Қазақстандағы банк жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 13:01, курсовая работа

Описание работы

Банк – ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, кредит беру, мемлекеттер, кәсіпорындар, мекемелер мен жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру, ақшаның белгілі бір түрін айналымға қосу, ақша мен қүнды қағаздар шығару, алтынмен, шетелдік валютамен түрлі операцилар жасау және басқа да қызметтер атқаратын қаржы мекемесі.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................3

1 Банк жүйесінің мәні мен мазмұны....................................................4
1.1 Банктің нарықтық экономикадағы ролі............................................4
1.2 Банктік қызметті ұйымдастырудың негізі........................................8
1.3 Банктік қызметті бақылау мен қадағалау.......................................10

2 Қазақстан Республикасының банк жүйесі......................................13
2.1 Қазақстанның банк жүйесінің қызметі...........................................13
2.2 Коммерциялық банктердің қызметі................................................17
2.3 Ұлттық Банк - Қазақстан Республикасының Орталық
банкі...............................................................................................21

3 Қазақстан Республикасындағы банк жүйесін жетілдіру...................24
3.1 Қазақстандағы банк жүйесін жетілдіру
(«БанкЦентрКредит» мысалында)......................................................28
Қорытынды............................................................................................31

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................33
Қосымшалар..........................................................................................34

Работа содержит 1 файл

Қазақстандағы банк жүйесі.docx

— 88.58 Кб (Скачать)

Қазақстанның банк жүйесінің даму және оның мәселелері мен перспективалары  туралы мерзімді баспасөз беттерінде жарияланып жүрген мақалалар, олардың  авторларының құнды пікірлері Ұлттық банк пен коммерциялық банктердің дамуының бағыттарын анықтауға үлкен мүмкіндіктер береді.

Отандық банк жүйесі, 1995-жылдан бастау алған, реформалаудың қиын-қыстау кезеңдерін абыроймен бастан өткізіп, қазіргі  таңда қаржылық-несиелік, ақша, валюталық  және ақпараттық салаларды қамтитын, қазіргі заман талаптарына сай  күрделі жаңа мәселелерді арқалап, өзінің дамуының жаңа жолында келеді. Жоғарыда айтылған банк жүйесінің перспективаларын ескере отырып, қазақстандық банк жүйесі жаңа заңнамалық негізде қызмет етуі керек деген қорытынды жасауға  болады. Бұл заңнама халықаралық  стандарттарды ескере отырып, сондай-ақ отандық қаржы-несие жүйесінің  мүдделеріне сәйкес келетін жоғары талаптарды қамтуы керек.

Қазақстан Республикасында  нарық конъюктурасының ауытқуларына және халықтың психологиялық күтулеріне ұшырамаған бәсекеге қабілетті банк жүйесін құру бүгінгі күні  әсіресе, ДСҰ-на кірудің алдында, сондай-ақ отандық  банк жүйесін шетелдік нарықтар жоғары қарқынмен игеріп жатқанда, өзекті болып табылады. Сонымен қатар, біздің нарықтың жаңа ойыншылардың келуіне  негізделген шетелдік қаржы институттары үшін белгілі бір мүддені білдіретін фактіні атап өткен жөн.

Қазақстан Республикасы Қаржы  нарығын және қаржы ұйымдарын  реттеу мен қадағалау агенттігінің (ҚҚА) 2007 жылғы 1 желтоқсандағы деректері  бойынша  еліміздегі екінші деңгейдегі банктердің (ЕДБ) жұмыс істейтін 35-інің 18-і шетел қатысатын банк болып  табылады, ал Қазақстан Республикасында  резидент емес банктердің өкілдіктерінің саны 26 болды.

Атап айтқанда, көптеген елдердің қаржы жүйесінің қалыптасуы және одан әрі белсенді дамуы экономикада  және әлеуметтік салада белгілі бір  өрлеуге қол жеткізуге көмегін  тигізді. Бүгін, әлемдік қауымдастықпен шоғырлану шарасыздығы туралы айтатын  болсақ, авангардта тағы қаржы жүйесі көрінді. Нарық заңы бойынша ғаламдық жағдайында толық нығайған шаруашылық жүргізу субъектілері, ал Қазақстан  үшін бірінші кезекте, осы банктер  өз капиталдарын экономикалық тұрғыдан тиімді салудың ықтимал жолдарын іздеп отырады. Бүгінгі күні, шетелде, бірінші кезекте, ТМД аумағында  біздің еліміздің ірі банктерінің  өкілдіктері немесе еншілес банктері бар. ҚҚА-нің деректері бойынша  резидент екінші деңгейдегі банктердің өкілдіктерінің саны – шетелде 17 болды. [12.86]

Мұнда, аумақтық шекаралардың болуы мүмкін емес. Осыған байланысты банк секторының бәсекеге қабілеттілігін айтатын болсақ, біз мынадай сұрақтарға жауап беруге тиіспіз: біздегі банк жүйесі әлемдік экономиканың қазіргі  заманғы дамуының жай-күйін болжамдайтын қызмет көрсетудің сол деңгейін қамтамасыз ете ала ма? Бұл жағдайда, көрсетілетін қызметтің сапасы және қазіргі заманғы  банктік ақпараттық технологияларды  пайдалану туралы   ғана емес, сондай-ақ көп жағдайда, банктерде  «ұзын» деп аталатын ақшаның, оларды алу мүмкіндігінің болуы әңгіме болады. Бұл, бірінші кезекте,  банктердің ірі инвестицияларды, меншік капиталдарымен қатар игеру мүмкіндігін білдіреді. Солай бола тұра, біздегі банктердің меншік капиталының бүгінгі күнгі  өсу динамикасы нық сенім ұялатады. Қазіргі заманғы өлшемдер бойынша  отандық банктердің меншік капиталының  көлемін жетекші әлемдік банктермен салыстыруға болмайды. Бұның себебі дәлелді – Қазақстанның банк жүйесі әлі жас, өзінің жастығына қарамастан ол белгілі бір нәтижелерге қол  жеткізді. Елдің банк секторындағы активтер соңғы бес жылда 10 есе, меншік капиталы – 11, экономиканы кредиттеу  – 10 есе өсті. Мүмкін бұл заңды  шығар?

Егер банк жүйесінің бәсекелестігін ауқымды көлемде қарастыратын болсақ, онда ол банкте бәсекелестік стратегияның – қызмет көрсету сапасының артуына, шығасылардың төмендеуіне, қаржы нарығындағы  белгілі бір сегменттің ұстап  тұруға және кеңейтуге, өз инфрақұрылымының дамуына, капиталдандырудың артуына, негізгі көрсетілетін қызмет құнының  төмендеуіне сүйенетін бәсекелестермен  күресте ұзақ уақыттағы іс-әрекеттер  образының болуымен айқындалады. Осылайша банктерде бәсекелестік артықшылықтың (абсолютті, сол сияқты салыстырмалы) болуы елдегі қаржы тұрақтылығының артуына мүміндік береді, бұл өз кезегінде макроэкономикалық көрсеткіштердің  өсуіне әкеледі. Банк жүйесінің бәсекелестік қабілеті оның сапасын айтпағанда, банк заңнамасының тұрақтылығына әсер ететіндігін атап өткен жөн. Қазақстан  Республикасындағы банк жүйесінің  қазіргі заманғы жай-күйін талдау белгілі бір проблеманың бар  екендігін көрсетеді, ол біздің банк жүйесінің  капиталдың әлемдік нарықтарына  тартымдылығымен кездесіп отырады. Бұл, сөзсіз, бір жағынан сыртқы қорландырудан  шамадан тым тәуелділігі, екінші жағынан – ипотекаға кредиттеудің күрт өсуі болды. Бұл қосымша тәуекелдерге әкеледі.

           Қазақстанның заңнамасына сәйкес банк заемдары, егер олар кепіл берушінің немесе үшінші тұлғаның иелігінде және пайдалануында қалатын жылжымайтын мүлікке кепілге берілген болса, онда олар ипотекалық заемдар деп аталады. Қаржылық қадағалау агенттігінің  деректері бойынша 01.12.2007  жылжымайтын мүлікке берілген ипотекалық заемдар 3 292,1 млрд. теңге немесе  ЕДБ-дің жиынтық несие портфелінің 37,4% болды. Тұрғын үй құрылысы не оны сатып алу және (немесе) жөндеу  мақсатында берілетін ипотекалық заемдар 01.12.2007 жылы 543,3 млрд. теңге немесе несие портфелінің 6,2% болды. Жеке тұлғаларға тұрғын үй сатып алуға және салуға берілетін заемдар 821,9 млрд. теңге немесе несие портфелінің 9,3% болды. ҚҚА-нің жедел деректері бойынша ЕДБ-дің жиынтық міндеттемелеріндегі олардың резидент еместер алдындағы міндеттемелерінің үлесі 2008 жылғы 1 қаңтарда 53,5% болды, бұл 5487 млрд. теңгеге сәйкес келеді. Осы көрсеткіш соңғы жылдары үштен астам өсті. Бұл оның шегі емес.

Мұнда бірінші жоспарға активтер мен пассивтерді көздейтін портфельдерді  түрлендіру мәселелері шығады, оның ішінде банктердің болашақтағы даму жоспарлары кіреді. Коммерциялық банктердің өздерінің  қызметін бәсекелестік күрес жағдайында түрлендіруді жүргізу мүмкіндіктері  мен нәтижелері Дж.Ф. Синки, Ж. Мтаука, А. Раппопорта, П. Роуза, Д. және Дж. Кэммпбеллов, Д. Кинна, Ф Баретта сияқты белгілі  авторлар - батыстық экономистердің еңбектерінде айтылады. Ресейдің Балабанов И.Т., Бор  М.З.,  Белоглазова Г.Н., Жуков Е.Ф., Куликов А.Г., Лаврушин О.И., Коробов  Ю.И., Панова Г.С., Пономарев В.А., Симанский  А.Ю., Усосокина В.М., Ширинская Е.Б. және басқалары сияқты ғалымдардың  еңбектері  бірінші кезекте, экономиканы  реттеу тәсілі ретінде ақша нарығының  және ақша-кредит саясатының дамуын және жұмыс істеуін талдауға, банк капиталы мөлшерінің жеткіліктілік мәселелеріне және банктердің қаржылық жай-күйін  талдауға арналған. Дамыған елдердің тәжірибесін пайдалану елде қалыптасқан ахуалды ескере отырып, осы проблеманы қосымша териялық және пркакткалық тұрғыдан ойлану қажеттігін туғызады. Ғаламдану жағдайында, өздерінің бәсекелестік қабілеттігін арттыру үшін, біздің пікірімізше, банктер бұрыннан белгілі стратегиялық жоспарлау, түрлендіру, экспансиялар, тәуекелді құрылымдық бөлімшелер бойынша бөлу, әдістерінен басқа, өз елдерін де ғана емес дамыған капитал нарықтарында болатын өтімділік және төлем қабілеттілігі проблемаларымен байланысты шиеленіскен құбылыстардан превентивтік қорғаныш әдістерін жиі қолдануы тиіс. Қазірғі замандағы жағдайларда, әлемде экономикалық талаптар өте тез ауысып отырады, сол немесе өзге де туындаған проблемаларға тез жауап қату қажеттігі туындайды. Мұнда шынай ақпаратты уақытылы алудың маңызы зор, бұл мақсатқа қол жеткізуге теріс ықпал ететін түрлі ахуалдарды болжамдау кезінде қажет. Осыған байланысты, отандық банктер қуатты ақпараттық-талдау орталықтарының қызметтерін әрқашан қажет ететін болады.

Осы проблемаға база назар  аудару және әлемдік банктік қауымдастықтың қаржылық жай-күйін барынша жан-жақты  зерделеуге қабылдау  керек сияқты. Өздерінің қарсы агенттерінің зерделеумен  шектелетін меншік талдау қызметтері болған кезде банктер жалпы әлемдік  экономикалық мониторингтің мүмкіндіктерін жіберіп алады. [13.544]

Банктер қауымдастығына әлемдік  қаржы нарығының макроэкономикалық  ахуалдарын зерттеу жөніндегі қоғамдық ұйымдар, қуатты талдау орталықтарын құру туралы ойлануы қажет

 

 

 

 

3.1 Банктік жүйені жетілдіру мәселелері («БанкЦентр Кредит»

                мысалында)

 

       Даму стратегиясының негізгі міндеті - Қазақстанда және онымен шектесіп жатқан көрші елдердегі қаржы нарыгының барлық егменттерінде: банк, зейнетақы, сақтандыру, бағалы қағаздар және лизинг саласында қызмет көрсететін әрі клиенттер мүддесін көздеуге бағытталған қаржылық топ құру болып табылады.

1. Өнімдер мен қызметтер ауқымы

ЦентрКредит Банкі мен  оның еншілес компаниялардың тобы еуропалық  стандарттарға сәйкес жұмыс істеуге  талпыныс жасайтын болады, әрі банктің  филиалдар желісі арқылы өз клиенттеріне қаржылық өнімнің неғұрлым кең ауқымын  ұсынуға ұмтылады. Қаржылық топ өнімдер  мен қызметтердің жаңа түрін енгізетін  болады және өңірдегі қаржылық инновациялар саласында көшбасшы болуды көздейді.

2. Қызмет ету географиясы

«ЦентрКредит» қаржы тобы Қазақстанның, Ресейдің, Орталық Азия мен ТМД елдерінің жэне Қытайдың қаржы нарықтарында жұмыс істейтін болады. Клиенттер мүддесі талап  ететін жағдайда топ дербес түрде  немесе стратегиялық серіктестері арқылы басқа елдердің қаржы нарықтарына  да шыға алады.

3. Клиенттері

Қаржы тобы өз қызметтерін  заңды тұлғаларга да, жеке тұлғаларга да ұсынатын болады. Қолда бар клиенттерге  ұсынылатын қызметтер сапасын барынша  арттыру арқылы әр қызмет түрін барынша  кеңейте отырып, топ жаңа клиенттерді  тарта алады және бұлар негізінен  орта бизнес, жобалық қаржыландыру өкілдері мен жастар және орташа класқа басым көңіл бөлетін болады.

4. Сату арналары

Топтың Қазақстандағы  негізгі сату арнасы «ЦентрКредит Банкі» АҚ-ның филиалдары болып табылады. Басқа елдердің нарықтарында еншілес  компаниялармен қатар топтың стратегиялық серіктестерінің арналары да пайдаланылатын болады.

5. Стандарттар.

Болашақты көруге сәйкес, банктің 2009 жылдардың негізгі стратегиялық мақсаты болып:

  • Бизнестің нарықтың құнын жоғарлату
  • Банк активтері бойынша нарықтық үлесі 9 % арттыру.

Мақсаттарға  жету   үшін   банк  өз   алдында  мына   негізгі   бағыттарды көздейді:

1 .Нарық сегменттерінің  барлық кілттерінде нарықтық  үлесті арттыру

2.Капитал деңгейін молшылықта  ұстау

З.Бизнестің пайдалылығын жоғарлату

4.Клиенттер санын көбейту

5.Қиылыс сатуларды жоғарлату

б.Клиенттердің қанағаттандыру деңгейін жоғарлату

7.Банктің негізгі бизнес-процестерін  жетілдіру

8. Банктің негізгі бизнес-процестерін  автоматизация деңгейін көтеру

9.Банктің қарыз портфелінің  сапасын жоғарғы деңгейде ұстау

10.Қызметкерлердің мамандығын, қанағаттанарлығын деңгейін көтеру.

Жоғарыда айтылып өткен  банктік қызметтердің дамуын кестеден көруге болады.

 

 «ЦентрКредит Банкі»  АҚ-ның банктік қызметтер түрлерінің дамуы* 

Банктік қызметтер түрлерінің атауы

Жетілдірудің бағыттары

Өнімдер мен қызметтер ауқымы

басқа жаңа қызметтерді енгізу; ұсынылған қызметтерді кеңейту; жоспарланған уақытқа қызметтердің көлемін ұлғайту;

Қызмет ету географиясы

басқа мемлекеттерде банктің  филиалдарының ашылуы;

Клиенттері

жоспарланған уақытқа  дейін салымшылардың көлемін  ұлғайту;

Сату арналары

еншілес компаниялармен жэне топтың стратегиялық серіктестерінің  арналары арқылы қызметтерді жылжыту;

Стандарттар

Мемлекеттік стандарттарға  сүйену;


 

2010 жылдың ішінде бизнесті  дамытудың негізгі міндеттері:

  1. Халыққа бөлшек бизнес қызметін көрсету нарығында жетекші банк атану. Ең бастысы - сатулар жүйесін кұру, оның арқасында банктің кеңінен таралған филиалдар желісінде тұрғындарға қаржылық қызметтің толық жиынтығы ұсынылады;
  2. Активтерді басқару нарығындағы өз айқындамасын күшейту (кең мағынада алғанда, оның ішінде зейнетақы қорын, өмірді сақтандыру компаниясын, брокерлік компанияны, активтерді тікелей басқару жөніндегі бөлімшелерді қоса алғанда);
  3. Жалпы сақтандыру нарығында табанды да берік айқындама ұстануға қол жеткізу;
  4. Нарықтың барлық негізгі сегменттері бойынша кемінде 25 пайыздық үлесті иемдену;
  5. Шағын және орта кәсіпкерлерге несие беру нарығында жетекші банктің бірі болу;
  6. Ірі экспорттық кәсіпорындарға қызмет көрсетуде нақты айқындама жасау;
  7. Бәсеке қабілеті жоғары, ең алдымен клиенттердің құрал-жабдық сатып алу мұқтаждығын қамтамасыз ете алатын лизинг компаниясын кұру;
  8. Қазақстан мен оған шектес өңірде қаржы тобының шеңберіндегі 
    құрылымдық өнімдер бойынша бизнес ашу;
  9. Стратегиялық серіктеспен бірлесіп Қазақстан аумағынан тыс жерлерде бизнесті қолға алу және 5 жылдың ішінде шетелдік бизнестің жалпы өнім көлеміндегі үлесін 30 пайызға жеткізу. Ресеймен саудалық қарым – қатынасқа оның ішінде шекаралық саудаға (саудалық қаржыландыру) қызмет көрсету бизнесін құру;
  10. қорландыру мерзімін ұзарта отырып, қор базасын сараландыруды 
    жалғастыру;

Қаржылық топ  ішінде жүретін үрдістерді басқарудың негізгі міндеттері:

  1. Қаржы тобының стратегиялық серіктесі ретінде еуропалық қаржы институтын тарту қажет.
  2. Филиалдар желісі арқылы сатуларды кеңейтуге, бір орталықтан есепке алуға мүмкіндік беретін жэне тәуекелдерді басқару жүйесіне қолдау көрсететін ІТ жүйесін іске қосу керек.
  3. Стратегиялық серіктеспен бірлесіп, еуропалық стандарттарға толық сәйкес келетін тәуекелдерді басқару жүйесін құру қажет.
  4. Клиенттерге филиалдар желісі арқылы жоғары сапалы қызмет көрсетуді және толық өнім жиынтығын ұсынуды қамтамасыз ететін қызметкерлер құрамын оқытып-үйрету жүйесін құру керек.
  5. Қаржы тобы шығаратын шешімдердің бүркемесіз, ашық болуын және акционерлер құқығының қорғалуын қамтамасыз ететін корпоративтік басқару жүйесін құру қажет.
  6. Банкте клиенттермен қарым-қатынасты басқару жүйесін енгізу керек

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Егер несиелік жүйенің қалыптасуының бастапқы кезеңіне көз жүгіртсек, коммерциялық банктер үлестік негізде құрылған болса, қазіргі таңдағы бантердің  қайта құрылуы олардың акционерлік  қоғам үлесінде жаңа банктер құрылды.

Бүгінгі таңдағы  банктік заңдылықтар барлық коммерциялық банктерге өз қаржылары мен кірістеріне  ие болуға еркіндік берді. Салық төлеп  болғаннан қалған банк кірістері  акционерлердің жалпы жиналысының  шешімімен бөлінеді.

Ол әр түрлі  банк қазынасының есебінен шыққан мөлшері  мен деңгейін бекітеді, сонымен қатар  акция бойынша дивидендтердің мөлшерін де анықтайды.

Нарықтық экономиканың дамуында Орталық Банктің ролі халық  шаруашылығын ақша қаражатымен және бірлескен қоғамдық шикізат қорымен  еліміздің ұлттық кірісімен бейнеленеді.

Қазақстан банк жүйесінің реформасын ойдағыдай өткізді, әлемдік экономикалық қауымдастыққа батыл қадаммен енді және Шығыс Еуропа елдеріне жақындай отырып, қаржы дамуының көптеген параметрлері бопынша ТМД елдерінен алда келеді. Бүгінгі күні теңге ТМД елдерінің ішіндегі ең тұрақты валюта ретінде танылған. Соңғы жылдары Қазақстанда ақшаның құнсыздануы 4-6 пайыз шегінде құбылып тұр.

Соңғы бес жылда  Ұлттық Банктің алтынвалюталық активтері  айтарлықтай өсті – халықаралық резервтері бір жыл ішінде 4958, 9 миллион долларға дейін өсті.

Информация о работе Қазақстандағы банк жүйесі