Қолма қол ақшасыз есеп айырысу ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 12:17, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі таңда нарықтық экономиканың кең етек алуына байланысты, экономикалық іс-шараларға көшу ретінде кәсіпорынның көптеген түрлері қалыптасуда. Мысалы: жабық акционерлік қоғамдар, шаруашылық бірлестіктер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және тағы басқалары.

Содержание

кіріспе..................................................................................................................3



I Ақша қаражаттарының сипатымен есеп айырысу нысандары.......................................................................................................5

II есеп айырысудан қолма-қол ақшасыз нысаны

2.1 Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу.................................................12

2.2 Төлем талаптармен есеп айырысу ..........................................................14

2.3 Есеп айырысудың акредитивтік нысаны...............................................16

2.4 Инкассалық өкімдермен есеп айырысу ..................................................18

2.5 Чектермен есеп айырысу .........................................................................19

2.6 Вексельдермен операциялар ..........................................................…......32

2.7 Банктік карточкалармен есеп айырысу ..................................................38

III КОЛМА – ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ............................................................................................40

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................41

ҚОСЫМШАЛАР...................................................................................................

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................

Работа содержит 1 файл

ҚОЛМА ҚОЛ АҚШАСЫЗ.doc

— 249.50 Кб (Скачать)


 

                                        мазмұны

 

кіріспе..................................................................................................................3

 

I        Ақша қаражаттарының сипатымен есеп айырысу нысандары.......................................................................................................5

II есеп айырысудан қолма-қол ақшасыз нысаны

2.1 Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу.................................................12

2.2 Төлем талаптармен есеп айырысу ..........................................................14

2.3 Есеп айырысудың акредитивтік нысаны...............................................16

2.4 Инкассалық өкімдермен есеп айырысу ..................................................18

2.5 Чектермен есеп айырысу .........................................................................19

2.6 Вексельдермен операциялар ..........................................................…......32

2.7  Банктік карточкалармен есеп айырысу ..................................................38

III      қОЛМА – ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ............................................................................................40

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................41

ҚОСЫМШАЛАР...................................................................................................

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................


 

Кіріспе

 

Қазіргі  таңда  нарықтық  экономиканың кең етек алуына байланысты, экономикалық іс-шараларға көшу ретінде кәсіпорынның көптеген түрлері қалыптасуда. Мысалы: жабық акционерлік қоғамдар, шаруашылық бірлестіктер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және тағы басқалары. Әртүрлі кәсіпорынның түрлері өзара қарым-қатынас жасап қызметтер көрсетумен, жұмыстарды орындау міндеттерін өз жауапкершілігіне алып тұтынушылардың игілігін қамтамасыз ету үшін өнімді шығарады,сонымен қатар заңды дербестік құқығын сақтай отырып табыс табуға тырысады. Барлық шаруашылық жүргізуші  субьектілерде  өндірілген  өнімді  сату барысында, сондай-ақ материалдық құндылықтарды, негізгі құралдарды, тауарларды сатып алғанда немесе көрсетілген қызметке және бюджетке немесе бюджеттен тыс басқа да мекемелерге әртүрлі төлемдерді төлеуге байланысты түрлі операциялар пайда болады. Әрбір кәсіпорын, ұйым, мекеме немесе қызмет көрсетіп жабдықтаушы ретінде болатын болса, екішіден сол өнімдерді өндіріп шығару үшін қажет болатын шикізаттар және материалдармен жабдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып табылады. Осындай кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың арасында алашақ және берешек операциялар көбіне қолма-қол ақшасыз төлеу жолы арқылы жүргізіледі. Шаруашылық мекемелердің басқа суьектілерге төлемдер, әдетте есеп айырысу банктері арқылы ақша аудару жолымен жүргізіледі. Ал шаруашылық жүргізуші субьектілердің барлығы да өз қаражатын банктердің тиісті мекемелеріндегі шоттарда сақтайды.

Қатар қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы ақша аударым процесін жүргізеді. Бұл есеп айырысу түрінде колданылатын негізгі төлем құжаттарының нысандары: төлем талаптарын төлем тапсырыстары, чектер, вексельдер, акредетивтер, салық кызметінің инкоссалық нұсқаулары, кеден органдарының инкоссалық нұсқаулары.

Курстық   жұмыстың   мақсаты:   қолма-қол.  ақшасыз   есеп айырысу және оның нысандары арқылы есеп айырысу жолдарын кең ауқымда, жан -жақты қарастыру.

Курстық жұмыстың міндеті: қарастырылып отырған қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жайлы мәліметтерді талқылау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ СИПАТЫ ЕСЕП АЙЫРЫСУ НЫСАНДАРЫ

 

Нарықтық экономикада  кәсіпорындар арасында еңбек  құралдары мен заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді  сату  жөніндегі  мәмлелер тұрақты түрде жасалып отырады. Есептеу 2 нысанда  жүргізіледі:

1. Банк жүйесі арқылы  қолма қол -ақшасыз  аудару жолымен.

2. Қолма -қол ақшамен төлеу түрінде.

Қолма қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының 1998 ж. 29 маусымдағы  №237-1 «Төлемдер мен ақша аударымдары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2000 ж. 25 сәуірдегі №179 «Қазақстан Республикасы территориясында төлемдік құжаттарды қолдану мен қолма қол ақшасыз төлемдер мен аударымдарды атқару ережелері» атты қаулысына және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы территориясындагы банктік шот ашпай , қолма қол ақшасыз төлем мен ақша аударымдарын атқару Ережелерін бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2000ж. 25 қарашадағы №433 «Клиенттер мен оған қызмет ететін банк арасында қолма қол ақшасыз төлем жүргізу Ережелерін бекіту туралы» атты қаулысына сәйкес жүзеге асады»[1].

Кәсіпорын және ұйымдардың ақшалай қаражаты банкте олардың қызмет сипатына сәйкес  ағымды және есеп айырысу  шоттарында сақталады. Шаруашылық қызмет үрдісінде  субъектілер арасында анықталған талаптар мен міндеттемелер  пайда болады, оларды реттеу үшін төлем жүйесін  ұйымдастыру үшін қажет. Бұл кезде төлем борышқордың өз міндеттемелерін орындау үрдісі болып табылады, ол оның соңғы кезеңі – есеп айырысу.

Банктік шот – бұл банк  тәжірибесінде  қалыптасқан іскерлік қатынас салтында  қолданылатын заңдылықтар мен келісімшарттарда қарастырылған, клиентке банктік қызмет көрсетуді  жүзеге асырумен байланысты депозитті  қабылдау  және банктік операцияларды жүзеге асыру бойынша  банк пен клиент арасындағы келісімшарттың қатынасты бейнелеу әдісі.

Клиенттің есеп айырысу шоты   банктік шот келісіміне  немесе есеп айырысу - кассалық қызмет келісімшартына сәйкес жүргізіледі. Келісім клиенттің шот ашуға  жазған өтініші негізінде жасалады. Осы келісімшартқа сәйкес банк клиентке есеп айырысу және басқа да шоттарды ашады, оған түскен қаржыны есепке алады, клиенттен қолма қол ақша қабылдайды, босатады,қалдықты сақтағаны үшін пайыз төлейді және шот бойынша басқа да операцияларды жүргізеді.

Банктік келісімшарттың негізгі деректемелері келесілер: Келісім мәні; салық төлеушінің тіркеу номері көрсетілген салық қызметі органдарын.да есепке тұрғандығын куәландыратын құжат; банктегі ақшалай қаражатты қолдану тәртібі, сондай – ақ банк көрсететін қызмет пен оны төлеу тәртібі. Банктік келісімшарттың екі тарап келісетін басқа да шарттарды қарастыруы мүмкін.

Банктік шот ашу үшін Қазақстан Республикасының резидент заңды  тұлғалары келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:

- клиенттің салық есебіне тұрғандығын растайтын салық қызметі берген құжаттың түпнұсқасы;

- мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын құжат көшірмесі;

- жарғының нотариалды бекітілген көшірмесі, ал оқшауланған бөлімшелер үшін – бекітілген ереженің көшірмесі;

- қол қойылып, мөр басылған карточка үлгісі.

Бұл кезде бір данасы банктің операциялық қызметтерінде,ал екінші данасы  банк клиентінің іс құжатында сақталуы тиіс.

Банктер теңге және шетел валютасында шот ашуға, жүргізуге құқылы, олар:ағымды,жинақтық және байланыстырма (корреспонденттік) шоттарға бөлінеді. Ағымдық және жинақ шоттары – жеке және заңды тұлғалардың заңды тұлғалардың жекелеген бөлімшелерінің банктік шоттары. Корреспондентті шоттар - банктік операциялардың жекелеген түрлерін атқаратын банктер мен ұйымдардың банктік шоттары. Егер клиент банкте бірнеше шот ашқысы келсе  және егер банктік  алғашқы шот ашылған банкте немесе филиалында ашылса, сондай-ақ құжаттарының  толық бар екендігі туралы бекітімі бар болса, онда банк құжаттарды қайта талап етпеуі мүмкін.

Ағымдағы немесе корреспонденттік шоттарда ашқан кезде банк клиенттің пайдасына түскен ақшаны қабылдауға, клиенттің клиентке немесе үшінші тұлғаларға тиісті ақша сомасын аудару (беру) туралы ұйғарымын орындауға және банктік шот шартында қарастырылған (ҚР АК 747 бап) басқа да қызметтерді көрсетуге міндеттенеді. Ағымдағы шотқа оның иесіне тиесілі төлемдерінің негізгі массасы - тауарларды қызметте көрсетулерді, материалдық құндылықтарды өткізуден түскен түсімдер, банкте несие алу және т.б. түседі.

Ағымдағы шоттан жабдықтаушылардың алынған тауарлық-материалдық қорлар үшін қойған шоттары төленеді, бюджеттен есеп айырысулар, еңбекақы, зейнетақыға, жәрдемақыға және шаруашылық қажеттіліктерге қолма-қол ақша беру жүргізіледі. Ағымдағы шотқа соманы есептеп жазу немесе есептен шығару жөніндегі операцияларды шоттың жазбаша өнімі негізінде ақшамен олардың келісімімен, шаруашылық істері жөніндегі алқаның, соттардың, салық және қаржы органдарының шешімі бойынша даусыз  тәртіппен өндірілетін төлемдерден басқасы, жүргізіледі. Ағымдық шоттағы қаражат жеткіліксіз  немесе мерзімінде төленбеген барлық құжаттар қаржы түскен мүмкіндігіне қалай төленеді.

Кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын заңды немесе жеке тұлғаға шот ашқан жағдайда, банк салық қызметін 3 жұмыс күні ішінде хабардар етуі тиіс. Қазіргі кезде екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік операцияларды өткізетін ұйымдар қолма -қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарын  клиентке банктік шот ашпастан жүргізе алады.2000 жылы 13 қазанда қабылданған №395 Қазақстан Республикасы аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдер мен аударымдар жасау ережесінде көрсетілген , банктік шот ашпай жүргізілетін төлемдер мен ақша аударымдарына , ақша жіберуші мен бенефициардың банктік шоттарды қолданбай , ақша аударымы үшін қолма- қол ақша енгізіп және жіберуші көрсеткен бенефициар есебіне қолма-қол ақшасыз тәртіппен немесе банктік шотқа қатыссыз бенефициардың қолма-қол ақшаны алуы саналады.

Заңды тұлғалар мен оның бөлімшелерінің  қолма-қол ақшасыз төлемі міндетті төлемдерді, сондайақ зейнетақы жарнасын төленгеннен соң жүргізіледі.

Есеп айырысу шоты арқылы жүргізілген операциялар бойынша  банк клиентке шот көшірмесін ұсынады. Есеп айырысу шотынан  көшірме келесі деректемелерден  тұрады: клиент аты,  есеп айырысу шотының нөмері, құжат нөмірі, соңғы операция датасы,корреспонденттік шот нөмері, сомасы. Көшірмеде берілген жазба бойынша тиісті құжаттар ұсынылады.Көшірме клиентке сенімхат негізінде беріледі

Банктік шот ашпастан жүргізілетін қолма-қол ақшасыз төлем және ақша аударымдарына, қолма-қол ақша қабылдауға негіз болатын түбіртек, қолма-қол жарнаға хабарландыру, хабарлама шоттар және басқа да құжаттар қолданылады. Аталған құжаттар төлем құжаттары немесе төлем хабарламалары болып табылады. Олар банкке банк бекіткен операциялық күн ағымында қабылданады және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің нормативтік құқықтық актілерімен бекітілген төлем хабарламасының нысаны болмаса, алушы-банк бекіткен немесе іскерлік қатынаста қалыптасқан  нысанда қабылданады.

Төлем хабарламаларында міндетті түрде келесі деректемелер болуы қажет:

- төлем хабарламасының аты;

- төлем хабарламасының нөмірі, күні, айы, жылы;

- ақша жөнелтуші және бенефициар жеке тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе ақша жөнелтуші және бенефициар заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық қоса алғандағы толық атауы;

- ақша жөнелтушің немесе бенефициардың дербес сәйкестендірілген коды.Жеке тұлғаның дербес сәйкестендірілген коды болмаған жағдайда, оның жеке басын куәландыратын құжат деректері, сондай-ақ пошталық мекен-жайы (елі, қаласы, индексі, көшесі, үй жән пәтер нөмері) көрсетіледі;

- банк, жөнелтуші және бенефициар банктің ұйымдастыру құқылық нысандарын қоса толық атауы, олардың сәйкестендірілген коды;

- ақша жөнелтуші коды – «Код», бенефициар коды- «КБЕ», төлем тағайындауы және оның Қазақтан Республикасының Ұлттық банкі нормативтік-құқықтық актілерімен белгіленген қодтық белгілеуі ;

-  санмен және сөзбен көретілген төлем сомасы;

- салық төлеушінің тіркеу нөмері (СТН), егер ақша жөнелтуші немесе  бенефициардың дербес сәйкестендірілген коды  көрсетілместен аудару жасалатын болса;

- егер жөнелтуші заңды тұлға болса, оның қоры;

Қазақстан Республикасының заңдылығында қарастырылған басқа да деректемелер. Алушы – банк ақша жөнелтушіден төлем хабарламасын алады және оны акцептейді. Төлем хабарламасын алу кезінде алушы-банк жөнелтушіге қолма-қол ақшаны қабылдағаны туралы тиісті бекітімді береді. Төлем хабарламасын акцептей отырып, алушы- банк бенефициар есебіне ақша аударымдарын жүзеге асыруға міндеттіме қабылдайды, алушы-банк оны Қазақстан Республикасының заң актілері белгілеген мерзімде орындайды. Банктік шот ашпастан орындалған клиенттік төлемдер мен ақша аударымдары бойынша банк комиссиялық сыйақы ұстайды. Егер бұл алушы-банк пен ақша жөнелтуші арасындағы келісімде қарастырылмаса , сыйақы еш уақытта төлем сомасынан ұсталмайды.

Банк ақша жөнелтушіден келесі жағдайларда төлем хабарламаларын қабылдаудан бас тартуы мүмкін:

- төлем хабарламасы нағыз ережені және ақша аударымы келісімінің бекітілген шарттары мен талаптарынан бұрмаланып толтырылса және ұсынылса;

- аударымды жүзеге асыруға қажетті ақша сомасы жөнелтуші қолында болмаса;

- төлем хабарламасында санмен және сөзбен көрсетілген соманың банкпен сәйкессіздігі анықталса;

- Қазақстан Республикасының бекітілген ережелері және ақша аударымы туралы келісімшарттарының талаптары орындалмаған болса.

Банктік шотты ашпастан ақша аударымын жасау үшін алушы банк және жөнелтуші ақша аударымы туралы келісім жасайды. Сондықтан бір тарап (алушы банк) екінші тараптың тапсырысы бойынша (ақша жөнелтушінің) оған дербес сәскестендірілген код белгілеместен үшінші тарапқа ақша аударымын жүргізеді. Келісімде қатысушы тараптар аударымды жүзеге асыру тәртібін, соның ішінде комиссиялық сыйақы алу ретін және өз құқықтарын, міндеттерін және жауапкершіліктекрін келісуі тиіс. Сондай ақ банк ақша жөнелтушіні төлемдерді жүзеге асыру тәртібімен және осы қызметті көрсеткені үшін алынатын өзіндік тарифтерімен таныстыруы тиіс.

Информация о работе Қолма қол ақшасыз есеп айырысу ерекшеліктері