Қазақстанның инвестиялық қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 19:10, реферат

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан нық орын алу жөніндегі стратегиялық міндеттің орындалуы үшін әлемдік экономиканың өсімінен тұрақты түрде асып отыратын экономикалық даму қажет. Еліміздің жоғары деңгейде өзіндік жолы бар мемлекет ретінде танылуы, оның әлеуметтік-экономикалық үстемелеп дамуы, халықтың әл-ауқатын, тұрмыс жағдайын жақсартудың негізі болып табылады. Бұл үшін қаржылық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтай отырып шаруашылық жүргізудің қолайлы жолдарын туғызу қажет, халықаралық еңбек бөлінісіне, ел экономикасының өсуіне тиімді жағдай орната отырып, белсене қатысу керек.

Работа содержит 1 файл

Экономика!!!!.docx

— 24.56 Кб (Скачать)

     Нарықтық  қатынастар жағдайындағы шаруашылықты тиімді жүргізудің ынталандыру жүйесі өнімді еңбек қызметіне талаптандырудың  тағы бір тобын қарастырады, олар әкімшілік және либералды болып  жіктеледі.

Экономикалық  ынталандырудың қазіргі постиндустриялық жағдайында құндық бағдарлар  мен  қажеттіліктер, қызметкерлердің   еңбек белсенділігінің даму барысындағы  оңды өзгерістер мұқият ескерілуі тиіс. Бұлар:

- материалдық  ынтаны тұлғаның өзі іске  асыруы, зияткерлік әлеуетті дамыту, адамның  шығармашылық қабілеттері мен  білімін үдету; 

- өнімді  еңбек пен мол табыстың кепілі  – жұмыскерлердің іскерлік қабілеті  мен біліктілігін арттыру;

- барынша  көп тұтынудан гөрі, өмір сүру  мен еңбек қызметінің әлдеқайда  жоғары сапасын қамтамасыз етуге  бой ұру, қазіргі заманғы   жаңа ынталар жүйесіндегі өзін-өзі  дамытудың басыңқылығына ден  беру;

- сапалы  экономикалық өсімге қол жеткізуде  еңбек белсенділігін  ынталандыру  міндеті қызметкердің еңбекке  негізделген басым уәждерімен, әлеуметтік  қажеттіліктерді қанағаттандырумен  сипатталады, демек материалдық  ынталандыруда әлеуметтік фактордың  ролі арта түседі.

     Қазақстан Республикасының жедел дамуына, сондай-ақ өндірістің өнімділігіне экономиканың қазіргі жағдайы, яғни трансформация (түрлену) процесі  әсер етіп отыр. Кез  келген өтпелі кезеңнің негізгі белгілері: бұрынғы және жаңа жүйе элементтерінің қатар жүруі, қарама-қайшылықтың  ерекше көрінісі – бой көтере бастаған  және ескірген экономикалық механизмдер  мен тетіктердің арасындағы сәйкессіздіктер, тұрақсыздық. Трансформациялық жағдайдың  кері әсері, бір жағынан, қоғамдағы  экономикалық және өндірістік күрделі  өзгерістерге тәуелді болса, екінші жағынан, өз ішінде қайшылық пен проблемаға толы нарықтық механизмнің қалыптасуымен  тікелей байланысты.

     Нарықтық  қатынастарға көшкен кезімізде әкімшіл-әміршіл  жоспарлы  жүйенің негізі бұзылды, ол жаңа өзгерген жағдайда іске аса  алмады. Осыған байланысты, өндіріс  тиімділігін ынталандырудың жаңа механизмін құрудың объективті қажеттілігі  туындайды. Мұнымен қатар, өндіріс  тиімділігінің төмендеуіне, экономикалық процестерді реттеуге кері әсерін тигізген құбылыстардың бірі меншіктік қатынастардың  өзгеруі. Реформаларда, ғылымға негізделген концепцияның болмауы өндірістің құлдырауын, экономикалық өсім шеңберінің тарылуын тудырады. Меншік иелері мен меншікке ие топтар әлі ешкім иелене қоймаған ресурстарды қолға алуға және меншікті өз пайдаларына қарай бөлісуге ұмтылады. Бұндай жағдайда, өндіріс табыс табатын құрал ретінде емес, иеленуге болатын байлық ретінде қабылданады. Осының барлығы, өндіріс тиімділігін ынталандыруға ықпал етпейді. Жекешелендіру нәтижесінде, пайда болған меншіктік құрылым және меншікті іске қосудың тиімді, заң шығарушылық базасының жетіспеуі, тиімділікті экономикалық ынталандыру механизмінің мүмкіндігін әлсіретеді.

Экономикадағы түрлендірулер тек меншік құқықтарының қайта бөлінісінде ғана емес, жеке меншікке негізделген өндірістік қатынастарды қалыптастыру. Шаруашылықты жүргізудің жеке меншіктік үрдісі өндіріс көлемін  ұлғайтудың негізі, оның тиімділігін  арттырудың қуатты құралы.

     Әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде экономиканы  құрылымдық тұрғыдан қайта құру қажеттілігі  кәсіпкерлікті жедел дамыту  есебінен нақты іске асырылады. Кәсіпкерлік, дербес, ізденімпаз әрекетке дайын, мол  табыс көзіне ұмтылуға қабілетті, іскер  адамдар қатарының көбеюін қамтамасыз етеді.

     Өндіріс тиімділігін ынталандыру механизмі  тұрақты экономикалық өсімге, халықтың барлық топтарының материалдық жағдайын жақсартуға, бәсекеге қабілеттілікке, елдің ұлттық қауіпсіздігін сақтау ұсталымын орындауға бағытталуы қажет.

     Біздің  ойымызша, өндіріс тиімділігін экономикалық ынталандыруды мынандай белгілермен  сипаттауға болады:

- экономикалық  өсімнің тұрақты қарқыны, оның  сапалық сипаты;

- өндірілген  тауар сапасының артуы және  оның отандық, әлемдік нарықты  бәсекеге қабілеттілігінің өсуі;

- халықтың  материалдық жағдайы мен әл-ауқатының  жақсаруы;

- жаңа  технологияларды меңгеру, ғылыми  және инновациялық қызмет әсерінің  күшеюі, адам капиталын нәтижелі  қолдану;

- басқару  тиімділігін арттыру нәтижесінде  өндірістік ресурстарды пайдалануды  үнемдеу, еңбек өнімділігін ынталандыру.

     Қазақстан, қоғамдық өмірдің шешуші саласы –  экономикада, әлеуметтік және саяси  жаңару жолында сенімді қадам  жасап ілгерілеп келеді. Ел экономикасы 2001 ж. бастап жылына орта есеппен 10%-ға өсіп отыр. Соңғы жылдары әлеуметтік-экономикалық әлеуеттің негізін құрайтын өнеркәсіп өндірісі де тұрақты даму үстінде. Егер 1995-2005 жж. аралығында өнімнің жылдық өсуі 5%-ды құраса, соңғы 5 жыл ішінде 11,8%-ға жетті

 Ескертпе  – ҚР статистика жөніндегі  Агенттіктің деректері бойынша

Қазақстан Республикасы өнеркәсіп өнімінің динамикасы

(1995-2005 ж.ж.) Салада маңызды құрылымдық өзгерістер өз жалғасын тапты. Егер 1995 ж. республика өнеркәсіп өндірісінің жарты бөлігін өңдеу өнеркәсібі иеленсе, 2005ж. мұндай үлес тау-кен өнеркәсібінің еншісінде.

     Өнеркәсіптің  макродеңгейдегі тиімділігі өндірілген тауар сапасының жақсарғанының, әлемдік нарықтық бәсекеге қабілеттіліктің  көрінісі. Кен өндіру өнеркәсібінің  қарқынды дамуы экспорт және импорт құрылымына тиісті әсерін тигізуде. Алайда, экспорттың құрылымында шикізаттық тауарлардың  үлесі басым.

     Соңғы жылдары импорттық тауарлар құрылымында  минералды өнімдер үлесінің өскені байқалады: 1999 ж. 11,5%-дан 2005 ж. 13%-ға дейін. Сондай-ақ металлургиялық өнеркәсіп  өнімінің де үлес салмағы біртіндеп  артып келеді.

     Зерттеу жұмыстары атқарылған мерзімде өнеркәсіптің жекелеген секторлардың табыстарының қалыптасуында құрылымдық өзгерістер орын алды. Мәселен, ЖІӨ-нің жалпы  көлеміндегі еңбекақының үлесі 2000 ж. 35,8%-дан 2004 ж. 33,3%-ға дейін кемісе, кәсіпкерлердің  табысын құрайтын  таза пайда  мен аралас табыс 38,2%-дан 43,5%-ға өсті. Бұл, бірінші жағынан, өндірістің тиімділігінің  өскенін сипаттаса, екінші жағынан, пайданың, көбінесе, қызмет көрсету  саласынан түскенін көрсетеді.

     Қарастырылып  отырған кезеңде өндіріс тиімділігінің  жалпылама көрсеткіші - өнеркәсіп  кәсіпорындары тиімділігінің, экономикалық қызметтің басқа түріне қарағанда  динамикалық қалыпты өсуі мен  жоғары деңгейіне қол жеткізілді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Қазақстанның инвестиялық қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелері