Қазақстан Республикасында шағын бизнесті несиелеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2012 в 05:58, курсовая работа

Описание работы

Шағын кәсіпкерліктің дамуы бір қатар әлеуметтік проблемаларды шешуге негізделеді, соның ішінде шағын бизнес саласында жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету деп ойлаймын. Шағын кәсіпкерлі дамыту тиімділігі әлемдік тәжірибеде дәлелденген, яғни шағын бизнес инвестицияға деген ең төменгі қажеттіліктермен ұлттық өнімнің едәуір бөлігін өндіреді. Сондықтан, шағын кәсіпкерлік әлеуметтік критерийі мен тиімділік критерийіне сай келеді.

Содержание

Кіріспе
‌I Шағын бизнестің экономикалық мәні мен маңызы және ерекшеліктері.
1.1. Кәсіпкерлік теориясының концепциялық генезисі.
1.2. Шағын бизнестің экономикалық мәні және маңызы.
1.3. Шағын бизнестің негізгі ерекшеліктері.
II. шағын бизнестің қАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ.
2.1 Қаржылық менеджмент түрлері
2.2 Шағын бизнесті дамыту жағдайында қаржылық менеджменттің мәні.
2.3 Қазақстан Республикасында шағын бизнесті несиелеу.
Қорытынды
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

МАЗМҰНЫ БИЗНЕС ЖОСПАР.doc

— 237.00 Кб (Скачать)

  Ғылыми-техникалық пррогрестің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі

Жобалауда, әзірлеуде және жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізуде бұл шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау төрт кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең – бұл бизнес - жоспарлық шараларды іске асыру үшін қажетті шығындарды анықтау;

Екінші кезең –  бұл қаржыландырудың мүмкіншілік көздерін анықтау;

Үшінші кезең –  бұл жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізудегі экономикалық тиімділікті бағалау;

Төртінші кезең –  бұл экономикалық көрсеткіштерді салыстыру  арқылы салыстырмалы жаңалықтардың  тиімділігін бағалау.

Кәсіпкерлік өндіріс  жағдайында экономикалық тиімділікті  анықтау кезінде мыналар пайдаланылады:

-өнімде және қызмет  көрсетуде қолданыстағы көтерме  сауда, бөлшек сауда бағалары  және тарифтер;

-қолданыста заңды  түрде белгіленген өндірістік  ресурстар (өндірістік қорлар, еңбек және табиғи) үшін нормативтік төлемдер;

-қолданыстағы кәсіпкерліктің  пайдадан нормативтік аударымы  және орталықтандырылған салалық  қорлар және резервтерді қалыптастыру  үшін жоғары ұйымдардың, мемлекеттік  және жергілікті бюджеттердің бірігуі;

-банкілердің несие  берудегі немесе жеке қаржыларын  сақтау жөніндегі кәсіпкерліктің  тәртібі мен есеп ажырасу мөлшері;

-валюталық түсімдерді  қайта есептеу нормативтері, т.б.

Экономиаклық нәтижелілік  – бұл еңбек өнімділігінің  артуы, еңбек және материалдық сиымдылықтарын төмендету, өнімнің өзіндік құнын кеміту, пайданы өсіру және пайдалылықты одан әрі арттыру.

Ресурстық нәтижелілік  – бұл кәсіпкерліктегі ресурстарды  босатып алу; материалдық , еңбек  және қаржы.

Техникалық нәтижелілік  – бұл жаңа техника мен технологияның, ашу, өнертабыс және оңтайландыру ұсынысы, ноу-хау және басқа да жаңа енгізілімнің пайда болуы.

Әлеуметтік нәтижелілік  – бұл халықты материалдық  және мәдени-тұрмыстық деңгейінің артуы, олардың тауарлар және қызмет көрсетуде  мұқтаждарын қанағаттандыру, жағдай және техниканың еңбек қауіпсіздігін жақсарту, ауыр қол еңбегінің үлесін төмендету, т.б.

Бұл нәтижелерге қол  жеткізуге болады, егер де үкімет тарапынан  ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге  толық жағдай жасалса.

Кез-келген бір бизнес - жоспардымен жобаны іске асыру материалдық және қаржылық шығынды қажет етеді. Жаңа өнімге немесе қызметікеқызметке  қолданушылардың табылуы және де жобаның қаншалықты коммерциализацилауға өтетіндігін білмегендіктен ол әрқашанда рискке байланысты болады. Сондықтан да бизнес - жоспарлық үрдісте бағалау уақыты маңызды болып табылады. Бағалаудың қиындығына қарамастан, ол керекті және бизнес - жоспарлық үрдістің  рискін  түсіретін фактор болып табылады.

 

 

 

 

2.2 Кәсiпорынның қаржылық  жағдайын бағалау және болжау әдiстемесi

 

Бизнес - жоспарды инвестициялау және ұйымдастыру негіздері

Жаңалық енгізудің негізі болып табылатын бизнес - жоспарлық іскерлік инвестициялық іскерлікпен тығыз байланыста болады. Инвестциясыз жаңалықтың болуы мүмкін емес, өйткені ол өндіріс, таранспорттық және сонымен қатар жаңалық-тауардың қолданушға жетуін қамтамасыз етеді.

Инвестициялау – бұл  түсімді қалыптастыру мен алудағы  ұзақ мерзімдік капитал салымы. Бұл  бизнеске салынған инветициялар болып  табылады (экономикалық инвестицияларда). Сол инвестициялардың көмегімен күшті өндірістік жарақтар құрылуда, жұмыс күшін жалға алу қалыптасуда, өндірістік үрдіс ұйымдастырылуда.

Әрқашанда инвестициялау  бағдарының альтернативтік түрлері  болады:

–       ұзақ мерзімдік қолданудағы тауарлар мен қозғалмайтын мүлікті (сұраныс инвестициялары) сатып алу жолымен ақшалай салым;

–       бағалы қағаздар түріндегі активтерді алу (қаржылық инвестициялары);

–        бизнес - жоспарлық бизнеске арналған инвестициялар.

Инвестициялау бағдарын таңдау тиімді тәуекелдегі үлкен кірістерді болжауын көрсетеді.

Жаңалық енгізулерге  арналған инвестициялардың өзіндік  қасиеттері болады:

1)     Олар бизнес - жоспарлық үрдістің өзіндік қасиетін қарастыру қажет, өйткені кейбір экономика салаларында  тұрулар, ал кейбреулерінде – новацияға және өндірістік ақпараттық және өнімнің интенсивтік жаңаруына деген үлкен сұраныс қалыптасады. Инвестциялық үрдістің бұл қасиеті негізгі капитал жинағының механизмдері тығыз байланысты болып, жаңа білім мен интеллектуалдық еңбек өнімдерінің дискреттік қасиетін көрсетеді.

2)     Бұл инвестицияларға спкуляцияның байланысы болмайды, өйткені олардың нақты болашақ кірісі мен ұзақ уақыттық салым мерзімі бар.

3)     Ішкі және сыртқы факторларға байланысты оның ұйымдық-экономикалық және әлеуметтік параметрлерінің болуымен қатар, бизнеске арналған ивестицияларға обьект туралы мағлұмат білу керек.

Кәсіпкер сонымен қатар  инвестициялық үрдістің өзімен анықталатын  кейбір талаптарды есінде сақтау керек. Жаңалық енгізу обьектсі мен қаражат  қайнар көзінің тәуекелін табу; инвестициялардың түрі (ақшлай қаражат, меншік, басқа активтер және міндеттемелер) мен жүзеге асырудың ұйымдастыру формасын таңдау; инвестицияларды қорғау және т.б.

Жаңалықты енгізу обьект тәуекелінің бірнеше түрлері  кездеседі:

Нарықтың тәуекелмен инвестицияланған капиталдың сұраныс, өнімге және өндірістің факторларына арналған бағалардың қозғалысының нәтижесінде жоғалуыныі мүмкіндігімен айқындалады.

 

 

 

 

2.3 Бизнес-жоспардың қаржылық  тарауын талдау 

Бизнес тәуекелі —  жаңалық енгізудің экономикалық бағалау эффектіліндегі нақтылықпен, соның ішінде инвестициялық мерзімнің ұзақтылығымен айқындалады. Қаржылық тәуекел – ақшаның қабілеттілігінің төмендеуі мен инветициялау, коммерциялық жүзеге асыру кезіндегі активтердің құнсыздауына байланысты.

Жаңалық енгізудің инвестициялауының шешу негізіне этаптық мерзімде жүзеге асырылатын стратегия мен бизнес әдісін таңддау кіреді.

Инвестициялық талаудың статистикалық және динамикалық  әдістердің қолдану арқылы критериалдық бағалар құралады. Солардың негізінде  инвестициялауға шешім қабылданады.

Статистикалық әдістерге  жобаның есе қайтару мерзімі, кіріс деңгейі, таза келтірілген  баға, түсім индекс, рентабельдіктің  ішкі коэффициенттің анықтамалары қатысты.

Динамикалық әдістерге  – инвестициялық жобаның бағалауына әсер ететін көптеген фркторлар анықтамасы.

Өнеркәсіптің қаржылық жағдайын талдау (анализ) инвестициялауда  маңызды орын алады. Бұл жерде  жаңалық енгізу жүзеге асыру кзделіп  отырады, сол үшін де жаңалық енгізуге дейін мен кейінгі обьекттің  жағдайын көрсететін арнайы көрсеткіштер жүйесі қолданылады. Бұған өнеркәсіптің өзінің міндеттерін орындау қабілеттілігін сипаттайтын ликвидтілік және жаңалық енгізуге теріс ықпал ететін меншіктік міндеттемелер қолданылуы мүмкін.

Ұйымдық жобалау келесі кезеңдерден тұрады:

-жобаның маңыздылығын анықтау (федералдық, аймақтық, жергілікті);

-фиксация рангі жіне  ұйымдастыру-құқықтық қатысушы формасы,  сонымен қатар негізгі жеткізушілер  мен жіберушілер;

-мемлекеттік және  аймақтық басшылықтың жобаны  қолдау дәрежесін орнату;

-инвестицияның кепілдігін қамтамасыз етуін анықтау, сонымен қатар тәуекелдерді сақтандыру, саясатты және банкілік кепілдіктер.

Үстіде келтірілген  түсініктемелер, жобалаудың түрлері  мен сценариилері болжау сипаттамасын анықтайды және көбінесе қарсылық сипаттаманы  ұстанады. Бүкіл факторларды сандық көрсеткішпен көрсету мүмкін емес, өйткені мұнда жоба бойынша инегралдық эффектілік көрсеткіштері жоқ. Жаңалық енгізудің тиімділігі сонымен қатар оның қатысушыларының субьектік қызуғышылықтарына баланысты болады.

Сондықтан да кәсіпкер әрқашанда өндіріске арналған ивесициялар туралы шешімдер қабылдағанда тәуекелдейді. Дұрыс қабылданған бизнес стратегиясы, жаңалық енгізуді мамандырылған техника-экономикалық бағалау және керекті нәрселерді білу бизнес - жоспарлық процесті қазіргі үлгімен ұйымдастыру және де басқару қабілеті сол тәуеклелді тиімді қылдырып, көрсеткіштерді жоғары және тұрақты бір деңгейге жеткізеді.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Бизнес – жоспар - кәсіпкерлік − новаторлық функциямен байланысты кәсіпкерлік іскерліктің моделі. Кәсіпкердің ролі жаңалықтарды, бұрын−соңды болмаған өнімдерді экономикалық дәстүрлі факторларын (еңбек, жер және капитал) қолдана отырып табу болып табылады. Осылайша, новаторлық қызмет ең маңызды болып есептеліп қалыптасады. Яғни, бұл тақырып қазіргі таңда нарықтық экономиканың басты мәслелерінің бірі болып табылады. Бұл мәселені жүзеге асыруда көптеген фирмалар жетістіктерге жетуде. Сондықтан да кез-келген бір фирманың, кәсіпкерліктің  бизнес - жоспарлық қызметсіз жетістіктерге жетуі бүгінгі күнде екі-талай болып отыр. Бизнес - жоспарлық кәсіпкерлік пен инвестциялық іскерлік экономикалық өсудің негізін құрап, тауарлық нарықпен тығыз байланыста болады. Жаңалықтарды құру және олардың коммерциялық өткізілуі бизнес - жоспарға қатысушылардың жұмыстарының эффектілігіне байланысты. Мәселенің қиындығы кез-келген масштабтағы интеллектуалдық өнімдердің жинақталуы жаңалық енгізуге өтпеуінен тұрады. Бизнес - жоспарлық процестің біреуінен екіншісіне өтуі белгілі бір қосымша, делдалдық жүйе керек. Бұндай жүйе өзіндік қасиеттері мен механизмдері бар жаңалықтар нарығын құрайды. Бұндай нарықтың қасиеті — «субьектік ақпараттанудың » мүмкіншілігі болып табылады. Жаңалықтар нарығындағы сұраныс пен ұсынысын жорамалау өзінің қиындығынан, бизнес - жоспарлық процестердің тұрақсыздығынан қиындау болып табылады. Сол уақытта да, өнімді өндірушілердің арасындағы тез қалыптасып жатқан бәсекелестіктің себебінен техника мен технологиялардың, өнімдердің жаңаруының жылдамдығы ұлғаяды. Өндірістің қайтадан құрылуы мен өзгеріп жатқан жағдайларға үйренуі жаңалық енгізу тәжірибелілігіне, кәсіпкердің бизнеске көзқарасына байлаысты. Жаңалытардың құны мен бағасы белгілі бір өндірістің экономикалық көрсеткіштік факторларына байланысты қалыптасады. Бизнес - жоспардың стратегиясы нарықтық коньюнктурасына, кәсіпкерліктің эконимикалық көрсеткіштері мен әлеуметтік қорытындының бағаларынан туындайды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Қазақстан Республикасының  «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңы. Заң – 2006. №5, 4-20б.
  2. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 5 қазандағы «Өндірістік кооператив туралы» Жарлығы.
  3. Қазақстан Республикасы президентінің 1997 ж. 13-наурыздағы «шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен белсендіруді күшейту бойынша шаралар туралы» Жарлығы. Казахстанская правда. – 1997ж. 13-наурыз, 2-3б.
  4. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030 Қазақстан халқына жолдауы.
  5. Нысанбаев С.Н., Қожамқұлова Ж.Т.  Коммерциялық кәсіпкерлік негіздері:  Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2004.
  6. Сәбден О. Тоқсанова А. Шағын кәсіпкерлікті басқару. –Алматы: «Білім», 2002. – 304б.
  7. Кошанов А.К. Казахстан на пути к рынку. – Алматы: Ғылым, 1991.
  8. Ермекбаева Б.Ж., Бурабаев О.Б., Құлжабаева М.Т. Жергілікті салықтар мен алымдар. Алматы, «Атамұра» баспа үйі. 1999. -103-105б.
  9. Шеденов Ө.Қ., Жалпы экономикалық теория.- Алматы 2001.
  10. Бажиева, Манабаева. ҚР-да шағын бизнестің қалыптасуы және дамуы. ҚазҰУ хабаршысы – 2006. №4, 58-63б.
  11. Журавлёва М.Р., Малый бизнес.- Высшая школа Казахстана – 2004. №4, с.314-318.
  12. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы кәсіпкерлер кеңесін құру туралы: Жарлық. Ресми газет 2005 -24 қыркүйек.
  13. Манақбай Т.   Кәсіпкерлік қаржылық қолдаумен дамиды  Егемен Қазақстан – 2006-06-02
  14. Б. Абдуллаева  Шағын бизнестегі несиелік тәуекелді басқару    Қаржы-қаражат – 2007. №1, 16-21б
  15. Мейірбеков Б.Қ.  Шағын кәсіпкерлік пен бизнесті қолдау жолдары мен дамыту әдістері (Қазақстан Республикасының мысалында)  Алматы – 2004ж

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Қазақстан Республикасында шағын бизнесті несиелеу