Қазақстанның инвестиялық қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 19:10, реферат

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан нық орын алу жөніндегі стратегиялық міндеттің орындалуы үшін әлемдік экономиканың өсімінен тұрақты түрде асып отыратын экономикалық даму қажет. Еліміздің жоғары деңгейде өзіндік жолы бар мемлекет ретінде танылуы, оның әлеуметтік-экономикалық үстемелеп дамуы, халықтың әл-ауқатын, тұрмыс жағдайын жақсартудың негізі болып табылады. Бұл үшін қаржылық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтай отырып шаруашылық жүргізудің қолайлы жолдарын туғызу қажет, халықаралық еңбек бөлінісіне, ел экономикасының өсуіне тиімді жағдай орната отырып, белсене қатысу керек.

Работа содержит 1 файл

Экономика!!!!.docx

— 24.56 Кб (Скачать)

     Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан нық орын алу жөніндегі стратегиялық міндеттің орындалуы үшін әлемдік экономиканың өсімінен тұрақты түрде асып отыратын экономикалық даму қажет. Еліміздің жоғары деңгейде өзіндік жолы бар мемлекет ретінде танылуы, оның әлеуметтік-экономикалық үстемелеп дамуы, халықтың әл-ауқатын, тұрмыс жағдайын жақсартудың негізі болып табылады.  Бұл үшін қаржылық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтай отырып шаруашылық жүргізудің қолайлы жолдарын туғызу қажет, халықаралық еңбек бөлінісіне, ел экономикасының өсуіне тиімді жағдай орната отырып, белсене қатысу керек.

     Экономикалық  өсуді жеделдетудің және өндірістің тиімділігін арттырудың басты факторы - жоғары өнімді еңбекке уәждеме  жасау, белсенді еңбекке экономикалық ынталандыру. Қазақстанда экономикалық реформаларды жедел жүргізу нәтижесінде  өндірістің барлық факторы ырықтандырылды, тиімділікті көтеруге бағытталған  ынталандыру уәждемелері де жүргізіліп келеді. Алайда, бүгінгі кезеңдегі  экономикалық ынталандыру біліктілікке, еңбек сапасына, өндіріс нәтижелілігіне және макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасына тәуелді болмай отығанын атап көрсетуге тура келеді. Мұның  ғылыми-техникалық прогреске ынталандырмалық  дәрежесі төмен, өнімнің сапасын  өсіруге әсері қанағаттандырмайды, жұмысшының интеллектуалдық және функционалдық  қабілетінің толық ашылуына, оны  өндірістің ішкі резервтерін пайдалануға  жеткілікті түрде мүдделендірмейді.

     Өндіріс тиімділігін ынталандырудың оңтайлы  жүйесін қалыптастыруға, біздіңше, адамды экономикалық түрлендіруден, еңбектің меншіктен, жеке мүдде мен ұжымдық  мүдденің алшақтауы кері әсерін тигізді.

Жұмыскерлерді жоғары өнімді еңбекке құлшындыратын  уәждемелер мен ынталандырмалардың тиімді жүйесін қалыптастыру, еңбекті  жоғары бағалау, жалпы адам факторына  байланысты проблемалардың шешілуі  мемлекет алдындағы аса маңызды  экономикалық және әлеуметтік мәселелердің бірі болуы керек. Өндірістің пәрменділігіне уәждемелер мен ынталандырмалардың тиімді жүйесіне қол жеткізуде мына талаптардың бірінші кезекте орындалуы қажет: бір жағынан, постиндустриалық қоғамның жұмыскерге қоятын міндеттеріне байланысты біліктілік пен кәсібилікке талапты күшейту, ал екінші жағынан, «еңбек» деген ұғымның құнсыздануы және еңбек бағасының төмендеу барысын жеңу.  
 
 

     Бұл аталған проблемаларға теориялық  тұрғыдан айрықша мән берілуі  тиіс. Қазір, яғни әлеуметтік-экономиканың серпінді даму кезеңінде өндіріс  тиімділігін экономикалық жағынан  ынталандыру, еңбектің сандық және сапалық  сипаттамаларын, макроэкономикалық  ұдайы өндіріс процесіндегі ынталандырудың рөлін айқындау, еңбектің трансформациялануын  жалпылау және нақтыланған түрде  зерделеу өте маңызды әлеуметтік-экономикалық проблемаға айналып отыр.

  Жоғарыда айтылған мәселелердің жиынтығы диссертациялық зерттеудің тақырыбының өзектілігін және зерделеу бағыттарын анықтайды.

Тақырыптың  зерттелу дәрежесі. Отандық ғылымда  өндіріс тиімділігін көтеруге ынталандыру  мәселесіне қызығушылық соңғы жылдары  айқынырақ байқала бастады. Бұл мынадай екі себепке байланысты: біріншіден, 70-ші жылдарда дамыған елдердің көптеген кәсіпорындарында еңбек қатынастары қақтығысқа толы болды, еңбекті ынталандыру мен ұйымдастырудың «гуманистік» тәсілдері жұмысшылардың дәстүрлі еңбек уәждемесінің әлсіреуіне әкелді, екіншіден, экономистер дамыған капиталистік елдердің тәжірибесін көбінесе қолданбалы көзқарас тұрғысынан зерттеді.

     Кеңестік  экономикалық ғылым ұзақ уақыт бойы «жұмысшылардың өндіріс құралдарымен тікелей бірігуі» туралы тұжырымдамасын дамытып келді, өндіріс тиімділігін  арттыруға ынталандыру мен уәждеме  мәселесі жоққа шығарылды, өйткені  жұмысшы мен кәсіпорын мүдделерінің сәйкес  келуі автоматты түрде  іске асты, бұл қоғамдық меншікке негізделіп орныққан экономикалық қатынастарға байланысты болды.

     Бүгінгі таңда отандық ғалымдар тиімділікті  арттыруға ынталандыру жүйесінің  жаңа түрі пайда болғанын жариялап отыр, олар жұмыскерді машинаның қосымша  бір бөлшегі ретінде қарастыратын теориялық көзқарастан бас тартып, материалдық және бейматериалдық ынталандыру  жүйесіне көшуді қолдайды. Демек, жалдамалы  еңбек уәждемесін және «классикалық»  жалдамалы  жұмысшыға тән емес жаңа қажеттіліктерді анықтауға  талпыныс күшейіп келеді, бұл еңбек  нәтижелерін, шығармашылық қызметтің  рөлін мойындауда, өндірістік қызметтерді  күшейтуде, т.б. жағдайларда жүзеге аспақ.

     Бірақ та, өндіріс тиімділігін арттырудың қазіргі экономикалық ынталандыру  шаралары, олардың экономикалық өнімге ықпалы әлі де болса толық зерделенбей  отыр. Зерттелген жұмыстарда еңбекке  ынталандырудың табиғатын айқындау кешенді түрде жүргізілмей, дара-дара қарастырылған. Постиндустриалық парадигманың даму үдерісінде экономикалық ынталандырмалар  мен әдістемелер жасау мәселесін  ғылыми жолмен шешу қажет. Осылайша, мәселенің  аз зерттелуі және өндіріс тиімділігін  арттырудағы  экономикалық ынталандыру мәселесінің практикалық мәні осы диссертациялық зерттеудің тақырыбын анықтап берді.

     Зерттеудің  мақсаттары мен міндеттері. Диссертациялық зерттеудің басты мақсаты постиндустриалық қоғамдағы өндіріс тиімділігін  ынталандыруды зерттеу, өнеркәсіп  кәсіпорындарындағы тиімділікті  экономикалық ынталандырудың негізгі бағыттарын айқындау.

     Осы мақсатқа сай, жұмыстың алдында мынадай  міндеттер қойылды:

–  қазіргі  экономикалық ғылым тұрғысынан өндіріс  тиімділігін арттыруды ынталандырудың мазмұны мен табиғатын зерделеу;

–  экономикалық ынталандырудың экономикалық мүддемен, материалдық мүдделілікпен және еңбек қызметі уәждемесімен өзара  байланысын анықтау;

–  экономикалық ынталандырудың басқару жүйесіндегі  өндіріс тиімділігін арттырудағы  орны мен рөлін негіздеу;

–  постиндустриалды қоғамға тән экономикалық ынталандырудың тиімді жүйесін құрудың негізгі  әдістемелік принциптерін анықтау;

–  экономикалық ынталандыру жүйесінің тиімділігін  макро-, мезо- және микродеңгейлерде талдау;

–  постиндустриалық қоғамға өтуде өндіріс тиімділігін  арттырудың келешегі бар ынталандырмаларын  айқындау;

–  постиндустриалды экономиканың даму талаптарына сай  әлеуметтік-экономикалық саланы түрлендіруге бағытталған ұсыныстар беру.

     Зерттеу пәні  қазіргі постиндустриалық парадигма талабына жауап бере алатын экономикалық ынталандыру жүйесінің  теориялық және әдістемелік аспектілерін әзірлеу болып табылады.

     Зерттеудің  теориялық және әдістемелік негізі.  Зерттеудің теориялық және әдістемелік  негізі мен эмпирикалық базасы ретінде  ең әуелі интегративті (пәнаралық) қатынастың теориялық принциптері алынды, ол сондай-ақ философиялық, тарихи, әлеуметтік, мәдени, құқықтық және саяси алғышарттарды  қамтиды. Мұнан өзге, жұмыс барысында  ғылыми абстракция, талдау және синтез, сондай-ақ кешенді қарастыру сияқты жалпы  ғылыми әдістемелер қолданылды. Бұл, зерттеу әдістемелерін жинақтай келіп, экономикалық талдаудың сенімділігін және тұжырымдамалардың негізділігін қамтамасыз етті.

     Зерттеудің  ақпараттық негізі. Зерттеудің ақпараттық негізі ретінде экономиканың постиндустриалық дамуы процесінде экономикалық ынталандыру  мәселесіне арнаулы қазіргі отандық  және шетелдік ғалымдардың еңбектері, мерзімдік баспасөз және ғылыми-тәжірибелік  конференциялар мен семинарлардың  материалдары алынды. Жұмыста зерттеліп отырған мәселені реттейтін Қазақстан Республикасының заң актілері мен басқа да құқықтық-нормативтік құжаттар пайдаланылды.

     Диссертациялық  жұмыстың ғылыми жаңалығы. Диссертациялық зерттеу барысында ғылыми жаңалық  ретінде постиндустриалық қоғамға  өту кезеңіндегі өндіріс тиімділігін  арттырудың  шешуші факторы - экономикалық ынталандыру мәселесін шешуге бағытталған  теориялық және практикалық ұсыныстарды  атауға болады. Диссертациялық зерттеу  барысында ғылыми жаңалық ретінде  келесі нәтижелер қорытындыланды:

–  нарықтық қатынастардың тереңдеп даму жағдайында экономикалық ынталандыру ұдайы  өндірістің басым факторы ретінде  қарастырылған, оның мазмұны мен  табиғаты интеграциялық көзқарас тұрғысынан жаңаша зерделенген;

–  дамып  келе жатқан постиндустриалдық парадигманың талаптарына сай экономикалық ынталандырудың жіктемесі нақтыланған;

–  постиндустриалды қоғам дамуының жаңа заңдылықтары мен  үрдістері негізінде экономикалық ынталандырудың тиімді жүйесін қалыптастырудың  негізгі әдістемелік принциптері  айқындалған;

–  еңбек  белсенділігі мен экономикалық өсімді қамтамасыз ететін, еңбек өнімділігі мен еңбек ақы төлеудің арасындағы өзара тығыз байланыстың негізгі  тетіктері бағдарланған;

–  экономикалық өсімді ынталандыру механизмінің моделі ұсынылған;

–  «шаруашылықтарды бірге жүргізу» сияқты уәждемелер, еңбекке экономикалық ынталандыру  арқылы капитал мен еңбектің тиімді байланысына бағытталған кешенді  шаралар ұсынылған, яғни жұмыскердің  басқару ісіне, шешім қабылдауға және тек еңбек пен өндіріс  процесінде емес, жалпы әлеуметтік және жалпы мемелекеттік мәні бар  істерге де қатысуына мүмкіндік  беру жайлары талданылған.

Диссертацияның  қорғауға ұсынатын негізгі тұжырымдары:

- экономикалық  ынталандыруды зерттеу түрлі  теориялық-әдістемелік принциптерге  бағдарланып, интеграциялық қатынастарға  негізделген болуы керек;

- экономикалық  ынталандыру әдістемесінде жұмыскерлер  «экономикалық адам» қалпында  қарастырылады. Бұл жағдайда олардың  еңбекті ынталандырудың материалды  емес түрлеріне де белсенді  қатысу қажеттілігі туындайды:  кәсіпорындарды басқару, еңбекті  ізгілендіру, өзін-өзі жетілдіруіне  мүмкіндік алуы, т.б.;

- сапалы  экономикалық өсуге қол жеткізу  еңбекке ынталандыру жүйесін  күшейтуді мына түрде қарастыруды  қажет етеді: еңбек белсенділігін  арттыруда жалақының рөлін көтеру; «шарттарды бірге жүргізу» уәждемесін  ынталандырма ретінде дамыту; еңбекті  сапалық жағынан түрлендіру;

- өндірістің  тиімділігін макродеңгейде қамтамасыз  етудің негізгі бағыты - өнімнің  жаңа сапасын экономикалық ынталандыру,  бұл өз кезегінде ғылыми-техникалық прогреске, адам капиталына, инвестициялық, ақпараттық және прогресшіл технологиялардың басымдылығына негізделеді.

     Жұмыстың  ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы. Зерттеу  барысында алынған нәтижелер, теориялық  зерттемелер және практикалық ұсыныстар  экономика ғылымында өндіріс  тиімділігін арттыруы экономикалық ынталандырудың теориялық және әдістемелік  жақтарын кеңейтумен қатар, аталған  мәселелерге қатысты салалық  және республикалық экономикалық бағдарламалардың негізін жасауға қолданылуы мүмкін. Диссертациялық зерттеудің жекелеген  қағидалары «Экономикалық теория», «Фирма экономикасы», «Менеджмент», «Қызметкерді басқару», «Қазақстанның экономикалық реформалары»  курстары бойынша  қажетке жарайды.

Жұмыстың  құрылымы. Диссертациялық жұмыстың құрылымы кіріспе, үш бөлімдер мен қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен  тұрады.

     Өндіріс тиімділігін арттырудың объективтік  қажеттілігі кеңейтілген ұдайы  өндіріс процесінің экономикалық мүддемен тікелей байланыстылығында.  Дамудың  қозғаушы басым күштерінің бірінен  саналатын экономикалық мүдделер, өндіріс  тиімділігінің артуына ынталандырудың ғылыми негізделген жүйесін ұтымды қолдану арқылы әсер етеді. Сонымен  қатар, экономикалық мүдделер, ынталандыруды  қоғамның заңдылықтарымен байланыстырып  тұратын орталық буын болып табылады.

Еліміздің қазіргі және орта мерзімді дамуындағы негізгі стратегиялық ұстаным –  экономикалық өсуді экстенсивтік емес, интенсивті, индустриалды-инновациялық факторлардың басымдылығы есебінен қамтамасыз ету. Бұл үшін еңбек уәжі  мен оған ынталандырудың жаңа жүйесін  қалыптастырудың нақты жолдары  анықталуы қажет.

     Алайда, экономикалық әдебиетте «еңбекке ынталандыру» мәнін анықтауда ортақ пікір  қалыптаспаған. Ғылыми зерттеулерде «экономикалық  мүддерлер», «қажеттілік», «ынталандыру», «материалдық ынталандыру», «уәж», «уәжділік» сияқты ұғымдар кеңінен қолданылады. Олардың мәні мен функционалдық  мағынасы да бірқатар шетелдік және отандық  ғалымдардың еңбектерінде әртүрлі  түсіндіріледі.

     Қоғамның  басты өндіргіш күші, ең алдымен  адам ресурстары. Демек, ынталандыру  ұғымы олардың мүддесіне тікелей  қатысты түсінік, яғни еңбекке талаптандыру уәжі болып табылады. Өз кезегінде, «еңбекке ынталандыру» дегеніміз қажеттіліктің  кешенді жүйесі, адамдардың іс  қабілетін  дамытудың күшті құралы.

     Экономикалық  ынталандыру материалдық ынталандыруға қарағанда кең мағыналы категория. Экономикалық ынталандыру – адамдарды өнімді әрі табысты еңбекке қызықтыратын, олардың мүдделік   белсенділігін арттырудың әртүрлі үрдістері мен әдістерін қамтиды. Сонымен, экономикалық ынталандыру дегеніміз өндірістік қатынастар субъектілерінің мүмкіндіктерін толығымен пайдалану мақсатында қолданылатын, олардың экономикалық және әлеуметтік жауапкршіліктерін нықтайтын материалдық және материалдық емес тетіктердің жиынтығы.

Информация о работе Қазақстанның инвестиялық қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелері