ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2011 в 18:23, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының мәні. Бұл ғылыми жұмыстың зерттеу пәні ҚР – дағы шағын және орта бизнес секторының субъектілері мен олардың қызметтерінің жағдайын (яғни кәсіпкерліктің объектісін) зерттеу, сондай – ақ осы сектордың дамуындағы проблемалар. Сондай – ақ «Сұлтан» ЖШС –і.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................

1.тарау. Өтпелі кезең жағдайында шағын және орта бизнесті дамытудың объективті қажеттілігін...........................
1.1 Шағын және орта бизнес түсінігі........................................
1.2 Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі ............................................................................
1.3 Шағын және орта бизнесті дамытудағы нарықтық экономикалы елдердің тәжірибесі
2. тарау. ҚР шағын және орта бизнестің даму тенденциялары .............................................................................
2.1.ҚР – дағы шағын және орта бизнестің жағдайы.............
2.2. «Сұлтан» ЖШС – тің қазіргі жағдайы (сандық талдау)............................................................................................
3.тарау. ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары................................................................................
3.1. «Сұлтан» ЖШС мысалдағы дағдарысқа қарсы басқару...........................................................................................
3.2.ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары мен оларды шешу жолдары............................
Қорытынды....................................................................................
Қолданылған әдебиеттер........................

Работа содержит 1 файл

Султан.doc

— 771.50 Кб (Скачать)

        Ұсынылған реструктуризациялау тұжырымнамалары бизнестің құнын максимализациялауды кздеуді бейнелейтін стратегиялардың жиынтығында таңдануы мүмкін.  Нольдік құн,  фирма иелерінің мүдделерін қорғау мен бизнестің құнын жоғарлату стратегиялары несие берушілердің жиналысы тарапынан дағдарыстық жағдайдан шығудың альтернативті тұжырымдамалары ретінде қарастырылуы керек.  Бұл кезде дағдарыстан шығу тұжырымнамаларын таңдауда басты критерийлер ретінде тәуекел мен реструктуризациялау варианттарының қаржылық жүзеге асыра алушылық  қолдану орынды болады.

      Кәсіпорынның  дағдарыстық жағдайы  экспресталдау  үшін қолданылатын көрсеткіштер: Стратегиялық көрсеткіштер. Стратегиялық дағдарыс. Нәтижелердің дағдарысы. Өтемпаздық дағдарысы. Банкроттық.

    1. Ағымдық өтімділік коэфициенті;
    2. Менникті құралдармен қамтамасыз етілу коэфициенті;
    3. Автономия коэфициенті;
    4. Абсолютті өтімділік коэфициенті;
    5. Таза түсім коэфициенті;
    6. Зияндардың бар болуы;
    7. Жалпы рентабельділік көрсеткіші;
    8. Негізгі құралдардың айналмалылығының индикаторы;
    9. Өткізу мөлшерінің төмендеуі;
    10. Формадағы дағдарыстың жоқтығын алдын – ала констатациялау;
 
 
 
 
 
 
 

3.2.3. сурет. Дағдарыстық   жәйтті экспресс  – талдау  үшін  қолданылатын  көрсеткіштер. 

  Стратегиялық  дағдарыс Нәтижелер  дағдарысы Өтімділік дағдарысы Банкроттық 
Ағымдық  өтімділік  коэффициенті  
Негізгі  құралдар мен қамтылу  коэффициенті
Автономия коэффициенті    
Абсолютті  өтімділік коэффициенті    
Таза  түсім коэффициенті  
Несиелік  берешектің өсуі      
Жалпы рентабельділік көрсеткіші    
Негізгі  құралдардың  айналмалық көрсеткіші      
Өткізу  көлемінің төмендеуі      
Кәсіпорындағы  жоқтығын алдын – ала констатациялау      
 

Дағдарыстан  шығу  формалары:

 

 
 
 
 

 
 
 

3.1.4. сурет. Дағдарыстан   реактивті шығу. 
 
 
 
 
 
 
 

 

 
 

         

         
 
 
 
 
 

  • сурет. Дағдарыстан  шығудың антиципотивті  формасы. 
  •        3.1. сұрағында  біз «Сұлтан» жауапкершілігі  шектеулі серіктестігінің 2005ж. және 2006 жылғы қаржылық – экономикалық талдадық. Бұл талдаудан біз бұл серіктестігінің дебиторлық берешегінің 2005 жылдан 2006  жылға қарағанда шамамен 10 есеге өскендігін көрдік, яғнионың шамасы 2286 мың теңгеден 21508 мың теңгеге дейін жетті. Осыған орай жақын болашақта осы ағымдық активтерге қатысты «Сұлтан» серіктестігінде проблемалар туындауы мүмкін. Бұл проблемалар дебиторлық берешектерді уақтылы өтемеуінен активтердің сапасын төмендітіп, айналмалы капитал мен  қаражаттарға деген осы шаруашылық субъектінің тапшылығын тудыруы мүмкін. Ал бұл «Сұлтан» жауапкершілігі серіктестіктің қаржылық-экономикалық жағдайын төмендетуге септігін тигізіетін потенциалды фактор болады.

           Осыған  орай «Сұлтан»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің дебиторлық берешектің 10 есеге өсуіне қатысты потенциалды  проблеманың осы кәсіпорынның жағдайын нашарлатпауы үшін біздің пікіріміз  бойынша оның өнімдері несиеге беру саясатын жетілдіру қажет. Бұл жетілдіру ең алдымен кешіктірілген дебиторлық берешектер бойынша сақтандыру резервтерін қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Екіншіден,  дебиторлық берешектің өсуі қаражатты сыртқы көздерден  тартуы кезіндегі «Сұлтан» ЖШС-нің қаржылық-экономикалық жағдайын төмендетіп,  несиелік тартымдылығын төмендетпеу үшін осы проблеманы активтердің өзін қаражаттар тарту процесіне қатыстыру қажет. Дебиторлық берешекті осы процеске қатыстырудың басты бағыты – басты несие алу кезінде дебиторлы берешекті немесе серіктестіктің  қарызды өтелуін талап ету құқығын кепілдік қамтамасыз  ету ретінде  несие берушіге ұсыну.

           Біздің  пікіріміз бойынша дебиторлық берешекке  қатысты проблемаларды «Сұлтан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  дағдарыстық симптомдары ретінде қарастыруға болады. Бұл симптом  осы серіктестіктің жағдайын «латентті дағдарыс» күйі деп бағалауға негіз  болады. Сондықтан осы активке қатысты «латентті» дағдарысты тудырушы проблеманың  ең тиімді жолы біз ұсынған жоғарыдағы екінші тәсіл болып  табылады.

           Сонымен қатар, «Сұлтан»  серіктестігінің  тауарлық – материалдық запастары  да көп. Бұл серіктестіктің тауарлық-материалдық  запастарын көбінесе егін шаруашылығы  бойынша түскен өнімдер құрайды. Мұндай жағдайдың  қалыптасуы біздің пікіріміз бойынша ең алдымен бұл серіктестіктегі өнімді өткізуіне байланысты.

           Сол себепті, яғни өнімді өткізудің дұрыс  ұйымдастырылмағандығынан, «Сұлтан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тауарлық-материалдық  запастары 2005ж. 11,5 млн теңгені, ал 2006 ж. 12,1 млн теңгені құрады (2.2.3. кестенің мәліметтері). Бұл мәліметтерден көріп отырғанымыздай «Сұлтан» серіктестігінде 2005 жылы тауарлық-материалдық запастары активтредің 48%-ын, ал 2006 жылы 25,9 %-ды құрады. Ал 2005 жылмен салыстырғандатауарлық-материалдық запастардың сомасы 4,48%-ке өскен.

           Тауарлық-материалдық  запастардың жоғарыда көрсетілген  үлкен үлесте болуы «Сұлтан» шағын  кәсіпкерлік субъектісінің өнімді өткізу және бизнес процестерін дұрыс  ұйымдастырылмағандығынан. Бұл дағдарыстық  белгіні осы серіктестіктің «латентті» (көрінбейтін) дағдарыс симптомына жатқызуға болады. Сондықтан егер бұл проблеманы шешу бойынша шаралар кешені әзірленіп,  жүзеге аспаса, онда бұл кәсіпорын осыған орай келешекте дағдарысқа ұшыруы мүмкін. Бұл  себепке  байланысты, яғни  тауарлық – материалдық  запастырға  байланысты «Сұлтан»  шаруашылық  субъектісінің болашақта  дағдарысқа  ұшырамауы  үшін  біздің пікіріміз  бойынша  маркетингтік – менеджменттік  шараларды  қолдану  қажет. Бұл  шараларды  жүзеге  асырудың  жолы (біздің пікіріміз бойынша) «Сұлтан» жауапкершілігі шектеулі  серіктестігінде өнімді  өткізу  менеджменті бола  алады. Осыған  орай  бұл серіктестікте өнімді өткізу  бойынша менеджерді енгізуге  болады. Сондықтан жоғарыда  берілген 2.1. суретте «Сұлтан»  жауапкершілігі шектеулі  серіктестігінің  басқару  құрылымға, егер  біз  ұсынған рекомендация  бойынша  жаңа  енгізілім  енгізілсе, онда  ол  келесі  түрде  трансформацияланады:

             
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

      3.1.6.сурет. «Сұлтан » серіктестігінің модификацияланған басқару құрылымы. 

          Біз  ұсынған  басқару  құрылымына  осы  жаңа  енгізілімді  енгізу «Сұлтан» обьектісіндегі  проблемаларды  шешу  үшін төмендегі шаралар мен функцияларды  жүзеге  асыру керек:

      1. запастарды  басқару;
      2. өнімді  өткізу  каналдарын  диверсификациялау;
      3. несиеге өткізілген  тауарлар  мен  өнімдер  бойынша  қарызды өтеу  бойынша  жұмыс  істеу және  кешіктірілген  өтеулер  бойынша шараларды  әзірлеу  мен  оларды  іске  асыру;
      4. өнімді  өткізу  бойынша  бизнес  процестерді оптимизациялау.
     
     
     

           
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

             

             
     
     
     
     
     
     

         ҚОРТЫНДЫ. 

         1. Кәзіргі уақытта нарықтық қатынастар  жүйесінде кәсіпорындар келесідей  айрықша ерекшеліктермен сипатталады,  мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай салаға жататындығы, негізгі  және айналым қорларының құны, шығарылатын өнім көлемі.

           Сонымен кәсіпорындардың  3 түрін бөліп көрметуге болады: ірі, орта және шағын, олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас ағзасын құрайды.

         Ірі кәсіпорындар-нарыққа негізгі өнім шығарушылар болып табылады. Ірі  кәсіпорындар-экономика «қанқасы», экономикалық тұрақтылықтың базисы.

         Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып  тұратын номенклатурасымен және ассартиментімен, азғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикізатты  қолдану қажет болған жағдайда пайда  болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кзінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ – түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтінің барлық саласында нөлдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелгеие болып табылады.Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру.Өнімнің жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, іріге қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шғын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдікттер тәртібін тағайындау керек.

         Сондай-ақ шағын бизнес сферасына өздерінің  тәуелсіз меншігі бар, шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферасыда үстемділік етпейтін фирмалар жатады. Кпөтеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 500 адамнан аспайтын жұысшылар бар және сату көлеме 20 млн. доллардан аспайтын фирмаларды жатқызады.Бірақ бұл көрсеткіштер шартты болып табылады.

         Қазақстанда шағын және орта бизнеске бірнеше  инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелеген зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушылар жүзеге асыратын, барлық негізгі стараегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады.басқару сипаты икемділігімен, формалділіктің жоқтығымен шешімін қабылдау барысында, өндіріс саласында да, басқару саласында да жұмысшылардың өз-ара алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді.

         Шағын және орта бизнестің ерекшелігі қызмет ету сферасы болып табылады. Ірі  кәсіпорындар жаппай өндіріс жағдайында, тұрақты тауар номенклатурасымен  және көтерме сатыпалушылармен жұмыс істейді. Шағындар ұсақ партиалармен шығарады,жеке тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырады, нарықттық арнайы сегментіндегі және екінші реттік шикізат өндірісінің қалдықтарын пайдаланады. Мысалы, автомобиль өндірісі-ірі кәсіпорын қызметіне жатса, автомобильді жөндеу-шағын жәнеорта бизнес қызметі.

         Шағын және орта бизнестің келесі бір тиімді ерекшелігі калликтивті еңбекке  ұмтылуы, жұмыс орның сақтап қалуға тырысу және пайдаға қатысуға негізделген  жұмыстың нәтижесінің максималды болуына мүдделілік болып табылады.Ірі компаниалар кәсіби менеджерлерді жалдайды, ал олар акционерлердің барлық талпыныстарының ерекшеліктерін білмейді нәтижесінде басқару проблемаларына алып келеді, ал шағын кәсіпорындарда құрушының өзі менеджер, бір тұлға, сондықтан бұл жерде ешқандай түсініспеушілік мәселесі туындамайды.              

         2. Соңғы жылдары шағын және орта  бизнесті дамыту мен кәсіпкерлік  қызметті қолдау бойынша бірқатар  шаралар әзірлеген болатын. Ол  өзінің нәтижесін берді, статистиктердің  айтуы бойынша, тіркелген кәсіпкерлердің санының артуы, жұмыспен қамтылған халықтың үлесіне де әсерін тигізген. Шағын кәсіпорындардың өнім өдірудің жалпы көлеміндегі үлес салмағы артып келеді. Шағын және орта бизнестің ролінің артуын кәсіпкерлер форумының тұрақты жүргізілуі шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының құрылу, барлық екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие берудің минимал мөлшерін тағайындауы (банктің несие қоржынының негізгі қраыздан 10%-тен за болмау), орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау Агенттігінің құрылуы, шағын кәсіпкерлікті өқлдау бойынша әкімдердің қызметің қатаң қадағалау, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарына жағдай жасау және жеңілдіктер беру.

         1992-96 жылдары кезеңінде кәсіпкерлікті  қолдау және дамыту, екі мемлекеттік баңдарламаның жүзеге асыру шағын бизнестің құрылуы мен қалытасуына негіз бола алабы. Бұл кезеңде шағын кәсіпкерлікпен айналысатындардың үлесі жалпы жұмыспен қамтылғандардың саны ішінде келесі қатынастарды құрады: 1992 жылы-6%,1993жылы-4%, 1994 жылы-4%,1995жылы-5%,1996 жылы-5,2%. Қызмет етуші субъектілерінің саны 24030бірлікке дейін артты.2000 жылы тіркелгендердің саны118429бірлік, олардың ішінде 107134- шағын кәсіпорындар, және 59244-қызмет етуші кәсіпорындар болды.

    Информация о работе ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары