Әлемдік қаржы дағдарысының Қазақстанға әсері және оның тереңдігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 17:03, курсовая работа

Описание работы

Әлемдік қаржы дағдарысы көптеген елді тығырыққа тіреді. Оның салқыны Қазақстанға да тимей отырған жоқ. Бірақ Елбасы Н.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында ерте бастан қамданып, дер мезгілінде етек-жеңімізді жиып алғанымыз елімізді қиыншылықтарға соқтыра қойған жоқ. Әйтсе де мемлекетіміз сыртқы тапшылық тажалынан сақтану үшін барлық үнемдеу амалдарын қолданып жатқанда, етектен тартқан жау жаман дегендей, қазынаға суық қолын сұғушылар ісі қатер төндіріп отыр.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3
I. Қаржы дағдарысы және Қазақстандық қадам......................................3
1.1 Әлемдік қаржы дағдарысы.....................................................................5
1.2 Әлемдік қаржы дағдарысы әлемдік сарапшылар көзімен...................8
1.3 Дағдарыс шырмауы...............................................................................10

II. Әлемдік қаржы дағдарысының Қазақстанға әсері.............................13
2.1 Қазақстанның дағдарыспен күресуі және оған әсері.........................13
2.2 Дағдарысқа қарсы қимыл: Қазақстандық тәжірибе..........................22
2.3 Әлемдік қаржы дағдарысының Қазақстанға игі әсері.......................25

Қорытынды.......................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................................32

Работа содержит 1 файл

курс.Әлемдік дағдарыстың Қазақстанға әсері.doc

— 214.00 Кб (Скачать)

        2009 жыл қазақ елі да үшін қандай болды? Бірден айтамыз: оңай болған жоқ, күрделі әрі қиын болды. Дүние жүзіндегі барлық мемлекетті қос өкпеден қысқан әлемдік экономикалық-қаржылық дағдарыс Қазақстанға да қаһарын төгіп бақты. Алайда, мемлекеттің сауатты жүргізген экономикалық әрі әлеуметтік саясатының нәтижесінде ел іші аса күйзелген жоқ. Ең бастысы - дағдарыстың дабылы көш жерден естілген кезеңде де елдің ырысы шайқалған жоқ. Құдайға шүкір, тумысында уызға жарыған халық болғандықтан, аузымыз ақтан арылмады. Әлеуметтің әлеуеті әлсіреген жоқ. Тұтастай алғанда ертең тарихқа айналатын 2009 сиыр жылында да еліміз дағдарысқа қарамастан саяси, әлеуметтік-экономикалық һәм мәдени-гуманитарлық, спорт, сондай-ақ басқа да салаларда ауыз толтырып айтатындай табыстарға жетті. Бұлай деуімізге мына цифрлар айғақ бола алады: дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында Қазақстан экономиканы сауықтыруға бас-аяғы 14 млрд. АҚШ долларын жұмсап үлгеріпті. Соған  қарамастан, еліміздің алтын-валюта қоры ортайған жоқ. Мәселен, ол 2008 жылдың соңында 48 млрд. АҚШ долларын құраса, бүгінде  52 млрд АҚШ долларына жетіп отыр. Яғни, жұмсалған шығындарға қарамастан, Ұлттық қордың қаржысы өсті. Бұның өзі мемлекеттің экономикалық саясатының тиімділігін білдірсе керек. Бұдан бөлек, биыл халықаралық ынтымақтастық аясында Оңтүстік Корея, Қытай, Италия, Франция, Түркия және Беларус компанияларымен Қазақстан аумағында құны 25 млрд. АҚШ долларынан асатын бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы уағдаластық жасалды. Бұл дағдарысқа қарамастан шетелдік инвесторлардың Қазақстан нарығында жұмыс істеуге аса ықыласты болып отырғандығының айғағы. Бұдан Қазақстандағы инвестициялық ахуалдың жылдан-жылға жақсарып келе жатқандығын байқауға болады. 2009 жылы Қазақстан экономиканы жаңғыртуға, әртараптандыруға және бизнестің «көлеңкеден» шығуына жағдай жасайтын, елге капитал ағымының үдеуіне ықпал ететін жаңа Салық кодексімен жұмыс істей бастады. Бұдан бөлек 2009-2011 жылдарға арналған үш жылдық республикалық бюджет ағымдағы жағдайда экономикалық белсенділікті қолдау үшін тиімді құрал бола алды.

      «Жол картасы» жұмыссыздықты жүгендеуге көмектесті:

      Есте болса, 2008 жылы Үкіметтің басты проблемасы инфляцияны ауыздықтау, ішкі нарықтағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болған еді. Ал биыл рецессияға жол бермеу, жұмыссыздықты жүгендеу, қаржы секторын тұрақтандыру, құрылыс индустриясын қолдау, агроөнеркәсіп кешенін дамыту ең маңызды басымдықтардың қатарына шықты. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2009 жылғы наурыздың 6-да Қазақстан халқына арнаған «Дағдарыстан дамуға» атты Жолдауынан туындаған міндеттерге жүгініп жұмыс жасаған Үкімет елдің үкілеген үмітін алдамады. Қолынан келгенінше қам-қарекет жасап, халыққа қамқорлығын аямады. Ол қамқорлық ең алдымен Елбасының тапсырмасы бойынша әзірленіп, жүзеге асырылған Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясынан айқын білінді. Ауызекі тілде «Жол картасы» деп аталатын бұл бағдарлама мыңдаған қазақстандықтардың жұмыс орындарын сақтауға, нәпақасынан айырмауға, республикамызда жаппай жұмыссыздыққа жол бермеуге мүмкіндік берді. «Жол картасы» аясында  коммуналдық желілер қайта жарақтандырылды және жаңғыртылды, жергілікті мәндегі автомобиль жолдары салынып, жөнделді, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылымдар, ең алдымен мектептер мен ауруханалар жаңартылды. Нақты елдімекендегі жергілікті мәндегі нысандар, яғни жолдар, клубтар немесе басқа нысандар абаттандырылып,  көгалдандырылды,  жөнделді, әлеуметтік жұмыс орындары кеңейтіліп, жастар практикасы ұйымдастырылды. Ресми мәліметтер бойынша, «Жол картасын» жүзеге асыруға 2009 жылы республикалық және жергілікті бюджеттерден 191,5 млрд. теңге бөлініпті. Еңбек қатынастары саласында 8 мыңға жуық меморандум рәсімделді. Бұл құжаттар 1 млн.-нан астам жұмысшының еңбек құқықтарын қорғады. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың бірлескен күш-жігерлерінің арқасында аталмыш бағдарлама аясында ойға алған міндеттер толығымен орындалды. Қазіргі уақытта 5221 жоба бойынша жұмыстар аяқталған.               Бүгіндері жөндеу жұмыстарында 167 млрд. теңге игерілген, бұл жалпы жылдық соманың 99 пайызын құрайды. «Жол картасы» аясында 260 мыңдай жұмыс орны құрылды, бұл жоспардағыдан анағұрлым көп. Құрылған жұмыс орындарына 248 мыңдай адам еңбекпен қамтылды. Ал халықтың мақсатты топтарын қорғау үшін мемлекеттік теңдей қаржыландыру негізінде әлеуметтік жұмыс орындарын құруға баса мән берілді. Бұл мақсатқа 7,6 млрд. теңге бөлініп, ол қаржы 120 мыңнан астам адамды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді. «Жол картасы» бағдарламасы аясында қазіргі оқу орындарының базасында 100 мыңнан астам адам қайта даярланды. Олардың тең жарымынан астамы оқуларын аяқтап, үштен бірі жаңа меңгерген мамандықтары бойынша еңбекпен қамтылды. Қарап отырсақ, жүйелі жүргізілген мұндай жұмыстар сайып келгенде Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейінің ұлғаймауына септігін тигізді. Ең бастысы - халықтың әлеуметтік көңіл-күйіне қаяу түскен жоқ. Жұрттың қиын-қыстау кезеңде мемлекеттің сүрінгенде сүйеу, торыққанда тіреу бола білетіндігіне көзі тағы бір мәрте жетті.  Алдын-ала мәліметтер бойынша, 2009 жылы Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 6,3 пайызды құрайтын болады. Қазақстанмен іргелес жатқан көрші елдерді айтпағанның өзінде, экономикасы дамыған Еуропаның өзі жұмыссыздықтың зардабын тартып жатқан тұста біздегі көрсеткіштер көңіл қуантады. Күні кеше болған Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов  «Жол картасына» Елбасының өзі жоғары баға бергенін айтып, бұны 2009 жылғы ең табысты бағдарламалардың бірі болғандығын атап көрсетті.

       2009 жылы банк секторы тұрақтандырылып, торыққан болжамдар теріске шықты:

        Банк секторының бақуаттылығы ел экономикасының негізгі тірегі.  Ашығын айтқанда, дағдарыстан Қазақстанның экономикасының басқа нақты секторларына қарағанда қаржы секторы айтарлықтай зардап шекті. Сондықтан да банк секторының басынан бағы таймасы үшін Үкімет Ұлттық банкпен, Қаржы нарығын қадағалау агенттігімен және «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп жыл басында бірқатар қатаң шешімдер қабылдауға мәжбүр болды. Бұл шешімдердің негізгі мақсаты - экономиканың игілігін, халықтың қамын ойлауды көздеді. Сөйтіп мемлекет жыл басында «БТА», «Альянс банкі», «Қазкоммерцбанк», «Халық банкі» сынды еліміздегі ірі жүйе құрушы банктердің капиталына кіру жайлы шешім қабылдады. Үкіметтің қаулысымен «Самұрық-Қазына» қоры  дағдарысқа қарсы бағдарламаның операторы ретінде ұйғарылып,  Ұлттық Қордан  осы бағдарламаны  жүзеге асыруға бөлінген  1 трлн. 87,5 млрд.теңгенің 486 млрд. теңгесі қаржы секторын тұрақтандыруға бағытталды. Дағдарысқа қарсы  бағдарламаның алғашқы  бағыты - қаржы секторын тұрақтандыру үшін жоғарыдағы ірі төрт банкке 476 млрд. тенге бөлінсе, оның бір бөлігі банктердің қарапайым акцияларын сатып алуға,  келесі бір бөлігі  экономиканы несиелеуге бағытталды. Бөлінген бұл қомақты қаржылар өз кезегінде банктердің төлемпаздығын сақтауға және экономиканы несиелеуге септігін тигізді. Бұдан бөлек келіссөз жүргізуші команда «БТА», «Альянс» және «Темір банк» сынды қаржы институттарының сыртқы қарыздарын қайта құрылымдау бойынша шетелдік кредиторлармен табысты уағдаластыққа қол жеткізді. Кеше Астанада БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов: «БТА, Альянс және Темір банк сынды үш проблемалы банктер бойынша сыртқы кредиторлармен келіссөз жүргізуші команда приципті шешімдерге қол жеткізе алды. Альянс банктің сыртқы қарыздарын қайта құрылымдау бойынша 100 пайыз шешім қабылданды. БТА мен Темір банк бойынша принципті келісімдерге қол жеткізілді. Ендігі жерде заңдық процедуралардан өту ғана қалды. Тұтастай алғанда осы үш банк бойынша, мен цифрларды жинақтап айтып отырмын, 15 млрд. доллар қарыздың 10 млрд. доллары жабылатын болады. 5 млрд. доллар қарыз қалады», деді.

          Бір сөзбен айтқанда, 2009 жыл Қазақстанның қаржы секторы тұрақтандырылған жыл болды деп айтуға толық негіз бар. Себебі, жыл басында айтылған торыққан болжамдардың барлығы теріске шығып, банк секторы дефолтқа ұшыраған жоқ. Керісінше қиын-қыстау кезеңде мемлекет қолдауының арқасында Қазақстанның банк секторы әлемдік қаржы дағдарысының қысымына лайықты төтеп берді. Ал әгарәки мемлекет қол ұшын бермегенде, онда банктер банкротқа ұшырап, миллиондаған қазақстандықтардың қалталарымен қоса жүйкелері де жұқарып, әлеуметік көңіл-күй ширыға түсер еді. Абұйыр болғанда мемлекет шапшаң қимылдап, тиімді шешім қабылдай білді. Атап өтерлігі, банк секторына қатысты жыл басында қабылданған шешімдердің дұрыс болғандығына Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов иненің сынығындай да күмәнданбайды. «Мен қаңтар-ақпанда бірлесе қабылдаған сол шешімдер барлық мүмкін шешімдердің арасындағы ең дұрысы деген пікірге сол кезде де және қазір де нық сенімдемін. Біздің салымшыларымыз, жалпы халық банк жүйесінің тұрақтылығына күмәнданбаса болады», - деді Үкімет басшысы баспасөз мәслихатында.

      Үлескерлердің үміті ақталып жатыр: Биыл Үкімет алаяқ компаниялардың арбауына түсіп, алданып қалған  үлескерлердің проблемасына айрықша көңіл бөлді. Елімізде жылжымайтын мүлік рыногындағы қордаланып қалған проблемалар жүйелі түрде шешіліп келеді. Мәселен, жыл басынан бері елімізде 62 мың үлескер болса, қазіргі таңда соның жартысынан астамының мәселесі шешімін тапты. Билік басындағылар 2011 жылдың соңына дейін алаяқ компанияларға алданған барлық үлескерлер пәтерлеріне кіретіндеріне сендіріп отыр.

       Ауылшаруашылығында мол астық жиналды:

      2009 жыл экономиканың аграрлық секторы үшін де оңай болған жоқ. Дейтұрғанмен, ауа райының қолайсыздығына және қаржылық дағдарыстың әсеріне қарамастан, салада даму қарқыны біліне бастады. Мәселен, егін шаруашылығы биылғы жылды табысты аяқтап отыр. Астықтың жалпы өнімі бункерлік салмақта шамамен 23 млн. тоннаны құрады. Бұл былтырғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 6 млн. тоннаға немесе 35 пайызға көп. Барлық дақылдар түрі бойынша дерлік өндіріс көлемі артты. Елімізде 700 мың тонна өсімдік майының дақылдары өндірілді, бұл рекордтық көрсеткіш. Осылайша еліміз тұңғыш рет ішкі нарықтың сұранысын отандық өсімдік майымен қамтамасыз етуге қол жеткізіп отыр. Былтырғы жылмен салыстырғанда күріш, картоп және жеміс-жидектерді өндіру көлемі 20-25 пайызға артты, мал шаруашылығы үшін жем дайындау 2008 жылға қарағанда 20 пайызға өсті. Сонымен қатар мал шаруашылығы саласында да тұрақты даму қарқыны сақталды. Бұл сала бойынша мал басы өсімі сақталып, саланың өнім өндіру ауқымы 4-6 пайызға ұлғайды. Биыл ауыл шаруашылығы өндірісінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 11 пайызға дейін артып отыр. Тұтастай алғанда, биыл еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мықты негіз қаланды деп айтуға болады. Ең бастысы, халқымыз наннан таршылық көрмейді. Ішкі нарықтағы азық-түліктің қауіпсіздігіне қатысты алаңдамауларына болады.

      Елді индустрияландыру бағдарламасы әзірленді:

      Президенттің тапсырмасымен биыл Үкімет бес жылдан екі кезеңге бөлінген Қазақстанды үдетілген индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасын әзірлеуді аяқтап қалды. Бұйырса алдағы қаңтарда оның тұсаукесері болады. Бұл Қазақстанның дағдарыстан кейін дамуын қамтамасыз ететін елдің маңызды экономикалық құжаты болмақ. Алдын-ала есеп бойынша осы бағдарламаны жүзеге асырудан экономикаға келетін пайда (тиімділік) бес жылда 7 трлн. теңгеден асады. Үстіміздегі жылғы желтоқсанның 4-де Астанада Шетелдік инвесторлар кеңесінің 22-ші жалпы мәжілісінде Елбасы Қазақстанда бес жылдық индустриялық даму бағдарламасының аясында жалпы құны - 42 млрд. долларды  құрайтын 83 жоба жүзеге асырылатынын мәлімдеді. Ал Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешевтің айтуынша, алдын-ала мәлімет бойынша, Қазақстандағы индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыруға 70 - 100 млрд. доллар қажет көрінеді. Қаржының басым бөлігін жеке инвестициялар құрайды, ал мемлекет бағдарламаны тең қаржыландырады және  тәуекелдің бір бөлігін өз мойнына алып, инфрақұрылымдық мәселелелерді шешеді. 

       ҚР Президенті Н.Назарбаев: Дағдарыс әлемдік экономикадағы кейінгі кезде орын алған кемшіліктердің салдарынан болып отыр. Ең бірінші Америка Құрама Штаттарынан басталды. Халық «анау мұхиттың ар жағында жатқан Америка қайда, Қазақстан қайда, олардағы болып жатқан жағдай бізге неге осындай шарпуын тигізеді» деп ойлауы мүмкін. Оның себебі Америка Құрама Штаттарының экономикасының көлемі дүниежүзі экономикасының 20 пайызы. Экономикасының ауқымы 13-14 триллион доллар болатын болса, 70-80 триллион доллар әлем қаржысының 20 пайызы соларда. Дүние жүзінің 20 пайыз импорты да Америка Құрама Штаттарында. Экспорт бойынша АҚШ Еуроаймақтан кейін екінші орында. Әлем экономикасы тауарлардың барлығын Америкаға барып сатады және Америкадан сатып алады. Сондықтан оның әсері тимей қоймайды. Америка Құрама Штаттарының экономикасын алып қарайтын болсақ, оларда екінші дүниежүізілік соғыстан кейін, яғни 45-ші жылдан бері он рет осындай өзгерістер болды. Біресе көтерілу, біресе төмендеу. Бұл жалпы капиталистік нарық экономикасына тән нәрсе. Өздеріңіз білесіздер, 2001 жылғы Нью-Йоркте болған оқиғалардан кейін Американың экономикасы құлдырады. Сол себепті 2002 жылы олар несиеге берілетін ставканы төмендетіп, халыққа арзан ақша берді. Елдің барлығы ол арзан ақшаны алып, үй сала бастады, машина ала бастады, жағдайын түзей бастады. Жылжымайтын мүліктің бағасы көтерілді, банктер соны несиеге беріп, ақшасын елге берді. Жанар-жағармайдың, азық-түліктің бағасы көтерілді. Ақша экономикада көп болғаннан кейін, инфляция көтерілді. Инфляция көтерілгеннен кейін, Америка Құрама Штаттарының банктері жаңағы несиеге беретін ставканы жоғары қарай көтерді. Ставкамен бірге ипотекаға беретін ақшаның бағасы да көтерілді. Нәтижесінде несиені алған адам оны қайтаруға мүмкіндігі шектелді. АҚШ-та тоқырау басталған кезде солардың ақшасын алып отырған, құнды қағаздарына иелік жасап отырған Еуропаның, Азияның банктерінің, басқа да банктердің қаржылық жағдайы төмендеп кетті. Ал бұл жағдай Қазақстанға қалай әсер етті? Қазақстанның экономикасының өсіп-өркендеуі экономикамызға қаражатты көптеп тартуға мүмкіндік берді. Мемлекеттің рейтингі, банктердің рейтингі көтерілген соң, біздің банктер сол арзан ақшаны алып, бірді-екілі салаға ғана салды. Құрылысқа, ғимараттар салуға жұмсады. Оның есесіне қаржыны өндіріске көбірек салу керек еді. Енді тоқырау басталғаннан кейін олар ақшаны қайтара алмай отыр. Мысалы, қазір мен 10 миллион доллар несие алам, бес жылға. Бес жыл өткен соң, тағы да несие алам да алдыңғысын жауып, несие мерзімін бес жылға ұзартам. Ал орайы келмей несие беруші қаражат бермесе, бітті. Ол ақшаны қайтара алмайсың. Мен, әрине, банктерге талай рет айттым, естіген де боларсыздар. «Шетелдік ақшаны алуды азайтыңдар, өзіміздің ішімізде жұмыс істеңдер» деп. Ол – банктердің қателігі. Екінші жағынан біздің банктер ол ақшаны Астанадағы, Алматыдағы, басқа облыстардағы құрылысқа салды ғой, көріп отырсыздар. Сол қаражаттың негізгі бөлігі Қазақстанға жұмыс істеді. Міне, мәселенің осындай екі жағы бар. Енді біз осы мәселелерді шешу үшін шаралар қолданып жатырмыз.

      Адамзат тарихынан алтынның бағасы өскенде дағдарыс тереңдей түсетіні баршаға белгілі. Ал сары металдың құны мұндай деңгейде ешқашанда өскен жоқ. Байқауымызша бұл да шек емес секілді. Өйткені Еуроодақта жағдай мүлде шиеленісіп кетті. Егер бұған дейін аймақтағы «бас аурудың» нысаны Грекия болса, қазір бұған Испания мен Португалия толық қосылды. Бұлар жағдайды түзеу үшін Грекия жолын таңдап алып, бюджеттік міндетті төлемдерді, яғни жалақылар мен зейнетақыларды 5 пайызға дейін қысқартуға шешім қабылдады. Англияда таққа отырған жаңа премьер-министр де өзінің сайлау алдындағы сөздерінде бюджеттік міндетті төлемдерді қысқарту бағытын ұстанатынын мәлімдеген болатын. Еуроодақта ең сенімді дегені Франция еді. Мұнда да жағдай былтырғыдан төмендеп кеткені алғашқы тоқсанның қорытындысында тіркелді. Екінші мықты Германия болса, мұндағы жағдай Франциядағыдан әлдеқайда нашар. Қысқасы Еуроодақ көлемінде кейбіреулер айта беретіндей бүкіләлемдік қаржы дағдарысының «кезекті толқыны» қазірдің өзінде бой көтере бастады. Біздіңше бұл «кезекті толқын» емес, бар болғаны сол 2007 жылдың тамызындағы дағдарыстың жалғасы.

       Орайы келгенде айта кетейік, осы уақытқа дейін шамамен 14 триллион доллардай қаржы шығындалса да ежелгі капитализм әлемінде мұның әсері байқалмай тұр. Себебі олар 2010 жылдың мамыр айына дейін «дағдарыспен күрес мақсатындағы» қаржыны бар болғаны әлеуметтік жағдайды ушықтырмау, сол үшін тұрғындардың сатып алу қабілетін арттыру, демпингтік, саудаға жол ашу мақсатында ғана жұмсаған еді. Көріп отырғанымыздай мұның нәтижесі енді қысқартулар жасауға әкеліп соқты. Парадокс! Күні бүгінге дейін тұрғындардың сатып алу қабілетін арттыруға ден қойды, енді келіп 180 градусқа бұрылып, сатып алу қабілетін төмендетпекші. Бұл жерде ескерте кететініміз, қайшылық дамуды емес, қайшылықты ғана туғызатын түрі бар. Себебі, тұрғындардың сатып алу қабілетінің кемуі сауда капиталындағы өсімді тежейді. Ал бұл тежелсе, тұтастай аймақтың ақша айналымы тежеледі. Ақша айналымы тежелсе, банк капиталының жұмысы жансызданады. Ол келіп өндірістік рецессияны ушықтыра түседі. Демек, «батыс әлемі әуелдегі қате жолдан тағы да қате жолға түсіп отыр» деп ойлау керек. Біздің бүкіләлемдік қаржы дағдарысы тұңғиықтың тереңіне бата түседі дегендегі нақты дәйегіміз осы.

      Жағдай осылай болып тұрғанда «мұның әсері Қазақстанға тие ме?» деген сұрақ туады. Ендеше соған жауап берейік. Иә, Қазақстанға оның әсері тимей қоймайды. Демек, «енді не істеу керек?» деген сұраққа жауап берейік:

1. Халықаралық қор  биржаларындағы қазақстандық эмитент компаниялардың да құнды қағаздары бағасын жоғалтады. Мұны болдырмау үшін оны алдын ала өзіміз сатып алуға дайын болуымыз керек. Өйткені мемлекеттегі компаниялар құнды қағаздарының бағасы түсуі жалпы ұлттық рейтингке кері әсер етеді. Осыны болдырмауға тиіспіз.

Информация о работе Әлемдік қаржы дағдарысының Қазақстанға әсері және оның тереңдігі