Қазақстан Республикасында шағын бизнесті несиелеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2012 в 05:58, курсовая работа

Описание работы

Шағын кәсіпкерліктің дамуы бір қатар әлеуметтік проблемаларды шешуге негізделеді, соның ішінде шағын бизнес саласында жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету деп ойлаймын. Шағын кәсіпкерлі дамыту тиімділігі әлемдік тәжірибеде дәлелденген, яғни шағын бизнес инвестицияға деген ең төменгі қажеттіліктермен ұлттық өнімнің едәуір бөлігін өндіреді. Сондықтан, шағын кәсіпкерлік әлеуметтік критерийі мен тиімділік критерийіне сай келеді.

Содержание

Кіріспе
‌I Шағын бизнестің экономикалық мәні мен маңызы және ерекшеліктері.
1.1. Кәсіпкерлік теориясының концепциялық генезисі.
1.2. Шағын бизнестің экономикалық мәні және маңызы.
1.3. Шағын бизнестің негізгі ерекшеліктері.
II. шағын бизнестің қАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ.
2.1 Қаржылық менеджмент түрлері
2.2 Шағын бизнесті дамыту жағдайында қаржылық менеджменттің мәні.
2.3 Қазақстан Республикасында шағын бизнесті несиелеу.
Қорытынды
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

МАЗМҰНЫ БИЗНЕС ЖОСПАР.doc

— 237.00 Кб (Скачать)

 

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

‌I Шағын  бизнестің экономикалық мәні мен  маңызы және ерекшеліктері. 
1.1.  Кәсіпкерлік теориясының концепциялық генезисі. 
1.2.  Шағын бизнестің экономикалық мәні және маңызы. 
1.3.  Шағын бизнестің негізгі ерекшеліктері.

II.  шағын  бизнестің қАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ. 
2.1 Қаржылық менеджмент түрлері

2.2 Шағын бизнесті дамыту  жағдайында қаржылық менеджменттің мәні. 
2.3 Қазақстан Республикасында шағын бизнесті несиелеу.

Қорытынды

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе        

 Қазіргі таңда Қазақстан  Республикасында шағын бизнестің  дамуы ең өзекті мәселелердің  бірі болып отыр. Шағын бизнес Қазқстанда қарқынды дамып келеді. Себебі тәуелсіздігіне 17 жыл толған еліміздің дамуына шағын бизнесті дамыту өте қолайлы. Сондықтан, мен осы тақырыпты, атап айтсам: «Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы» тақырыбын таңдадым.

Шағын кәсіпкерліктің дамуы  бір қатар әлеуметтік проблемаларды  шешуге негізделеді, соның ішінде шағын  бизнес саласында жаңа жұмыс орындарын  құру арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету деп ойлаймын. Шағын кәсіпкерлі дамыту тиімділігі әлемдік тәжірибеде дәлелденген, яғни шағын бизнес инвестицияға деген ең төменгі қажеттіліктермен ұлттық өнімнің едәуір бөлігін өндіреді. Сондықтан, шағын кәсіпкерлік әлеуметтік критерийі мен тиімділік критерийіне сай келеді.

Бұл курстық жұмыстың міндеті:

  1. аймақтық экономиканы жандандыру;
  2. қайта құрылған жұмыс орындарын көбейту;
  3. шағын бизнесті дамытуға қолайлы орта қалыптастыру;
  4. Қазақстанда шағын бизнес қарқынды дамуына қол жеткізу.

Курстық жұмысымның мақсаты: Қазақстан Республикасында шағын бизнесті қолдау механизмін құру негізінде шағын бизнесті қарқындап дамыту.

Шағын бизнесті дамыту саласында  Қазақстан авторларынан Мәуленова  С.С, Бекмолдин С.Қ, Құдайбергенов  Сәбденова Жанар Оралқызы, Көкшетау экономика және менеджмент институтының экономика және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Нұрпейісова Жанат Нұрпейісқызы көп еңбек сіңірді.          Кәсіпкерлікті дамытудың теориялық және методологиялық мәселелері отандық, сондай-ақ, шетелдік ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапты. Дегенмен бұл салада жасалған жұмыстардың бар екендігіне қарамастан, ол жұмыстарда негізінен, кәсіпкерлік қызметін дамытудың жалпы экономпкалық көзқарастары ғана карастырылғандығын айтуымыз керек. XIX ғасыр басында-ақ Жан Батист Сэй кәсіпкерлікті жер, еңбек және капиталмен бірге негізгі өндіріс факторларының бірі ретінде қарастырған.

Кәсіпкерлік туралы теориялық  концепция алғашқы рет 1725-1730 жылдары  Ричард Кантиллионның  еңбектерінде баяндалды.

1776 жылы Адам Смит  өзінің «Халық байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу» атты еңбегін жазғанда, ол негізгі өндіріс факторларын бөліп көрсетті: жер, еңбек, капитал, бірақ кәсіпкердің рөлі туралы ештеме айтылмады. Тек 1810 жылы Жан Батист Сэй алғашқы рет кәсіпкерліктің рөлі мен мәнін негізгі өндіріс факторларының бірі дәрежесіне дейін көтерді.

Кәсіпкерлікті дамыту саласында  методологиялық дәрежеде шетелдік, атап айтқанда, американдық ғалымдармен  көптеген зерттеулер жасалған. Бұл  осы елдің шағын кәсіпкерлікті  дамытуда 200 жылдық тарихы бар екендігін көрсетеді. Бүгінгі таңда АҚШ-та 20 миллионнан астам кәсіпорын бар және одардың 6%-і шағын және орта бизнеспен шұғылданатын кәсіпорындар. Дәл осы шағын кәсіпкерлікті басқару проблемасын дамытушы Д.Лонгенеко (Longenecker Justin G.) У. Петти (J.William Petty), К. Моор (Саrlos W.Мооrе) сияқты американдық ғалымдар үлкен үлестерін қосты.

Жалпы құрылымы бойынша  менің курстық жұмысым екі  бөлімнен тұрады:

1 бөлім – Шағын  бизнестің экономикалық мәні  мен маңызы және ерекшеліктері.

Бірінші бөлімде мен шағын бизнестің экономиялық мәнін, Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің негізгі ерекшеліктерін қарастырдым.

2 бөлім – Қазақстан  Республикасында қазіргі кездегі  шағын бизнестің дамуы

Екінші бөлімде шағын  бизнестің даму этаптарын, оны ары қарай дамытудың кешенді бағдарламаларын, шағын бизнесті несиелеу жолдарын қарастырдым.

Шағын және орта кәсіпкерлікті  қолдау және дамытудың мемлекеттік  саясаты экономиканың әртүрлі салаларында  кәсіпкерліктің  даму  болашағын   анықтай   отырып  кәсіпкерлердің әр түрлі топтары үшін қолдаудың жеке шараларын жүзеге асыру қарастырылады. Ол үшін алдымен шағын және орта кәсіпкерліктердің өндірістік және инновациялық іс — әрекеттеріне көңіл бөлінуі керектігі жайлы қарастырдым.

Қорытынды        

 Курстық жұмысымды қорыта келгенде, жұмыс барысында кәсіпкерлікті аймақтық басқару үшін аймақтық шағын бизнесті дамыту орталықтарын құру ұсынылады, олардың міндеттері мыналар: кәсіпкерлікті дамыту қорларын құру, жаңа кәсіпорын құру жөнінде кеңес беру арқылы көмек көрсетулерді ұйымдастыру, бизнес-инкубаторларын құру, бизнес-семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру, пайдаланылмайтын алаңдарды сату бойынша теңдерлер ұйымдастыру және басқалар.

Жұмыс барысында кәсіпкерлікті  аймақтық басқарудың тиімді құралдарының бірі ретінде шет елде өзін-өзі жақсы танытқан бизнес-инкубаторларды кең пайдалану ұсынылады, бұл кәсіпорын құрудың, икемді әдістері мен тиімді жұмыс істеу жүйесі болып табылады.

Жаңа кәсіпорын құру процесі — бұл кәсіпкерлік  қызметіндегі ең көп жауапты және еңбек сіңіруді керек қылатын кезең, ол дұрыс қызмет бағытын таңдауды, тиісті команданы жинақтауды, болашақ кәсіпорынның орналасатын жерін таңдауды, бизнестің ұйымдық-құқықтық түрін анықтауды, фирманың маркетинггік мүмкіндіктерін талдауды және ең соңында кәсіпорынның өзін тіркеуді ұйғарады.

Болашақ кәсіпорынды  бағаландыру үшін жұмыс барысында  оның тиімділігі тақырыбына қатысты  келесі бағыттар бойынша тиімді кәсіпорынның негізгі критерийлері дайындалды: саланың  күйі мен нарық тауашасы, экономикалық көрсеткіштер, бәсеке қабілеттілік деңгейі, басқару командасының мінездемесі, жеке критериялар және стратегиялық мінездемелер. Мұндай талдау кәсіпорынды келешектегі оның тиімділігі тұрғысынан бағаландыруға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның жоғары әлеуеті табыстарға қол жеткізуге қолайлы мүмкіндіктер тудырады, ал кәсіпорынның әлеуеті төмен болса, қандай да бір идеядан бас тарту жолымен мүмкін болатын сәтсіздіктерден құтылуға мүмкіндік береді.    Жұмыс барысында шағын кәсіпорынның әртүрлі даму сатылары мен басқарудың ұйымдық қаржы ресурстарына деген қажеттілігін дәлме-дәл есептеуге ғана емес сонымен қатар келешекке болжам жасауға да мүмкіндік береді. Бұдан басқа қаржылық жоспар — несиелеу мен капиталды инвестициялау үшін қажетті алғашқы қаражаттардың бірі болып табылады, ол бизнестің тек пайызды төлеуге ғана емес, сондай-ақ қарыздарын қайтару үшін де жеткілікті пайда табу мүмкіндігін көрсетеді.

Осы жұмыс барысында  қазіргі замандағы әлемнің ең жоғары дамыған елдерінің бірі —  АҚШ-тың кәсіпкерлікті дамыту бойынша 200 жылдан астам тәжірибесі талданып, қорытылды. Жұмыс барысында бұл тәжірибелерді Қазақстанда пайдалану жөнінде ұсынылған ұсыныстар республикадағы өтпелі кезең қиыншылықтарын жеңу және индустриалды дамыған елдер жолына шығу мақсатын көздейді.

Қорыта келгенде, шағын  бизнестің негізгі мақсаты — халықты жүмыспен қамту, оның әлеуметтік меселелерін шешу, еңбекке деген белсенділігін дамыту, тұтыну нарығын көп ассортименттегі тауарлармен, қызметтермен толықтыру. Қорытынды ретінде, Қазақстан Республикасында халықтың әл-ауқаттылығын түбегейлі жақсарту мен экономиканы дамыту секілді қиын да игі міндеттерді атқара білетін бизнесмендер тобын жетілдіруге алып баратын әрі кәсіпкерлік қызмет саласын шабыттандыратын кәсіпкерлікті басқару ісінің мақсатты да көп деңгейлі жүйесін қалыптастырудың  қажеттігін атап өтуді жөн көрдім.

 

МАЗМҰНЫ

 

КIРIСПЕ   
І. БИЗНЕС-ЖОСПАР: КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ  
1.1 Нарық жағдайында бизнес-жоспар құру қажеттілігі және оның маңызы  
1.2 Бизнес-жоспардың құрылымы  
1.3 Қазіргі таңдағы бизнес-жоспарлау концепциялары

 
ІІ. БИЗНЕС-ЖОСПАР – КӘСІПОРЫНДА ДАМЫТУ ҮРДІІСІН БАСҚАРУ ФОРМАСЫ РЕТІНДЕ  
2.1 Қаржылық жоспарлау – кәсіпорынның қаржылық ресурстарын басқару құралы ретінде  
2.2 Кәсiпорынның қаржылық жағдайын бағалау және болжау әдiстемесi  
2.3 Бизнес-жоспардың қаржылық тарауын талдау

 
ҚОРЫТЫНДЫ

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Курстық жұмыстың жалпы  сипаттамасы. Бизнес-жоспардың негізгі  талдауы – бұл жобалар –  фирманың жаңа перспективалық даму стратегиясының бағдарламасын қамтамасыз етуші ретінде қарастырылады. Сондықтан, әрекет етуші кәсіпорынның жаңа өндірістік құрылымы жобалау кезінде негізгі кезең дамытудың жаңа бас мақсаты және болашақта оны жүзеге асыру стратегиясын қабылдау болып табылады. Шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайларына нарықтық бағаның, қаржы мен несиенің ынталандырушы рөлдерін жоғарлату, ең алдымен, қаржылық тепе-теңдік пен тұрақтылықты, экономикалық қауіпсіздік пен өтімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.

 Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру үшін біздің экономикамыз, ғылымымыз, өнеріміз, әдебиетіміз тең дәрежеде болуы керек. Бұған Елбасы да ерекше мән беріп отыр. Соңғы 17 жылдың ішінде елімізде үлкен өзгерістер болды. Қазақстан онша дамымаған кешегі кеңестік республикадан өркендеген, әлеуетті экономикасы бар, демократиялық мемлекетке айналды. Мемлекетіміз бен Елбасымызды дүниежүзі біледі, сыйлайды, құрметтейді.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауынан Үкіметке 2010 жылдан бастап өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бірыңғай бюджеттік бағдарлама енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Оны «Бизнестің жол картасы – 2020» деп атауды ұсынған. Елбасының биылғы жолдауында шағын және орта бизнесті дамытуға айрықша көңіл бөлінді. Осы ретте кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беру мәселесін айтсақ болады. Кәсіпкерлікпен айналысқысы келген адам алғашқыда несие алуға әрекет жасайтыны белгілі. Болашақ кәсіпкердің кепілге қоятын мүлкі жоқ болса, тіпті қиын. Жолдауда айтылғандай енді кәсіпті бастау үшін несие алған адамдарға мемлекет кепіл болатын болды. Бұл кәсіпкерлер үшін үлкен қолдау. Әрине, мемлекет кәсіпкерлерге жүз пайыз кепіл болмайтыны түсінікті. Дегенмен, еліміздегі екінші деңгейлі банктер сырттан займдар тартқанда мемлекет кепіл болды. Нәтижесінде банк саласы қарқынды дамыды. Осындай жағдайды шағын және орта кәсіпкерлерге де жасайтын кез жетті. Мемлекеттің кепіл болуы халықаралық іс-тәжірибеде бар. Айталық, мұндай тәжірибені Германиядан кездестіруге болады. Банк кәсіпкерлердің бизнес-жоспарымен танысып, оған қаржы салудың тәуекелі зор екенін білгеннен кейін, кәсіпкерлер мемлекеттің көмегіне жүгіне алады. Жолдауда айтылған тағы бір көңілге қонымды мәселе, еліміздің барлық аймақтарында кәсіпкерлерге кеңес беретін орталықтар ашу ісін атап айтуға болады. Мемлекет кәсіпкерлік қауымдастықтарға арнайы гранттар тағайындап, кәсіпкерлерге тегін ақыл-кеңес беру ісін ұйымдастыруына болады. Өйткені қауымдастықтардың бай тәжірибесі бар. Яғни кәсіпкерлер осындай кеңес беру орталықтарына жүгіне отырып барлық керекті сұрақтарына жауап таба алатын болады. Соның ішінде бізнес жоспарды таңдау, әзірлеу тәртібі мәселесі ерекше маңызға ие.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Көптеген ірі батыс фирмаларында кәсіпорынды  құру мен оны жетілдіру сияқты дамыту бөлімдері жұмыс істейді. Оның басты қызметі фирманың қабылданған жаңа даму стратегиясымен сәйкес басқарудың өндірістік және ұйымдық құрылымдағы өзгерістері бойынша жасалынатын бизнес-жоспардың қаншалықты мөлшерде фирмаға әкелетін тиімділігі мен әсер ету жағдайын талдап, барынша тақырыптың мазмұны мен мақсатын анықтап талдау.  Яғни нарықтық экономикаcы дамыған шетел елдердің кәсіпорындарында бизнес-жоспар ең басты элемент болып табылады. Қазақстан енді ғана бизнес-жоспарды құрастыруды тәжірибе жинауда. Көбінесе қызығушылықты мекемелер мен ұйымдардың жеке формалары танытуда.

Бизнес-жоспар қазақстандық кәсіпкерлікті  стратегиялық жоспарлау құралы ретінде  кірді, сондай-ақ инвесторлармен, кредиторлармен және мемлекеттік басқару органдармен келіссөздерді жүргізу үшін қажетті құжат болып табылады. Нарықтық шаруашылық жағдайында бизнес-жоспар кәсіпкерліктің әр түрлі саласында қолданады және кәсіпорынның мәселелерін шешуге көмектеседі. Бизнес-жоспар берілген бизнестің шағын, нақты, түсінікті анықтамасы болып табылады. Бизнес-жоспар көптеген мәселелерді шешеді, ол бизнестің мақсаттарын анықтауға және бизнесті құруға, мәселелердің шешу жолдарын анықтайды және тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Бизнес-жоспар – коммерциялық  iс-шаралардың зерттеп-дайындалған негiзгi аспектiлерiн, туындаған мәселелердi, мүмкiн болған кедергiлердi сараптау және оны жоюдың әдiстерiн көрсететiн фирмаiшiлiк құжат. Несие беру үшiн негiз болады, коммерциялық жобаның шынайылығын және тиiмдiлiгiн сараптау құралы болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты. Бизнес-жоспардың теориялық аспектілері  ретінде оның негізгі мәні мен  мазмұны, қызметтері мақсаттары, оның нарық жағдайындағы рөлі курстық  жұмыстың бірінші тарауында қарастылылған. Ал, екінші тарау бойынша кәсіпорынның маркетингтік, менеджменттік және стратегиялық даму жолдары талданып, бизнес-жоспардың экономикалық негіздері мен тиімділігі қарастырылған. Кәсіпорынның бизнес-жоспарын қолдану мен жетілдіруі жайлы сөз үшінші тараудың бөлімінде талданады. Яғни, оның мысалы ретінде супермаркеттің құрылу жолы мен даму стратегиясы қарастырылып, жалпы бизнес-жоспарын талдау негізі міндеті ретінде көрсетіледі.

 

 

 

 

 

 

 

І. БИЗНЕС-ЖОСПАР: КӘСІПКЕРЛІК  ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ 

 
1.1 Нарық жағдайында бизнес-жоспар  құру қажеттілігі және оның маңызы  

 Бизнес жоспары дегеніміз – адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық жоспары. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш-жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Ал, жаңашылдық ең біріншіден жаңалықпен немесе бизнес - жоспармен тығыз байланыстыруға болады. Сондықтан кәсіпкерліктегі жаңашылдыққа жетудің тиімді тәсілі болып бизнес - жоспар болып табылады. Кәсіпкерліктің бизнес - жоспарлық қызметі – бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуеттік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен қатар жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады. Жаңалық дәрежедегі бизнес - жоспар негізінде жаңа, яғни өткен, отандық және шетелдік тәжірибедегі ұқсастығы жоқ және жаңа нәрсенің салыстырмалы жаңалығы болып ұсақталады. Негізінде өнімнің жаңа түрлері, технологиясы және қызмет көрсетуі басымдық абсолюттік жаңалықтарға ие болады және үлгінің түп нұсқасы болып табылады. Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынандай екі жағдайға: біріншіден, коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты. Бизнес - жоспарлық кәсіпкерлік жоғарыда айтылған талаптарға толығымен тікелей қатысты. Кәсіпкерлік қызмет өндірісі кәсіпорын (фирма) звеносының негізі болып табылады. Осы жерден бастап және ары қарай “фирма” ұғымын баламалап қараймыз. Рас, олардың бір-бірінен өзара айырмашылығы бар: “фирма” термині жиынтық ұғым, оған бір немесе бірнеше кәсіпорын мен өндіріс енуі мүмкін. Әдетте, кәсіпорынға бір жақты, бір өнімді өндіретін процесті жатқызамыз. Қазіргі жаңа жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын өзінің өндірістік қызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуда, ал барлық халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық және құқықтық тұрғыдан дараланған. Жалпы бұл тақырыпта бизнес - жоспар мен кәсіпкерлік ұғымдары туралы жазылған. Яғни, қазіргі кездегі нарық заманындығы кәсіпкерліктің бизнес - жоспарға қатынасына көп көңіл бөлініп, нақты түрде түсіндіріледі.

Информация о работе Қазақстан Республикасында шағын бизнесті несиелеу