ҚР – ның сауда саясатындағы даму перспективасы және ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 15:12, курсовая работа

Описание работы

Мақсаты:Жаратылыстану ғылымдарындағы сияқты, экономикада және өзге де қоғамдық ғаламдарда белгіленген ақиқаттар мүлдем жоқ, теориалар жасауға болжам жасауға әрекеттер ғана бар, оларды дәлелдеуге болмайды, алайда олар қайсыбір мезетте эксперимент арқылы жоққа шығарылуы мүмкін.
Қоғамдық ғаламдарда да жаратылыстану ғаламдарында да дүниетанымға білім саны («нормативтік сараптық») ықпал жасайды , бірақ соңғысының қалыптасуы негізін дүниетаным , яғни «позитивті» білім қалайды.

Содержание

Кіріспе
І Сауда саясатының теориялық негіздері
1.1. Сауда саясатының мәні, негізгі түрлері және оны жүзеге
асыру құралдары....................................................................5-9
1.2 Сыртқы және халықаралық сауда саясаты.........................9-14
1.3 Халықаралық сауда теориялары.........................................14-19
ІІ. ҚР – ның сыртқы экономикалық заңдары мен
нысандары
2.1. ҚР – ның сыртқы экономикалық қызметін белгілейтін
факторлар............................................................................20- 28
2.2. Сыртқы сауда операцияларының ұйымдық нысандары 29-34
2.3. Қазақстан республикасының сыртқы сауда айналымы...34-38
ІІІ. ҚР – ның сауда саясатындағы даму перспективасы
және ерекшеліктері.
3.1. Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кіру
проблемалары мен перспективалары. ............................ 39-42
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

ҚР - ның сауда саясаты.doc

— 823.50 Кб (Скачать)
 

    Бірақ та сыртқы байланыстар ішіндегі дамыған сыртқы сауда. Оның сандық көрсеткіштері 1 және 2 суреттерде көрсетілген.  

    Қазақстан Республикасының импорттық тауар құрылымы

    5-сурет

    

 
 

    Қазақстанның  басқа елдерге экспортының үлес салмағы 7-кестеде көрсетілген.

    7-кесте 

          2007     2008     2009
    Барлығы (млн. %)     3230,7     4974,4     6230,4
    оның  ішінде ТМД     1905,2     2801,3     3671,6
    %-тік  қатысы     58,97     56,31     58,93
    Дамушы  елдер     635,5

    19,67

    949,4

    19,09

    1226,4

    19,68

    Дамыған елдер     690

    21,36

    1223,7

    24,6

    1332,4

    21,39

 

    Таблицадан көріп отырғанымыздай ТМД елдерініде үлес мөлшері көпшілік орнды алады, яғни 2009 ж. 58,93%. 2010 жылы көбейіп келеді (62% құрайды).

    Қазақстан Республикасының жалпы сыртқы сауда айналымы 2009 ж. 10491,7 млн. $ (2008 жылғы деңгейлермен салыстырғанда 120%), оның ішінде экспорт - 6230,4 млн. $ (125%), импорт – 4261,3 млн. $ (113%). Оның ішінде негізгі сауда серіктестері Россия (49%), Украина (3%), Өзбекстан (3%).

    Ал  алыс шетелдердің сыртқы сауда айналымындағы үлес салмағы мынадай Еуропа елдері 23%, Германия (4%), Нидерланды (35%), Ұлыбритания (3%), Азия-тынық мұхит аймағында үлес салмағы 13%; Қытай (5%); Оңтүстік Корея (2,5%).

    Ал  дамыған капиталистік елдер мен экспортың үлесі 2009 ж. 21.39%-тен аспай отыр. Бұл елдермен сыртқы сауда байланыстары қалыптасу үстінде. Импорттың құрылымында тұтыну өнімдері және оларды өндіруге кететін шикізаттар басым. Ал экспортттқ саясат көбінше шикізат және жартылай шикізат шығаруға негізделіп отыр. Жақын жылдардағы республика тарапынан экспортты және импортты реттеу мәселесі маңызды және кезек күттірмейтін саясатқа айналуы тиіс. Экспорт пен импортың географиясына қарап мемлекеттік реттеудің басқару әдістерінің әлсіз екенін байқауға болады, ол өздігінен республика экономккасына зиянын тигізеді. Бақылаудың нәтижесінде Қазақстан қуатының дамуына және валюта құралдарының ағымна төмендегідей экономикалық проблемалар мен қиындықтар кедергілер жасайды. Батыс пен Шығыс транспорттық тораптарының болмауы. Барлық транспорт торабының Россия арқылы өтуі. Қазақстанның негізгі шикізат ресурстарын тұтынатын Еуропа елдері болып отыр, ал оған жеткізу жолдары қымбатқа түсуде.

    2. Қазақстан дүниежүзілік нарықта экспорттық өлшемдердің маркетингтік зерттеулерін жүргізе алмауында, сондықтан да дүниежүзілік нарықтың конъюнктурасына бағынышты болып өзінің толық бағытта экспорттық саясатын жасай алмай отыр.

    3. Өндірістің дайын бұйымдары өздерінің төмен деңгейімен және технологиялық нашар дамуымен дүниежүзілік нарықта бәсекеге түсе алмайды. Сондықтанда әлемдік дайын бұйымдар нарығында өздерінің алатын орнын табу қиын болып отыр.

    4. Қазақстанның  сыртқы  экономикалық  ұйымдарынң сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыру тәжірибесінің аздығы, сондықтан да көптеген қателіктер жіберуінде. Қолға не түссе соны арзанға сата беру экспорттық саясат емес Экспортер өзіне ұзақ мерзімге және сенімді серіктес іздеуі қажет. Жасалған контрактілер ұзақ мерзімге және әлемдік нарытың болашақ коныонктурасына сай болуы керек.

    5. Қазақстанның әлемдік нарықта бет-бейнесі әлі қалыптасқан жоқ. Қазіргі кезде фирмалар артық төлеуге дайын, бірақ өнім шығарушы нақты, тұрақты, сапалы өніммен қамтамасыз етуі қажет. Ал, Қазақстанның ондай мүмкіншілігі қазірше жоқ.

    Алдағы  ұзақ жылдар болжамыңда Батыс серіктестер Қазақстан экспортындағы әдеттегі өнімдердің экспортына қызығушылығы осы қалыпта болады деп айту қиын. Себебі ондай шикізаттар өздерінде де жеткілікті (мысалы, көмір, қара металл, астық т.б.).

    Ал  Шығыс серіктестерге келсек, олар қерісінше болашақта Қазақстанның әдеттегі экспорттық өнімдерін алуға қызығушылығы артады, себебі бұл аймақта индустриализацияның сондай сатысында тұр. Оларға құрылыс материалдары, отын, металл т.б. ресурстар қажет. Бірақ бұл жерде де транспорт проблемалары тұр. Импорттық саясат тек халықтың күнделікті қажетін өтеу және өндірістің қызметін бақылау ғана емес, сондай-ақ экономиканы күшейту, оның тиімділігін және бәсекелесу қабілеттілігін арттыру. Жақын жылдардағы импортты ұтымды ауыстыру бағыттары, импортты айырбастау өндірістерін ұйымдастыру (жартылай шикізат, басқа да материал түрлері). Ол өнімдер импорт өнімдерінің бағсна қарағанда аз шығындрмен өндірілуі тиіс.   
 

 

     ІІІ. ҚР – ның сауда  саясатындағы даму перспективася  және

    ерекшеліктері 
 

    3.1. Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кіру проблемалары 

    мен перспективалары

    Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең көп  дамыған нысаны сыртқы сауда. Дүние жүзіндегі елдерде маңызы ерекше. Американ ғалымы Д.Ж.Сакс «Қандай бір ел болмасын оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Дүниежүзілік экономикадан оқшауланып, ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жоқ».

    Халықаралық сауда еңбек бөлінісі  негізінде әртүрлі елдердің тауар өндірушілер арасында пайда болатын байланстардың нысаны және олардың өзара тәуелділігі.

    Халықаралық сауданы реттеп, оның еркін дамуы  жолындағы кедергілерді жойып отыратын негізгі халқаралық ұйымы тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім (ТСБК) (ГАТТ).

    ТСБК  – ны құру туралы келісімге 1947 жылы ең алдымен 23 ел қол қойып, ол келісім 1948 жылы күшіне кірген  болатын. 1995 жылы ТСБК өз қызметін тоқтататын Бүкілдүниежүзілік  сауда принциптері, құқықтық механизмі  өзінің жалғасын Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымнан тауып отыр. Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымы -  қатысушы елдердің өзара саудасын белгілі бір принциптері, құқықтық нормалары, сауда жүргізу ережелері арқылы мемлекеттік деңгейде реттейтін көпжақты халықаралық келісім.

    1. ТСБК-ның құқықтық механизмі төмендегі принциптерге негізделген болатын;

    2. Мемлекетаралық сауда қарым-қатынастарды бір-біріне ең қолайлы жағдай жасау. Осы тәртіпке сәйкес келісім шарт жасаған елдер бір-біріне жеңілдіктер мен артықшылықтар беруі тиіс, екі ел арасындағы жасаған келісім автоматты түрде басқа мүше елдерге де міндетті;

    3. Алаламау (дискриминациялау) принципі. Бұл принципке сәйкес ТСБК-ғa қатысушы елдердің барлығының қарым-қатынастары тең құқықтық жағдайда атқарылуы тиіс;

    4. Ұлттық рынокты қорғауға мүмкіншілігіне тарифтік құралдарды қолдану: импорттық квоталарды (үлестер) т.б. тарифтік емес шектеулерді алып тастау;

    5. Көпжақты келіссөздер арқылы кеден бажын прогрсссивті түрде төмендету;

    6. Дамушы елдер мен сауда қарым-қатынастарында преференциялар (жеңілдіктер мен артықшылықтар) беру;

    7. Сауда саттық қатынастарындағы кездескен қайшылықтарды келіссөздер арқылы шешу.

    1996 жылдын басында ТСБК-ның мүшелігінде 130 мемлекет болды. Осы жылдың қаңтарында ТСБК Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымы болып қайта құрылды. Қазіргі кезде оған 142 мемлекет мүше. Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымы ТСБК-ның принциптеріне қосымша қызмет көрсету саудасы және интелектуалдық меншік саудасы жөніндегі келісімдермен толықтырылды. Әлемдік базарға шығарылатын тауарлар мен өнімдердің 90 пайызы осы елдердін үлесіне тиеді. Отыз мемлекет (Ресей, Қазақстан, Өзбекстан т.б.) ДСҰ-ға мүше болу сатысында тұр. Көрші мемлекетіміз Қытай 2001 жылы қараша айында мүше болды. Қазақстан 1996 жылдан бастап мүшелікке қабылданудың төмен сатыларынан өтіп, бес сатысына өтті. Осы жылдар аралығында елімізде кеден, стандарттау, сертификаттау, патенттік құқық мәселелерін реттейтін заңдық құжаттарға өзгертулер енгізілді.

    Өнімді  тек шикізат күйінде экспортқа шығару біздің еліміздің және экономикамыздың басты ерекшелігі. Ол ДСҰ-ға мүше болудың шарттарына кедергі жасамайды. Ал өңделген өндіріс өнімін экспортқа шығару еліміздің ұзақ мерзімді стратегиялқ міндеттерінің бірі. 2000 жылы 12 қазанда ДСҰ Қазақстанды нарықты экономика елі деп атады. Себебі - сыртқы сауда ырықтандырылып, мүліктің 80 пайызы жекеменшікке беріледі. Макроэкономика тұрақтандырылып, ұлттық валюта тенге бағамы қалыпт деңгейде тұр. ДСҰ - ға мүше болып кіру экспорттан түсетін кіріс көлемін арттырып отандық тауар өндірушілердің мүмкіндігін кеңейтті.Ал импорттың өсуі ішкі нарықтағы бәсекелесті күшейтеді және тұтынушыларды сапалыда арзан тауар түрлерімен қамтамасыз етеді. Ал біз ДСҰ-ға кіру үшін дайындықты 1996 жылдан бастадық. Негізгі келісөз жүргізуші әріптестер АҚШ, Жапония, Канада, Австралия, Швецария және Европалық қауымдастық.

    ДСҰ-ға кіру пайдасы кеден салығы төмендеп, басқа салықтар азайады, нәтижесінде елімізге сапалыда және арзан тауарлар көптеп келе бастайды. Бұл кеден жүйесіндегі жаулап алған коррупция әлсірейді, жекелеген бұйымдар және өнімдер еш кедергіссіз сырт елдердің нарықтарына шыға бастайды. Шет елдермен ғылыми-техникалық процестер алыс-беріс көбейеді. Кәсіпорындар бәсекелестікте өмір сүруге тез бейімделеді, мүше елдер арасында шикізат, дайын өнім, жұмыс қолы мек күші әртүрлі қызмет көрсету мен ой еңбегі еш кедергіссіз жүре алады.

    Дәл қазір ДСҰ-ғa кіру әзірше қолайсыз, себебі еліміздегі өзіндік құны жоғары, сапасыз өнім шығаратын кәсіпорындар жабылып, жұмыссыздық көбеюі мүмкін. Кеден және тағы басқа тариф салықтары азайса, бюджетке түсетін кіріс көлемі де азайады. ДСҰ-ның ережесі бойынша әлемдік сауда аймағы ортақ тәртіпке бағынуы керек. Мысалы кеден және тағы басқа салықтар көлемі бірдей болады (әсіресе, транзиттік жүкке).

    ДСҰ-ның шарты әлемдік еңбек бөлісу мен адамзатқа қажетті табиғи байлықтарды тиімді пайдалану.

    ДСҰ-іш толыққанды мүше болу үшін елімізде біраз уақытты талап ететін көпжақты даму стратегиясының негізіне енетін дайындық жұмыстарды жүргізу керек. Ең бастысы - әлемдік тәжірибсін пайдалана отырып, табиғи өнімдерді шығарудың ең озық технологиясн пайдалану, оның жетістіктерін өндіріс орындарына енгізген әлемдік деңгейдегі бәсекелестікке жарайтын сапалы да арзан өнімдерді шығаруды қолға алу керек. Бұған қоса сыртқы саудаға дайын өнім шығаратын кәсіпорындарға мемлекет тарапынан жеңілдіктер берілуі және қолдауы керек. Осы мәселелер оң шешімін тауып жатса, онда Қазақстан ДСҰ-ғa мүше болуға толық құқы бар. Сонымен бірге ауыл шаруашылығына мемлекет тарапынан дотация берілуі керек. Өйткені дотациясыз ауылшаруашылығы дамымайды. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне қойлатын халықаралық талап - ол негізінен өнімнің экологиялық қауіпіздігі.

    ДСҰ-ға мүше болудағы ең басты артықшылық-транзиттік жүк тасымалдары тарифтерінін бір жүйеге келтірілуі. Өйткені еліміздің тауарларын батыс базарларына шығару үшін Ресей, Литва және тағы басқа елдер арасынан өтеді. Сол елдср әр бекет сайын әртүрлі тариф қолданып, тауар өзі көздеген жеріне жетем дегенше құны жоғарлауы мүмкін. Сол үшін Кеден одағына мүше мемлекеттермен кіру мүмкін емес болған жағдайда Ресеймен бірге кіруіміз тиіс. Себебі - екі ел экономикасыда біршама жақсы, транзиттік жүктер екі ел арасында кең көлемде жүреді. Дайындықты бастаған жылдары бері еліміз төменгі сатыларынан өтті дедік. Осы жылдар ішінде ішкі рынокты импорттық алмастыру саясатын, отандық тауар өндірушілерімізді қолдау және тағы басқа заңдар қабылданды. Бұл шарттар ДСҰ-ғa мүше болудың алғы шарттары еді.

    ДСҰ-ға мүше болғысы келген елдерге дамушы ел немесе өтпелі кезеңдегі мемлекет деген мәртебе береді. Мүше болғанда дамушы ел мәртебесін алу тиімді. Өйткені - ол бұлардың 3-жылға дейін импорттық кеден тарифтері мен импорттық лицензияларды келіссөздср арқылы сақтауға және тағы басқа шектеулерді қойдырмауға мүмкіндік береді. Біздің ойымызша, Қазақстан 2004-2005 жылдар аралығында ДСҰ-ғa кіру тиімді деп санаймыз. Өйткені ол кезге дейін бюджет кірісінің көздерін іздестіру, бюджет табысын молайтуға, кәсіпорындарымыз бәсекелестік ортаға үйренеді, ауыл шаруашылығы экологияға қауіпсіз өнімдер шығаруға, ол кезге дейін көршілес елдеріміз мүше болады, содан соң Қазақстанның мүше болып кіруі өзінен-өзі туындайды. Дәл қазір кіруіміз Қырғызстан сияқты дағдарысқа ұшырауымыз мүмкін. Сол үшін асығыстық жасамай, келешекте мүше болуға бағытталу керек.

Информация о работе ҚР – ның сауда саясатындағы даму перспективасы және ерекшеліктері