Ұлттық экономикалық қауіпсіздік және қазіргі жағдайдағы Қазақстанның шаруашылық стратегиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 08:02, дипломная работа

Описание работы

ХХI ғасырдың басында Қазақстан Республикасында болып жатқан күрделі саяси, қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық үрдістерден туындайтын әралуан қайшылықтардың мемлекеттің, қоғамның және жеке адамның жан-жақты дамуына кедергі жасайды.
Осы орайда, экономикалық қауіпсіздік мәселесі әлем бойынша ХХ ғасырдың екінші жартысындағы «постиндустриалдық қоғам» кезеңінде пайда болды. Ол үш бірдей ғылыми бағыттың – «экономика», «қауіпсіздік теориясы» және «саясаттану» - түйіскен жерінде (триада) орналасқан.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................. 8

Әлемдік экономикалық жахандану жағдайындағы Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қаммтамасыз етудің теориялық аспектілері. ..........................................................................................10
Экономикалық қауіпсіздіктің теориялық аспектілері..................................10
Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздік мәселелері........19
Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі стратегиялық жоспарлау және болжамдаудың мәні.......................................................................................26

Тұрақты экономикалық өсу – экономикалық қауіпсіздік кепілі.......33
Экономиқалық өсуді басқарудың ұйымдық экономикалық аспектілері..33
ҚР–да экономикалық өсуді жүзеге асырудың негізгі тетіктері..................41
2.3 Ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің шетелдік тәжірибесі...................................................................................................................44

3. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттік басқару және бақылауды жетілдіру....................................................................................50
3.1 Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін мемлкеттік және құқықтық жағынан реттеуді қамтамасыз етуді жетілдіру.....................................51
3.2 Қазақстан Республикасының 2011–2015 жылдарға арналған
әлеуметтік–экономикалық даму болжамы..............................................................53
3.3 Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттік басқару және бақылауды жетілдіру............................................................................................... 67

Қорытынды ......................................................................................................... 69

Пайдаланылған әдебиеттер .............................................................................. 71

Работа содержит 1 файл

Мұқанова Элеонор.doc

— 566.00 Кб (Скачать)

3 нұсқа бойынша мұнайға әлемдік баға 2009–2013 жылдары бір баррель үшін 60 АҚШ доллары деңгейінде болады деп көзделіп отыр. Әлемдік қаржы нарықтарында жағдай жақсарады, екінші деңгейлі банктерге сырттан қарыз алу үшін үлкен мүмкіндіктер ашылады.

Дүниежүзілік экономикадағы  және әлемдік тауар нарықтарындағы ағымдағы жағдай тұрғысынан алғанда, 2 нұсқаның даму ықтималдығы жоғары. Осы нұсқа бойынша экзогендік параметрлердің негізгі мәндері қазір қалыптасып отырған даму үрдістеріне айтарлықтай жақын.

«Қазақстан  Республикасының 2003–2015 жылдардағы өнеркәсіптік-инновацмялық даму Стратегиясында» ЖІӨ–ң орташа жылдық өсімі 8,8% шамасында. Бұл сандармен  келісуге болады, алайда әлемдік экономикалық дағдарыс экономикалық өсу серпініне түзетулер енгізді.

ЖІӨ өсу динамикасы әр түрлі болуы мүмкін және ол көптеген факторларға байланысты. Қазақстандағы  және оның көршілес аймағындағы қаржылық жағдай инвестицияларды тартуға  қолайлы болып отыр. Мемлекет алтын–валюта резервтерін қалыптастыруда. Егер мұнайдың әлемдік бағасы бірден және оқыстан бір баррель үшін 25–30 долларға дейін және одан да төмендеуі, сондай-ақ біздің басқа да экспорттық тауарларымыздың арзандауы мүмкін деп болжағанның өзінде, қолда бар резервтер экономиканы жаңғыртуға жетуі керек. Дүниежүзілік дағдарыс халықаралық талдаушылардың болжамы бойынша 2010–2012 жылдары өтуі керек. Компаниялар мен банктер сыртқы қарыздарды азайтып, оларды әртараптандырады. Орта және шағын бизнесті несиелеу үрдісі бой алып келеді. 2008–2009 жылдарды стагнация кезеңінде көптеген кәсіпкерлер өз бизнесін сатып жіберуді қарастырды. Осыған қарамастан, жеке бизнес үшін оптимистік болжам жасалып отыр. Экономиканың жаппай дамуы ғана өсуге алып келеді, өйткені оған ресурстарды сапалық дамыту есебінен қол жеткізіледі.

Осы алғышарттар тұрғысынан алғанда, Қазақстандағы экономикалық өсудің барынша нақты үш нұсқасы  әзірленді. Олардың барлығы да 2030 жылы шекті мақсатқа – халықтың жан басына шаққанда 40 мың АҚШ долларына қол жеткізуді көздейді. Халық санының тұрақты табиғи өсімі – 13%, туылған кездегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы 75,7 жас болғанда, Қазақстан халқының саны 20,856 мың адамды құрайды. Бұл бастапқы деректер "Адам дамуы туралы ұлттық есептен" алынған. ҚР Статистика агенттігінің деректері бойынша 2008 жылы табиғи өсім 13,1% құрады. 4 суретте бірінші оптимистік нұсқа бойынша – жоғарғы доға тәріздес қисық – инвестиция көлемі екінші нұсқадан әлдеқайда жоғары екені көрсетілген. Екінші, нақты нұсқада инвестициялар бүкіл кезеңде, 2010 және 2030 жылдар аралығында біркелі болып бөлінеді.

Халықтың жан  басына шаққанда 40 мың долларға тең  келетін ЖІӨ жоспарланған деңгейіне  бірінші нұсқа бойынша 2026 жылы қол  жеткізуге болады, В1 нүктесі, яғни ірі инвестициялар төрт жылды үнемдейді. Екінші, нақты нұсқа бойынша – 2030 жылы қол жеткізіледі, В2 нүктесі. Үшінші пессимистік нұсқа дүниежүзілік дағдарыс және Қазақстандағы стагнация 2015 жылға дейін созылатын жағдай үшін әзірленген, бұл кезде біз мақсатымызға 2034–2035 жылдары қол жеткіземіз, В3 нүктесі. Оқиғалар осылай өрбуі де мүмкін, бірақ оның ықтималдығы төмен. Іс жүзінде инвестициялық салымдардың осындай нұсқасы жиірек болатыны сөзсіз.

Қойылған міндетті шешу үшін негізгі капиталға салынатын  жыл сайынғы инвестицияларды 10–12 млрд. теңгеге дейін жеткізу керек, бұл 2008 ж. қарағанда үш есе көп. ҚР үшін экономикалық өсудің шикізаттық бағыты жүзеге асуы да мүмкін. Бұл модельдің іске асырылуы ықпалды қаржы-өндірістік топтардың мүдделеріне жауап береді. Ол шетелдік капиталдың мүддесіне сәйкес келеді, өйткені оның салымдарының басым бөлігі отын–энергетикалық кешенге келеді. Бірақ дамудың шикізаттық бағытын біз келешегі жоқ деп санаймыз, себебі еліміз батыс мемлекеттерінің шикізат айлағына айналуы мүмкін. Табиғи ресурстарды экспортқа шығару және тұтыну тауарларының импорты мұнайды экспортаушылардың одан әрі баюына алып келеді.

Қазақстанның  экономикалық өсудің озық моделін ұстанған мемлекеттерден айырмашылығы – біздің елімізде дамушы елдердің экономикалық көтерілуі кезеңінде олардың қарамағында болмаған факторлар бар. Бұл – халықтың жоғары білім деңгейі, ұлттық инновациялық жүйе, ғарышты игерудегі жетістіктер. Осымен бір мезгілде бізде өнеркәсіптің көптеген салаларында құрал-жабдықтар тозған және ескірген. ҚР дамыған елдерден 30–25 жылға артта қалып отыр. ЖІӨ үшінші технологиялық тізбекпен өндірілуде, оның үлесі 40–50% құрайды. Төртінші ТТ үлесі 40–45% дейін жетті. Бесінші тізбек енді ғана бой көтеріп келеді және оның қолданылуы жөнінде айту әлі ертерек. Ерекшеліктерді ескеретін болсақ, Қазақстан  үшін өспелі даму моделі  экономикалық өсудің келелі моделі болып табылады. Оның мәні мынадай. Қазақстанның салыстырмалы қысқа мерзімдерде әлемдегі қолда бар үлгілерді әкелу есебінен технологиялар мен негізгі құралдарды жаңартып алуға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар отандық ұлттық инновациялық жүйеге сүйене отырып, еліміз технологиялық жетістіктерге қол жеткізіп, дүниежүзілік нарыққа жаңа технологиямен шығуды қамтамасыз ете алады. Осындай даму үшін еліміздің барлық ресурстарын шоғырландыру, жалпы басым мемлекеттік мақсаттарды белгілеу қажет.

 

2.3  Ұлттық экономикалық қауіпсіздікті  қамтамасыз етудің шетелдік тәжірибесі

 

Экономикасы дамыған  елдерде, ең алдымен АҚШ-та, ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында  мол тәжірибе жинақталды, бұл қазіргі кезде, біздің де қызығушылығымызды арттырды. Өйткені Қазақстанда осы мәселемен шұғылдануда немесе жетілдіруде.

АҚШ әлемдік  экономикалық держава болғандықтан, оның экономикалық барлау мен экономикалық қарсы барлауды мемлекеттік қамтамасыз ету саласындағы тәжірибесіне көңіл бөлген жөн.

1995 жылғы желтоқсанда  АҚШ президенті экономикалық  қауіпсіздікті қамтамасыз ету  бойынша шаралар қолдану мақсатымен  меморандумға қол қойды. Онда  экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз  етудің Ұлттық бағдарламасының негізгі мазмұны көрсетілді. Бағдарламаның жүзеге асуының нәтижесі - экономикалық қауіпсіздік жүйесінің барлық элементтері өзара байланысты болып келетін, технологиялық салаларда АҚШ-тың жетекші рөлін сақтайтын және экономикалық мүддесін қамтамасыз ететін ел жасау.

Ведомствоаралық жұмысшы тобына кіретін - Қорғаныс министрінің  орынбасары, Орталық барлау басқармасы (одан әрі - ОББ) директорының орынбасары, Энергетика министрі, Тергеудің Федеральды бюросы (одан әрі - ТФБ) және Ұлттық қауіпсіздік  Агенттігі, «Дженерал электрик», «Боинг» сияқты жетекші корпорациялардың басшылары енетін арнайы топ құрылды.

Америка барлауы  өз әрекетінде басты назарды әскери-саяси  саладан кең көлемдегі бизнес саласына ауыстырды. Осыған байланысты бизнес және қаржы әлемінде тәжірибесі бар, олар үшін трансұлттық корпорацияларда, фирмалар мен компанияларда, олардың шет елдегі өкілдіктерінде сенімді паналар жасауға болатын жаңа қызметкерлер керек болуда. ХХ ғасырдың аяғында 150 американдық корпорация, оның ішінде мұнай корпорациялары, ОББ және басқа АҚШ арнайы қызметтер үшін сырт елдерде қорған болып, бүркеме жасады.  

Қазіргі уақытта  экономикалық қауіпсіздіктің неғұрлым толық және тиімді тұжырымдамасы (бағдарламасы) АҚШ-та қызмет жасауда. Оған куә америка  экономикасының тұрақты дамуы, тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылауы (1993 жылдан бастап АҚШ әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде жоғары орындарды алуы. Бұдан басқа, 2007 жылдың қорытындысы бойынша, әлемдегі 100 аса ірі корпорациялардың 50-і - американдық, 27-сі – жапондық болды.

Бірақ, өкінішке орай, ТМД елдерінің бірде-бірі, оның ішінде Қазақстан компаниялары еш болмады. Аталып өткендей, АҚШ-та осындай органдардың  ішінде Strategic and Busines Group деп аталатын ОББ-сын, Жапонияда – Departament of Research and Planning, Швецияда  Defence Research Establishment, сондай-ақ  SARO  (Ұлттық қауіпсіздік қызметі) атауға болады.

АҚШ құпия қызметтерінің  сондай-ақ түрлі ұлт үстеме құрылымдарға біріктірілген элита үстемелердің күшімен әлемді жаһандық қайта бөлудің трансұлттық жобаларын іске асыруға белсенді қатысуы заңдылы және барлығына мәлім. Сөз Бильдерберг клубы, Үш тарапты комиссия, Үш жүздік комиссия туралы. Кейде айқын құрылымы мен жарғысы жоқ, бірақ бұл ретте өздерін тек қана белсенді білдіретін емес, сондай-ақ әлемдік саясатқа, қаржы жүйесіне, экономикаға күрделі әсер ететін үкіметтік емес ұйымдардың қуатты желісі құрылған. Бұл құрылымдарда жиі үкімет қаулылары, халықаралық ұйымдардың шешімдері және т.б. шешуші шешімдер қабылданады. Бұл ұйымдар саяси режимдерді, мемлекеттердің даму бағыттарын өзгертеді.

Электрондық ақпараттарға сүйенсек 2006 жылғы 8-12 маусым аралығында Канадалық Оттава қаласының төңірегінде (Канат) «Брукстрит» мейманханасында  осы жартылай құпия Бильдерберг клубына мүше азаматтардың кездесуі болды. Оған әлемнің 125 азамат пен азаматшалары қатысты. Олардың ішінде Хилари Клинтон, Киссинджер, Рокфеллер, Ирактың премьер-министрі Чалаби, Кока-Кола мен Скандинавия елдерінің әуе компанияларының басшылары, Голландия ханшайымы, Әлем банкінің басшысы Вульфонсен, Испания мен Греция Үкімет мүшелері, АҚШ пен Канада губернаторлары қатысқан.

Сол отырыстың  күнтәртібінде мынадай мәселелер  қаралған: мұнай бағасын 2006-2007 жылдары 40 доллардан 70 долларға, ал 2008 жылы 150 долларға дейін көтеру; Қиыр Шығыс пен Ресей; АҚШ, Канада және Мексиканы келешекте біріктіріп, тұтас бір мемлекет орнату проблемасы; рак ауруын емдей алатын дәрі-дәрмекті жасырын ұстау; Иранға шабуыл жасау т.б.

Мұндай жағдайды әлем 1999 жылы Югославия Одақтық Республикасына қатысты байқап отырды, бірқатар арнайы ресейлік мемлекеттік ведомстволар мен сараптау орталықтары (мысалы, «Намакон» орталығы сияқты) байқап, қол жеткізгендей, оны бомбылау туралы шешімдерді Бильдерберг клубының отырыстарында қабылданған.

Осы адамдар арқылы ескі «Ұлттар Еуропасы» да қарсы тұратын әлемдік элитадан үстемелер барлық кедергілерді жеңуге қабілетті.

Бұл соғыстарды қаржылық, сауда, оның ішінде жаһандық (Дүниежүзілік Банк, ХВҚ, ДСҰ) ұйымдар, ресейлік арнайы қызметтердің бағалаулары  бойынша, дерлік триллион доллардағы жылдық айналымға ие наркомафия жүргізеді. Бұл қызмет «құпия соғыста» американдық арнайы қызметтер сияқты ең ірі ойыншылардың жұмысын қамтымайды дегенге сену қиын.

Сайып келгенде, әлемнің аса ірі мемелекеттері  өздерінің ұлттық қуаттылығы мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы қызметтердің әлеуетін кеңінен қолдануда.

Әлемде ірі  компаниялар мен мемлекеттердің арасында бәсеке күресінің маңызды  қаруы мен тәсілі өнеркәсіптік-экономикалық шпионаж (экономикалық барлау) болып табылады.

Бұл қажетті, құпиялы  ақпараттарды жинауға негізделген  заңға сыйыспайтын, керісінше оларға қайшы келетін, жасырын әрекет, яғни бәсекелесуші, қарама-қарсы жақтардың  өз коммерциялық мүддесі үшін жасалатын  әрекет болып табылады.

Өндірістік  шпионажға заңнамалық тұрғыдан анағұрлым  терең анықтаманы Интерпол берген: «...бір нәрсе өндіру үшін жасалған немесе сатып алынған, өнеркәсіптік құндылығы бар, кеңірек айтқанда, ұлттық экономика үшін құны бар жеке және заңды тұлғаға тән интеллектуалдық меншікті кез келген жалған жолмен иемдену».

Өнеркәсіптік-экономикалық шпионаж түрлі деңгейде жүргізіледі:

- мемлекеттік деңгейде, мұнда ең маңызды болып еліміздің экономикалық қуаттылығын, оның экономикалық тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған макроэкономикалық ұлттық мүдделер саналады;

- трансұлттық корпорация деңгейінде, яғни, бір жағынан, өзінің экономикалық қуаты бойынша кейбір мемлекеттердің экономикалық қуатынан асып түсіп жататын, екінші жағынан, пайда үшін тәжірибеде өнеркәсіптік шпионажды 100 пайыз пайдаланатын әлемдік экономиканың алпауыттар деңгейінде;

- кейбір  өндірістер яғни кәсіпорындар  деңгейінде.

Жалпы бұл салада мұндай қызмет жағымсыз экономикалық тенденцияларды анықтауы, сыртқы сауда  саласында шетелдік үкіметтер тарапынан дайындалып жатқан акциялар жайлы алдын-ала ескертуі, сауда келіссөздерінде делегацияларды барлау ақпаратымен жабдықтауы керек.

Халықаралық тәжірибелерді  зерттей отырып, оның ішінде осы  саладағы көш бастаушы АҚШ экономикалық барлау қызметін назарға алып, экономика  саласындағы барлау қызметінің үш басты құрамдас бөліктерін анықтауға болады. Олар: макроэкономикалық барлау, микроэкономикалық барлау және экономикалық қарсы барлау.

Қазақстан Республикасы мен оның кәсіпкерлерінің өнеркәсіптік шпионаж және оған қарсы тұру тәсілдері жөнінде әзірге түсінігі аз, толық біле бермейді. Батыс пен АҚШ-та ол кең қолданыс тапқан. АҚШ-тағы әлеуметтік зерттеулердің нәтижесі бойынша 1554 компанияның 1324-і тұрақты өнеркәсіптік-экономикалық шпионаж жасаған болса, ал үштен бірі экономикалық шпионаж қызметтерін жасақтаған.

Макроэкономикалық және микроэкономикалық барлауды мемлекет тарапынан қамтамсыз ету экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізі екендігі жасырын емес. ХХ ғасырдың 70-жылдары «экономикалық қауіпсіздік» термині шыққаннан кейін, ол дамыған капиталистік елдерде тым жылдам таралды.

Экономика саласындағы  барлау негізінен АҚШ Ұлттық қауіпсіздік  агенттігі жүргізетін әлемдік ақпаратты  сүзіп отыратын  «ЭШЕЛОН» жүйесі жұмыс істейді.

«ЭШЕЛОН» әлемдегі барлық байланыстарды тыңдайтын, деректерді талдауға бағытталған және автоматтандырылған көп деңгейлі жүйе. Бұл жүйеге жасалған келісімдерге сәйкес ірі бес мемелекет кіреді. Олар АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Астралия және Жаңа Зеландия. COMINT АҚШ саяси және экономикалық шешімдерді қабылдайтын тұлғаларға және АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігіне аса маңызды болып келетін шетел байланыс жүйелеріндегі техникалық және барлау деректерін жинайды.

Шетел байланыс жүйелеріне мыналар жатады: әскери байланыс жүйесі, радио, телеграф, электрондық пошта, факс және теледидар.

«ЭШЕЛОН» 1947 жылы АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Астралия және Жаңа Зеландия араларында құпия келісім жасау кезінде пайда болды. Оның мақсаты Кеңестік Одаққа және оның әріптестеріне қарсы қызмет ету болды. Ал қазір бұл жүйе Тынық мұхиты өңірінде Ресей мен Қытай байланыс жүйелеріне қарсы бағытталып отыр.

Мұның сыртында, аталған «ЭШЕЛОН» барлау жүйесі АҚШ компанияларына бәсеке болып келетін шетел компанияларының жоспарлары мен құпияларын жасырын алумен шұғылданады. Бұл деректер АҚШ Үкіметі мен басқа мемлекеттік органдарына және әлемдік бәсекеде жеңіп шығу үшін мүдделі компанияларға жіберіледі. Бірақ, АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігі мұны мойындамай отыр. Сондай-ақ, барлау саласында «ЭШЕЛОН» жүйесін қамтамасыз ететін геостационарлық спутник тек қана АҚШ бар. Тиісті ақпараттарға сәйкес «ЭШЕЛОН» әлемнің 3 млрд. астам халықтың ақпараттарын (факс, телефон, электрондық пошта т.б.) тыңдай алады.

Информация о работе Ұлттық экономикалық қауіпсіздік және қазіргі жағдайдағы Қазақстанның шаруашылық стратегиясы