Ұлттық қорды қалыптастырудың қайнар көзі

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2012 в 01:08, реферат

Описание работы

Курстық жұмыстың зерттелу дәрежесі. Курстық жұмысты жазудағы ақпарат көздері курстық жұмыстың жазылу барысында Ұлттық қор құрылымы және қызмет етуі туралы жазған экономикалық ілім классиктері мен шетелдік және қазіргі отандық экономистердің еңбектері негізге алынды: Ільясов, Құлпыбаев, Шеденов, Фишер, Сейтқасымов, Ғабитов, Мақыш, Құдайбергенов және т.б. Сонымен қатар, экономикалық қаржылық сферадағы деректер мен жаңалықтарды жариялап отыратын мерзімді баспасөз құралдары.

Работа содержит 1 файл

улттык.doc

— 290.50 Кб (Скачать)

1.2 Ұлттық  қорды қалыптастыру  мен пайдалану  жөніндегі есепті  құру, қарау және  бекіту.  
 

      Ұлттық  қорды қалыптастыру мен пайдалану  механизмі мемлекеттің және шетелдердің  жалпы экономикалық ахуалына, макроэкономикалық  тұрақтылық пен фиксалдық саясатқа, елдің даму басымдылықтарына және әлемдік  пен ішкі тауар, сонымен қатар  қаржы нарықтарының коньюктурасына байланысты белгіленеді. Ұлттық қорды пайдалану Бюджеттік кодексте анықталады және оның құралдары  негізінде республикалық бюджет түсімдерінің бекітілген жіне нақты көлемдері арасында айырмашылық болған жағдайда сол айырманың орнын толтыруға, сондай-ақ Президент белгілеген мақсаттарға ресми трансферттер түрінде жұмсалады.

      Ұлттық  қорды қалыптастыру мен пайдалану  есепті құру Қазақстан Республикасының Үкіметінің құзіретіне кіреді. Жыл сайын Үкімет Ұлттық банкпен бірге аудит нәтижелерінің негізінде қордың іс-ірекеті жөнінде жылдық есепті құрады. Бұл есепте Ұлттық қор құралдарының түсуі мен пайдалануы жөнінде жылдық мәліметтері көрсетіледі, қорды басқару бойынша Ұлттық банктің әс-әрекеті сипатталады, сондай-ақ қорды басқару жөніндегі  басқа да мәліметтер келтіріледі.

     1. Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорын қалыптастыру  көздері:

       1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсімдер;

       2) Қазақстан Республикасының Ұлттық  қорын басқарудан түсетін инвестициялық  кірістер;

       3) Қазақстан Республикасының заңнамасында  тыйым салынбаған өзге де түсімдер  мен кірістер болып табылады.

       2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсімдер:

       1) мұнай секторы ұйымдарының тікелей  салықтарынан (жергілікті бюджеттерге  есептелетін салықтарды қоспағанда) тұрады, оларға: корпоративтік табыс салығы, үстеме пайда салығы; пайдалы қазбаларды өндіру салығы, бонустар, өнімді бөлу жөніндегі үлестер; экспортқа рента салығы; өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі жатады;

       2) мұнай секторы ұйымдары жүзеге  асыратын операциялардан түсетін  басқа да түсімдерден (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда), соның ішінде мұнай келісімшарттары талаптарының бұзылғаны үшін түсімдерден (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда);

       3) республикалық меншіктегі және  тау-кен өндіру және өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдерден;

       4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы  жер учаскелерін сатудан түсетін  түсімдерден тұрады.

  3. Шикі мұнайды, газ конденсатын өндірумен және (немесе) өткізумен айналысатын, сондай-ақ шикі мұнай, газ конденсатын барлауға келісімшарттар жасасқан заңды тұлғалар мұнай секторы ұйымдарына жатады.

        Кезекті қаржы жылына мұнай секторы ұйымдарының тізбесін ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және мұнай операцияларын жүргізу, келісімшарттар жасасу және орындау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган бірлесіп бекітеді.

     4. Материалдық емес  активтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қаржы құралдарына орналастырудан құралады.

     Белгіленген формамен және бекітілген тіртіппен  жасалған Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі есеп Қазақстан Республикасының Президенті бекіткеннен кейін ақпарат ретінде Қазақстан Республикасы Парламентіне ұсынылады. Ұлттық қордың іс-әрекеті мен оны басқару  жөніндегі жылдық есеп пен жүргізілген  аудит нәтижесі бойынша ақпарат  бұқаралық ақпарат құралдарына  жарияланады.

      Қордың  қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есеп мыналарды кіріктіруі тиіс:

  • Ұлттық қордың түсімдері және пайдаланылуы туралы есеп;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ұлттық қорды сенімгерлікпен басқару жөніндегі қызметі туралы есеп;
  • Ұлттық қорды басқару жөніндегі өзге де мәліметтер.

      Ұлттық  қорды басқаруға байланысты қызметтің  транспаренттілігін қамтамасыз ету  мақстаында жыл сайын аудит жүргізіледі. Аудиторды немесе аудиторлық ұйымды таңдау конкурстық негізде және Үкімет белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.[2, 477-480 бет]

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы  мен пайдаланылуы туралы 2011 жылғы есеп туралы ақпарат.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 8 шілдедегі № 630 Жарлығымен Қазақстан  Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы  мен пайдаланылуы туралы 2010 жылғы есеп бекітілді.

      2011 жылғы 1 қаңтарға Қазақстан Республикасы  Ұлттық қорының қаражаты 1853398392 мың теңгені (1851941116 мың теңге – аудиттелген қаржылық есептілікке  сәйкес есепке алу тәсілімен)  құрады, 2007 жылғы  31 желтоқсанға 2733351338 мың теңгені (2730887908 мың теңге – аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есепке алу тәсілімен) құрады.

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне  өзгерістер енгізуге байланысты («Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы           29 маусымдағы № 269 Заңы), оларға сәйкес мұнай операцияларын жүзеге асыратын барлық кәсіпорындардан тікелей салықтардың түсімі Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есепке алуға жатады, 2011 жылғы   1 шілдеден бастап мұнай секторы кәсіпорындарының саны артты    (55 кәсіпорыннан 157 кәсіпорынға дейін).

      2011 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына 1139270342 мың теңге  түсті, оның ішінде мұнай секторы  кәсіпорындарынан тікелей салықтардың  түсімі есебінен (жергілікті бюджеттерге  есепке алынатын салықтарды қоспағанда) – 1037094009 мың теңге, оның 346150165 мың теңгесі (2833577 мың АҚШ долларына  барабар) кезекті айырбастау/қайта айырбастау операциясын дәл сол күні жүргізу жолымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының тиісті шотына теңгемен есепке  алынған шетел валютасындағы түсімдер, мұнай секторы кәсіпорындары жүзеге асыратын операциялардан  түсетін басқа да түсімдер (жергілікті  бюджеттердің есебіне жатқызылатын  түсімдерді қоспағанда) – 848186 мың  теңге, республикалық меншiктегі  және тау-кен өндiру мен өңдеу  салаларына жататын мемлекеттік  мүлiктi жекешелендiруден түскен  түсiмдер – 90 мың теңге, ауыл  шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түскен түсімдер  – 5407073 мың теңге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түскен инвестициялық кiрiстер – 95920984 мың теңге.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мұнай  секторы кәсіпорындарынан түсетін  түсімдерде негізгі бөлікті (66,77%) заңды  тұлғалардан алынатын корпоративтік  табыс салығы, одан соң үлесі түсімдер-дің  жалпы сомасының 16,5%-ін құрайтын роялти алады. Үстеме пайдаға салынатын  салық түсімдердің жалпы сомасының 11,25%-ін құрайды және өнімді бөлу жөніндегі  Қазақстан Республикасының үлесі  түсімдердің жалпы сомасының 4,29%-ін құрады.

      «Қазақстан  Республикасының Ұлттық қорынан 2010 – 2012 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2011 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке даму бюджетінің шығыстарын жабуға кепілдендірілген трансферт түрінде 258000000 мың теңге аударылды.

     Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға  байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шотынан есепті кезеңде  жалпы сомасы 1 317 396 мың теңгеге шығыстар жүргізілді.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқарудың қорытындылары  бойынша 2011 жылы алынған ұлттық валютада көрсетілген инвестициялық табыс 95 920 984 мың теңгені құрады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға байланысты қызметтiң транспаренттiлiгiн  қамтамасыз ету мақсатында 2011 жылға ауди-торлық тексеру жүргізілді. Қазақстан  Республикасының Ұлттық қоры аудитінің  нәтижелері бойынша қаржылық есептілік  шынайы деп танылды және Қазақстан  Республикасы Ұлттық қорының қаржылық жағдайы қаржы-лық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетінін көрсетті.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кірістері мен шығыстары туралы есеп.[4, 166-172 ,бет]         

1-кесте

Баптардың атауы 2011 жылы 2010 жылы
1 2 3
Кірістер          
Сыйақы түріндегі кірістер 73 553 658 41 106 540
Дивидендтер түріндегі кірістер 12 152 166 6 512 527
1-кестенің  жалғасы
Форвардтық валюталық келісімшарттарды қоспағанда, пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша скерілетін қаржы құралдарынан түсетін кіріс 28 886 584 17 738 988
Форвардтық валюталық келісімшарттардан түсетін таза кірістер (шығындар) 1 417 922 12 910 636
Шетелдік валюталарды қайта бағалаудан түсетін таза кірістер (шығындар) 89 990 488 61 619 693
Кірістердің жиыны 206 000 818 114 067 112
Шығыстар    
Активтерді басқарғаны үшін комиссия 2 097 832 1 083 937
Кастодиандық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығыстар 193 757 170 354
Аудиторлық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығыстар 14 820 13 000
Кәсіби қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығыстар 999 -
Бағдарламалық өнімдерді және ақпараттық дерекқорды пайдаланғаны үшін ақы төлеу жөніндегі шығыстар 16 142 20 136
Шығыстардың жиыны  2 323 550 1 287 427
Таза  кіріс (шығын) 203 677 268 112 779 685

 

1.3 Ұлттық  қордың кіріс көздері  мен пайдалану  бағыттары.  
 

      2001 жылдың ішінде Ұлттық қор жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі қажетті іс-шаралар толық тиянақталды. Атап айтсақ, ел Президентінің 2001 жылғы 29 қаңтардағы Жарлығымен “Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану ережесі”, сондай-ақ Үкімет қабылдаған бірнеше қаулыларға сәйкес, жоспардан тыс салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті түсімдері Ұлттық қорға есептелген шикізат секторы ұйымдарының тізбесі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шарт, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау ережесі бекітілді.

      Ұлттық  қор бюджеттік және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған, ал мұнай кірістерінің көп бөлігін Ұлттық қорда жинақтау барынша жүйелі фискалдық саясат жүргізуге, Индустриялық-инновациялық даму стратегиясында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруға, сондай-ақ болашақ ұрпақтың Қазақстанның мұнай ресурстарының игілігін пайдалану мүмкіндігіне ие болуына жол ашады.

      Ұлттық  қор Президент жанындағы консультациялық-кеңесу органы саналатын – Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес арқылы басқарылады. Оның негізгі міндеті Ұлттық қорды пайдалану жөнінде Елбасыға тиісті ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Сонымен бірге Президентке және аталған Кеңеске, Үкімет пен Ұлттық Банкке Ұлттық қорды басқару жөніндегі қызметке бақылауды жүзеге асыру, өзге өкілеттіктер беру сияқты артықшылықтар ұсынылған. Ұлттық Банк пен Үкімет арасында жасалған Ұлттық қорды сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде Ұлттық қорды дербес инвестициялауды жүзеге асырады. Соған сәйкес Ұлттық Банк Ұлттық қордың активтерін басқаруға сыртқы басқарушылармен шарттар жасасты. Ұлттық қорды басқаруға байланысты қызметтің транспаренттігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын Ұлттық қордың сыртқы аудиті жүргізіледі.

        Ұлттық қорды пайдалану Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген мақсаттарға ғана жүзеге асырылады. Ұлттық қор қаражатын пайдалануға қатысты осыған ұқсас басқа қорлардың қаражатын пайдаланудың түрлі бағыттары бар екендігін атап өту қажет. Ол мынадай тәсілмен өріледі. Айталық, тұрақтандыру трансферттері үшін республикалық бюджетке аудару, сыртқы борыштарды өтеу, инвестициялық кірістің бір бөлігін халықтың арасында бөлу, экологиялық бағдарламаларды қаржыландыру және басқа да шешімдер негізінде жүзеге асырылады.

Информация о работе Ұлттық қорды қалыптастырудың қайнар көзі