Ұлттық экономикалық қауіпсіздік және қазіргі жағдайдағы Қазақстанның шаруашылық стратегиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 08:02, дипломная работа

Описание работы

ХХI ғасырдың басында Қазақстан Республикасында болып жатқан күрделі саяси, қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық үрдістерден туындайтын әралуан қайшылықтардың мемлекеттің, қоғамның және жеке адамның жан-жақты дамуына кедергі жасайды.
Осы орайда, экономикалық қауіпсіздік мәселесі әлем бойынша ХХ ғасырдың екінші жартысындағы «постиндустриалдық қоғам» кезеңінде пайда болды. Ол үш бірдей ғылыми бағыттың – «экономика», «қауіпсіздік теориясы» және «саясаттану» - түйіскен жерінде (триада) орналасқан.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................. 8

Әлемдік экономикалық жахандану жағдайындағы Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қаммтамасыз етудің теориялық аспектілері. ..........................................................................................10
Экономикалық қауіпсіздіктің теориялық аспектілері..................................10
Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздік мәселелері........19
Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі стратегиялық жоспарлау және болжамдаудың мәні.......................................................................................26

Тұрақты экономикалық өсу – экономикалық қауіпсіздік кепілі.......33
Экономиқалық өсуді басқарудың ұйымдық экономикалық аспектілері..33
ҚР–да экономикалық өсуді жүзеге асырудың негізгі тетіктері..................41
2.3 Ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің шетелдік тәжірибесі...................................................................................................................44

3. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттік басқару және бақылауды жетілдіру....................................................................................50
3.1 Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін мемлкеттік және құқықтық жағынан реттеуді қамтамасыз етуді жетілдіру.....................................51
3.2 Қазақстан Республикасының 2011–2015 жылдарға арналған
әлеуметтік–экономикалық даму болжамы..............................................................53
3.3 Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттік басқару және бақылауды жетілдіру............................................................................................... 67

Қорытынды ......................................................................................................... 69

Пайдаланылған әдебиеттер .............................................................................. 71

Работа содержит 1 файл

Мұқанова Элеонор.doc

— 566.00 Кб (Скачать)

Қазақстандағы 2000 жылдардағы институционалды өзгерістер жан басына шаққандағы ЖІӨ өсу  қарқынының қомақты баяулауына әкелді.1991 жылдан 2000–шы жылдардың басына дейін Қазақстан ресейлік көрсеткіштерге жақындай отырып, біздің елдер арасында болған айырмашылықты қысқарта бастады. 2000–шы жылдардың ішінде бұл жылдамдық елеулі түрде баяулады, ал экономикалық өсудің алдын ала көрсеткіштеріне қарасақ, 2008 жылдың 1 тоқсанында Қазақстан артта қала бастады. Егер кеңес уақытынан кейінгі мемлекеттердегі экономикалық дамудың серпінін салыстырсақ, институционалды саладағы мәселелердің жағымсыз әсерін көруге болады. 1999–2000 жылдары Қазақстан 4 орында болды. Бүгінде Қазақстан 7 орында, және одан энергоқорлармен бай елдер ғана емес, мұнайэкономикалық конъюктурадан қосымша алмайтын таза импорттаушылар да озып отыр. Қазіргі кезде Қазақстан аталмыш «тоталитарлы демократия». Бәсекелестік орта дамымаған, ал жемқорлық нарықтық бәсекелестік толыққанды дамымайды. Сонымен бірге, Қазақстан Орта Азияның басқа елдеріне қарағанда әлемдік қоғамға бірігуге көбірек бағытталған, бұл автоматты түрде біздің саяси және экономикалық жүйелеріміздің  атқарымдығына талаптарды арттырады.

Соңғы жылдары  экономика мен мемлекет дамуының қарқындары тұлға мен қоғамның даму критерийлерімен толығырақ, нақтырақ және объективті анықталады. Бұған  қоса, осы критерийлер экономика  мен қоғамның жағдайын, дағдарыстық және дағдарысқа қарсы  құбылыстардың болуын неғұрлым нақты анықтайды. ХХІ ғасырда экономикалық даму міндетті түрде  қоғамның, оның институттарының дамуы, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру мен бастысы, рухани–саналы және мәдениетті дамумен қатар жүру керек. Бұл салаларда артта қалу, әрине, тек экономикалық дамуды ғана емес, қарапайым экономикалық өсуді тежейді. Көптеген мәселелер, соның ішінде, әлеуметтік–экономикалық тек экономикалық шараларамен ғана шешіле алмайды. Бұл жүзеге асу үшін, даму стратегиясының негізінде жатқан идеологиялық жүйе қажет, бұнда экономикалық шаралар стратегияны жүзеге асыру бойынша шаралардың бөлігі ғана болады. Бұл жүйе рухани бастауларға, негізгі ұлттық құндылықтарға негізделу керек. Осылайша, озып даму стратегиясын таңдау кезінде мемлекет шешуге тиісті мәселе – бұл елдің азаматтарының меншік құқығын қорғайтын заңдардың жұмыс істеуі және экономикалық бостандық жағдайындағы тұрақты демократия.

Қайсыбір елде қабылданған экономикалық модель үлкен  роль атқарады. Қарапайым айтқанда, жан басына шаққандағы ЖІӨ-мен айқындалатын әл–ауқат деңгейі қоғамның қаншалықты демократиялығына және экономикалық еркіндігіне тәуелді. Жалпылама қабылданғандай, жан басына шаққандағы ЖІӨ, білім деңгейі, өмір сүру ұзақтығы, әлеуметтік теңдік және т.б. сияқты демократия да дамудың мақсаты болып табылады.

 Сыртқы факторлардың маңыздылығы демократиялық үрдістермен анықталады, олардың ішінде, ең маңыздылары: демократияға нормативті қатынас және демократиялық идеалдардың жалпы тартымдылығы, экономикалық тиімсіздік және авторитаризмнің делегитимизациясы, демократиялық институттар мен процедуралармен тәжірибе жүзінде сынақтан өткізу, демократизация үшін жағымды халықаралық орта және кейбір басқалары. Сыртқы факторлар тікелей мәжбүрлеу ретінде болу мүмкін, ол кезде сыртқы күш басқа елге демократиялық институттарын ұсынады; тұжырымдау ретінде, ішкі саяси үрдістерге күшсіз сыртқы әсер; саяси қатысушыларды нәтижесінде сырттан анықтайтын демократиялық және бейдемократиялық мақсаттарды жүзеге асыру үшін жағымды қайсыбір қадамды жасауға итермелейтін, түрлі ынталар жүйесін пайдалану ретінде. Ішкі факторларды талдау кезінде екі тәсіл қолданылады – құрылымдық және процедуралық. Бірінші жағдайда зерттеушілер құрылымдық факторларға екпін жасайды – демократияның мемлекет пен ұлт құраушы, әлеуметтік-экономикалық және мәдени–құндылықты шарттар мен алғышарттары, екіншісінде – процедуралық факторлар: демократиязация үрдісі тәуелді саяси факторлардың нақты шешімі мен әрекетінің сатылылығы және таңдауы.

Статистикалық есептеулер көрсетіп отырғандай – әлемде демократизация соңғы 30 жылда тек құқықтық тәртіп қажетті деңгейде болған елдерде өсу қарқынының артуына әкелді; керісінше, әлсіз құқықтық тәртіпті елдерде демократизация мемлекеттік шығындардың азаюына және мемлекеттік аппараттың тиімділігінің төмендеуіне, көлеңкелі экономиканың артуына, бюджетті дефициттің артуына және инфляцияның өсуіне және соңында экономикалық өсу қарқынының және өмір сүру ұзақтығының қысқаруына әкелді.

Елдердің дамуын талдауы көрсетіп отырғандай, әлемдік  шаруашылықта басты ел тобына дамыған елдер кіреді, оларға әлемдік ЖІӨ–ң, әлемдік сауданың және капиталдың халықаралық қозғалысының көпшілік бөлігі келеді. Әлемдік экономикалық дамудың жетекшісі АҚШ болып табылады. АҚШ–ғы дағдарыс экономиканың терең құрылымдық қиындықтарынан туындады, АҚШ–ң өнеркәсіптік секторындағы жұмысбастылық Қытайдан импорттың қысымынан және жұмыс орындарының дамушы елдерге алмасуынан төмендейді. Және «қызметтердің» жаңа экономикасы тең келетін жұмыс орындарын ұсына алатыны, сонымен қатар, экспорт көлемін арттыра алатыны екіталай. АҚШ экономикасының тиімділігінің маңызды себептерінің бірі – бұл Пентагонның қомақты әскери шығындары, соның ішінде Ирактағы, Ауғанстандағы соғысқа шығындары, бұл салық төлеушілердің ақшасын белсенді «жейді» және азаматтық сектордан қаражаттың ағып кетуіне септігін тигізеді. Басқа себеп – «коттеджді» Америка моделінің құрамдастары – жанармай мен жылыту шығындарының артуы есебінен халықтың тұтынушылық шығындарын азайтатын мұнай бағасының өсуі. Бірақ ең бастысы – экономикада құрылымдық өзгерістердің болмауы, экономиканы ақша шығару арқылы жалған ынталандыру, бюджеттің асқынған дефициті және мемлекеттік қарыздың өсуі. Қазіргі кезде АҚШ үлесіне барлық әлемдік өндірістің  21% келеді, алайда  ол бұдан көп тұтынады – шамамен 35%. Доллардың мықтылығы ұзақ уақыт бойы 2006ж. мәліметтері бойынша ЖІӨ–ң 66% құрайтын сыртқы федералды қарыздың өсуі есебінен ішкі тұтынудың артуына (шамамен 13 және 8,7 трлн. долл. сәйкесінше) «кепіл» болды. Бұл бюджеттің елеулі дефицитін құрады – 2006ж. 239,6 млрд. долл. дейін – ЖІӨ–ң 1,8%, және АҚШ-ғы үй шаруашылықтарының ішкі қарыздарының үлкен сомасын өсірді – 12,8 трлн. долл. немесе шамамен адам басына шаққанда 42,6 тыс. долл. Бұндағы үкіметтің, корпорациялардың, азаматтардың жалпы сыртқы қарызы 50 трлн. долларды құрайды. Нәтижесінде 2006 жылы 850 млрд. долл. немесе ЖІӨ-ң 6,2% құраған ағымдағы төлем дефициті көрсеткіші бойынша АҚШ экономикасы өте тиімсіз және сыртқы несие берушілер есебінен өзінің қарыздарын қайта қаржыландыру үшін көптеп қор талап ететін «қара тесікке» ұқсас болды. 2009 ж. басына қарай нақты ЖІӨ қысқарды.

Жалпы алғанда, дамыған экономикалы елдердің көпшілігі 2008 жылдың ортасынан бастап нақты  ЖІӨ–ң күрт қысқаруын, тұтынушы бағаларының  және жұмыссыздық деңгейінің өсуін  бастан кешірді (кесте 4.5).

Экономикасы дамыған  басқа елдер сауданың жағымсыз жағдайларымен  байланысты қиындықтарды кешірді. АҚШ  пен Азиядағы сұраныстың күрт төмендеуі  және биржалық тауарлардың төмендеуі  Канада, Австарлия мен Жаңа Зеландияда экономикалық белсенділікке жағымсыз әсер етті. Халық сонымен қатар, акция нарығындағы құлдыраумен байланысты және азырақ шамада, жылдам қымбаттаудан кейін үй бағасының төмендеуімен байланысты 2007 жылға дейін әл–ауқаттың төмендеуін бастан кешіреді.

2008 жылдың қыркүйегінен  бастап дағдарыс Азия елдеріне тарады және олардың экономикасына елеулі ықпал етті. Жапония экономикасы төртінші ширекте 12%–ға қысқарды. Азияның жаңа өнеркәсіптік елдерінде (Гонконг, Корея, Сингапур мен Тайвань) ол 10–25 % қысқарды.

 

Кесте 6

Дамыған елдердегі өндіріс көлемі, тұтынушы бағалары және жұмыссыздық (жылдық %–қ өзгеріс және жұмыс күшінің %–қ үлесі)

 

 

Нақты ЖІӨ

Тұтынушы  бағалары

Жұмыссыздық

2007

2008

2009

2007

2008

2009

2007

2008

2009

Дамыған экономикалы  елдер

2,7

0,9

-3,8

2,2

3,4

   0,2

5,4

5,8

1

Соның ішінде АҚШ

2,0

1,1

-2,8

2,9

3,8

0,9

4,6

5,8

8,9

Германия

2,5

1,3

-5,6

2,3

2,8

0,1

8,4

7,3

9,0

Ұлыбритания

3,0

0,7

-4,1

2,3

3,6

1,5

5,4

5,5

7,4


 

Қалыптасып  жатқан нарықтары бар Оңтүстік–Шығыс Азия елдері де ауыр соққыға жығылды. Бұл қысқару негізінен дамыған экономикалы елдерде (Азиядан тыс) ұзақ қолданыстағы тұтынушы тауарларына сұраныстың төмендеуімен және азырақ шамада ғаламдық қаржылық жағдайлардың нашарлауымен байланысты болды. Үндістан мен Қытай экономикасына экспорт секторының қысқаруы да әсер етті, бірақ бұл елдерде экономикалық өсу экономикада сауданың аз үлесінің және экономикалық саясаттың шараларының көмегімен ішкі белсенділікті қолдаудың арқасында жалғаса берді.

ЕО кірген және өзінің экономикалық тәуелсіздігі мәселесін сұрақ белгісінің астына қойған кішігірім мемлекеттерге барлық мәселелер бойынша Қытай қарама–қарсы болып келеді. Бұл серпінді дамып отырған мемлекет, әлемде ЖІӨ көлемі бойынша екінші орын алады, жаңа әлемдік тәртіпті құруға ықпал ете алатын, ғаламдық экономикалық және саяси күшінің деңгейіне шығуға талпынады. Соңғы бесжылдықта Қытайда экономикалық өсудің қарқынының жылдамдауы байқалды. Нарықтық ғаламдану жағдайында өсу факторлары ретінде, бір жағынан, Қытайдың әлемдік экономикаға бірігуі, екінші жағынан – жеке бизнестің қауіпсіздігіне кепіл болу табылады. Әлемдік нарыққа бірігу Қытайға экономикалық өсудің жоғары қарқынын сақтауға мүмкіндік берді, 2001–2007 ж. әлемдік ЖІӨ өсімі шамамен 15% құрады.

Әлеуметтік-экономикалық дамудың қазақстандық моделі «қуып жетіп дамудың» аралық нұсқасы болып табылады, оның басты мақсаты бәсекелестікке қабілеттіліктің өсуі және дамыған және орташа дамыған елдер тобына кіру. Экономикалық өсудің жетекшілері Қазақстанда мұнай, газ, металлдар, астық, құрылыс, жолдар, тұрғын үй, қаржылық ұйымдар.

Экономика әлеуметтік–экономикалық  дамудың жаңа сатысына енді. Бұнда  елдің шаруашылық кешенінің бірыңғай тұтастығы қалыптасады. Бұл ұлттық экономиканың келесі даму белгілерімен дәлелденеді. Соңғы бес жыл ішінде экономикалық өсудің жоғары қарқындары байқалуда, бұл Қазақстанға экономиканы дамыту қарқындары бойынша әлемнің жетекші елдерінің бірі болуға мүмкіндік берді. 1991–2008 жж. аралығында ЖІӨ 1,6 есе артты, бұл көрсеткіш бойынша (сатып алу қабілетінің паритеті бойынша есептелген) әлемнің 200 елінің ішінде 54-ші орында. Трансформациялық рецессия 2002– 2003 жж. өтті, бұл кезде ЖІӨ өсуі 1991 ж. деңгейін 6,3%–ға артық болды.

2.2  ҚР–да экономикалық өсуді жүзеге асырудың негізгі тетіктері

 

Институционалдық теория нарықтық өзгерістерді сапалық тұрғыдан зерттеуге мүмкіндік береді. Ол экономика дамуының әлеуметтік параметрлерінің ролі туралы мәселені жаңаша тұрғыдан қояды. Экономикалық өзгерістер халықтың кірісін реформалауға негізделуі керек. Экономикалық өзгерістердің бүкіл дүниежүзілік тәжірибесі реформалар бұқара халықтың мүддесіне жауап бергенде ғана жемісті болатынын көрсетеді. Қазақстандық қоғамның қазіргі құрылымына толық қалыптасқан тұрақты белгілер тән емес. Әлеуметтік–экономикалық жүйені реформалау барысында туындайтын қайшылықтар мен белгісіздіктерді еңсеру жолымен институционалдық өзгерістерді жандандырудың маңызы зор. Экономиканы басқару жүйесінің басты қарама–қайшылығы микроэкономика және макроэкономика мүдделерінің арасындағы қайшылық болып табылады. Институционалдық қайта құру кезінде алдыңғы орынға ұлттық мүдделерді қоюдың маңызы зор, олар экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде өндіріс тиімділігін жоғарылату керектігін көрсетеді. Институционалдық қайта құру ұлттық мүдделерді жеке мүдделермен үйлестірудің әдіснамалық үлгісіне негізделуі керек.

Қаржы бөліп таратылатын  категория ретінде экономикамен тығыз байланысты. Бір жағынан, қаржы  арқылы қоғамда өндірілген ЖІӨ бөлінеді. Қанша өндірілсе, сол мөлшерді ғана бөлуге болады. Екінші жағынан, айырбастау–бөлу қарым–қатынастары экономикалық мүдделердің белгілі бір жүйесін қалыптастырады, ЖІӨ–нің өсуін ынталандыру немесе, керісінше, тежеу арқылы өндіру көлеміне әсер етеді.

Қаржы саясатын қалыптастыру мен іске асырудың негізіне алынатын экономикалық дамуға және экономикалық өсуге қаржының әсері өздігінен автоматты түрде емес, қоғамдағы қаржының қызмет ету бағытын, сипаты мен мәнін көрсететін қаржы тетіктері арқылы жүзеге асады. Жалпылама анықтама бойынша қаржы тетігін экономикалық дамуды және азаматтардың әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарын қалыптастыру мен пайдаланудың арнайы жасалған және заңмен бекітілген нысандары мен әдістерінің кешені ретінде сипаттауға болады. Қаржы тетігі дегеніміз – мемлекет экономикасында қаржы–қаражаттың қызмет етуін, тиісті бағдарламаларда белгіленген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін практикалық пайдалануды анықтайтын әдістемелік, ұйымдық және құқықтық ережелер мен іс-шаралар.

Серпінді экономикалық өсуге қол жеткізу үшін басқарудың ұйымдық–экономикалық тетіктерінің маңызы зор, олар: бәсекелес нарықтар мен монополияға қарсы реттеудің сенімді құралдарын қалыптастыру, отандық және шетелдік инвесторлардың белсенділігін жандандыру, индустриалдық-инновациялық даму үшін инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту, жергілікті өзін–өзі басқаруды дамыту, сондай–ақ мемлекеттік бюджет, жергілікті атқарушы органдардың бюджеті, заңды тұлғалардың қаражаты, жеке инвесторлардың қаражаты, мемлекеттік және өзге меншік негізінде экономикалық базаны дамыту сияқты нысандар мен әдістерді қамтиды.

Әлемдік экономиканың даму беталыстары мен сыртқы шарттары  Қазақстан экономикасының дамуының үш мүмкін сценарийін әлемдік экономика  серпініне, мұнайдың әлемдік бағалар  деңгейіне мен әлемдік қаржы  нарықтарындағы жағдайларна тәуелді дамытудың мүмкіндіктері  анықталды.

1 нұсқа бойынша орта мерзімді кезеңде әлемдік тауар және қаржы нарықтарында ахуалдың нашарлауы көзделген пессимистік болжам жасалып отыр. Бұл сценарий бойынша мұнайға әлемдік баға (Brent) мынадай деңгейде: 2009 жылы бір баррель үшін – 25 АҚШ доллары, ал 2010–2013 жылдары бір баррель үшін 40 АҚШ доллары деңгейінде болады. Металға әлемдік баға 2008 жылғы деңгейден 50% төмен болады. Әлемдік қаржы нарықтары сыртқы қарызды қолданбайтын болады.

2 нұсқада әлемдік тауар және қаржы нарықтарында жағдай тұрақталады деп көзделіп отыр. Мұнайға әлемдік баға 2009 жылы бір баррель үшін – 40 АҚШ доллары, ал 2010–2013 жылдары – 50 АҚШ долл. деңгейінде болады. Металға әлемдік баға 2009 жылы орта есеппен 30–40% төмендейді, кейіннен 2010–2013 жылдары әлемдік баға деңгейі 8–10% жоғарылайды. Сырттан қарыз алу шарттары жақсарады.

Информация о работе Ұлттық экономикалық қауіпсіздік және қазіргі жағдайдағы Қазақстанның шаруашылық стратегиясы