Қазақстандағы жетім балалардың әлеуметтік жағдайы

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 20:41, реферат

Описание работы

«Шымшық балапанына жем тасып, өзі жеуді ұмытып, балапаны ұядан қанаттанып ұшқанда өзі өлетін көрінеді»дегенді оқығаным бар. Естуімше сәбилер үйіне кіргенде көздерінде, «Мені іздеп келмеді ме екен?» деген сұраулы мұң бар, жәудірей қараған бейкүнә сәбилерді көргенде шынашақтай шымшық құрлы бола алмаған олардың тасжүрек «аналарының» таңы қалай атып, кеші қалай батып жүргеніне таң қаламын.

Содержание

I Кіріспе бөлім
II Негізгі бөлім
1.Қазақстандағы жетім балалардың әлеуметтік жағдайы
2.Жетім балаларды құқықтық-әлеуметтік қорғау.
3.Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қорғау жане қолдау.
III Корытынды бөлім
IV Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Әлеуметтану.docx

— 27.45 Кб (Скачать)

                                                  Жоспар

I Кіріспе бөлім

II Негізгі бөлім

    1.Қазақстандағы жетім балалардың әлеуметтік жағдайы

    2.Жетім  балаларды  құқықтық-әлеуметтік  қорғау.

    3.Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қорғау жане қолдау.

III Корытынды бөлім 

IV Пайдаланған әдебиеттер тізімі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   

 «Шымшық  балапанына  жем  тасып, өзі  жеуді  ұмытып,  балапаны  ұядан  қанаттанып  ұшқанда өзі  өлетін  көрінеді»дегенді  оқығаным  бар.  Естуімше  сәбилер үйіне кіргенде  көздерінде,  «Мені іздеп келмеді ме екен?» деген сұраулы мұң бар,  жәудірей  қараған бейкүнә сәбилерді көргенде  шынашақтай  шымшық  құрлы бола  алмаған олардың тасжүрек «аналарының»  таңы  қалай атып,  кеші  қалай батып жүргеніне  таң  қаламын.

     Ет  жүрегі  -  кішкентай  сәбиінсіз   қалай  алаңсыз  тамақ   ішіп,  қалай  ұйықтайды   екен?!  Шырылдатып  тастап  кеткен   періштесінің  үні   ..,  бір   күнге  не  бір  жылға   емес,  өмір  бақилыққа  тастап  кеткен  бөпесінің,  ботасының   назы...  оның  тас  жүрегін   жібітуге  шамасы  келмеді ғой.

    Ет    жүрек  елжіреп  езілмей,  жүйке  жұқарып,  көңіл  босамай  тұрар  ма.  Онсыз  да  тағдырлары  келіспеген бейкүнә бүлдіршіндердің өмірлеріне налып, соны білдірмеуге бар мейірім, ықылас, қамқорлығыңды жұмсауға тырысасың-ау. Сөйтсе де туған ананың махаббат мейіріміне жетер ме? Жетпеді ғой, жетпеді...

   Бала  үшін ананының жаксы жаманы  болсын ба? Ана-әрқашан Ана ғой.  Олардың ішінен де балабезер  деген сұмдықтары шыққандарын бейкүнә сәби қайдан білсін. Анам деп, мамам деп,күнде күтеді. Сағынып, сарғаяды.Терезеден телміріп, өткен-кеткендерге,есіктен енген жанға жәудіреп қарап, жәутеңдейді...

    Жетім деген сөздің ауаны қандай ауыр еді... Одан да ауыры-тірі жетім деген сөз. Ауырлығы былай тұрып, ауызға алудың өзі қиын екен. 
 
 
 

    16миллион   халықтың  16мың  жетімі  бар.  «Заң  әр  мемлекеттің  ар-ожданы  айнасы»  деген  қанатты   сөз  бар.  Қазақстан  Республикасының «Неке  және  отбасы  туралы»  заңының  шет  елге  асырауға  бала  беру  туралы  76-бабы  елдің  ар-намысына  тиіп  түрлі  пікірталастар  туғызып  отыр.

    Жетім,тірідей   жетім  балалар  тағдыры -  бұл дүние жүзілік мәселе.  Әлемде 100млн.  Жетім және  қараусыз  қалған  балалар бар.  Сонымен бірге жетімдері балалар үйі жоқ мемлекеттерде бар.Мұның бірі -   Ирландия.

    Балаларын   тәрбиелей  алмайтын  оларды  шетелге  асыру  негізінен   кедей  мемлекеттерге  тұғындарының  басым  көпшілігі  қайыршы   патриоттық  сана – сезімі  төмен  елдерге  тән.

    Жетімдерсіз   ел  аз,  бірақ  оларға  көзқарас  әр мемлекетте  әртүрлі  мысалы,АҚШ-та  300мың  жетім  балалар   бар,  бірақ  АҚШ  өз  жетімдерін  сыртқа  бермейді,  басқа   елдерден  жетім  балаларды  асырап  алуға  мән  береді.  Әр  балаға  жылыны  13мың  доллор  қаржы  жұмсалады.

    Қазақстанда  92мың  573  бала  мемлекет  қамқорлығында   оның  31,1  пайызы  немесе  28772-сі  балаларды  тәрбиелеуді  міндетіне   алған  отбасылар  саны  келтірілген,  47946  баланы  асырап  алған,  15855  бала  мемлекеттік  мекемелерде,  2120-  сәбилер  үйінде,  912-і   балаларға арналған  мүгедектер  үйінде,  12823  бала  -  балалар   үйімен  интернат  мекемелерінде,  6065  бала  -  асырап  алған.

    Қазақстанда   « Неке  және  отбасы  туралы»  заң  1998  жылы 

    17-ші  желтоқсанда қолданысқа  енді.  Осы заңның  76-бабының 2-ші  тармағында  былай делінген:  «Қазақстан  Республикасының азаматы болып табылатын бұл балаларды ҚР-ның азаматтарына  тәрбиелеуге беру  мүмкін  болмаған  жағдайларда ғана  шет елдіктерге  асырап  алуға,  не  балалардың  туыстарына   осы туыстарының  азаматтығы  мен  тұрғылықты  жеріне  қарамастан  асырап  алуға  берілуі  мүмкін.

    Мемлекетімізде жетім балалардын жағдайы  мәз  емес.  Көтерілген мәселелер  мен  айтылған  сындардан  нәтиже  шығару  үшін  қазіргі  күні  мемлекеттік  органдар  жұмыс  істеп  жатыр.

    Әр  баланың  жеке  өсу  процессі  сияқты,  онығ қоғамдағы  орны ,  дәлірек  айтсақ,  қоғамның  балаларға  деген  қамқорлығы   ретінде.

    Балалық   шақтың  ересек  адамныңда   өмірі  сияқты  өсу  процесі   екенін  ескерсек,  ересек  адамның   қалыптасуының  маңыздылығы   балалық  шаққа  байланысты.

    Баланық   жастық  ерекшелігі,  оның  әрбір   кезеңде  ерекше  денелік   қалыптасуы,  өзіндік  танымдық  өсуі  әлеуметтік  өмір  тәжірибиесімен  белгілі  бір  моральдық   танымы мен  ерекшелінеді.Жас   өскен  сайын  балалардың  әлеуметтік  қалыптасуы,  бірінші  кезекте  отбасына  байланысты  болады.Сондықтан  отбасының  қоғам алдындағы  жауапкершілігі  өте  зор

       Бала  өлімінің  жылдан-жылға   өсуі,  көбеюі,  бала  туудың  қысқаруы  мүгедек  баланың   санының  өсуі-  бұл  еліміздегі  қазіргі  экономикалық  және  саяси  әлеуметтік  дағдарыс  болып  табылады.

    Халықтың  өмір сүру  деңгейінің   төмендеуі   баланың  да  мінез-құлқы,  құлықтық  және  психикалық  денсаулығына  әсерін  тигізеді.  Еліміздің  арасындағы  ең  қараусыз  қалғандар  балалар  мен  жасөспірімдер  болып  шықты.  Балалармен  жасөспірімдердің  шынайы  мемлекеттік  қараусыз  қалуы,    олардың  тәртібіне,  іс-әрекеттеріне,  қарым-қатынастарына  әсерін  тигізеді,  антиқоғамдық  әрекеттерге,  қандай  да  болмасын  жолмен  ақша ы соңына  түсуге,  қылмыстың  өсуіне  әкеліп  соқты.

    Білім   беру  дағдарысы,  толыққанды  қаржыландырмау  педагог  кадрлардың    жетіспеушілігіне,  мектепеің  қоғамдық  процестерден  шектелуіне  әкелді.  Бұл өсіп  келе  жатқан  ұрпаққа  білім  берумен  тәрбиелеуге  кері  әсерін  тигізді.

    Балалық  шақ  адамның  бастапқы  өмірінің  белгілі  бір  бөлігі.  Бірақта  бұл  жастың  басқа  жастан  айырмашылығы  күнделікті  түсірікте  кішкентай  адамның  алаңсыз  өмірімен  байланыстырылады:  басқа  ештеңе  істегісі  келмесе,  яғни  ол  балалық  шақта  жүр  деген  сөз.  Балалық  шақты  онық  жасын  елестетуге  болмайды  және де  бала  әрине  үлкендердің  қорғауы  мен  қамқорлығына  мұқтаж.  Сонымен  бірге  біздің  кішкентайларға  деген  қамқорлығымыз  неден  көріну  керек  екенін,  кімнен қорғап  сақтауымыз  керегін  біліп  алуымыз  керек.  Егер  біз  балалық  шақ- жұмақтың  алаңсыздықпен  қызықтың  белесі  деп  ойлайтын  болсақ,  баланы  шындыққа  басқаша  қарап,  бұндай  жағдайдан  шығаратын,  әрбір  өзгеріске  қарама-қарсы  қоятын  болсақ,  бұл  дұрыс  бола  қоярма  екен?Егер біз әдейі жасалған  жағдайдың көмегімен оны бұл «жұмақ» өмірде  барынша көбірек ұстасақ, бұл баланың пайдасына  шешілер  қояр  ма  екен?  Әрине,  мұнымен  біз  балаға  тек  зиян  тигіземіз  және де  бұл  балаларды  қорғау  емес,  оның  мәнін  бұрмалау.

    Бұл   ойлардың  бәрі  терең  таңдауды  қажет  етеді.  Біріншіден  балалық  шақ  дегеніміз  алаңсыз  жұмақ  өмір  белесі  емес.

    

       

   
 
 
 
 

   Балалықты   қорғауда  ең  негізгі  бастапқы  деңгейі  ретінде  құқықтық  база  болып  табылады.  Бұның   құрамын  халықаралық  мемлекеттік   заңдармен  жергілікті  қағидалар  нұсқау  бола  алады.  Балалықты  қорғаудың  халықаралық  заңдар  жиынтығы  Харкия  мен  баланың  құқық  Декларациясы  ұсынған  отбасын  қорғаудан  басталады.  Бұл  әлеуметтік  ортаның  құқықтық  қамсыздануы  құрылғандардың  ішіндегі  ең  жақсысы.  Нәресте  мен  мектеп  жасына  дейінгі   баланың  әлеуметтік  қорғауына  арналған  денсаулық  сақтау,  білім  беру  және  әлеуметтік  қамсыздандыру  мелемелерімен  жұмылдырады. Сонымен  бірге  отбасын  ана  мен  баланы  қорғау  мекемелері  қажтті  мөлшерде  қаржымен қамсыздандырылады.  Ал  балаларды  әлеуметтік  шаралар  жүргізуіне  қаражат  мәжбүр  еткізеді.   Нашақорлыққа,  зорлыққа,  агрессиялық  тәртіпке  қарсы  орнықты  іс-шаралар  жүргізіледі.  Жұмыстың  нәтижесін  балалар  мен  әлеуметтік  қорғауының  қалыптасып  біткенін  көруге  болады. Сонымен  ірге  балалықты  қорғау  нақты  қаржылықты  талап  етеді.  Қазіргі  таңдағы  балалықты  қорғау  қаржы  экономикалық  базасы  көтеріле  бастады.  Бірақ  соған  қарамастан  көптеген  отбасының  жағдайлары  әлсіреді,  ата-ананың  парызы  әлсіреді.   Балаларды  тәрбиелеуге  жалпы  отбасынан  жұмсалған  қаражат  өсті.  Бірақ  олар негізінде  тамаққа,  киімге,  оқуға  ал  кітаптарға,  театрға,  экскурсияға  және  т.б  тәрбиелік  іс-шараларға  ақша қалмайды.38,8 мнн.18 жасқа дейінгі 24 млн.пособия алса да жағдай өзгерген жоқ.Балалар мекемесінің саны 1998 жылға қарағанда 72%.Жыл сайын бұл мекемесінің саны 4%-ке азая  түседі.Сонымен қатар жаңа мектеп,балабақша,ауруханалардың ашылуы да азая түсті.Жылдан-жылға көркем фильм,мультфилмдер де азая түсуде.Оқу құралдар үлкен қиыншылықпенен шығарылады.Осы жаңа айтқан жағдайдың барлығы әлеуметтік қорғауын жақсартуына кері әсерін тигізеді.Жетім балаларды қамқорлыққа алудың мемлекеттік формалары әртүрлі.Олар:уақытша қабылдау отбасылары,сәбилер үйі,балалар үйі,паналау үйі,мектеп-интернаттары,отбасылық түрдегі балалар үйі.

Отбасылық қабылдау-жетім  қалған немесе тастанды балаларды белгілі  бір мезгілде қамқорлыққа алуға  асырап алушы  ата-аналар  тәрбиеші функциясын атқарып,еңбекақы алады.Асырап алған бала үшін ешбір алимент төлеу,мұраға қалдыру формасы қарастырылмаған.Мемлекетпен арнайы органдар баланың өсіп-жетілуі үшін ақшалай қаражат бөледі.Органдар бала асырап алған отбасыға жағдай жасап үнемі қол ұшын беруді ұйымдастыруды қолға алған.

   10жастан  асқан баланы отбасылық қабылдауға  беру үшін баланың келісімі  міндетті болып саналады.Ағайынды  балаларды асырап алушылардың   ажыратылуына, бір-бірінен айырып  алуына болмайды.Отбасылық қабылдау  үйлерінде 5-тен10%-ке дейін жетім балалар тәрбиеленеді.

     Сәбилер  үйі- денсаулық немесе психикалық  дамуының тежелуіне және ата-анасының  ерте айырылған 3 жасқа дейінгі  сәбилерді тәрбиелейтін үй.

     Балалар  үйі мен мектеп – интернатқа  көбіне жетім балалар мен ата-ана  қамқорлығынан айырылған,еңбекке  жарамсыз,ұзақ уақыт бойы үйіне  оралмаған,науқас,жазасын өтеу орындарында  отырған тұлғалардың балалары  жіберіледі.

   Отбасылық  түрдегі балалар үйі-жетім балалар  мен ешбір қамқоршысы жоқ болғандықтан мемлекет қарауына өткен орналастыру формасы болып табылады.Мұнда түскен балалар мен тәрбиешілер арасында өте тығыз байланыс орнаған.Мұндай жағдай бала бойындағы жеке қасиеттерді дамыту үшін өте қолайлы.

    Паналау  үйі- баланың күндіз – түні  тамақтанып , демалып , білім алуына  жағдай жасауды қамтамасыз ететін  әлеуметтік мекеме.Мұндай мекеменің   бірнеше түрі бар .Жалпы паналау  үйі еркін түрде құралған үй. Бұл жерде кез-келген уақытта  келіп кете алады.Мұндағы балалардың жас ерекшелігі , құрамы арнайы кеңестерден кейін анықталып ,бөлінеді.

   Диогнистикалық  паналау үйіне  диогнистикалық  мақсаттарды анықтау мақсатында  балаларды күндіз-түні ұстайтын  орын жатады. Бұл-жасөспірімдерді  жете зерттеп білу үшін ашылған.Мұнда  -балаларды жақсы қасиеттерге баулып, бейімдеп үйіне қайтару көзделген. Диогнистикалық түрдегі  паналау  үйі  қызметкерлерінің  құрамына: әлеуметтік  педагогтар , тәрбиешілер, дәрігерлер,  психолоктар, юристеренуі  қажет.Паналау  үйінде  әр  бала  медициналық  тексеруден  өту  тиіс. Бұл  балаға  психологиялық  жақтан  зерттеу  жасау  үшін  және  соған  сай  әрекет істеу  үшін  керек. Осы іс-шаралар нәтижесінде баланың  белгілі  бір  ортаға , мекемеге  бейімделу  жағдайы анықталады.  Бала  өз  психикасына  сай  мекемеге  , ортаға  жіберіледі.Бала  өзін-өзі  жеке  тұлға  ретінде  сезіну  үшін,  айналасындағылар  мен  тең  дәрежеде  қарым-қатынасқа  түсу үшін  оған  жақсы  жағдай  жасаған өте орынды. Өкінішке  орай,  барлық  типтегі  мекемелерде  мұндай  жақсы  жағдай  қалыптасу  жағы  өте нашар,  жетім  күйде.

    Жетімдік  корген   бала  қалай  болса да  ақыл-ойы,  физиологиялық,  психологиялық  жақтан  ата-анасы  бар  балаларға қарағанда  төмендеу  болыл  келетіні  өмір  тәжірибиесі  айқындап  берді. Жетімдер  үйіне  түскен  балалардың  өте жоғары көрсеткіштерге  жететіндері  өте  сирек.  Мұны  балалар  үйі  , паналау  үйі  т.б.  мекемелердің  қорытынды  тәжірибесі  дәлелдеп  отыр.Олардың  психикалық  және  физиологиялық  жақтан  ауытқушылығы  бары  байқалады. Сол  себепті, бұл  балалар нашақорлықпен  қылмыс  жасауға  бейім  келеді.

    Интернат  тектес  мекемеде  тәрбиеленген  бала  басқа  кемшіліктеріне  қарамастан,  қарым-қатынасқа  тез  түсе  алмайды. Бір  мезгілде  түрлі  «қызмет» атқарады. Мәселен ,әнгіме  айта  отырып,  басқа  нәрсені  ойлайды.  Демек,  барлық  нәрсеге  ат  үсті  қарайды.  Мейіріммен  ыстық  ықлас  сезінбеген  балалар  өзін  аялаған  ортада  ұстай  алмай  қалады.  Қарым-  қатынасқа  түсу  тәжірибесі  жоқ  балалар   теріс  ықпал  жетегінде  тез кетеді. 

Балалар  үйіндегі  жағдайға  орай,  балалар  бойында  «біз»  деген  ерекше  феноменмен  қалыптасады.  Әрине  ,  бұл  бүгінгі  күннің өзіндік  мәселесі.  Қалыпты  отбасына  қатысты «біз» деген  ұғым  қалыптасады.  Бұл  жағдай  отбасындағы  «біз»  ұғымы  бала  бойындағы  жақсы  сезім,  көтерінкі  көніл  -  күйдің  қалыптасуына әсер  етеді.  Ал,  балалар  үйіндегі  «біз»  ұғымы  мүлдем  басқа . Мұндағы  балалар  бір-біріне   мектепте,  далада  т.б.жағдайларда   көмек  беріп,  бөтен   адамдардан  қорғайды. Бір сөзбен  айтқанда,  бұл  балалар   өэдеріне «бөлек  адамбыз»  деп   қарайды. Бірақ  олар   өзара бірін-бірі  айамайды,дөрекі   қарым-қатынаста  болады.Бұл  жайт ,  ерекше  сезім мен сүйіспеншіліктің   жоқтығынан бала  бойында  қалыптасады.

    Ендігі  бір  үлкен  мәселе  - ол  балалардың  өзімен-өзі  болып   тыныштықты  дем  алуына  керекті   бөлменің   болмауы. Блала  өзімен-өзі  қалуы   үшін  жеке  бөлменің  маңызы  зор.

    Қазіргі   балалар  үйінде  тәрбиеленіп   шыққандардың көпшілігі  әлеуметтік  жетімдік  салдарынан  өмірде  қауқарсыз,  отбасы   құруға  бейімделмеген  болып  шығады. Олардың  барлығы  дерлік  маскүнемділікке  салынбауы   мүмкін, бірақ  әлеуметтік  жағдай  әлсіздеу  болып  келеді. Кейінгі   тірбиеленушілердің бұрынғы   тәрбиеленушілерге  қарағанда   дүниетанымы  әрі  ақыл-ой  дамуы  жағынан  көш  ілгері  жатыр. 
 
 
 
 
 
 

                                               Қорытынды

Информация о работе Қазақстандағы жетім балалардың әлеуметтік жағдайы