • үшінші тұлғаның атынан ақшалай нысанда орындалуды көздейтін банктік кепілдеме беру.

 

 

 

 

 

2.2  Коммерциялық банктердің  қызметі

    

 «Коммерциялық банк» — бұл ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын немесе қолма-қол және қолма-қолсыз ақшада төлем айналысын реттеуді жүзеге асыратын ақша-несие институты болып табылады.

      Елімізде 37 коммерциялық банктер жұмыс істеуде. Коммерциялық банктердегі пайыздық төлемдердің жоғарылығы “екі-үш жылда бірақ өтелетін кез келген бизнес-жоба өз маңызын жояды” Қазақстан Республикасының коммерциялық банкі өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді.

 Коммерциялық банктердің  ресурстарының құрылымы олардың  мамандануы, әмбебаптығы және қызметінің  ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді.

 Банк ресурстарының  құрылымына мыналар жатады:

1. Банктің меншікті капиталы.

2. Банктің заемдық және  тартылған қаражаттары. 

 Қазақстан Республикасының  коммерциялық банкі ресурстарының  басты мақсаты — Банк ресурстары - бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастылуға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.

       Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы банкті басқару құрылымына және оның функционалдық бөлімшелері мен әр түрлі қызметтерінің құрылымына бөлінеді.

        Банктің  ұйымдастырылу құрылымы және соған сәйкес операциялары орталықсықдандыру дәрежесі, бірінші кезекте жалпылама түрде анықталады. Сондықтан да банктің бір-екі бөлімшесі болатын болса, онда орталықтан басқаруды жүзеге асыру тиімді. Кез келген жағдайда да барлық жүйені тиімді жедел басқарудың болғаны міндетті, өйткені шешім қабылдау барысында кешігу, бас кеңес мен бөлімше арасында ақпараттық үзіліс болмауға тиіс.

      Банктің  ұйымдастьрылу құрылымы басты  екі әдіспен анықталады – банктің  басқарылу құрылымы және оның  функционалдық бөлімшелері мен  қызметтерінің құрылымы.

      Басқару  органын тағайындаудың мақсаты  – банктің негізгі қызметін  іске асыру мақсатында, банктің  коммерциялық қызметіне тиімді, үнемді және жедел жетекшілік  етуді қамтамасыз ету.[9.144]

     Коммерциялық  банктің басқару құрылымына оның  жарғылық қорының қалай құрылуы  немесе оның торабының даму  дәрежесі тікелей ықпал етеді.

     Басқарманың  негізгі қызметтері:

  1. Банктің стратегиялық мақсатын анықтау және оның саясатын жасау. Ірі банкте мекеменің мақсаты мен міндеттері және оған жетудегі нақты іс-әрекеттер бағдарламасы, түрде дайындалған арнайы меморандумда көрсетіледі. Ол мынадай жағдайларды қамтиды:
  • банк ресурстары бірінші кезекте қызмет көрсететін клиенттер категорияларына бағытталады;
  • алдағы кезеңде дамуға мүмкіндік беретін операцияларды;
  • банктің филиалдары мен өкілеттігін ашу туралы сұрақтар;
  • маркетинг әдістері және жаңа банктік несие мен қызметтерді тұтынушыларға ұсыныс;
  • өтімділікті қамтамасыз етудің озық әдістері;
  • нарықта банктің бәсекелестік қстанымын нығайту шаралары;
  • пайыз мөлшерлемелерін және банк қызметіне қойылатын тарифтерді белгілеу саясаты;
  • банктің қызметкерлерінің мөлшері мен құрамы, олардың біліктілігін және тағы басқа арттыру бағдарламасы.

      Ұсақ банктерде  саясаттың мақсаты туралы жазбаша  меморандум жасалмайды. Филиалсыз  банктер үшін саясаттың принципін  құру, филиалы бар ірі банктерге  қарағанда оңай болып келеді, себебі соңғыларында клиенттер  үшін жергілікті жағдайларды  ескеру ерекшеліктері орын алады.

  1. Жетекші орынға адам таңдау. Осы заманғы банк-күрделі және біршама тәуекел кәсіпорын болғандықтан да, оны білгір, білікті мамандар мен жауапкершілігі бар адамдар басқаруы тиіс.
  2. Комитет құру. Ірі банктерде шешім қабылдау үшін мынадай комитеттер

     құрылады: әкімшілік,  есеп-қарыздық, ревизиялық.

  1. Қарыздық және инвестициялық операцияларға бақылау жасау. Басқарма заңды түрде несие мен бағалы қағаздар портфелінің құрылымына банк саясатының бекіткен мақсаттарына сәйкес бақылау жасайды.
  2. Банк қызметің мерзімді тексеру. Басқарма мүшелері банктің операцияларына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Өз мәжілістерінде басқарма, бөлім жетекшілерінің есептерін тыңдайды және банк ісін талқылайды.

       Басқарма  мүшелеріөздерінің шешімдері, зияндары, қателіктері, банктер туралы заңға  бағынбағандары үшін жауапты.

      Сонымен,  кеңес коммерциялық банктегі  акционерлер жиналысының нұсқауына  сәйкес тәжірибелік қызметті  жүргізетін ең жоғары басқару  органы болып табылады. [10.483]

      Басқару  органы пайда алу мақсатында  коммерциялық банктіңқызметіне  тиімді жетекшілік етуді қамтамасыз  етеді. Бпнктің құрылтайшылары  басқару органына тікелей қатысады.

Акционерлік банктерді басқару  құрылымы 1 суретте берілген.

    

 

 

 

 

 

 

 

 

Несиелік

комитет




Акционерлердің 

жалпы

жиналысы




Ревизиялық

комиссия




 

 

 


Бақылау кеңесі


              

Басқарма


 

Басқарма

төрағасы



Төраға

орынбасарлары


 

Департаменттер,

бөлімдер


 

Басқару

бөлімдері




Қызметтер




 

 

 

Коммерциялық банктің  басқару құрылымы. 

      Акционерлік  коммерциялық банктің ең жоғарғы  органы акционерлердің жалпы  жиналысы болып табылады.

      Акционерлердің  жалпы жиналысы жылына біррет  шақырылып отырады. Бұл жиналыста  мынадай міндеттер шешіледі: 
    - банктің жарғысына өзгерістер енгізу;

- банктің жарғылық капиталын  өзгерту;

- банктің Кеңесін сайлау;

- банктің жылдық есебін  бекіту;

- банктің табысын бөлу;

- банктің құрылымдық  немесе еншілес бөлімшелерін  құру және тарату.

      Екінші  басқару органы банктің қадағалау  кеңесі болып табылады. Банктің  бақылау кеңесі банк қызметіне  бақылау жасау органы ретінде  мынадай міндеттерді атқарады:

Информация о работе Қазақстандағы банк жүйесі