Қазақстан Республикасындағы ақша айналысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2011 в 17:42, курсовая работа

Описание работы

Ақша айналысы қазіргі нарықтық экономикада маңызды элементтердің бірі болып табылады. Себебі ақша құрылымының есебін ескермеген жағдайда халық шаруашылығы жағдайларын экономикалық саясаттың мақсаттарын анықтау және тәжірибелік іс шараларын өткізу кезінде көптеген қателіктер болуы мүмкін. Ақша айналысының тұрақтылығы оның жақсы функциялануының ерекше маңыздылығын береді.

Содержание

Кіріспе





1.Ақша айналымының түсінігі және мәні


1.1 Ақша айналымы және ақша айналымының заңы


1.2 Қолма – қол және қолма – қол емес ақша айналымдары



2. Ақша айналысының кұрылымы


2.1 Ақша массасы және оның жылдамдығы


2.2 Ақша агрегаттары және ақша базасы



3 Қазақстан Республикасындағы ақша айналысы



Қорытынды



Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

ақша айналымы.doc

— 148.00 Кб (Скачать)

  Мазмұны 
 
 

Кіріспе 

  

1.Ақша айналымының түсінігі және мәні 

1.1 Ақша  айналымы және ақша айналымының  заңы 

1.2 Қолма  – қол және қолма – қол  емес ақша айналымдары 
 

2. Ақша  айналысының кұрылымы 

2.1 Ақша  массасы және  оның жылдамдығы 

2.2 Ақша  агрегаттары және ақша базасы 
 

3 Қазақстан  Республикасындағы ақша айналысы 
 

Қорытынды 
 

Қолданылған әдебиеттер  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

    Ақша  айналысы қазіргі нарықтық экономикада  маңызды элементтердің бірі болып  табылады. Себебі ақша құрылымының  есебін ескермеген жағдайда халық шаруашылығы жағдайларын экономикалық саясаттың мақсаттарын анықтау және тәжірибелік іс шараларын өткізу кезінде көптеген қателіктер болуы мүмкін. Ақша айналысының тұрақтылығы оның жақсы функциялануының ерекше маңыздылығын береді.

    Тарихи  дамудың барысында ақша қатынастары бірнеше маңызды өзгерістер мен қиыншылықтарды бастан кешірді. Соның салдарынан ол экономикалық жағдайға үлкен әсерін тигізді. Ақша айналысы мен валюталық бағамның тұрақтылығы экономикалық жағдайлардың жақсаруының, нарықтағы тепе – теңдіктің қамтамасыз етілуінің алғышарты болып табылады.

    Ақша  айналымындығы инфляцияның маңыздылығы  нарық механизмнің үзілуіне, өндірістің құлдырауына, бүкіл әлеуметтік –  экономикалық жүйенің құлдырауына  әкелуі мүмкін.

    Осы процестерді игеру қазіргі таңда Қазақстан экономикасындағы аса маңызды және қажетті мәселелердің бірі болып саналады.

    Менің курстық жұмысымның мақсаты ақша айналымының теориялық негіздерін қарастыру және оның құрылымына ерекше көңіл бөлу мен жеке сипаттау болып  табылады. Сондай – ақ, шетел тәжірибесін қарастыра отырып, оны қолдана отырып және негізге ала отырып, Қазақстан Республикасында пайдалануға мүмкіндік беретін жағдайларды қарастыру.

    Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді  атқарған жөн деп санадым:

  • ақша айналымының түсінігі мен мәнін ашу;
  • оның түрлері мен құралдарын жеке сипаттау;
  • ақша айналымының формаларын құрастыру;
  • Қазақстан Республикасында ақша айналысын қарастыру;
  • курстық жұмысқа жалпылама қорытынды жасау;

    Курстық жұмыстың ақпараттық негізіне отандық  және шетелдік экономист ғалымдарының оқулықтары, ғылыми мақалалары жатады. Ал осы курстық жұмыстың объектісі қазіргі таңдағы ақша айналымының ерекшеліктері жатады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1 Ақша айналымының  түсінігі және  мәні 

    1. Ақша  айналамы және ақша айналымының заңы
 

    Ақша айналымы  - бұл өзінің функцияларын орындау барысындағы   қолма – қол және қолма – қол емес ақшалардың қозғалысы. Ол тауарлардың реализациясын, сондай – ақ тауарлы емес төлемдерді және шаруашылықтағы есеп айырысуларды жүзеге асырады.

    Елдің ақша айналымы ақшаның қозғалысын көрсете отырып, келесілердің арасындағы айналысты көрсетеді:

    • орталық банк және коммерциялық банктер;
    • коммерциялық банктер; коммерциялық банктер және олардың клиенттері ( кәсіпорындар, ұйымдар, халық );
    • кәсіпорындар мен ұйымдар;
    • физикалық тұлғалар;
    • банктер және әр түрлі қаржы институттары, сондай – ақ қаржы институттары мен халық

    Ақша  айналымының жоспарлы экономика  кезінде және қазіргі нарықтық экономикаға  сай өзіне тән әр түрлі ерекшеліктері  бар.

    Жоспарлы  орталықтанған экономика жағдайында ақша айналысының ерекшеліктері:

  • Қолма – қол ақша да қолма – қол емес ақша да шығаратын өнімдерін алдын ала бөлуге қызмет атқарды. Барлық қоғамдық өнім өндіріс құралдары және тұтыну заттары түрінде, яғни бірінші жағдайда  материалды – техникалық жабдықтау жүйесі арқылы, ал екінші жағдайда қоғам мүшелерінің табысына сәйкес мемлекеттік сауда жүйесі арқылы бөлінді;
  • Мемлекет заң арқылы ақша айналымын қолма – қол ақша және қолма – қол емес ақшаға бөліп, ақша айналымының қай түрі қандай бөлу жүйесіне қызмет атқаратынын белгілійді. Сөйтіп, қолма – қол ақша қозғалысы халықтың ақшалай табысын бөлуді көрсетсе, қолма – қол емес ақша қозғалысы өндіріс құрал – жабдықтарын бөлуді көрсететті;
  • Ақша айналымы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің объектісі ретінде директивті заңдармен реттелді;
  • Ақша айналымы біртектес мемлекеттік меншік формасына қызмет көрсетті.
  • Ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері мемлекеттік банкте шоғырланып, оған мемлекеттік банк бақылау жүргізді;
  • Мемлекеттік жүйелер алдын ала өнімге баға белгілеумен және көрсетілген қызметтерге тарифтер бекітумен де шұғылданды;
  • Қолма – қол ақша және қолма – қол емес ақша белгілерін тек мемлекеттік банк монополиялы құқық негізінде шығарды;

    Ал  енді  нарықтық экономика үлгісі жағдайындағы ақша айналымына тоқталатын болсақ, онда оған мынадай ерекшеліктер тән:

  • Ақша айналымы, негізінен, шаруашылықтағы нарықтық қатынастарға қызмет жасайды, ал бөлу қатынастарының тек аз ғана бөлшегін қамтиды;
  • Қолма – қол ақша және қолма – қол емес ақша айналымының заңмен ажыратылуы жойылды;
  • Ақша айналымы мемлекеттің, коммерциялық банктердің, заңды және жеке тұлғалардың жоспарлы болжауының объектісі болып табылады;
  • Ақша айналымы әр түрлі меншіу формасы жағдайында жүреді;
  • Ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері орталықтанбаған, яғни олар әр түрлі коммерциялық және мемлекеттік банктерде шоғырланған;
  • Қолма – қол ақша және қолма – қол емес ақша айналымы бір – бірімен тығыз байланыста жүреді;
  • Қолма – қол ақша эмиссиясын Орталық банк жүргізіп, ал қолма – қол емес ақша белгілерін коммерциялық банктер шығарады;

    Сонымен, ақша айналымы деп қолма – қол  және қолма – қол емес түрінде  үзіліссіз қозғалыста жүретін ақша белгілерін айтады.

    Айналыста жүретін тек қолма – қол  ақша – ол ақша айналысының тек  бір бөлігі. Демек, белгілі бір  мезгілде қолма – қол ақшамен өтелген барлық төлемдер сомасына тең ақша айналымының бөлігі ақша айналысы болып табылады. Ал ақша айналымы  - бұл қолма – қол және қолма – қол емес ақша белгілерінің тауар айналымын және тауарсыз төлемдер мен шаруашылықтың есеп айырысуын қамтамасыз ететін ақшаның қызметі.

    Ендеше  ақша айналымы екі бөліктен: қолма  – қол және қолма – қол емес ақша айналымынан тұрады.

    Енді  ақша айналысы заңына тоқтала кетейік. Ақша айналысы заңы – құн заңының  айналыс аясындағы көрінісі. Ол тауар  – ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән.

    Айналыстағы ақшаның саны Карл Маркс ашқан  ақша айналысы заңымен реттеледі. Тауар  айналысына қызмет ету үшін қажетті  ақша мөлшері екі факторға:

  • бір кезеңде, айталық, бір жылда сатылуға тиіс бағасының қосындысына;
  • ақша айналысының жылдамдығына байланысты өзгереді.

    Ақша  айналымы заңы мына формуламен өрнектеледі:

                            А мөлшері = Смб/Ажылд.

    А – ақша мөлшері;

    Смб – сатылуға тиіс тауар бағасы;

    Ажылд. – ақша айналымының жылдамдығы;

    Ақша  айналысы заңының мәні мынада: ақшаның айналыс құралы қызметін орындауы үшін қажетті ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының қосындысын бір аттас ақша өлшемінің айналым санына бөлгенге теңесуі керек.

    Ақша  тек айналыс құралы ғана емес, сонымен  қатар төлем құралы қызметінде болатындықтан, айналысқа қажетті ақша мөлшері де несиеге сатқан тауарлар сомасына байланысты азаяды. Қарыз міндеттемелерінің бір сыпырасы қолма – қол ақшасыз есеп айырылысқанда өтеледі, яғни олар қарыз талаптары мен міндеттемелерін өзара есептеу жолымен де өтеледі.

    Сөйтіп, несиенің даму дәрежесі ақша мөлшеріне  кері әсерін тигізеді; тауардың неғұрлым көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа  соғұрлым аз ақша мөлшері қажет. Одан басқа айналыстан шығарылған әлде қандай ақша мөлшері шаруашылықтың, халықтың тұрақты ақша қорын құрайды. Айналыстағы ақша мөлшерін анықтаушы заң мына формуламен анықталады:

                  Амөлш.  = ( ( Стбн + Ст – Сө ) / Ажылд. ) + Ақ

    Мұндағы:

    Амөлш. – айналыс құралы және төлем құралы қызметтеріне қажет ақша мөлшері;

    Стбн – несиеге сатылған тауарлар бағасының сомасы;

    Ст  – қарыз және басқа міндеттемелер бойынша төленетін сома;

    Сө - өзара өтелетін талаптар мен міндеттемелердің сомасы;

    Ақ – ақша қоры;

    Ажылд. – айналыс құралы және төлем құралы қызметтеріндегі ақша айналымының орташа саны ( айналыс жылдамдығы );

    Осы теңдіктегі ел экономикасында сатылған тауарлар бағасынан айналыста әлде қайда кем ақша массасының жүруінің себебі - төлеушілік проблемасының  болуы. Сол кезде Ст мөлшері теріс  сан болады. Бірақ бұл Қазақстанда  және басқа да директивті экономика үлгісінен нарықтық үлгіге өтуші мемлекеттерде кездесіп отырған кәсіпорындар арасындағы төлеушілік проблемасы жай ақша массасын ұлғайтумен шешіледі дегенді көрсетпейді. Себебі төлеушіліктің көптеген себептері бар. Олар: төлем тәртібінің босаңдығы, төлеушіліктің тізбегінде потенциалды банкноттардың болуы, банкноталардың тиімді тәжірибесінің болмауы, жекешелендіру процесінің аяқталмауы, төлем құралдарының дамымауы және тағы басқалар.

    Сөйтіп  айналысқа қажетті ақша мөлшері  өндірістің даму жағдайларына әсер ететін көптеген факторларға байланысты өзгереді; айналыстағы тауарлар мөлшеріне тауарлар мен қызметтер бағасының деңгейіне және тағы басқаларға байланысты болады.

    Айналысқа қажетті ақша мөлшері ақша айналысының  жылдамдығына кері пропорционалды өзгереді. Ал ақша айналымына әсер ететін жағдайлар мыналар:

    • несиенің даму деңгейі, егер тауардың көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа сонша мөлшерде кем ақша қажет;
    • қолма – қол ақшасыз есеп айырысудың дамуы;
    • ақша айналымының санының өсуі;

    Айналысқа ақша екі формада эмиссияланады ( шығарылады ): қолма – қол ақша, яғни айналымдағы банкнота және майда монеталар, банктік айналымдағы ақша формасы, яғни банктегі шоттарға жазылған сома. Екі деңгейлі банк жүйесінде ақшаның бірінші формасын, яғни қолма – қол ақшаны монополиялы құқықпен орталық банк эмиссиялайды да, ал қолма – қол емес ақша белгілерін коммерциялық банктер жүйесі шағарады.

    Ақшаның екі формасы бір – бірімен  тығыз байланыста болады. Егер банк клиенті - шоттағы ақшаның иесі өз қаражатын қолма – қол ақша формасында салса, онда банктік айналымдағы ақша белгілері нақты қолма * қол банкнотаға айналады. Керісінше клиенттің шотқа жазу арқылыбанкке ақша сомасын салуы қолма – қол ақшпның банктік айналымдағы ақша формасына айналуын көрсетеді 
 

    1. Қолма – қол және қолма – қол емес ақшалар
 

    Ақша  айналымының басым формасына  сәйкес оны қолма – қол және қолма – қол емес ақша айналымдары  деп бөледі.

    Қолма – қол ақша айналымы – бұл  қолма – қол ақша белгілерінің айналымы: қағаз ақшалардың, банкноталар, монеталар, тағы басқалары. Яғни, бұл -  бір субъектінің екіншісіне тауарлар үшін, көрсетілген қызметтер үшін немесе заңмен қарастырылған басқа да жағдайлар үшін берілетін нақты ақша белгілерінің айналымы. Барлық елдерде монеталарды мемлекеттік қазына жасап шығарады, ал айналымға оларды банкноталармен бірге орталық банк жібереді. Қолма – қол есеп айырысуда орталық банкпен шығарылған және эмиссиялауға монополиялық құқығы бар банкноталар қолданылады.

    Қолма – қол ақшалар келесілер үшін қолданылады:

    • тауарлар мен қызметтер айналымын жүзеге асыру үшін;
    • жалақы төлеу бойынша есеп айырысу және соған сәйкес төлемдерді төлеу үшін;
    • бағалы қағаздарға төлем және олар бойынша табыстарды төлеу үшін;
    • коммуналдық және тағы басқалар қызметтерге төлем жасау үшін;

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы ақша айналысы