ҚР – ның сауда саясатындағы даму перспективасы және ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 15:12, курсовая работа

Описание работы

Мақсаты:Жаратылыстану ғылымдарындағы сияқты, экономикада және өзге де қоғамдық ғаламдарда белгіленген ақиқаттар мүлдем жоқ, теориалар жасауға болжам жасауға әрекеттер ғана бар, оларды дәлелдеуге болмайды, алайда олар қайсыбір мезетте эксперимент арқылы жоққа шығарылуы мүмкін.
Қоғамдық ғаламдарда да жаратылыстану ғаламдарында да дүниетанымға білім саны («нормативтік сараптық») ықпал жасайды , бірақ соңғысының қалыптасуы негізін дүниетаным , яғни «позитивті» білім қалайды.

Содержание

Кіріспе
І Сауда саясатының теориялық негіздері
1.1. Сауда саясатының мәні, негізгі түрлері және оны жүзеге
асыру құралдары....................................................................5-9
1.2 Сыртқы және халықаралық сауда саясаты.........................9-14
1.3 Халықаралық сауда теориялары.........................................14-19
ІІ. ҚР – ның сыртқы экономикалық заңдары мен
нысандары
2.1. ҚР – ның сыртқы экономикалық қызметін белгілейтін
факторлар............................................................................20- 28
2.2. Сыртқы сауда операцияларының ұйымдық нысандары 29-34
2.3. Қазақстан республикасының сыртқы сауда айналымы...34-38
ІІІ. ҚР – ның сауда саясатындағы даму перспективасы
және ерекшеліктері.
3.1. Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кіру
проблемалары мен перспективалары. ............................ 39-42
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

ҚР - ның сауда саясаты.doc

— 823.50 Кб (Скачать)

      Алғашқы уақытта кедендік одақтың саяси сипаты басым болады дер едім. Біріншіден, оның тамырланып кетуі, ең алдымен мемлекет басшыларының саяси ерік-жігеріне байланысты. 
Бұған дейін де ТМД кеңістігі саяси реформалар мен халықаралық ұйымдардан кенде болмаған. Олардың бәрі бірдей жақсы жұмыс істеп кетті деп айта алмаймыз. Кезінде ТМД-ның құрылымына «КСРО елдерінің бір-бірімен өркениетті түрде ажырасуы » деп баға берілген. Кедендік одақ туралы енді айтыла бастаған кезде шетелдік сарапшылар «ТМД үш елдің саяси-эконономикалық әлеуеті бірдей емес. Бұл одақ та бір -біріне билікті қия алмай, үшке бөлініп кетеді» деп күмәнмен қараған. Себебі Қазақстанның экономикасы импортқа тәуелді болса, Беларусь экономикасының 80 пайызы мемлекеттің меншігінде. Кедендік одақ алғашқы қалыптасу кезеңін артқа тастады. Оның әлемдік экономикамен интеграцияланып кетуіне әлем картасында жаңа мемлекеттердің пайда болуы жол ашып отыр.  
        Қазір кедендік одақ 172 млн адамды қамтитын алып кеңістікті қамтиды. Егер оған Қырғызстан мен Тәжікстан қосылса, оның инвестициялық тартымдылығы арта түседі. 2010 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан, Ресей және Беларусь кедендік одағы өз жұмысын бастады. Қиыны - кеден баждарын алмастыру жөніндегі келісімшарт. Әрбір мемлекет өз пайдасын басқалармен келісе отырып ойлайды. Мәселен, Қазақстан көмір, астық, мақтасын, Беларусь тракторы мен сүтін, ұсталынған автокөлігін қорғаса, ал Ресей өз «Жигулиінің» үстемдік еткенін қалайды. Кедендік одаққа ТМД елдері енуге мүдделі. Оған Украина премьер-министрі Николай Азаровтың бақылаушы ретінде қатысып, басқалардың да көз тігіп отырғаны дәлел. Кейбіреулер «Үштік одағының құрылуы, одан кейін оның бірыңғай экономикалық кеңестікке ұласуы, бұл - Кремльдің алысты көздеген саяси жобасы. Түпкі мақсаты - үлкен елдің қысымымен одақ құрып, одан соң бірыңғай валюта енгізу. Бұл экономикалық және саяси егемендігімізді әлсіретеді» деген қауіп айтады. Кедендік одаққа кіру, бұрынғы одақтың темір ноқтасына бас сұғу деп «ақыл» қосушылар бар. Жекелеген саяси күштер мен саясаттанушылар кедендік одақ мәселесін саясиландырып, өздері ұпай жинап, бедел алғысы келеді. Жаңадан «колония» болу, «КСРО-2» жобасы тағы басқа пікір солардан шыққан. Олар кедендік одаққа дейін Қазақстан, Ресей және Белоруссия арасындағы тауар айналымы өткен жылдың 9 айында ғана 25,6 миллиард доллар құрағанын ескермейді.Дегенмен уақыт өте келе кедендік одақтың саяси сипаты экономикалық сипатқа ауысады, яғни алғашқы форма екіншісіне жол береді. Бірақ мүлдем жойылып кете алмайды. Кедендік одаққа мүше мемлекеттердің президенттері, үкімет басылары өз елдерінің экономикасының лоббистері. Үш елдің басшылары қиыннан жол тауып бір-бірімен келісімге келе алды. Қазір кедендік одақтың көрпесін Еуроодақпен салыстыратындар пайда бола бастады. Екеуінің арасында ұқсастықтар бар. Еуроодақтың локомотивтері - Франция мен Германия. Қалған ірілі-ұсақты мемлекеттер осы екеудің жанына топтасып отыр. Кедендік одақта, әзірге локомотив рөлін Ресей орындап отыр.
 

 

     Қорытынды 

    Еліміз   бүгінгі   таңда  әлеуметтік –  экономикалық    жаңару   мен   демократизацияланудың    жаңа   кезеңіне   қадам   басып   келеді . Қазақстан Республикасының   президенті  Н.Ә. Назарбаев 2006  жылғы   Қазақстан халқына   Жолдауында    «Қазақстанның     әлемдегі  бәсекеге      барынша қабілетті   50  елдің қатарына  кіру  стратегиясын   ұсынды».

    Осыған   орай,  алдыңғы   қатарлы,  озық  қоғамның   сана   деңгейіне   көтеріліп,  жан – жақты   өркендеу,  қоғамның  салалық   жаңа   экономикалық  ойлау   жүйесін    қалыптастыруға   көшу   міндеті тұр.

    Қазақстан   Республикасының  Президентінің   халыққа   арналған  «Бәсекеге  қабілетті   Қазақстан  үшін,  бәсекеге қабілетті  экономика  үшін,  бәсекеге  қабілетті  халық   үшін»   жолдауын  негізге ала  отырып   халықтың  тұрмыс деңгейін  көтеру  және   инфляцияны  төмендету  болып  отыр.

    Қоғамның    экономикалық   дамуы   экономикалық     өсуді,  экономикалық   құрылымдық   өзгерістерді ,  тұрғындардың   жағдайы   мен   өмір   сүру   сапасын     жақсартуды    қамтитын   көп  қырлы  процес.  Қоғамның   экономикалықөмірі   үнемі   қозғалыста   болады,  ол  бір  қалыпты   сандық   және   сапалық    өзгерістер  арқылы    сипатталады.  Бұл  өзгерістер  тек  қана   өндірістік   күштер   мен  өндірістік   қатынастарға   ғана   емес,  сонымен  қатар   еңбектің  өсіп   жатқан   өнімділігіне,  оның  игіліктердің   үлкен  көлемін   құрудағы   қабілетіне   де   қатысты.

    Курстық   жұмыстың  бірінші   бөлімінде   сауда  саяты  мен   оның  негізгі   түрлері   негізге   алынып   сауда  мен   халықаралық   сауданың   мәнінің   экономикаға   тигізер  әсері. Сауда  саясатын  жүзеге    асырудың  әлемдік   тәжірибесі  2  принципке   негізделген,  еркін  сауда  және   протекционизм . Зерттеулер   көрсеткендей,  осы  шараларды   іске  қосудың  уақытша   параметрлері  бойынша,  барлық  мемлекеттер   бір  бірінен   өзгешеленеді. Мысалы, бірқатар   мемлекеттер   өз  реформаларын   импорттық  саясатты   басқарудың   қатаң   курсынан,   ал   кейбіреулері   оны   толық  ырықтандырудан   бастайды.

    Ал  екінші   бөлімде   сауда  мен    халықаралық  сауданың   Қазақстан   Республикасындағы    даму   ерекшелігіне   байланысты     статистикалық    мәліметтерге   сүйене  отырып    жазылған. Қазақстан  Републикасының   сыртқы   сауда  айналымыда   Ресей  Федерациясымен  жасалатын  сауда  жетекші   роль   атқарады,  ол  бұрынғы  тарихи  қалыптасқан   процестердің  арқасында  Қазақстанның  негізгі  сауда  әріптесі  және қазақстан   өнімінің  негізгі  тұтынушысы  болып  табылады.

    Курстық   жұмыстың  үшінші  бөлімінде   сауда  саясаты  мен  халықаралық  сауданың   шешу мәселелері  қаралған. 

    Біз  Қазақстанның   жаһандану  экономикалық   үрдістерге  сәйкес  дамып   келе  жатқан   ед  болуын  қалаймыз. Әлемдегі  жаалған   жаңа  мен  озық  атаулыны   бойына  сіңірген , дүниежүзлік  шаруашылықтан  шағында  болса  өзіне  лайық  орнын  иемденген,  әрі  жаңа  экономикалық  жағдайларға  жылдам  бейімделуге  қабілетті  ел  болуын  қалаймыз.

    Біз  қатаң  бәсекеге   әзір  тұрып,  оны  өз  мүддемізге  пайдалана  білуіміз  керек. Қазақстан  көп  тарапты  халықаралық  экономикалық  жобаларға  белсене   қатыса  алады,  қатысуға  тиіс те,  өйткені  олар   біздің жаһандық  экономикаға   кіруімізге  жәрдемдеседі  әрі  сол  арқылы  біздің  қолайлы  экономикалық – географиалық  жағдайымызға  және   қолымыздағы  ресурстарымызға  сүйенеді.

    Мемлекет  өз  тарапынан  іскерлік  бастамашылықтың  жолындағы  заңнамалық,  әкімшілік  және  бюрократиялық  кедергілерді  ысырып  тастауға,  және  жекеменшік   капиталдың  келешегі  үлкен  кемел  бастамаларына  тікелей  қолдау  көрсетуге  міндетті.

    Қазақстанның   БСҰ-ға  кіруі  жолындағы   келіссөз  үдерісі  тоқтпусыз  жүргізіліп  жатыр.Республиканың  сыртқы  сауда  режимін  реттйтін  заңдарының    едәуір  бөлігі  қазірдің  өзінде  БСҰ  нормаларына   сәйкес  келтірілді  немесе  Парламентте  талқылану  үстінде.

    Еліміздің  осы  халықаралық  экономикалық  ұйымға  енуі  Қазақстанның  дүниежүлік  рыноктағы  бесекеге  қабілеттілігін   нығайту  үшін   кең  мүмкіндіктер  ашатынына  сенеміз.  

    Бүгінгі  әлем  шапшаң  қарқынмен  дамуда,  ғаламдану  мен  ақпараттық  технологиялар  дәуір  күн  өткен  сайын  күш  алып  барады. Қазақстан  өзінің  экономикалық  әлеуметін  нығайтып, халықаралық  нарықта  орнын  нақтылауда  және  Бүкіләлемдік  сауда  ұйымына  (БСҰ)  кіруді  жоспарлауда  президентіміз  Н.Ә. Назарбаев  айтқандай, «Бізге  ауқымды  міндет- бәсекеге  қабілетті  жағынан  әлем  елдері  ішіндегі  көшбастаушы  елу  елдің  санатына  ену міндетін  шешу  қажет.Бұл  мақсатқа  жете  алуымыз  көбіне  қаржыгерлерімізге  байланысты».

       2006жылы 1  наурыздағы   Қ.Р. президентінің халыққа жолдауында Қазақстанның  алдағы  уақыттарда  әлемдегі  50  бәсекелес  елдің  қатарына  кіру  туралы  міндеті  жөнінде  «экономикалық  жоғары   табыстарға  қол   жеткізген  кез  келген  ел  жедел  экономикалық  өрлеудің  алдындағы  кезеңде  жоғары  экспортты  азайтып,  импортты жоғарлату жөнінде барлық  шараларды міндетті  түрде қолдаған  және  кейін макроэкономикалық көрсеткіштерді  белгіленген шекте ұстап тұруды  қатаң қадағалауды» тапсырды..

         Бұл курстық  жұмыста  сауда  саясатының  сырткы экономикалык кызмет саласына байланысты кажстті негізгі санаттар, түсініктер мен жіктеулер келтірілген. Әсіресе, сырткы экономикалык кызметтің баскарушылық астарына ерекше назар аударылады. Бұл кызметтің неігзі  сырткы сауда байланыстары мен операциялары және олардың қарқыны мен құрылымының сипаттамасы болып табылатындықтан, оларға барынша көбірек көңіл бөлінеді. Сондықтан, экономика мамандықтары бойынша жоғары білім аламын деген адам мемлекеттің сыртқы экономиқалық саясатының қалыптасу заңдылықтарын, оны жүзеге асырудың әкімшілікк механизмдерін жақсы меңгеруге тиісті.  

Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі  дамуы өзара бағыныштылық және өзара  араласу процесшің күшейген кезеңінде  жүріп жатыр.

        Қазақстан Республикасының геосаяси орны, жалпы шекарасы, басқа аймақтармен байланыс жасайтын көлік қатынасы, сондай-ақ бай табиғи ресурс қуаты өңдірістік өнеркәспті кооперациялауға, біріккен кәсіпорындар ұйымдастыруға, агроөнеркәсіптік кешендердің қызметінің дамуына алғы шарттар жасайды. Айта кететін жәйт, жаңа жағдайда бұрынғы одақ мемлекеттерінің арақатынасындағы стиль де өзгерді. Қазақстан ТМД елдері мен сауда-экономикалық байланыстарында дүниежүзінде белгіленген сауда-құқықтық негіздеріне, сауда және тариф жөніндегі бас ассоциация ұйымның принциптеріне сүйенеді. Саудадағы әр түрлі лицензия түрінде квота, баж салығы, т.б. кедергілерден құтылатн алғашқы қадамдар жасауда.

    Біздің  республика саяси және экономикалық тәуелсіздікке ие болып, халықаралық  экономикалық қарым-қатынастардың  толық құқықты субъектісі болды: серіктес-елдердің аясын кеңейтті, көптеген дамыған және даму устіндегі мемлекеттермен экономикалық байланыстарды орнатты, бұрынғы әріптестермен қатынастарын қайтадан құрды, әлем рыногына ықпалдасу жолында ілгері басты. Қазақстанның сауда әріптестері қатарында еуропалық елдермен қатар, азия өңірінің, Америка, Африка және Австралия елдері де бар.

    1997 жылдан бастап елдің сыртқы  саудасының географиясы шалғай  шетел елдерімен байланыстарды  кеңейту бағытына қарай өзгергені  байқалады. Достастық елдері арасында  және ТМД-дан тыс елдер арасындағы экспорт көлемінің пайыздық арақатынасы да айтарлықтай өзгерді. Шалғай шетел елдерімен саудадағы экспорт белсенділігінің қарбалас кезеңі 2000 жылға тура келді. Бір уақытта 2000 жылы ТМД елдері арасындағы негізгі сауда әріптестері болып табылатын барлық елдерге экспорт көлемі айтарлықтай ұлғайтылды.

      Курстық  жұмыста  халықаралық байланыстардьң сатып алу-сату, жалдық және мердігерлік жұмыстарды ұйымдастыру мен басқару, сауда делдалдарының кызметің үйлестіру, мемлекетаральқ есеп айырысуды қадағалау және т.б.  қарастырылды.

      Еліміздің  президенті   Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  өзінің  халыққа  жолдауында:Біз  2030  жылы  Азия  Барысына  айналуымыз  керек.Бірнеше  жылдан  кейін  Қазақстан  Дүниежүзлік  Сауда  Ұйымына  (ДСҰ)  мүшелікке  өтпек. Сөзсіз  бұдан  біздің  ұтарымыз  аз  емес . Шекара  ашылған  соң  кәсіпкерлеріміз  өз  тауарларын  ешбір  шектеусіз  шетелге  шығаруға  мүмкіндік  алады.

     Сондықтан  қазіргі  уақытта  кәсіпкерлеріміздің  алдында  тұрған  ең  негізгі  міндеттердің бірі – сапалы  өнім  шығаруға  қол  жеткізу, өйткені  шетелдік  өнімдерге  бәсекелес  бола  алмаса,  отандық  бизнес  өкілдері  бонкротқа  ұшырайды. 

                                                  

      
 
 
 

    Пайдаланған әдебиеттер тізімі  

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтің «Қазақстан 2030 стратегиясы».
  2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы. Астана 2005 ж. 18 ақпан.
  3. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы. Астана 2006 ж. 1 наурыз.
  4. Актілер жинағы 2007 жылы №115,  116 бет
  5. Дала мен қала 2006 29 қыркүйек
  6. Әубәкіров Ә.Я. «Экономикалық теория», Алматы: «Экономика», 2001
  7. Камалин Сыртқы сауда эканомикасы  Алматы  2005 
  8. Қ.Қ. Ілиясов «Қаржы» Алматы 2005жыл.  506 – 513 бет
  9. Мадияров
  10. Мамыров Н.Қ. Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика. – Алматы.Экономика, 2004. 59 – 91 бет
  11. Интернет.
  12. Расулов.Н. «Инфляцияның дамуы және көрсеткіштері» // Қаржы қаражат 2007 ж . Алматы № 6 24-27 б.б
  13. Шеденов «Экономикалық теория негіздері», Алматы: «Экономика», 1999.
  14. Хабаршы // 2007 №3 (61)
  15. С. Райымқұлұлы «Экономикалықтеория негіздері» Алматы 2003 154 – 163 бет.
  16. Студенттік 10 – шы конференция //  200 бет 2001ж 
  17. Статистикалық бюллетен. №2  2006ж. 80 – 81 бет
  18. Статистикалық жинақ «Тәуелсіз Қазақстан 10 жыл» 16 – 226 бет.
  19. «Экономика   әлемдік классика» 4 том.  Алматы 2006 жыл 304  - 309 бет.
  20. «Экономика   әлемдік классика» 6 том. Алматы 2006 жыл 472 – 478 бет.

Информация о работе ҚР – ның сауда саясатындағы даму перспективасы және ерекшеліктері