Ұлттық қорды қалыптастырудың қайнар көзі

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2012 в 01:08, реферат

Описание работы

Курстық жұмыстың зерттелу дәрежесі. Курстық жұмысты жазудағы ақпарат көздері курстық жұмыстың жазылу барысында Ұлттық қор құрылымы және қызмет етуі туралы жазған экономикалық ілім классиктері мен шетелдік және қазіргі отандық экономистердің еңбектері негізге алынды: Ільясов, Құлпыбаев, Шеденов, Фишер, Сейтқасымов, Ғабитов, Мақыш, Құдайбергенов және т.б. Сонымен қатар, экономикалық қаржылық сферадағы деректер мен жаңалықтарды жариялап отыратын мерзімді баспасөз құралдары.

Работа содержит 1 файл

улттык.doc

— 290.50 Кб (Скачать)
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 
 

     Тіпті үлкен экономикадан хабары жоқ ортаңғы  деңгейдегі қазақстандықтың өзі  еліміздегі Ұлттық қордың барын біледі. Алайда ол не үшін құрылды, кім және қалай басқарылатынын аздаған адамдар  ғана біледі. 

       Қор 2001 жылы құрылды. Бұл оқиға тек Қазақстанға ғана белгілі боп қалған жоқ. Осы қабылданған стратегиялық шешімнің арқасында Қазақстан, «голланд дертіне» шалдығуға жол бермеуге батыл қадам жасаған бұрынғы КСРО елдерінің ішіндегі алғашқылардың бірі болды. Бұл қорды құруымен Қазақстан өзінің ТМД-дағы экономикалық реформа бойынша алда екендігін тағы да дәлелдеді. Айта кету керек, мұны ірі халықаралық қаржы институттары мысалы, Әлемдік банк немесе Еуропалық жаңарту және даму банкі бірнеше рет атап өтті. Біздің жолымызбен Ресей жүрді. Қазақстанның Ұлттық қоры дамушы елдер үшін және бұрынғы КСРО-ның сыртындағы елдер үшін модель ретінде пайдаланылады. Мысалы, дүние жүзіндегі ірі газ өндірушілердің бірі болып табылатын латинамерикалық Тринидад және Тобаго мемлекеті өздерінің жинақ қорын құруы кезінде Әлемдік банк оған Қазақстанның тәжірибесіне жүгінуге кеңес берді. Сөйтіп, Қазақстан Респуб-ликасының Ұлттық қорын бақылап отырған сыртқы бақылаушылардың көзқарастарына қарағанда, оның қызметі табысты екендігіне күмән жоқ. Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржы активі түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтерді Қазақстаннның Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қоры мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге дүниежүзілік бағалардың конъюктурасына Республикалық және жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржы активтерінің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына, экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған.

    Курстық жұмыстың өзектілігі - Ұлттық қор болмаса Қазақстан Респупликасының дамуы жүзеге аспайды. Осы ұлттық қордың көмегімен көптеген операциялар орындалады. Ұлттық қор жалпы ел эканомикасына әрдайым ықпалын тигізіп отырады.Ұлтық қорда ақша қоры көп болса, яғни эканомикалық даму ахуалы жоғары болады.

    Курстық жұмыстың зерттелу дәрежесі. Курстық жұмысты жазудағы ақпарат көздері  курстық жұмыстың жазылу барысында  Ұлттық қор құрылымы және қызмет етуі туралы жазған экономикалық ілім классиктері  мен шетелдік және қазіргі отандық  экономистердің еңбектері негізге  алынды: Ільясов, Құлпыбаев, Шеденов, Фишер, Сейтқасымов, Ғабитов, Мақыш, Құдайбергенов  және т.б. Сонымен қатар, экономикалық қаржылық сферадағы деректер мен жаңалықтарды жариялап отыратын мерзімді баспасөз құралдары.

    Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының экономикадағы маңызы, қоғамдық өндірістегі өмір сүруі және т.б. Жалпы бұл курстық жұмыс Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаншалықты қоғамдық өмірде және еліміздің дамуында маңызды рөл атқаратыны.

    Қойылған  мақсатқа байланысты курстық жұмыстың міндеттері келесідей:

  1. Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану;
  2. Ұлттық қордың  кірісі мен шығысын  құқықтық реттеу;
  3. Ұлттық қордың құрылуының негіздерін қарастыру;
  4. Қазақстандағы Ұлттық қордың орнын анықтау;
  5. Қазақстан Республикасындағы Ұллық қордың маңыздылығына тоқталу;

    Зерттеу объектісі Қазақстан Республикасынын Ұлттық қоры

    Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. курстық жұмыста  қарастырылатын период 2009-2011 жылдар.

    Жұмысты жазу барысында отандық және шетелдік авторлардың жұмыстары, мерзімді басылым, нормативті-құқықтық актілер, ресми интернет сайттары қолданылды.  
 
 
 
 
 
 
 

 

 

 

 

 

 

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1 Ұлттық қорды қалыптастырудың  қайнар көзі   

1.1 Мемлекеттің  қаржы жүйесіндегі  Ұлттық қордың  ролі мен мәні. 
 

      Елдің бюджет жүйесіне республикалық, жергілікті және төтенше бюджеттермен қатар  Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры да кіреді. Бюджет кодексінде берілген анықтама бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметінің Ұлттық банктегі шотында жиналатын материалды емес активтерден басқа қаржы  активтер Ұлттық қорды құрайды.

      Ұлттық  қор елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, экономиканың шикізаттық салалардан тәуелділігі мен қолайсыз сыртқы факторлар әсерін төмендету мақсатпен құрылған. Бұл қордың тағы бір маңызды арнауы болып бірқатар қоғамдық мұқтаждықтарды қаржыландыру үшін мемлекетке қажетті қаржы активтер мен басқа да мүліктерді қорландыру табылады.[1, 76 бет]

       Ұлттық  қор мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге әлемдік бағалардың жағдайына республикалық және жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтерді және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүліктерді жинақтауға, экономиканың мұнай секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Ұлттық қор жинақтау және тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырады.

       Жинақтау  функциясы материалдық емес активтерді қоспағанада, қаржылық активтер мен өзге мүліктің жинақталуын, тәуекелдің қалыпты деңгейінде Ұлттық қор активтерінің кірістілігін қаматамасыз етеді және әртараптандыру және ұзақ мерзімді перспективада неғұрлым жоғары табыстылыққа қол жеткізу мақсатында әлемнің дамушы елдерінде айналысқа түсетін борыштық та, үлестік те қаржы құралдарына инвестицияланады.

       Тұрақтандыру  функциясы Ұлттық қордың активтерінің өтімділігінің жеткілікті деңгейін ұстап тұруға арналған. Қордың тұрақтандыру функциясын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын бір бөлігі кепілделінген трансфертті қамтамасыз етуге қажетті мөлшерде айқындалады және жоғары кредит рейтингі бар елдердің ақша рыногының жоғары өтімді сенімді активтеріне инвестицияланады.

       Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптасытру мен пайдалану дүниежүзілік және ішкі тауар қаржы нарықтарының конъюктурасы, мемлекеттегі және шет елдердегі экономикалық жағдайы, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары ескеріле отырып, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық және Ұлттық қордың негізгі мақсаттары мен міндеттері сақтала отырып айқындалады.

       Ұлттық  қордың түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталарымен жүргізіледі.

       Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының операциялар  жөніндегі есебі мен есептемесі ұлттық валютамен жүзеге асырылады.

     Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі Ұлттық қордың рөлі  мен мәні оның атқаратын  функциялары бойынша да көріністе. Ұлттық қор жинақтаушы және тұрақтаушы функцияларды іске асырады. Бірінші  функциясы арқылы негізінде экономианың  шикізаттық секторы түсімдерінің белгіленген  бөлігінен құрайтын қаржы активтерін қорландыруды  қамтамсыз етеді. Екінші функциясы шикізаттық ресурстардың әлемдік бағалары  коньюктурасының  мемлекеттік қаржылар ахуалына әсерін тегістеуді қамтамасыз етеді.

     Қазақстан Республикасының Yкiметi Ұлттық қорды  қалыптастыратын шикiзат секторы  ұйымдарының тiзбесiн бекiттi, ол кәсiпорындарды тiзбеге енгiзу және одан шығару бойынша  бiрнеше рет өзгерiстерге ұшырады. Бұл факт Ұлттық қорға аударылатын  түсiмдер мөлшерiн айқындаудың тұрақты болмайтынын көрсетедi. Бұл ретте, тiзбе басынан-ақ және қазiр де мұнай секторының барлық кәсiпорындарын қамтымайды. Республикалық бюджеттi жоспарлау және атқару кезiнде кiрiс бөлiгiне салық бiр кәсiпорындар бойынша базалық орта бағаны ескере отырып, тiзбеге енгiзiлмеген басқа кәсiпорындар бойынша iс жүзiнде қалыптасқан баға бойынша түседi.[2,475-476 бет]

      Ұлттық  қор құралдарының негізгі қайнар көздері ретінде республикалық  және жергілікті бюджеттерден бөлінетін  ресми трансферттер, сондай-ақ осы  қорды басқарудан түсетін инвестициялық  тбыстар қарастырылады. Республикалық  бюджет арқылы ресми трансферттер келесідей  анықталады:

  • шикізаттық сектор субъектілерінің нақты түсімдері мен олардың   бекітілген жылдық көлемдері  араларындағы айырмасы мөлшерінде;
  • шикізат табу мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүліктерді жекешелендіруден түскен  түсімдер мөлшерінде;
  • шикізаттық сектор субъектілері түсімдерінің жоспарлы сомаларының 10 пайыз мөлшерінде.

      Жергілікті  бюджеттер бойынша ресми трансферттер көлемі ауылшаруашылық арнаудағы жерлерді сатудан түскен түсімдер мөлшерінде анықталады.

      Ұлттық  қорды тиімді басқару мақсатпен  Қазақстан Республикасының Президенті маңында кеңесші орган- Ұлттық қорды  басқару жөніндегі кеңес құрылады. Бұл орган қорды тиімді пайдалану  мен оның құралдарын қаржы активтеріне  жайғастыру бойынша ұсыныстар жасайды. Осы Кеңесті құру мен құрамын  анықтап , оның ережелерін бекітетін  Ел Президенті.

      Кеңсе келесі функцияларды атқарады:

  • қорды қалыптастыру мен пайдалануының тиімділігін ұлғайту жөнінде   ұсыныстар жасайды және дәйектейді;
  • қорды пайдалану бағыттар мен көлемдері жөнінде ұсыныстар   қарастырады және жасайды.
  • қорды жайғастыру үшін рұқсатталған қаржы активтер мен басқа да мүліктер тізбесі жөнінде ұсыныстар  жасайды.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қорды  басқару кезінде мына өкілеттіктерді жүзеге асырады:

     1.Есептемені  жасау ережелерін, ақшаны  қорға,  есепке алу және оны  пайдалану  тәртібін әзірлеп  бекітеді;

     2.Ұлттық  банкпен бірлесіп ақпараттық  материалдардың және қорды басқару  мен байланысты қызмет бойынша  қаржылық есептеменің графигін  жасап, бекітеді;

     3.Президентке  қордың қалыптастырылуы  және  пайдаланылуы туралы есепті  және  Парламентке қорды қалыптастыру  және пайдалану жөніндегі ақпаратты  ұсынуды қамтамасыз етеді;

     4.Қордың  жыл сайынғы сыртқы  аудитін  жүргізуді қамтамасыз  етеді;

     5.Қорды  қалыптастыру мен пайдаланудың  бұхгалтерлік есебін қамтамасыз  етеді;

     6.Қордың  қызметімен байланысты өзге өкілеттіктерді  жүзеге асырады.

      Қорды сенімгерлік басқаруды Ұлттық банк пен Үкімет арасында жасалынған сенімгерлік  басқару туралы шарт негізінде Ұлттық банк жүзеге асырады:

     1.Қорды  оның бір бөлігін  сыртқы басқарушыны  басқаруға  беруді қоса дербес  инвестициялау;

     2.Инвестициялық  операцияларды  жүзеге асырудың  ережелерін әзірлеп,  бекіту;

     3.Үкіметке  қорды сенімгерлік  басқарудың  нәтижелері туралы  есепті ұсыну;

     4.Сенімгерлік  басқару туралы  ережелер мен  шартта қарастырылған өзге өкілеттіктер.

      Қорды тиімді сенімгерлік басқаруды қамтамасыз ету мақсатнда Ұлттық банктің  шешімімен арнаулы лауазымды  тұлғаны (Ұлттық банк төрағасының орынбасарынан  төмен емес деңгейде) - өкілетті өкілді анықтайды, оның өкілеттігіне Ұлттық банктің атынан қорды сенімгерлік басқару жөнінде шешімдерді оперативті қабылдау кіреді.

     Қазақстан Республикасының өкіметі мен  Ұлттық банк қорды басқару мәселелері бойынша болжамды іс-әрекеттер мен  қол жеткен нәтижелер туралы бір-біріне ақпарат беріп отыруға міндетті.[1, 78-80 бет]  

Информация о работе Ұлттық қорды қалыптастырудың қайнар көзі