Экономиканы қаржылық - бюджеттік реттеудің теориялық–әдіснамалық негіздері
Дипломная работа, 13 Февраля 2013, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Дипломдық жұмыстың міндеті бюджеттік саясатты жетілдіру, соның ішінде мемлекеттік бюджеттің шығыстарының ұлғаюы, олардың нәтижелілігі мен тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды талдау арқылы бюджеттік үдерісті одан әрі жетілдіру, нәтижеге бағдарланған бюджеттендіру әдісін жүзеге асыру.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы нәтижеге бағдарланған бюджеттің қалыптасуы – бюджеттік ресурстарды басқару мен күтілетін түпкілікті (қорытынды) және тікелей нәтижелердің қоғамдық мәнділігі арасындағы тікелей өзара байланысты қамтамасыз ететін қаржылық –бюджеттік реттеу мен жоспарлаудың әдісі ретінде қолданысқа енгізу.
Содержание
Кіріспе
3
1
Экономиканы қаржылық - бюджеттік реттеудің теориялық–әдіснамалық негіздері
1.1Экономиканы қаржылық- бюджеттік реттеудің мақсаттары, қағидаттары және қызметтері
6
1.2Экономиканы қаржылық- бюджеттік реттеу әдістемесі
16
1.3 Қаржылық - бюджеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі
22
2
Қазақстан Республикасының бюджеттік үрдістерінің ұйымдастырылуының тиімділігін талдау
2.1 Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің бюджет үрдісін іске асырудағы негізгі міндеттері мен бағыттарын талдау
30
2.2 Қазақстан Республикасы бюджетінің кірістерін талдау
38
2.3 Қазақстан Республикасы бюджетінің шығыстарын талдау
45
3
Қазақстан Республикасының экономиканы қаржылық– бюджеттік реттеу әдіснамасын жетілдіру
3.1Экономиканы бюджеттік - қаржылық реттеу механизмдерін жетілдіру жолдары
66
3.2Экономиканы қаржылық - бюджеттік реттеудегі кейбір мәселелер және оларды шешу жолдары
76
Қорытынды
86
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
88
Работа содержит 1 файл
МАЗМҰНЫ (Восстановлен).docx
— 4.94 Мб (Скачать)
Экономиканың әртүрлі
секторларында мемлекеттен
Қоғамның қажеттілігін сыныптау мен жүйелеу және олардың негізінде бағдарламаларды қалыптастыру
Бюджеттік қызметтердің құнын бағалауды қоса алғанда бағдарламалар
дың бюджеттік бағасы
Сурет 12 –Қоғам қажеттілігі негізінде бюджеттік қызметтер құнын бағалау моделі
Қазақстан Республикасының
барлық орталық мемлекеттік
НББ әдістемесін іс жүзінде іске асыру үшін бюджеттік немесе мемлекеттік қызмет болып табылатын қызметтің (output) тікелей нәтижесінің көрсеткішін, сондай–ақ осы қызметтерді ұсыну нәтижесінде пайда болатын қоғамдық–мәнді тиімділігін (outcome) нақты анықтау қажет. Өз кезегінде нәтижені нақты анықтау үшін:
- бюджеттік сектор ұсынатын қызметтер сапасын арттыру (қызметтердің нақты түрлерінің сапас стандарттарын әзірлеу);
- қажетті көлемде және белгілі бір сапада бюджеттік қызметтерді көрсету және осы қызметтердің өз уақында және толық төленуі (смета бойынша қаржыландырудан нәтиже бойынша қаржыландыруға көшу);
- көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы мемлекеттік органдардың шешімдерінің ашықтығы мен негізділігін арттыру және оларды көрсетуге шығындардың тиімділігін арттыру;
- ұйымдардың қызметерді көрсету процессіне экономиканың басқа секторларын қосу (автономды және жеке ұйымдар).
НББ тұжырымдамасында бюджеттік
бағдарламалар халыққа, бизнеске және
мемлекеттік органдардың бір
біріне қызмет көрсетуге бағытталған,
өйткені мемлекеттік органдар қызметі
өздерінің функцияларын қалай болса
солай орындау ретінде емес, қызметтер
көрсету ретінде қабылданады.
Қазіргі кезде мемлекеттік органдардың көпшілігінде қаржылық–бюджеттік жоспарлау және бақылау мәселелері жөніндегі өкілеттіктерді беру мен олар бойынша міндеттерді айқын бөлу мәселесі жоқ. Әзірше бюджет қаражатының пайдаланылуының күтілетін қаржылық емес нәтижелеріне қол жеткізуге қатысты есеп берушілік жүйесі құрылған жоқ. Бейіндік департаменттердің құзыреттері тек қаржылық емес нәтижелерге қол жеткізу туралы деректер базасын қалыптастырумен ғана шектеледі (тоқсандық – бюджеттік нысаналы бағдарламалардың нәтижелеріне қатысты, жылдық – ведомствоның мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру нәтижелеріне қатысты). Қаржылық бөлімшеден онда бар бюджеттің атқарылу барысы туралы және Қазынашылық комитетіндегі жеке шоттардағы қалдықтардың шамасы туралы тоқсандық деректерді алу да, оны былай қойғанда, тиісті бюджеттердің шеңберінде қаржылық емес нәтижелердің жетістігін басқару да көзделмейді. Бұл шығындар орталықтарын қалыптастыруды мүмкін емес етеді.
Бұл қаржылық – бюджеттік жоспарлауды енгізу мен нәтижелерге бағдарланған бюджеттің атқарылуы үдерісін қиындатады, бюджет үдерісін және бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін төмендетеді [26].
Қазақстан Республикасында Стратегиялық жоспарларды іске асыруды бағалауды ұйымдастыру тәсілдері:
1. Мемлекетті органның
стратегиялық жоспары
2. Стратегиялық жоспардың
іске асырылуы – мемлекеттік
органның ең тиімді әдіспен,
яғни пайдаланылатын бюджеттік
қаражаттарының жоспарланған
3. Бағалау барабарлығы
тікелей Стратегиялық жоспарда
ұсынылған ақпараттың сапасына
байланысты. Ұсынылған ақпараттың
сапасы тікелей Әдістемелік
4. Стратегиялық жоспарлардың
жүзеге асырылуының бағалануы
формальды болып, бірыңғай
5. Бағалаудың ақпараттық
базасы мемлекеттік органның
Стратегиялық жоспары болып
6. Нәтижелерге бағытталған
бюджеттендіру енгізілген
7. Ең үздік нәтижелерге
қол жеткізген мемлекеттік
Қорыта келе нәтижеге бағдарланған бюджетті қалыптастыруға өту бюджет шығыстарының айқындылығын және түпкілікті нәтижеге қол жеткізуге олардың бағдарын арттыруға мүмкіншілік береді, яғни бұл бюджет қаражаттарының игерілмей қалуына жол берілмейді деген сөз.
3.2 Экономиканы қаржылық–бюджеттік реттеудегі кейбір мәселелер және оларды шешу жолдары
Соңғы жылдардың ішінде Қазақстан
Республикасының экономикалық стратегиясы
макроэкономикалық жағдайдың
Фискалды саясаттың мақсаты елдің экономикасының өнімділігі мен әртараптандыру көтеру мақсатында салық–бюджет саясатының механизмдерін жетілдіру болып табылады .
Фискалды саясаттың әлеуметтік
– экономикалық дамудың басым
тапсырмаларын, атап айтқанда Қазақстанның
әлеуметтік және экономикалық модернизациясын
жеделдетуге бағытталған елдің
экономикасының бәсекеге қабілеттілігін
шешу үшін фискалды құралдарын тиімді
пайдалану болып табылады.
Осы жағдайды есепке ала
отырып Қазақстан Республикасында
фискалды саясатты дамытудың Үкімет
қарастырған негізгі мәселелері
одан әрі жетілдіруді қажет етеді.
Мемлекеттің экономикалық қызметін реттеу құралы ретіндегі фискалды саясаттың келесі тетіктерін жетілдіру жөнінде келесі ұсыныстарды жасаймыз.
1. Бюджеттік саясатты жетілдіру. Мемлекеттік бюджеттің шығыстарының ұлғаюы, олардың нәтижелілігі мен тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды талдау бюджеттік үдерісті одан әрі жетілдіру қажеттілігін көрсетіп отыр. Бұл жердегі басты шешілуі қажет басты мәселе ережелер, нормалар мен нормативтердің жеткілікті дәрежеде орындалмауында болып отыр. Бұл жағдай – бюджет қаражатын пайдаланудың нәтижелелігін төмендетеді. Сондықтан да осы мәселелерді бір жолға қоймай тұрып экономиканы тұрақтандыру және дамытудың мүмкін еместігін түсінуіміз қажет. Бюджетті қалыптастыру мен атқарудың ашықтығы және үкіметтің осы саладағы пайдаланып отырған ұстанымы бюджетті қалыптастыру және оны атқару барысында мемлекеттің саясатының мақсаттарына жету дәрежесін толық көлемде қадағалауға, бақылауға, талдауға мүмкіндік бермей отыр.
Бюджеттік үдерісті басқару
кезінде мемлекеттік
Осы жағдайды жою үшін біз келесі шараларды жүзеге асыруды ұсынып отырмыз:
- бюджеттік ресурстарды мемлекеттік басқарудың ережелері, нормалары мен нормативтері формальды түрде емес, нақты қызметтік түрде болуы және қатаң түрде қадағалануы қажет;
- бюджеттен бөлінетін қаржы ресурстарын бөлу кезінде сәйкес әкімшіліктерден осы қаражаттардың объективті қажеттілігі туралы негіздемені жоғарғы деңгейде жасауын және оны игеруді жүзеге асыру барысында алынатын нәтиженің тиімділігін бағалауды талап ету;
- осы нәтижеге жетуді жеке дара мемлекеттік органға жауапкершілікті жүктеуді күшейту;
- бюджеттен бөлінген қаржы ресурстарын игеру жөніндегі есепті тиісті мемлекеттік органдарға белгіленген уақыт аралығында өткізулері және осының негізінде талдау жасаудың әдістемесін күшейту қажет;
- халықтың әлеуметтік ахуалымен байланыссыз барлық шығындарды мүмкіншілігінше қысқартуды жүзеге асыру;
- мемлекеттік бюджетті жоспарлауда шығындарды емес, осы шығындарды жұмсау нәтижесін жоспарлауға мүмкіндігінше көшу қажет;
- бюджеттен бөлінентін қаржы ресурстарын дұрыс игермеген мекмелерге мемлекет тарапынан айыппұл салу жүйесін енгізу қажет деп ойлаймыз.
2. Кірістер саясатын жүзеге асыруды жетілдірудің басты себептеріне елдің әлеуметтік–экономикалық дамуын, халықтың өмір сүру деңгейін көтеруді жатқызуды айтуға болады.
Қазақстан Республикасының фискалды саясатын реформалау нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің құрамын біршама өзгерістерге әкелді. Ал мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігі негізінен салықтар есебінен түзеледі. Сондықтан фискалды саясатты жүзеге асырудағы басты мақсат салық жүйесі мен салық салуды реформалау болып табылады. Бұл жердегі басты қиыншылық Қазақстанның салық жүйесінің нарықтық экономикасы дамыған елдерге тән қасиеттерге ие болмауында болып отыр.
Кез келген мемлекет өзінің тәуелсіздігіне салық салу жүйесінің нақтыланған механизмін құру арқылы қол жеткізеді. Ол қоғамның жан жақты дамуына қажетті тұрақтылықты, халықтың әлауқатын көтеруді, экономикалық жағдайды нығайтуды қамтамсыз етеді.
Салық жүйесі мемлекетте алынатын салықтар жиынтығын, оларды есептеу мен алу тәсілдерін, сонымен қатар салықтарды басқарудың деңгейлері арасында бөлу тәсілдерін сипаттайды. Салықтардың әрбір құрамдас бөлігі мемлекеттік реттеудің құралы болып табылады. Салықтар экономикалық категория болып табылады және ұлттық кірісті мемлекет пайдасына қайта бөлудегі ерекше өндірістік қатынас жиынтығын сипаттайды. Салықтар мемлекетпен бірге өмір сүреді.