Кәсіпорындардың инвестициялық іс-әрекеттері

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2014 в 18:14, курсовая работа

Описание работы

Экономика құрлымын реформалау Қазақстанның қазіргі және келешек мүмкіндіктерін ескере отырып, кезең-кезеңімен мемлекеттік инвестициялық саясат негізінде жүзеге асырылады.Жинақталған қорлану деңгейінің жеткіліксіздігін, қозғалыстағы нарық капиталының болмауы, қаржы-несиелік ресурстарының шектеулігі инвестициялық саясат сипатын және оның іске асырылуының кезеңдігін қатаң түрде алдын-ала анықтайды.
Bнвестициялық саясаттың бастапқы кезеңдеріне тоқталатын болсақ онда мынадай міндеттер қойылған болатын.

Содержание

1 Кіріспе................................................................................................3 I бөлім. Кәсіпорындардың инвестициялық іс-әрекеттері.
1.1 Инвеститциялардың маңызы,мәні және түрлері.........5
1.2 Қаржы инвеститциялары ..............................................8
1.3 Инвестициялардың тиімділігін бағалау......................11
II бөлім. Қазақстандағы тікелей инвестицияларды мемлекеттік
қолдау.
2.1 Қазақстандағы тікелей инвестицияларды мемлекеттік
қолдау.........................................................................................16
2.2 Мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асыру және
оның маңызды мәселелері.........................................................18
III бөлім.Республикадағы инвестициялық процестерді басқару.
3.1 Қазақстандағы инвестицияны басқару ерекшеліктері.....21
3.2 Қазақстандағы инвестицияларды мемлекеттік
басқару жүйесі...........................................................................22
3.3 Мемлекттің құрылымдық инвестициялық саясатын
қалыптастыру негіздері...........................................................25
2. Қортынды....................................................................................32
Пайдаланған әдебиеттер..............................................................34

Работа содержит 1 файл

Копия 114.doc

— 213.50 Кб (Скачать)

—экспортқа бейімделген  және импортты алмастырушы өндірістерді жетілдіру;

—ҚР-ның шикізат базасын  ұтымды және кешенді пайдалану.

—менеджмент пен маркетингтің қазіргі әдістерін енгізу;

—жаңа жұмыс орындарын құру;

—жергілікті кадрларды үздіксіз оқытудың,олардың  мамандық деңгейін жоғарылатудың жүйесін енгізу.

—өндірісті күшейтуді қамтамассыз  ету.

—қоршаған табиғи ортаны жақсарту.

      Басқарупроцесі үшін  инвестициялық жобаларды жүзеге  асыруды ынталандырудың шаралар  жүйесі басты мәнге ие.

     Соның ішінде,жеңілдіктер  жүйесі:бекітілген инвесторлардың мүддесін қорғау бойынша Қазақстан Республикасының берген кепілдері,сондай-ақ,келісім шартқа отыру мен оны бұзудың шарттары мен тәртібі қарастырылған.

    Тікелей инвестицияларды  қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттік  орган,инвестициялар бойынша Мемлекеттік Комитет болып табылады.Ол Қазақстан Республикасына тікелей инвестицияларды тарту жұмыстарын ұйымдастыру;инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;барлық келістіруші және рұқсат құжаттарын алуды қамтамассыз ету;инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру сияқты функцияларды атқарады.

    «Тікелей инвестицияларды  мемлекеттік қолдау туралы»заңды  дамытуға байланысты ҚР Президенті 1997ж сәуір айының 5-ші жұлдызында  тікелей отандық пен шетел инвестицияларын тарту үшін ҚР экономикасын басым секторларының тізімі жөнінде жарлық шығарды.Бұл секторларға жататындар:

—өндірістік инфрақұрылым (жолдар,көлік,көпірлер,электр және жылу станциялары,телебайланыс топтары)

—өңдеуші өнеркәсіп (халық тұтынатын тауарларды,өндіріс құралдарын өндіру)

—Астана қаласының объектілері;

—тұрғын үй,әлеуметтік сала мен туризм объектілері(денсаулық сақтау,білім  беру,спорт,мәлениет,туризм объектісі).

—ауыл шаруашылығы;

Инвестициялар бойынша  ҚР-ның мемлекеттік комитеті белгілеген,ең маңызды өндірістерге салынатын  инвестициялар,инвестициялық жобаны жүзеге асырудың бүкіл кезеңінде  мемлекет тарапынан ынталандырылатындығы мен қолданатындығы жарлықта бекітілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

           2.2. Мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асыру  

     және оның маңызды мәселелері.

 

Инвестиция түсінігі күрделі қаржы түсінігінен әлдеқайда кең Инвестициялық қызмет –дегеніміз  «Заңды тұлғалардың, азаматтардың және мемлекеттің инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі практикалық іс -әрекеттерінің жиынтығы» болып табылады. Олар төмендегідей инвестициялық сфераларды жүзеге асырады: а)күрделі құрылыс; ә)иновациялық сфера; б) қаржы капиталын пайдалану сферасы; в)қозғалатын және қозғалмайтын мүлік нарығында мүліктік  құқықтарды жүзеге асыру сферасында (кепілдік құқық пен ипотекалық несиені қоса есептегенде).

Инвестициялардың күрделі  қаржыдан тағы бір айырмашылығы, олар материалдық емес активтерді (жер бөліктерін пайдалану құқығы мен табиғатты пайдалану нысандары, патенттер, авторлық құқықтар, тауарлық белгілер, сауда маркалары, лицензиялар және т.б.) ұлғайту үшін де жұмсалынады.Материалдық емес активтерді құру және ұлғайтуды қаржыландыру үшін қолданылатын негізгі көздерге амортизациялық төлемдер,таза пайда, коммерциялық және басқа да банктердің ссудалары, қор нарығынан түсімдер және т.б. жатады.

Инвестициялар әр түрлі  меншік түрлеріндегі кәсіпорындардың айналым активтеріне де жұмсалады. Кәсіпорындардың айналым активтері өндіріс сферасындағы өндірістік запастар, аяқталмаған  өндіріс,келешек кезеңдер шығындары ж.б, айналым сферасындағы (дайын өнім, ақша қаражаттары т.б) айналым қорларынан тұрады.

Инвестициялау жөнінде  шешім қабылдаудағы негізгі мәселе –инвестициялық жобаларды объективті бағалау. Жобаларды бағалау оңай шаруа емес, себебі сөз жалпы экономикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекет деңгейінде жүргізілетін жобалардың тиімділігін бағалауда таза ағымдағы құн, рентабельдік, ішкі табыстылық, өтелу мерзімі сияқты көрсеткіштерді есептеумен қатар, ақшаның қазіргі және келешек кезеңдегі құнының айырмасын да анықтау керек.

Бұндай есептеулер не үшін қажет? Өйткені, ақшаның қазіргі  кездегі құны бойынша есептелген шығындарды табыспен салыстыру мүмкіндігін  туғызу керек. Сол себепті, жобаны жүзеге асыру кезіндегі ақша құны бойынша есептелген табыстар, инвестициялау жөнінде шешім қабылданған кезеңдегі ақша құнымен қайта есептелуі тиіс.Бұл есептеудің дисконттау деп аталатыны белгілі, және ол төмендегі формула бойынща жүргізіледі:

                  ;

бұл жерде: -дисконттау мөлшерлемесі немесе ақшаның қазіргі кездегі құны;

         mt –ақшаның келешектегі құны;

          а-пайданың талапты нормасы немесе  ақшаның уақытша құны;

          n –ақша құнының өсуі байқалатын жылдар саны.

          Осындай есептеулердің нәтижесінде инвестициялық жобалардың таза қазіргі құнын анықтаймыз. Келтірілген (дисконтталған) табыстарды келтірілген шығындар көлеміне бөлу арқылы жобаның рентабельдік деңгейін есептеп шығаруға болады. Қарастырылып отырған инвестициялық жоба бойынша шешім қабылдау үшін оның ішкі табыстылық көрсеткішін пайдаланады. Ол көрсеткіш жобаны жүзеге асыру кезеңіндегі инфляция деңгейінің ықпалын көрсетеді. Яғни, инвестициялық жобаны жүзеге асырудың зиянсыз болуына сенімді болу үшін, есепке алынатын инфляция деңгейі қандай болуы керек деген сұраққа жауап береді.

     Сонымен, мемлекет тарапынан инвестициялық шешімдерді қабылдау жәнет жүзеге асыру, осы іс -әрекетті ұйымдастырудың логикалық моделін алдын ала дайындауды талап етеді.

     Біздің  ойымызша, кәсіпорындардың инвестициялық  қызметінің жалпы қабылданған  моделінің логикасын макроэкономикалық  (мемлекеттік )деңгейде де қолдануға  болады.

Түптеп келгенде, бұл  модель төмендегідей

                                   Стартегиялық жоспарлау

 

Идеяны

іздестіру 

Жобаларды анықтау және алғашқы таңдау

Қаржылық талдау және шешім қабылдау

Жобаны жүзеге асыру

Мониторинг және инвестициялық  бақылау

                                         Бақылау

                                Еңбек ресурсатры.




           7-сурет инвестициялық үрдіс моделі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  III бөлім.Республикадағы инвестициялық процестерді

             басқару.

 

3.1 Қазақстандағы  инвестицияны басқару ерекшеліктері.

 

Жаңа экономикалық қатынастар негізінде нарықтық экономикаға көшу сапалы жаңа инвестициялық саясатпен қамтамассыз етілуі қажет.Себебі,қатынастардың жаңа жүйесі барысында инвестиция көздері түпкілікті өзгереді.Егер реформаға дейінгі жүйеде республика экономикасы бірыңғай,қатаң орталықтандырылған қайнар көзге КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне тәуелді болған болса,ал егеменді даму жағдайларында әр түрлі,ең алдымен меншік көздерге бағдарланады.

        Инвестициялық процесті басқару Қазақстан экономикалық дамуының тарихи тәжрибесін, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық сипаттағы жаңа мүмкіндіктерін ескеруді пайымдайды. Қайта құру кезеңінде республика дамуының жалпы деңгейі мен қарқыны,оның сапалық жағдайы бірталай төмендеді және нақты,потенциялды мүмкіндіктері әлемдік тенденцияларға сәйкес келмеді.

      Бұл кезеңде экономикада елеулі алға басулар болмады.Қазақстан жақсы тұрмыс жағдайының көптеген негізгі көрсеткіштері бойынша бұрынғы КСРО елдері үшін орташадан төмен деңгейде тұрды.Қоғамдық еңдек өнімділігінің өсу қарқыны мен өнімнің көптеген түрлерінің сапасы біршама артта қалды.Әлемдік деңгейге жабдықтың тек 2-3%-ы ғана сәйкес келді,ал материалдардың,энергияның үлестік шығыны әлемдік көрсеткіштерден шамаме 2-3 және одан да көп есе артық болды.

     Сол кезеңдегі инвестицияларды басқару ерекшелігі,олардың соңғыға емес,аралық өнімге бағдарлануы болды.Инвестицияның негізгі бөлігі өндірістік салаға бағытталынды.Капитал салымдары көлемінің басым бөлігін өндірістік бағытталған қаражаттар құрады,яғни өндіріс құралдарын өндіруге бағытталынды,бұл әрине қоғамдық өндірістің бірінші мен екінші бөлімшелері арасындағы сәйкессіздікке әкелді.Бұл қоғамның әлеуметтік жағдайына кері әсерін тигізбеуі мүмкін емес.

     Республикада инвестициялық процесс көптеген дербес бағыттар бойынша жүрді.Бұл процеске қатысушылардың басы бірікпеді,ал инвестициялық экономикалық механизм жоғарғы түпкі нәтижелерге жетуге жұмылдырылмады.Республикада құрылысты өз күшімен 50-ден артық әр түрлі министрліктер жүргізді.

 

3.2 Қазақстан  Республикасындағы инвестицияларды  мемлекеттік басқару жүйесі.

Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті жаңа жүйесіне көшу осы процестің басты мәселелерін  анықтауға себепші болады.Олардың  бірі болып инвестициялық қамсыздандыру  мәселесі табылады.Көшудің алғашқы  кезеңінде заң шығаратын негіздер мен ұйымдық құрылымдарды құру,сондай-ақ республиканың қаржылық ресурстарын пайдалану мен шетел инвестицияларын тарту жөніндегі өзіндік саясатты құру қажет болды.Қазақстандағы мемлекеттік инвестициялар жүйесін оңтайландыру мақсаты мен инвестицияларды басқарудың заң шағаратын негізі мен органдары құрылды.Осы мәселе бойынша шаралардың бір тұтас кешені қабылдануда.Соның ішінде, «Шетел инвестициялары туралы»заң (1991ж), «Инвестициялық жекешелендіру қорлары жөніндегі Ереже»(1993ж).

     «Қазақстан Республикасының шетел инвестициялары бойынша ұлттық агенттігін құру туралы»Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы (маусым 1992ж) «Инвестициялар бойынша ҚР Мемлекеттік комитетін құру жөніндегі» ҚР Президентінің Жарлығы (қараша 1996ж) «ҚР-дағы инвестициялық қорлар туралы» ҚР-ның Заңы (наурыз 1997ж)және жекеленген жылдарға арналған инвестициялық бағдарламалар қабылданады.Бұл құжаттар елдегі инвестициялық процесті басқарудың негізін қалады;жұмыс орындарын құру,инфрақұрылымды дамыту,елдің өнеркәсіптік және техникалық потенциялын дамытудың өсу қарқыны мен әр тараптандыру саласында мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыру мен көптеген экономикалық мәселелерді шешудегі органдардың дұрыс жүйесін,олардың функциялары мен міндеттерін анықтады.

       Өткен кезеңдердің инвестициялық саясатын талдау экономикадағы инвестицияларды тарту бойынша басқару тиімділігінің төмендігінің бір қатар негізгі кемшіліктерін анықтады.Олар мына төмендегіге салды:Шетел инвесторларымен жұмыс тәжрибесінің жоқтығы;несиелер бөлу,әсіресе,алғашқы кезеңде,оларды бөлудің мақсаттылығы мен қайтарымдылығын қамтамассыз етудің сарапшылық бағалауының жеткіліксіздігінсіз несие бөлу;Қазақстанда тартымды инвестициялық климат құру бойынша ынталандыру жүйесінің жетіспеушілігі; Шетел несиелерін беру мен олардың масатты қолдануын бақылау механизмі қатысында нақты құрылған стратегияның жоқтығы; әлеуметтік, өндірістік, нарықтық, инфрақұрылымының жетілімегендігі,нарықтық жағдайларға көшу барысында кәсіпорындарды басқару бойынша маман қызметкерлерінің жетіспеушілігі.

       Инвестицияларды мемлекеттік басқару жүйесіне инвестициялық белсенділікті қамтамассыз ету кіреді.Бұл елдің экономикасына отандық пен шетелдік капиталды тарту үшін  әсерлі ынталандыруды құруды жорамалдайды.Ынталандыру құрамына кемсілер кіру қажет: шетел мен отандық инвестролар үшін қолайлы климат жасау;жалпы ішкі өнімдегі (ЖІӨ) мемлекеттік капитал салымдарының үлесін ұлғайту, соның ішінде, пайдалы қазба кен орындарын пайдаға асырудан алынған табысты қайта бөлу есебінен; әрбір инвестициялық жобаны  әлеуметтік –экономикалық дамудың мақсаттары мен басымдықтарына сәйкестігін алдын –ала міндетті сарапшылаудан кейін, жарыс (конкурстық) негізінде орталықтандырылған капитал салымдарын үлестіру; халық –аралық ұйымдармен бірлескен мемлекеттік –коммерциялық қаржыландыру мен қайта қаржыландыру практикасын едәуір кеңейтті.

      Инфрақұрылымға салынған капиталдығы инвестицияның экономикалық өсуі мен өндіріс көлемін қалпына келтіре алған елдің мысалын тарих әлі білмейді.

      Сондықтан республикада жақын болашақта шамамен мемлекеттік инвестициялық ресурстардың 70% -ы өндірістік инфрақұрылымының кәсіпорындары мен объектілерін қолдауға бағытталынды. Бұл қаражаттар көбінесе әрекеттегі кәсіпорындар мен импортты алмастырушы өндірістерді реформалаумен байланысты жобаларды қаржыландыруға бағытталынды.

     2000 жылға дейінгі кезеңнің индикативті жоспарының жорамалы бойынша отандық пен шетел инвесторларының жеке капиталын салудың басым бағыттарына төмендегілерді жатқызу мақсатқа сай болады: жеңіл өнер кәсіптік, агроөнеркәсіптік кешеннің өңдеуші салаларының,машина жасаудың,құрылыс материалдары өнеркәсібі мен мұнай,химия өнеркәсібінің жаңа кәсіпорындарын салу мен реформалар жүргізу.Орталықтандырылған капитал салымдары есебінен әлеуметтік сала объектілерінің құрылысын мақсатты республикалық бағдарламалар шеңбрінде жүзеге асыру қарастырылады.

Информация о работе Кәсіпорындардың инвестициялық іс-әрекеттері