ҚР қаржылық стратегиясын анықтау

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2012 в 09:52, дипломная работа

Описание работы

Нарық жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы зор. Бұл кәсіпорындардың тәуекелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылыра, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................5
1 Кәсіпорынның қаржылық стратегиясының теориялық аспектілері....................8
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясының экономикалық мәні мен мақсаты.........................................................................................................................8
Қаржылық стратегияның түрлері мен негізгі қағидалары..............................14
Қаржылық стратегияның қалыптастыру кезеңдері мен механизмі................21
2 «Восток Молоко» корпорациясының қаржылық жағдайын талдау..................35
2.1 «Восток Молоко» корпорациясының баланс құрамы мен құрылымын талдау..........................................................................................................................35
2.2 Корпорацияның қаржылық тұрақтылығы мен өтімділігін талдау.................42
2.3 «Восток Молоко» корпорациясының іскерлік белсенділігі мен тоқырауға ұшырауын талдау......................................................................................................48
«Восток молоко» корпорациясының қаржылық стратегиясын жетілдіру........51
3.1 «Восток Молоко» корпорациясының қаржылық стратегия матрицасын қолдану.......................................................................................................................51
3.2 «Восток Молоко» корпорациясының қаржылық стратегиясын оңтайландыру.............................................................................................................55
3.3 Жобалық ұсыныстардың экономикалық тиімділігі.........................................59
Қорытынды................................................................................................................63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...........................................................................65
Қосымшалар..............................................................................................................67

Работа содержит 1 файл

қаржылық.doc

— 746.50 Кб (Скачать)

       Жұмсақ және тұзды ірімшіктер  жасап шығаратын жаңа ірімшік  цехы, ірімшік массасын термохимиялық  өңдеуден өткізіп дайындалатын ірімшік жасайтын болгарлық бірегей технологиялық желі салынуда. Ағымдағы жылы желі қойылып, өндіріске енгізіледі. Шикізатпен қамтамасыз ететін шаруашылықтармен бірге дайындалатын сүттің сапасын жақсарту жұмыстары жүргізіледі. Корпорация мамандарына консультациялық және нақты көмек жасалынып отырады.

     Корпорация жұмысының тұрақтылығы тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы партнерлік қарым-қатынастың дұрыс дамуында деуге болады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты, шикізат үшін қарыздары жоқ, еңбек ақы уақытында төленеді. Облыстың негізгі азық-түлік дүкендері, ірі кәсіпорындар, бюджеттік ұйымдар және әскери бөлімшелер біздің өнімді тұтынушылар болып табылады.

     Кәсіпорында Мемстандарттың аттестациясын өткен өндірістік және бак зертханалар жұмыс істеуде. Ірімшіктің қатты, балқытылған, тұзды түрлері, сары май, балмұздақ сертификациялаудан өткен. Алғаш меншік мал шаруашылығын құрған кезде 50 асыл тұқымды сиыр болса, бүгінде ірі қараның саны 5800 бас. Сонымен қатар сүтті суытып, сақтайтын қазіргі заманға сай ыдыстармен жабдықталған бірнеше сүт қабылдау пункттері де жұмыс істейді.

     Тағамдық  құндылығы жоғары болғандықтан (құрамында  ақуыз, май, дәрумендер мен минералды  заттар көп) корпорация мамандары ірімшік  өндірісіне үлкен мән берген. Сондықтан  да болар, әр түрлі сұрыпты ірімшіктер - кәсіпорынның мақтанышы. Әсіресе, «Дружба», «Янтарь», «Костромской», «Радонежский», «Сибиряк» ірімшіктері өтімді болғандықтан, дүкен сөрелерінде ұзақ тұрмайды. Сүттің жоғары сапалысын, экологиялық таза табиғи ферменттерді қолдана отырып, Болгарияның бірегей жаңа технологиясын енгізу нәтижесінде бүгінде кәсіпорында ірімшіктің тоғыз түрі шығарылады екен. Соның ішінде «Шығыс», «Васильевский» ірімшік түрлерін зауыттың арнайы тапсырысы бойынша Ресейдің азық-түлік саласының ғалымдары жасап шығарыпты.

     Переход к анализу 

     Кесте 3

     «Восток Молоко» корпорациясының балансының құрамы мен құрылуын тікелей талдау

Актив 2008 2009 2010
мың.тг % мың.тг % мың.тг %
1 2 3 4 5 6 7
1 Қысқа мерзімді активтер            
Ақша  қаражаттары 7340 0,33 42844 2,15 49076 3,95
Дебиторлық  борыш 140007 6,37 199832 10,02 141069 11,35
Қысқа мерзімді қаржылық салымдар  
197198
 
8,97
 
210885
 
10,57
 
89590
 
7,21
Тауарлы-материалдық  қорлар 513184 23,35 431462 21,63 278320 22,39
Ағымдағы  салықтық активтер 5131 0,23 2558 0,13 2387 0,19
Басқа да қысқа мерзімді активтер  
389986
 
17,75
 
335807
 
16,84
 
154324
 
12,41
Қысқа мерзімді активтер жиыны 1252846 57,01 1223388 61,34 714766 57,51

 

      3-ші кестенің жалғасы

1 2 3 4 5 6 7
2 Ұзақ  мерзімді активтер            
Негізгі құралдар 433029 19,7 449456 22,53 378701 30,47
Биологиялық активтер 461988 21,02 276374 13,85 120404 9,69
Ұзақ  мерзімді қаржылық салымдар  
26439
 
1,2
 
25946
 
1,3
 
26548
 
2,14
Материалдық емес активтер 18 311 0,83 16 238 0,81 131 0,01
Басқа да ұзақ мерзімді активтер 5037 0,23 3250 0,16 2286 0,18
Ұзақ  мерзімді актив жиыны 944804 42,99 771264 38,66 528070 42,49
Баланс 2197650 100 1994652 100 1242836 100
Пассив             
3 Қысқа  мерзімді міндеттемелер            
Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер  
436412
 
19,86
 
523980
 
26,27
 
284720
 
22,91
Салықтар  бойынша міндеттер 38953 1,77 18544 0,93 21504 1,73
Басқадай  міндеттер және ерікті зейнетақы  салымдары бойынша міндеттемелер  
 
6203
 
 
0,28
 
 
7287
 
 
0,37
 
 
9238
 
 
0,74
Қысқа мерзімді кредиторлық борыш  
455123
 
20,71
 
348752
 
17,48
 
105571
 
8,49
Басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер  
276579
 
12,59
 
265180
 
13,29
 
187924
 
15,12
Қысқа мерзімді міндеттемелер жиыны   
1213270
 
55,21
 
1163743
 
58,34
 
608957
 
48,99
4 Ұзақ  мерзімді міндеттемелер            
Ұзақ  мерзімді қаржылық міндеттемелер  
47184
 
2,15
 
54536
 
2,74
 
55718
 
4,48
Ұзақ  мерзімді кредиторлық берешек  
48841
 
2,22
 
48918
 
2,45
 
92997
 
7,49
Ұзақ  мерзімді міндеттемелер жиыны  
96025
 
4,37
 
103454
 
5,19
 
148715
 
11,97
5 Капитал            
Жарғылық  капитал 130831 5,95 130138 6,52 116373 9,36
Бөлінбеген  табыс (жабылмаған зиян)  
757523
 
34,47
 
597317
 
29,95
 
368791
 
29,67
 Капитал  жиыны  888354 40,42 727455 36,47 485164 39,03
Баланс 2197650 100 1994652 100 1242836 100
 

Переход к рисунку 
 
 

  

Сурет 7.  «Восток молоко» корпорация балансының активтерінің өзгеруі 

     3-ші кестенің мәліметтерін талдай отырып, келесі қорытынды жасауға болады. Кәсіпорынның ақша қаражаттары 2008 жылға қарағанда 2010 жылы 3 есе артқаны байқалады, себебі кәсіпорының өткізетін өнімдерінің көлемі және сапасы жоғарлауына байланысты артып отыр. Тауарлы материалдық қоры 2010 жылмен салыстырғанда бір шама азайған.

     Негізгі құралдар жыл сайын артуда, бұл  кәсіпорынның негізгі құралдарды сатып  алумен байланысты.бірақ биологиялық  активтер азайы кеткен.

     Кәсіпорынның  қысқа мерзімді кредиторлық берешегі азайған,ол 2008 жылда 20,71 % құраса, 2010 жылы бұл көрсеткіш 8,49 % азайған. Бұл кәсіпорын үшін жағымды жағдай. Ал ұзақ мерзімді кредиторлық берешек  2009 жылы 2,45 % болса, 2010 жылы 7,49% 3 есе артқаны байқалады. 

       Кесте 4

     «Восток Молоко» корпорациясының баланс активтерінің құрамы мен құрылуын көлденең талдау

Актив 2008-2009 2009-2010 2008-2009 (%) 2009-2010 (%)
1 Ағымдағы  активтер  
-29458
 
-508622
 
-2,35
 
-41,57
2 Ұзақ  мерзімді активтер  
-173540
 
-243194
 
-18,37
 
-31,53
Баланс -202998 -751816 -9,24 -37,69
Пассив         
3 Қысқа  мерзімді міндеттемелер  
-49527
 
-554786
 
-4,08
 
-47,67
4 Ұзақ  мерзімді міндеттемелер   
7429
 
45261
 
-7,74
 
43,75
5 Капитал -160899 -242291 -18,11 -33,3
Баланс -202998 -751816 -9,24 -37,69
 

     Экспрес талдау

  1. ағымдағы өтімділік коэффиценті
 

             Каө = ҚМА / ҚММ ≥ 2                        (1) 

мұнда ҚМА – қысқа мерзімді активтер;

     ҚММ – қысқа мерзімді міндеттемелер.

     Каө 2008  = 1252846 / 1213270 = 1,03 < 2                   

     Каө 2009  = 1223388 / 1163743=1,05 < 2

     Каө 2010  = 714766 / 608957= 1,17 < 2

     Кәсіпорынның  ағымдағы өтімділік коэффициенті 3 жылдада нормадан төмен, бірақ кәсіпорын үшін қауіпті емес;

  1. меншікті айналым қаражаттарының қамтамасыз ету коэффициенті
 

            Кмақ=МАҚ / ҚМА ≥ 1                                  (2)

        

                  МАҚ=К – ҰМА                             (3) 

мұнда К – капитал;

     ҰМА – ұзақ мерзімді активтер.

     Кмақ   2008  = (888354-96025)/1252846 = 0,63 < 1          

     Кмақ  2009 = (727455-103454)/1223388 = 0,51 < 1

     Кмақ  2010 = (425164-148715)/714766 = 0,39 < 1

     Корпорацияның меншікті айналым қаражаттары 2008 жылға  қаранда 2010 жылда 2 есе азайған, бұл  корпорацияның ағымдағы активтердің 2010 жылы төмендеуіне байланысты.

     Жоғарыдағы 2 коэффиценттің нормаға сай болмауына  байланысты төлем қабілеттілікті қалпына келтіру коэффициентін есептемейміз. 
 

     2.2. Корпорацияның қаржылық тұрақтылығы  мен өтімділігін талдау 

     Введение 

  1. автономдық  коэффициенті немесе тәуелсіздік коэффициенті:
 

                       Кавт.=  Меншікті капитал/ Баланс валютасы ≥ 0,5-0,6           (4) 

     К авт.2008 = 888354/2197650 = 0,4 ≤ 0,5-0,6                             

     К авт.2009= 727455/1994652 = 0,36 ≤ 0,5-0,6                             

     К авт.2010 = 425164/1242836 = 0,34 ≤ 0,5-0,6                             

     Корпорацияның 2008 жылдан 2010 жылға қарай қаржылық тауелсіз емес, себебі меншіктік капиталдың үлесі төмен және корпорация активтерді өз капиталынан қаржыландыра алмайды. 

       

Сурет 8. «Восток Молоко» корпорациясының 2008-2009 ж.ж автономдық коэффициентінің динамикасы 

     
  1. Тәуелділік  коэффициенті.
 

                       К т=Міндеттемелер/ Баланс валютасы  ≥ 0,4-0,5              (5) 

     Кт  2008 = 1309295/2197650 = 0,6 ≥ 0,4-0,5                  

     Кт  2009 = 1267197/1994652 = 0,63 ≥ 0,4-0,5

     Кт  2010 = 757672/1242836 = 0,6 ≥ 0,4-0,5

     Корпорация  қарыз капиталына тәуелділігі жоғары екенін көрсетілген. Меншікті қаржаттар есебінен қаржыландыра алмағандықтан қарыз капиталы көп тартылған.

  1. Қаржыландыру коэффициенті .
 

            К қ.=Меншікті капитал/ Міндеттемелер ≥ 1                            (6) 

     К қ.2008= 888354/1309295 = 0,68 ≤1

     К қ.2009=727455/1267197 = 0,57 ≤1

     К қ.2010=425164/757672 = 0,56 ≤1

     Корпорацияның қаржыландыру төмен, капитал мен  міндеттемелер есеьінен активтердің  аз мөлшері ғана қаржыландырылады.

  1. Қаржылық тұрақтылық коэффициенті.
 

     К қар.тұр.=(Меншікті капитал+ҰММ)/ Баланс валютасы ≥ 0,9                (7) 

     К қар.тұр. 2008=(96025+888354)/2197650 = 0,45 ≤ 0,9  

     К қар.тұр. 2009=(103454+727455)/1994652 = 0,42 ≤ 0,9  

     К қар.тұр. 2010=(148715+425164)/1242836 = 0,46 ≤ 0,9  

     Корпорацияның қаржыландыру коэффициенттері қауіпті 0,75 төмен мәнде орналасқан, корпорация қаржылық тұрақсыз.

  1. Инвестициялық коэффициент.
 

                 К и.= Капитал/ Негізгі құрал ≥ 0,5                 (8) 

     К и.2008=888354/433029 = 2,05 ≥ 0,5

     К и.2009=727455/449456 = 1,62 ≥ 0,5

     К и.2010=425164/378701 =1,12 ≥ 0,5

Информация о работе ҚР қаржылық стратегиясын анықтау