Қазақстандағы жетім балалардың әлеуметтік жағдайы

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 20:41, реферат

Описание работы

«Шымшық балапанына жем тасып, өзі жеуді ұмытып, балапаны ұядан қанаттанып ұшқанда өзі өлетін көрінеді»дегенді оқығаным бар. Естуімше сәбилер үйіне кіргенде көздерінде, «Мені іздеп келмеді ме екен?» деген сұраулы мұң бар, жәудірей қараған бейкүнә сәбилерді көргенде шынашақтай шымшық құрлы бола алмаған олардың тасжүрек «аналарының» таңы қалай атып, кеші қалай батып жүргеніне таң қаламын.

Содержание

I Кіріспе бөлім
II Негізгі бөлім
1.Қазақстандағы жетім балалардың әлеуметтік жағдайы
2.Жетім балаларды құқықтық-әлеуметтік қорғау.
3.Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қорғау жане қолдау.
III Корытынды бөлім
IV Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Әлеуметтану.docx

— 27.45 Кб (Скачать)

       Кейбір адамдар сана-сезімі , ақыл-есі   бола тұрса да, бауыр еті баласынан  бас тартады. Мұндай  әрекеттер   дәл 

тұста  бой  көрсетіп те  қалады. Осындай  жағдайдағы  балаларды  балалар  үйіне  өткізуден  басқа  лаж  жоқ. Ал, мұндай іске бару – қиянаттың қиянаты.

       «Балалы  үй – базар, баласыз   уй – мазар»-деп,халқымыз бекер  айтпаған, жайбарақаттыққа  салынсақ, кері кеткеніміз  емес пе?

       «Бала -өмірдің қызығы». Сол   себепті , үйімізді мазарға, балаларымызды  тастағандыға  айналдырмай, оларға  дұрыс тәлім, оң тәрбие беруді  қолға алған  жөн.

        Ұлттық дәстүріміз жастарды  жеңіл   ойлылықтан, жауапсыздықтан сақтайды. «Ел боламын десең, бесігіңді  түзе» демекші,жастар тәрбиесіне  көп  көңіл  бөлсек  қоғамда   қолдан жасалған  олқылықтардың  орнын жабуға  мүмкіндік  бар  деп  ойлаймын.

        Жетімдерді ескеру,оларды бауырға  басу әрқашан құдайдың ісі  болып саналған және ешқандай  уақыттың өлшеміне бағынбаған.Сондықтан  қыздар бойына бала бітпей  тұрып ойланғандары жөн.Қазіргі  таңда жүктіліктен сақтанудың  небір әдіс-тәсілдері бар емес  пе,неге соларды қолданбасқа,дәрігерлерімен  де ақылдасқан дұрыс.Алғашқы түсіктен  соң бала көтеру де екі талай.Болды  екен, болашақ бала тағдырын,оның  денсаулығы мен өз денсаулығын  сақтауға тырысу керек.Денсаулығы  нашар,әлсіз шала  туған бала  аурушаң болады,ана тәрбиесін  көрмей өскен тастанды, жетім  бала қатыгездеу болып өседі.

    «Жетімді  жылатқанның жеті атасына өарғыс  кетеді», «Жетім көрсен жебей  жүр» деген халқымыздың  нақыл  сөздерін естен шығармайық. 

                        Пайдаланылған   әдебиеттер.

1.Е.К.Лютова,Г.Б.Монина  Теринг  общение  с  ребенком . СП(б).: «речь»,2002.

2.Мухина  В.С.  Лишенные  родительского  попечительства.  М:Прос.,1991

3.Зубайраева  З.А  Жетім  балалардың    тұлғалық  әлеуметтенуінің  педагогикалық  шарттары:  Авторев  пед.  ғыл. Кан.- Түркістан 2008-19бет.

4.Әлеуметтік  педагог. А.Т.Изимова  №2 арнаулы   мектеп -  интернаты, Алматы  қаласы  2009                                                                                                                                                                

Информация о работе Қазақстандағы жетім балалардың әлеуметтік жағдайы