Қолма қол ақшасыз есеп айырысу ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 12:17, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі таңда нарықтық экономиканың кең етек алуына байланысты, экономикалық іс-шараларға көшу ретінде кәсіпорынның көптеген түрлері қалыптасуда. Мысалы: жабық акционерлік қоғамдар, шаруашылық бірлестіктер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және тағы басқалары.

Содержание

кіріспе..................................................................................................................3



I Ақша қаражаттарының сипатымен есеп айырысу нысандары.......................................................................................................5

II есеп айырысудан қолма-қол ақшасыз нысаны

2.1 Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу.................................................12

2.2 Төлем талаптармен есеп айырысу ..........................................................14

2.3 Есеп айырысудың акредитивтік нысаны...............................................16

2.4 Инкассалық өкімдермен есеп айырысу ..................................................18

2.5 Чектермен есеп айырысу .........................................................................19

2.6 Вексельдермен операциялар ..........................................................…......32

2.7 Банктік карточкалармен есеп айырысу ..................................................38

III КОЛМА – ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ............................................................................................40

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................41

ҚОСЫМШАЛАР...................................................................................................

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................

Работа содержит 1 файл

ҚОЛМА ҚОЛ АҚШАСЫЗ.doc

— 249.50 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес банк шоттары бойынша шығын операциялары осындай құқыққа ие өкілетті ұйымдардың шешімі негізінде тоқтатылады.

Банктік шоттың жабылуы клиенттің шотты жабу себебін көрсеткен өтініші негізінде жүзеге асырылады. Егер банк клиенті - заңды тұлға таратылып немесе қайта құрылса , шотта бір жылдан аса мерзімде қаржысы болмаса, ал жеке тұлғаларда- үш жылдан аса , онда орындалмаған талаптар бойынша шотты жабуға тоқтау жасалады. Банк кәсіпкерлік қызметті жүргізуші заңды немесе жеке тұлғаның банктік шотының жабылғандығы туралы 10 күн мерзімде салық қызметінің тиісті органдарын жазбаша хабардар етуі тиіс.

Банк аударым операцияларының үлкен көлемін  жүзеге асырады,яғни заңды және жеке тұлғалардың қаржы аударымын жүзеге асыру тапсырыстарын орындау бойынша операциялар.

Аударым операцияларын жүзеге асыру үшін банкте төлеуші мен алушы арасындағы есеп айырысудың келесі нысандары қолданылады:

1. Төлем тапсырмаларымен.

2. Чектермен

3. Вексельдермен

4. Төлемдік талап-тапсырмаларымен.

5. Аккредитивтермен.

6. Инкассолық өкімдермен.

7. Банктік карточкалармен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Есеп айырысудың қолма – қол ақшасыз түрі

 

2.1. Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу

 

Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу дегеніміз – ақша жіберушінің тапсырмада көрсетілген сомада бенефициар (ақшалай қаражатты алушы) пайдасына ақша аудару туралы қызмет көрсететін алушы-банкке тапсырмалары.

Ақша жіберуші қызмет көрсететін алушы-банкке белгіленген формадағы бланкпен төлем тапсырмасын ұсынады.

Ақша жіберуші «төлем белгілеуі» жолында атауды, негізінде ақша аудару атқарылатын құжаттың нөмірі мен ай-күн, жылын, сондай-ақ «Төлем белгілеуінің коды» жолында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2000 ж. 16 мамырындағы №195 қаулысына сай – төлемнің кодтық белгілерін көрсетуге міндеттелінеді[2].

Сонымен қатар, төлем тапсырмаларына деректемелерді толтырғанда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 1999 ж. 15 қарашадағы №388 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышын – төлем белгілеудегі біріңғай сыныптауышты қолдану ережелері» атты қаулысын басшылыққа алған жөн.

Төлем белгілеудегі біріңғай жіктеуді кодтау құрылымы цифрлық және әріптік рәміздер жүйесінің көмегімен құрылған.

І-ақша жіберушінің резиденттік белгісі (резидент – Қазақстан Республикасында мекен-тұрағы бар немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған заңдық және жеке тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары тұратын дипломатиялық, сауда және басқа ресми өкілдіктер, резидент емес – Қазақстан Республикасындағы немесе одан тыс жерлердегі барлық заңдық және жеке тұлғалар, сондай-ақ «резидент» түсінігінде көрсетілмеген филиалдар мен өкілдіктер);

ІІ-ақша жіберушінің экономика секторы;

ІІІ-бенефициардың резиденттік белгісі;

ІV-бенефициар экономикасы секторы;

V, VI, VII-валюта мен бағалы металдардың коды;

VII-операция түрлері;

VIII-төлемдерді нақтылау.

ТББС (төлем белгілерін біріңғай сыныптауыш) қойғаны үшін жауапкершілікті төлем бастаушысы көтереді.

Жоғарыда аталған құжаттарға сәйкес төлем тапсырмасында Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сай анықталған резиденттіктің белгісі көрсетіледі және мынандай тәртіппен қойылады:

«1»-резидент

«2»- резидент емес.

Сонымен қатар субъектінің ұйымдастыру түрінде (мемлекеттік, мемлекеттік емес); қаржыландыру көзіне (республикалық бюджет, жергілікті бюджет, өзін-өзін қаржыландыру); қызметтің негізгі түріне (өндірістік, қоғамдық іс-әрекет, қаржылық немесе қаржылық емес қызмет көрсету) байланысты көрсетіледі. (ҚОСЫМША А)

Валюта кодтары тек қана шетелдік валютамен ақша аудару туралы өтініште көрсетіледі  және ақ шетінде халықаралық стандарттарға сәйкес «Валюта» деп қойылады (SWIFT).

Тапсырмалар тауарлық емес есептеулер немесе көрсетілген қызметпен жұмыстарға алдын ала төлеу бойынша операциялар жүргізе алады.

Бенефициар-резидент емес пайдасына ақша аударған кезде, банк ақша жіберуші болған жағдайларды есептемегенде, ақша жіберуші қызмет көрсететін банк-алушыға белгіленген формадағы бланкпен ақша аудару туралы өтінішті ұсынады.

Мұндай өтініш қызмет көрсететін банк-алушыға ақша жіберушінің  ақша аудару туралы төлем тапсырмасы болып табылады.

Төлем тапсырмасы  ақша аудару өтінішті банк жазылған ай-күн, жылы, көрсетілуімен он күнтізбелік күн ішінде қабылдайды. Сонымен қатар төлем құжаттарына төлем негізділігін растайтын құжаттар тіркеледі.

 

2.2. Төлем талаптарымен есеп айырысу

 

Төлемдік талаптар-тапсырмалармен есеп айырысуда бенефициар банкке тиелген өнім, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет үшін төлеу туралы ақша жіберушіге талабы бар, көрсетілген талапты растайтын құжаттар негізінде ұсынылатын есептік құжат береді. Бенефициар бенефицардың банкінісіне төлем талап-тапсырмаларын  және төлем талап-тапсырмалары тізілімін ұсынады, ол бенифициардың барлық деректемелерін толық толтырылуын тексеріп, оны ақша жіберушінің банкісіне жөнелтеді.

Бұл есеп айырысулар төлеушінің акцепті бойынша немесе акцепсіз атқарылады. Төлемдік талап-тапсырмасын төлеуші толығымен немесе бөліп төлеуге қарсылығын оған қызмет көрсететін банк төлемдік талап-тапсырма алғаннан бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлайды. Төлеуге немесе төлеуші алған төлемдік-тапсырмасын тиісті қолдар қойылған, мөр бедерлемесімен барлық данада рәсімдейді, оны қызмет көрсететін банкке тапсырады. Инкассолық өнім ақша өндіру туралы сот шешімдері, үкімдері, белгілеулері мен қаулылары немесе сот бұйрығы бойынша берілетін орындау қағазының түпнұсқаулары тіркеліп, заңнамалық актілерге қарастырылған жағдайларда, осы өндірудің негізділігін растайтын көшірмелерді қосып, сондай-ақ салық пен кеден қызметі органдарының инкассолық өкімдері, оларға растаушы құжаттар  тіркелмейді, бюджеттік сыныптауыш код пен операция түрі көрсетіледі, ақша жіберушінің келісімінсіз банк шоттарынан  ақы алу үшін қолданылады.

Инкассолық өнім ақша жіберушінің банкісіне үш дана болып, ал бенефициар банкіне-төрт данамен ұсынылады.

Аккредетив дегеніміз – шарт бойынша контрагенттің пайдасына клиенттің тапсырмасымен берілетін банк шартты ақшалай міндеттемесі, ол бойынша аккредитив ашқан банк көрсетілген бенефициармен төлем жасайды немесе аккредитивте көзделген құжаттарды ұсынған жағдайда немесе аккредетивтің басқа шарттарын  орындағанда басқа банкке мұндай төлемдерді атқаруға өкілеттілік беру.

Банк Заңды тұлғалармен келісім бойынша белгіленген мерзімде немесе күнделікті оған үзінді көшірме, яғни банк шотындағы ақшалай қаражаттардың  қозғалысы жөнінде жазылған жазбалардың көшірмесін береді. Үзінді көшірмелерде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің 22.07.04 №102 «Клиенттің шотынан алынатын үзінді көшірменің оның банктік шоты бойынша ақша қозғалысы жайлы үзінді-көшірме мазмұнында болуға тиісті мәліметтерді белгілеу туралы» қаулысымен берілген деректемелер болуы керек. Мұнда негізіне сүйеніп, ақшалай  қаражаттың есепке алынғаны немесе есептен шығарылған құжат нөмірлері  көрсетіледі. Банк ақшалай – есеп қаражаттарын өзі жүргізген банк шоттары операцияарын дәлелдеу үшін үзінді көшірмеде көрсетілген сомалардың дұрыстығын тексереді және қате табылса, бұл жайында бірден банкке хабарлайды. Даулы сомаға заңдар мен банктік қызмет туралы шартпен белгіленген мерзімде наразылық білдіруге болады.

Банктік шоттардағы ақшалай қаражатты есептеу үшін субъектінің қаржылық-шаруашылық қызметі шоттарының Үлгі жоспарының 4 бөлігі шоты арналған. Ағымдық шоттағы операцияны көрсету үшін 1030 «Ағымдық, корреспондеттік шоттардағы ұлттық валюта ақша» шоты қолданылады.  Бұл шоттың дебеті бойынша ақшалай қаражаттың түсуі, ал кредит бойынша – азаюы көрсетіледі. Банктің ақтаушы құжаттармен тіркелген үзінді көшірмелері есеп шот бойынша жазбаға негіз болады. Үзінді көшірмелердің 1030 шот кредиті бойынша №2 журнал-ордерге 1030 шот дебеті бойынша әр түрлі журнал-ордерлерде көрсетіледі. Алайда, есептің дәл болу маңызын және бақылау қажеттілігін ескере отырып, №2 журнал-ордерге қосымша №2 тізімдеме жүргізіледі, онда 1030 дебетіне жатқызылған барлық сома есептелінеді. Банктің үзінді көшірмелері тексеріледі және өнделеді, яғни сомалармен қатар шот корреспонденциялары жасалады.

Есеп шотта деп саналатын ақшалай қаражатты сақтау мен пайдаланудан басқа заңдық тұлғалар банктерде арнайы шоттарды қаржы ұстайды. Бұл қаражатты есептеу үшін 42 «Ақша қаражаттарының банктегі арнай шоты» қарастырған. Бұл шоттың бөлімшелері – нақты ақша қаражаттарының халықтық және шетелдік ақпараттарды  қамту үшін қызмет етеді.

1060 «Аккредетивті ақша»

1040 «Карт-шоттардағы ақша»

 

2.3. Есеп айырысудың аккредитивтік нысаны

 

Есептеулердің аккредитивтік нысаны – бұл тауарлар мен қызметтер үшін өзге қалалармен есеп айырысу нысанының бірі, бұл жағдайда есеп айырысу құжаттарының  төлемі сатып алушының банк ісінде осы мақсат үшін арнайы сақталған қаржылар есебінен қойылады. Аккредитив бір ғана жабдық төленеді және қайта жалдануына болмайды. Оның есебінен қолма-қол ақша төлеуге рұқсат етілмейді. Аккредитив мерзімін сатып алушы 25 күн шегінде, кей жағдайларда жабдықтау шарттары бойынша қажет болса, жабдықтаушының банкінде аккредитивтің әрекет ету мерзімі алушының банк басшысының рұқсатымен 45 күнге дейін белгілене алады. Әдетте жабдықтаушы мен төлеуші арасындағы шартты мерзім белгіленеді. Аккредитив бойынша төлеу тауарлар үшін ұсынылған шоттар тізілімі бойынша  атқарылады. Аккредитив мерзімі өткен соң төлемге оұқсат етілмейді. Банктегі аккредитивті жабу былайша жүргізіледі. (ҚОСЫМША Ә)

1.      Аккредитив мерзімі өтуі бойынша

2.      Жабдықтаушының аккредитивті одан әрі қолданудан бас тартуы.

3.      Сатып алушының өнімі бойынша.

Қазақстан Республикасындағы чектерді қолданып, төлемдерді атқару  Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 1998ж. 5 желтоқсанындағы №266 «Қазақстан Республикасы территориясында чектерді қолдану ережелері».

Чек – чек берушінің банк-алушыға жазбаша бұйрығы бар, олардың арасындағы шартқа негізделген, осындай бұйрықта көрсетілген чек ұстаушыға ақша сомасын төлеу төлем құжаты.

Чек кітапшалары қолма-қол ақшасыз төлемдерді атқару, қолма-қол ақшалай қаражатты  алу үшін кәсіпорын банк чек берушімен шарт жасасады және арнайы шотта соманы депозитке салу туралы өтініш-тапсырма көрсетеді.

Берілген чектер бойынша, бірақ банк төлемеген сома 1060 шотта қалады.

1060 шоты бойынша талдаушы шот алынған әрбір чек кітапшасы бойынша жүргізіледі[3].

Ұйымдар чек кітапшаларымен қатар карт-шоттарды қолдана алады. Карт-шоттар 1040-шотта есептеледі және ТМҚ алу, іссапарлық және есеп беретін адамдардың басқа да шығындары бойынша есеп айырысулар үшін арналған. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.4Инкассалық өкімдермен есеп айырысу

 

Заң актілеріне сәйкес ақша жөнелтушінің келісімінсіз оның шотынан ақша алу жүргізіледі, бұл кезде инкассолық өкім деп аталатын құжат қолданылады, сондай-ақ салық қызметі және кеден ұйымдарының инкассалық өкімі қолданылады.

Ақша жөнелтушінің банкіне ақша өндіріп алу туралы сот анықтамасы- қаулыларының, шешімдерінің, өкімдерінің, аталған өндіріп алуды сендіретін сот бұйрығы немесе көшірмесі, атқарушы парақтар және бұйрықтарға қоса инкассалық өкім ұсынылады. Салық қызметі органдары мен кеден органдарының инкассолык өкімі ұсынылмайды. Бұл талаптарды Ұлттық банк бекітеді. Инкассолық өкімде жөнелтуші келісімінсіз оның банктік шотынан ақша алуға құқық беретін заң актісінің сәйкес нөмірі мен күні көрсетіліп, төлем мәні жазылуы тиіс. Салық және кеден қызметі органдарының инкассалық өкімінде қосымша бюджеттік жіктелу коды, операция түрі көрсетіледі. Бұл кезде өндіріп алудың дұрыстығына, сондай-ақ ақша жөнелтушінің келісімінсіз ақша алуға негіз болған сілтемелерге өндіріп алушы жауапты. Банктер ақша жөнелтушінің олардың келісімінсіз банктік шотынан қаржы алуға қарсылық білдірген арызын қарамайды.

Егер келісім акцептелмеген болса, онда ол акцепт мерзімі аяқталғанға дейін қайтарылып алынады. Бұйрықты орындау немесе акцептелген бұйрықты қайтарып алу оны алушы-банк орындағанға дейін жүргізілуі мүмкін.

Жөнелтуші алушы банкке бекітілген бланк нысанында жазылған қайтарып алу өкімін жолдау арқылы бұйрықты тоқтатуына болады. Қайтарып алу туралы өкімде төлем құжатының күні, оның нөмірі, сомасы және алушы-банк бекіткен басқа да деректемелері көрсетілуі тиіс. Электронды тәсілмен жолданған өкім, жөнелтуші мен алушы-банк арасындағы бекітілген келісімге сәйкес санкцияланбаған төлемдерден қорғау тәртібі сақталған жағдайда, жолданған болып табылады. Қағаз жеткізушіде рәсімделген төлем құжатын қайтару туралы немесе оны тоқтату туралы өкімді төлем құжаттарын жөнелтуге өкілетті, төлем құжаттарына қол қоюға құқылы тұлғалардың қолы және мөр болуы тиіс.

Алушы-банк Қазақстан Республикасы зандылықгарының талаптарына және жөнелтуші мен алушы банк арасындағы келісімге қайшы келетін бұйрықты қайтару туралы үкімдерді қабылдамауы тиіс. Алушы-банк немесе бенефициар банк төлем тапсырысын қайтару туралы өкімді уақтылы алмаса ақша аударьшын жүзеге асыруға құқылары жоқ. Бұл кезде алушы-банк немесе бенефициар банк түскен соманы женелтушіге қайтаруға міндетті. Бұйрық алушы банкке бұйрықты орындауды тоқтата туру туралы өкім жөнелтушінің жолдауы арқылы токтатылуы мүмкін.

Информация о работе Қолма қол ақшасыз есеп айырысу ерекшеліктері