Қазақстан Республикасында шағын бизнесті несиелеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2012 в 05:58, курсовая работа

Описание работы

Шағын кәсіпкерліктің дамуы бір қатар әлеуметтік проблемаларды шешуге негізделеді, соның ішінде шағын бизнес саласында жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету деп ойлаймын. Шағын кәсіпкерлі дамыту тиімділігі әлемдік тәжірибеде дәлелденген, яғни шағын бизнес инвестицияға деген ең төменгі қажеттіліктермен ұлттық өнімнің едәуір бөлігін өндіреді. Сондықтан, шағын кәсіпкерлік әлеуметтік критерийі мен тиімділік критерийіне сай келеді.

Содержание

Кіріспе
‌I Шағын бизнестің экономикалық мәні мен маңызы және ерекшеліктері.
1.1. Кәсіпкерлік теориясының концепциялық генезисі.
1.2. Шағын бизнестің экономикалық мәні және маңызы.
1.3. Шағын бизнестің негізгі ерекшеліктері.
II. шағын бизнестің қАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ.
2.1 Қаржылық менеджмент түрлері
2.2 Шағын бизнесті дамыту жағдайында қаржылық менеджменттің мәні.
2.3 Қазақстан Республикасында шағын бизнесті несиелеу.
Қорытынды
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

МАЗМҰНЫ БИЗНЕС ЖОСПАР.doc

— 237.00 Кб (Скачать)

Жоспарлау жүйесінде бизнес-жоспар әр түрлі құқықтың ұйымдастыру үлгісіндегі кәсілкерліктің жалпы қабылданған құралы болып табылады. Нарыңтың эко-номика жағдайында субъектілердің пайда табуға бағытталған экономикалық қызметін бизнес дейтін болсақ, субъектілердің (кәсіпорындардың) өндіріс немесе қызмет көрсетулер бойынша мақсаттары мен табысқа жету жолдарын айқындау бизнес-жоспар деп аталады.

Бизнес-жоспар әдетте 3-5 жылға арналып құрылады. Бизнес-жоспар жасау кәсіпкерлерге мыналарды білу үшін қажет:

Біріншіден, бизнес-жоспар жасау кәсіпорындарға қызмет барысында  барлық ұсақ-түйекке дейін есепке алуға, күшті және әлсіз жақтарын анықтауға, сөйтіп тиімді бағыт таңдауға мүмкіндік береді. Екіншіден, биз-нес-жоспар кәсіпорынның қызметін басқару құралы болып табылады. Сонымен бірге жоспарланған нәтижеге жетуге, туындаған мәселелерді айқындап, оларды шешудің кешенді шараларын анықтауға көмектеседі. Сөйтіп, ол «Нені, кім үшін өндіру қажет» деген сұраққа жауап табады.

Үшіншіден, бизнес-идеяны жүзеге асыруға қажетті қаражат  кәсіпкерде барлық уақытта бола бермейді. Әріптестерін қызықтыру үшін, керекті несиені алу үшін немесе инвесторларды тарту үшін - оларға толық бизнес-жоспарды ұсыну қажет. Ал, іскер әріптес қашанда болашақда шынайы негізделген нақты есепті талап етеді.

Бизнес-жоспар құру жұмысының негізгі бөлігін мекеме басшысы немесе жаңа іс бастағалы отырған адам алуы керек. Бірақ олар бизнес-жоспар үшін міндетті түрде қажетті салалар бойынша мамандар шақырып, олардың пікірлері мен бағалауларын есепке алуы тиіс, сондай-ақ өз қарамағындағыларын да қатыстыруы қажет.

Шаруашылық салаларының ерекшеліктеріне байланысты және нақты жағдайларға қарай (өндіріс көлемі, өнім және қызмет түрлері) жоспардың құрамы мен құрылымында айырмашылықтар болуы мүмкін, бірақ мазмүны бір тектес болуы керек.

Бизнес-жоспар құрудан бұрын, жоспардың мақсаты айқын болуы тиіс. Атап айтқанда:

1) Сіз өнім өндіруді  қалай ұйымдастырмақшысыз және оны жан-жақты таңдадыңыз ба?

2) Несие алмай-ақ өндірісті  жүргізе аласыз ба?

Егер банктен несие  алмақ болсаңыз, онда мыналар қажет:

  1. Қанша ақша аласыз?
  2. Ол ақша не үшін ңажет? „. .

Ол ақшаны қашан, қалай қайтарасыз?

Дегенмен, бизнес-жоспарда қамтылмай қалатын мәселелер да болуы мүмкін, мысалы, көктемгі егін егу кезінде минералды тыңайтқыш түрін таңдау немесе мал бордақылау кезіндегі рационды анықтау сияқты жағдайлар.

Бизнес-жоспар құрылымы бойынша кейде бір-бірінен ажыратылуы мүмкін, бірақ мазмұны бір болуы тиіс.

Көптеген кәсіпкерлер  қаржыландыру құралы ретінде, бизнес-жоспарды бірінші орынға қояды. Себебі, кәсіпкер керекті қаржыны таба алмаса, басқа қалған жүмыстарының барлығына сенімсіздік туындайды. Дегенмен, қаржы табу маңызды мәселе болғанмен, ол көп мәселенің бірі ғана.

Жалпы, бизнес-жоспардың негізгі рөлі - ақша негіздерін табу құралы деп түсінген кәсіпкерлер өздеріне қолайсыздық туғызады. Өйткені, ондай ойдан туындаған жоспар, шынайылықтан ауытқиды.

Ең дұрысы, бизнес-жоспар мүмкіндігінше объективті деңгейде жазылуы керек. Ал, мектептен тыс жогары көрсеткіштермен жазылған жоспар-несие көздері мен инвесторлары үшін алдамшы жағдай сияқты.

Бизнес-жоспарды кәсіпкердің  өздері құру керек десекте, осы жұмыс барысында, бухгалтерлік, кеңесшілердің кәсіби білімін пайдаланса, сондай-ақ, осы үдеріске тікелей қатыспайтындардың да ескертпелерін есепке алса пайдалы жағы өте көп болған болар еді. Өйткені, кәсшкерлердің ұсақ-түйек деп қараған мәселелерінің өзі, кәсіби мамандар көзімен кең көлемді мәселе болуы мүмкін.

Мүдделі тұлғалар (инвесторлар, банктер) жобаны іске асыруға ақша жүмсаудан бұрын бизнес-жоспарды шын пейілмен оқып, зерттейді. Сондықтан, жоспар жасаушылар шынайы бағытты ұстау керек те, ал кәсіби мамандар осы үдерістің дәнекері бола алады. Сонымен бірге, мүдделі түтынушылардан түсетін сұрақтарға нақты жауаптар дайындау керек, егер ол жауаптар бизнес жоспардың өзінде көрініп тұрса тіпті жақсы.

Егер кәсіпкер өз жұмысын жақсы талдай білсе, бизнес-жоспар жазу өте қиын шаруа емес. Дегенмен, жинақталған ақпараттарды салыстырмалы бағалау бойынша анықтауда қиындықтар кездеседі. Осындай жағдайларда да кәсіби мамандардың көмегі тиеді.

Өндіріс орындары да, сондай-ақ өндірісте жұмыс жасамайтындар да бизнес-жоспарды оқиды. Сонымен қатар, жоспарды қызығып оқитындар қаржыландыру көздері (банктер, инвесторлар) кәсіби кеңесшілер, сондай-ақ мүдделілік (қызығушылық) танытатын тұлғалар. Жалпы айтқанда, қаржыландыру көздерінің екі түрі бар:

  1. қарыз беретіндер
  2. инвесторлар

Қарыз беретіндерге коммерциялық банктер жатады. Олар негізінен несиеге ақша бөледі немесе қозғалмайтын мүліктерді кепілдікке алып қарыз (ссуда) берумен айналысады. Инвесторлардың да қаржыландыру мәселесімен айналысатыны белгілі. Дегенмен, инвесторлар мен қарыз беретіндердің бизнеске деген мүдделілігі әр түрлі.

Қарыз берушілердің қызығатыны - кәсіпкерлердің өз қарызын қайтару қабілеттілігі. Кәсіпкер үлкен табысқа жетті ме, жетпеді ме, ол қарыз берушіні қызықтырмайды, оны қызықтыратыны - тек ақшаның өз уақытында (пайызы, т.б.) қайтарылмайтындығы.

Инвесторлар болса, олар өздері салған инвестициялың қаражатқа қайтарым ретінде ірі көлемді таза пайда алуға мүдделі.

Сондықтан, инвесторлар - үлкені көлемді таза пайда алуға мүмкіндік болған жағдайда, үлкен тәуекелге баруға дайын.

Бизнесті инвестиция есебінен қаржыландыруға қарағанда, қарыз есебінен қаржыландырудың мынадай бір артықшылығы бар, ол: инвесторларга қарағанда, қарыз берушілер қаржыландыру жөніндегі шешімді жылдам қабылдап қояды, мысалы, қарыз берушілер, бизнес-жос-пармен танысқан уақыттан бастап 2-3 ішінде қаржыландыру туралы шешім қабылдаса, ал инвесторлар осындай шешім қабылдауға 2-3 есе уақытты көп жібереді екен.

Кәсіпкерлікті қаржыландыру бойынша айта кететін  бір жайт, әсіресе, ұсақ кәсіпкерліктің бастапқы қаржыландыру көздері ретінде кәсіпкердің өз капиталын достарының немесе отбасы мүшелерінің қорларымен толықтыру мүмкіндігі. Кей жағдайда мұндай тәсілді де қолдануға болады.

Нарықтық экономикалы  дамыған шетел елдерде кәсіпорында  бизнес-жоспар ең басты элемент болып  табылады. Қазақстан енді ғана бизнес-жоспарды қарастыруда тәжірибе жинауда. Көбінесе қызығушылықты мекемелер мен ұйымдардың жеке формалары танытуда.

Бизнес жоспар қазақстандық кәсіпкерліккі стратегиялық жоспарлау  құралы ретінде кірді, сондай-ақ инвесторлармен, кредиторлармен және мемлекеттік басқару органдарымен келіссөздерді жүргізу үшін қажетті құжат болып табылады.

Бизнес-жоспар мен стратегиялық жоспар арасында бірқатар айырмашылықтар бар.

Стратегиялық жоспарды жалпы кәсіпорын бойынша құрастырады  және барлық мақсаттар мен міндеттерді  қамтиды. Бизнес-жоспар негізінде жаңа бизнесті құру мен дамыту үшін нақты мақсаттар мен міндеттер бейімделеді.

Бизнес-жоспар қатаң горизонтальдық жоспар болса, стратегиялық жоспарда кең  ауқымды болып келеді.

Осыдан бизнес-жоспар бұл стратегиялық жоспардың нақты бір мәселесінің қарастырылуын көрсетеді.

Бизнес-жоспарға ұқсас  құжат болып  технико-экономикалық негіз болып табылады, өйткені  мұның бағыты бизнес жоспардағыдай, бірақ технико-экономикалық негіз  шағын болып келеді. Бизнес жоспар - бұл кәсіпкерлік жобаның негізгі формасы болып табылады.

Нарықтық щаруашылық жағдайында бизнес-жоспар кәсіпкерліктің әр түрлі саласында қолданады  және кәсіпорынның мәселелерін шешуге көмектеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Бизнес-жоспардың құрылымы  

Бизнес-жоспар берілген бизнестің шағын, нақты, түсінікті анықтамасы болып табылады.

Бизнес-жоспар көптеген мәселелерді шешеді, ол бизнестің  мақсаттарын анықтауға және бизнесті құруға, мәселелердің шешу жолдарын анықтайды  және тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Бизнес жоспарлауды  логикалық түрде бірінен бірі туындайтын алты өзара байланысқан басқарушылық процестердің динамикалық жиыны ретінде қарастыруға болады. Сонымен қатар, тұрақты кері байланыс та бар.

Бизнес жоспарлау процесі  төмендегілерді қамтиды:

  • Кәсіпорын, ұйымның миссиясын анықтау;
  • Кәсіпорын, ұйымның қызмет ету мәселелері мен мақсаттарын анықтау;
  • Сыртқы ортаны бағалап, талдау;
  • Ішкі құрылымды бағалау және талдау;
  • Стратегиялық баламаларды өңдеу және талдау;
  • Стратегияны таңдау.

Бизнес жоспарды басқару  процесі, сондай-ақ мыналарды қамтиды (жоспарлаудан басқа):

  • орындалуын бағалау және бизнес жоспарды жүзеге асыру;
  • бақылау.

Суретте бизнес-жоспарды басқару процесінің сызбасы ұсынылған.

Суреттен көрініп тұрғандай, бизнес жоспарлау стратегиялық басқарудың құрамды бөліктерінің бірі болып  табылады. Бизнес-жоспарды басқару кейде «бизнес жоспарлау» терминінің синонимі ретінде қарастырылады. Алайда, бұл олай емес. Бизнес-жоспарды басқару бизнес жоспарлаудан басқа шешімдерді жүзеге асыру механизмін қамтиды.

Жоспарлаудың негізгі  құраушылары:

1. Ұйым миссиясын анықтау. Аталмыш процесс кәсіпорының әрекет ету мәнін орнатудан, оның тағайындалуынан, нарықтық экономикадағы ролі мен орнын анықтаудан тұрады. Шетелдік әдебиетте аталмыш термин корпоративті миссия деп немесе бизнес тұжырымдамасы деп аталады. Ол нарықтық қажеттіліктерге, тұтынушылар сипатына, өнімнің және ерекшеліктері мен бәсекелік артықшылықтардың болуына байланысты кәсіпорындар бағдарланатын бизнестегі бағытты сипаттайды.

 Мақсаттар мен мәселелерді құру. Қандай да бір бизнес түріне тән іскерлік бейімделушіліктер сипаты мен деңгейін сипаттау үшін «мәселелер» және «мақсаттар» деген терминдер қолданылады. Мақсаттар мен мәселелер тұтынушыларға қызмет көрсету деңгейін бейнелеуі керек. Олар кәсіпорында қызмет ететін адамдар мотивациясын құруы керек. Мақсатты бейне кем дегенде төрт мақсаттар типін қамтуы керек:

- Сандық мақсаттар;

- Сапалық мақсаттар;

- Стратегиялық мақсаттар;

- Тактикалық мақсаттар.

Төменгі деңгейлі кәсіпорындар үшін мақсаттар мәселелер ретінде қарастырылады.

 Ішкі және сыртқы ортаны талдау және бағалау. Ортаны талдау әдетте стратегиялық басқарудың бастапқы процесі ретінде есептеледі, себебі ол кәсіпорын миссиясы мен мақсаттарын анықтау үшін базаны қамтамасыз етеді, сондай-ақ ол кәсіпорынға өз мақсатына жетуге мүмкіндік беретін стратегиялық әрекетті өңдеу үшін қолданылады.

Кез келген басқарудың кілтті рольдерінің бірі – ұйымның ортамен  әрекеттесу балансын сақтау. Әрбір  ұйым үш процеске қатысады:

- сыртқы ортадан ресурстарды  алу (ену);

- ресурстарды өнімге  айналдыру (қайта құру);

- өнімді сыртқы ортаға беру (шығу).

Басқару ену және шығу теңдігін қамтамасыз етуге маманданған. Ұйымда аталмыш теңдік бұзылған жағдайда, ол тоқырау жағдайына ұшырайды. Қазіргі  таңдағы нарық аталмыш теңдікті сақтауда шығу процесінің мәнін шұғыл  арттыра түсті. Бұл стратегиялық басқару құрылымында көрініс табады. Бірінші блок – ортаны талдау блогы.

Ортаны талдау оның үш құраушысын қарастыруды болжайды:

- макроорта;

- тікелей орта;

- ұйымның ішкі ортасы.

Сыртқы ортаны талдау (макро- және тікелей орта) кәсіпорын жұмысты табысты жүзеге асырса және ол жағымсыз әсерлерді уақытылы анықтамаса оны қандай жағдайлар күтетінін анықтауға мүмкіндік береді.

Макроортаны талдау мыналарды  қамтиды: экономиканың, құқықтық реттеу мен басқарудың, саяси процестердің, табиғи орта мен ресурстардың, қоғамның әлеуметтік және мәдени құраушыларының, қоғамның ғылыми – техникалық және технологиялық дамуының, инфрақұрылымының әсерін талдау.

Тікелей қоршау келесідей  негізгі құраушылар бойынша талданады: сатып алушылар, жабдықтаушылар, бәсекелестер, жұмысшы күші нарығы.

Ішкі ортаны талдау өз мақсаттарына жетуде кәсіпорын қол жеткізуге үміттенетін мүмкіндіктер мен потенциалды ашады. Ішкі ортаны талдау ұйым мақсаттарын нақты айқындауға, миссияны неғұрлым нақты анықтауға, яғни кәсіпорын іс-әрекетінің мәні мен бағытын анықтауға мүмкіндік береді. Мынаны есте сақтаған жөн: ұйым өнімді сыртқы ортаға таратып қана қоймай, сондай-ақ жұмыс бере отырып, пайдаға қатысу мүмкіндігін бере отырып, әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз ете отырып, өз мүшелерінің жақсы өмір сүруі үшін жағдай жасайды.

Ішкі орта келесідей  бағыттар бойынша талданады:

- кадрлық потенциал;

- басқаруды ұйымдастыру;

- қаржылар;

- маркетинг;

Информация о работе Қазақстан Республикасында шағын бизнесті несиелеу