Қазақтан Республикасындағы кеден саясаты туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2012 в 22:11, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Кеден саясаты ұлттық экономикамыздың дамуы мен күшеюі, экономикалық және саяси қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін өте қажетті сала – экспорт пен импорттың іс-әрекетін, яғни мемлекетіміздің ішкі сауда саясаты мен сыртқы сауда саясатын анықтайды.

Содержание

Кіріспе
1 Кеден саясатының теориялық сипаттамасы
1.1 Мемлекеттік протекционизм дамуының негіздері
1.2 Кеден саясатының құралдары
2 Қазақстан Республикасынның кеден саясатының қалыптасуы мен дамуы
2.1 Кеден саясаты принциптері және ТМД елдерінде кеден саясатын басқару
2.2 Қазақстан Республикасы кеден органдарының қазіргі қызметі
3 Кедендік-тарифтік реттеудегі әлемдік және ұлттық тәжірибе
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

keden sayasaty.doc

— 224.00 Кб (Скачать)

Мазмұны 
 

  Кіріспе 3
1 Кеден саясатының теориялық сипаттамасы 5
1.1 Мемлекеттік протекционизм  дамуының негіздері 5
1.2 Кеден саясатының құралдары 9
2 Қазақстан Республикасынның кеден саясатының қалыптасуы мен  дамуы  
13
2.1 Кеден саясаты  принциптері және ТМД елдерінде кеден саясатын басқару  
13
2.2 Қазақстан Республикасы кеден органдарының қазіргі қызметі 16
3 Кедендік-тарифтік реттеудегі әлемдік және ұлттық тәжірибе 21
  Қорытынды 25
  Қолданылған әдебиеттер тізімі 27

Кіріспе

 
 

     Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Кеден  саясаты ұлттық экономикамыздың  дамуы мен күшеюі, экономикалық және саяси қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін өте қажетті сала – экспорт  пен импорттың іс-әрекетін, яғни мемлекетіміздің ішкі сауда саясаты мен сыртқы сауда саясатын анықтайды.

     Қазақстан Республикасының Кеден Кодексінің үш бабында көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының кеден саясаты:

     1) Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі болып табылатын бірыңғай кеден саясаты жүзеге асырылады.

     2) Кеден саясаты өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының қарауына жатады.

     3) Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуды ынталандыру және экономикалық мүдделерін қорғау, тиімді кедендік бақылауды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген өзге де мақсаттар Қазақстан Республикасы кеден саясатының негізгі мақсаттары болып табылады.

     Мемлекет  басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кедендік түсімдер мен салықтарды жинауды арттыру мақсатында алдымен автоматтандырылған жүйеге көше отырып, кеден қызметін нығайту керектігін айтқан болатын. Осы сөзінен кеден саясатының елбасымыздың да ойында жүрген келелі мәселе екенін анықтауға болады. Ел туралы айтпас бұрын, онымен қарым-қатынас жасамас бұрын әрбір ел әуелі сол елдің кедендік саясаты мен экономикасын зерттеп, содан кейін шешім қабылдайды.

     Елдің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігін  қамтамасыз ететін халықаралық сауда  қарым-қатынастарды реттеп, үйлестіріп отыратын органның бірі – кеден қызметі. Кеден қызметінің қаншалықты сапалы, ел үшін тиімді әрі экономикамыздың даму беталысына ықпалы кедендік скаясаттың жемісі болып табылады. Тәуелсіздік тұсында құрылған Қазақстанның кеден қызметі соңғы 12-13 жылдың бедерінде қалыптасу кезеңін артқа тастап, бүгінде жасампаздық жолына түсті. 2005 жылғы қаңтар-сәуір айлары ішінде республиканың кеден органдары бюджетке 90,0 млрд. теңге кедендік төлемдер мен салықтардың түсімін қамтамасыз етті. 2004 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 20,3 млрд. теңгеге немесе 28,9 % артық.

     Осы жоғарыдағы мәліметтерден Қазақстан  Республикасының  экономикалық және саяси дамуы үшін кеден саясатының үлкен рөл ойнайтынын және бұл  тақырыптың қаншалықты өзекті екендігін  аңғаруға болады.

     Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Менің зерттеу жұмысымның мақсаты – кедендік саясаттың экономикалық сипаттамасы, бағыттары мен оның халықаралық экономикадағы орны мен қолданылу тарихымен танысу, сонымен қатар кеден саясатының Қазақстан Республикасындағы алатын орны мен жүргізілу ерекшеліктерімен таныс болу. Аталмыш мақсат мынадай міндеттерді жүктейді:

      -   Кеден саясатының теориялық сипаттамасын қарастыру;

      - Кеден саясатының халықаралық экономикалық қатынастардағы орнын анықтау;

      - Кеден саясатының әлемдік экономикадағы тәжірибесімен таныс болу;

      - Қазақстан Республикасында кеден саясатының қалыптасуы мен дамуын зерттеу;

      -  ҚР кеден ісінің нормативтік базасын қарастыру;

      -  Қазіргі таңдағы кеден органдарының іс-әрекетімен танысу;

      - Т.б кеден саясаты мен кеден ісіне байланысты жаңа ақпараттармен таныс болу.

     Курстық жұмыстың құрылымы. Менің курстық жұмысым екі тараудан тұрады. Бірінші тарау екі бөлімнен тұрады. Бірінші тарауда кеден саясатының теориялық сипаттамасы, яғни кеден саясатының бағыттары мен құралдарын қарастырдым. Екінші тарауда Қазақстан Республикасының кеден саясаты,  оның қалыптасуы мен дамуы туралы ақпараттар жиналды. Сонымен қатар, кеден саясатының принциптері мен ТМД елдеріндегі кеден саясаты және Қазақстан Республикасында қазіргі таңдағы кеден ісінің даму беталысы туралы сөз қозғалды. Үшінші тарауда  кедендік-тарифтік реттеудің кеден саясатында алатын орны мен оның әлемдік және  ұлттық тәжірибелері қарастырылды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     1 Кеден саясатының теориялық сипаттамасы

     1.1 Мемлекеттік протекционизм  дамуының негіздері

 

     Алдыңғы елдердің машина өндірісіне өту кезеңінде А. Смит халықаралық саудадағы тиімділік туралы мәселе қойды. Өзінің меркантилизмді сынауға арналған атақты «халықаралық байлығының себептері мен табиғаты туралы зерттеу» (1776 ж.) атты еңбегінде, ол мемлекетке сыртқы нарықта сату ғана емес, сатып алу да тиімді болатындығын болжап, қай тауарларды экспорттау және импорттау тиімді болатындығын анықтауға тырысты. Әдебиетте оның тәсілі абсолютті артықшылықтар принципі деп аталды. А.Смит тиімді әрекет ететін шаруашылық субъектісіне тән болатын жалпы принциптерін өзгешелеп, оны сыртқы саудада пайдаланды.  

     Кесте  1.1 – Нақты елде нақты тауардың бір данасын шығаруға қажетті уақыты туралы мәліметтер 

            Мемлекет  А      Мемлекет  В
       Тауар S        3 сағат         12 сағат
       Тауар Т        6 сағат         4 сағат

 

     Кесте – 1.1-де нақты елде нақты тауардың бір данасын шығаруға қажетті уақыты туралы мәліметтер берілген. Мысалға: А еліндегі S тауар бірлігін шығаруға үш сағат қажет, ал В елінде – он екі сағат. Бұл бізге А елінде В еліне қарағанда тауар бірлігін шығаруға аз уақыт кететіндігін және А елінің  S тауарын шығаруда абсолютті артықшылыққа ие болады. В елі өз кезегінде Т тауарын өндіруде абсолютті артықшылыққа ие болады. Егерде А елі Т тауарының өндірісін қысқартып, S тауарының өндірісін ұлғайтса, ал В елі, керісінше S тауар өндірісін қысқартып, Т тауар өндірісін ұлғайтса, бұл жерде Халықаралық еңбек бөлісу (ХЕБ) мен абсолютті артықшылықтар принципі негізіндегі сауда орын алады (кесте – 1.2). 

     Кесте 1.2 – Халықаралық еңбек бөлісудің көрсеткіштері 

        Мемлекет  А Мемлекет В    Бүкіл әлем
     Тауар S      +2 дана      -1 дана     +1 дана
     Тауар Т      -1 дана      +3 дана     +2 дана

 

     Бұл жағдайда, егер А елі Т тауар өндірісін бір данаға қысқартса, ол оған  алты сағат үнемдеуіне мүмкіндік беріп, S тауарының екі данасын шығаруға пайдалануына болады. Осындай жағдай В елінде де болады. Бұл жерде өндірістің бірден қысқаруы арқылы он екі сағат үнемделіп, Т тауарының  үш қосымша данасын шығаруға болады.

     Жалпы алғанда, қосымша ресурстарды пайдаланбай-ақ ХЕБ арқасында S тауарының әлемдік өндірісі бір данасы, ал Т тауарының өндірісі екі данаға ұлғаяды.

     ХVII ғасыр соңында шикізат тауарларының саудасы басым болып, А.Смиттің  осы теорияны жасауына себеп болды. Шындығында цитрустарды Ангияда  емес, тропикалық елдерде өсіру тиімді екені  белгілі. Бірақ сол кездің өзінде Англияның сыртқы сауда айналымының жартысынан астамы Еуропа елдеріне келген болатын. Әрине абсолютті артықшылықтар теориясы тек табиғи ерекшеліктерге ғана негізделуі мүмкін емес еді. Осыған байланысты А.Смит табиғи артықшылықтармен қатар иеленген артықшылықтар барын көрсеткен. 

     А.Смит бір елдің барлық тауар бойынша  абсолютті артықшылыққа ие болған жағдайды қарастырмайды. Оны өзінің «саяси экономия бастамасы мен салық салу» (1819 ж.) еңбегінде Давид Рикардо жасады. Ол еңбегінде А.Смит моделі жекелеген жағдай ретінде енетін, халықаралық мамандану мен өзара тиімді сауданың жалпылама принциптерін жасады.

     Д.Рикардо  ХЭҚ ерекшеліктерін атай отырып, халықаралық  өзара тиімді сауда үшін А.Смит принциптерін ұстан кедергі келтірмейтінін көрсететін модель жасады. Д.Рикардо салыстырмалы артықшылықтар заңын ашты: ел өндіруде ең көп абсолютті артықшылықтарға ие тауарларға (егер ол екі тауар бойынша абсолютті артықшылыққа ие болса) немесе аз абсолютті артықшылыққа ие емес (егер бірде-бір тауар бойынша абсолютті артықшылығы жоқ болса) тауарлар экспортына мамандануы қажет. Ол хрестоматиялық мысал болып кеткен ағылшын матасын португалдық шарапқа айырбасын келтірген. Шарап пен матаны өндірудің абсолютті шығындары Португалияда Англиядан төмен болғанымен, айырбас нәтижесінде екі ел де пайда табады. Осы мысалдың бастапқы шарттары  кесте – 1.3-де келтірілген. 

      Кесте 1.3 – Бір жыл ағылшын матасын және португалдық шарапын өндіруіне қажетті жұмыскерлер саны  

            Англия      Португалия
     П / мата    100 жұмыскер / жыл    90 жұмыскер / жыл
     П / шарап    120 жұмыскер / жыл    80 жұмыскер / жыл

 

     Кесте – 1.3-ден көріп отырғанымыздай, Англиядан (п) матаның белгілі мөлшерін өндіру үшін жылына 100 жұмысшы қажет. Осы мата мөлшеріне Англия өзінде өндіріске жылына 120 жұмысшы қажет ететін (m) Португалдық шараптың бір бөлігін сатып алады. Сондықтан Англияға Португалияға мата сату арқылы оның шарабын сатып алу тиімді. Португалияда бұл өнімдерді өндіруге 90 және 80 дана жұмысшы еңбегі жұмсалады, сондықтан оған матаны шарапқа айырбастау тиімді. Д.Рикардоның пікірінше 100 ағылшын жұмысшысымен 80 португалдық жұмысшының еңбектерінің теңсіз айырбасы елдер арасындағы өндіріс факторларының ауысуындағы қиындықтарға байланысты болады.

     Д.Рикардоның моделіне байланысты, Португалия Англияға қарағанда екі тауар бойынша абсолютті артықшылыққа ие болып отыр, бірақ Португалия шарап өндіруде салыстырмалы артықшылыққа ие, өйткені оны өндіру үшін Англияға қарағанда 67 пайыз (80 / 120 * 100) шығынын жұмсайды, ал мата өндірісіне – 90 пайыз (90 / 100 * 100). Сондықтан Португалия үшін шарапты, Англия үшін матаны өндіру мен экспорттау тиімді болып табылады.

     Осы жоғарыда айтылған теориялар арқылы мемлекеттік протекционизмнің даму негіздерін байқаймыз, яғни осы теориялардың негізінде мемлекеттік протекционизмнің теориясы анықталды.

     Кеден саясатының негізгі екі бағыты бар:

    - еркін сауда саясаты;

    - протекционизм.

     Еркін сауда саясаты таза күйінде мемлекеттің  сыртқы саудаға тікелей араласудан бас тартып, рынокқа негізгі реттеуші рөлін жүктеуін білдіреді. Бірақ бұл мемлекеттің осы шаруашылық іс-әрекетінің бағытына әсер етуден толық шеттелуін бірдірмейді. Мемлекет өз шаруашылық субъектілеріне максималды еркіндік беру үшін басқа елдермен келісім-шарттарға отырады.

     Еркін сауда оң саяси салдарға әкеледі, өйткені елдердің өзара байланыстылығы күшейіп, бір-біріне дұшпандық әрекетінің мүмкіндігін төмендетеді.

     Еркін сауда саясатының жүргізілуі экономикасы  дамыған елдерге халықаралық  айырбастан неғұрлым көп пайда алуға  мүмкіндік береді. Іс жүзінде, еркін сауда саясаты таза күйінде ешқашан және еш жерде қолданылған жоқ.

     Протекционизм – отандық экономиканы шетелдік бәсекелестерден қорғауға бағытталған  саясат. Еркін сауда саясатымен салыстырғанда  протекционизмдегі рыноктық күштердің  еркін іс-әрекеті жоққа шығарылады, өйткені әлемдік рыноктағы жекелеген елдердің экономикалық потенциалы мен бәсекеге жарамдылығы әр түрлі, осыған байланысты дамуы төменірек елдерде экономиканың тоқырауына және осы тиімсіз экономикалық құрылымның қалыптасуына әкелуі мүмкін.

Информация о работе Қазақтан Республикасындағы кеден саясаты туралы