Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 12:24, курсовая работа
Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес шаруашылық серіктігі егер басқа бір заңды тұлға (басым үстемдігі немесе қатысы бар) оның дауыс хұқығындағы акцияларының жиырма проценттен астамына ие болған жағдайда, ол тәуелді серіктік деп аталады.
а) үлестік қатысу әдісімен – инвестиция сатып алу сәтінде табыс (залал) ретінде танылэжт ьатын кірістер мен шығыстар туралы есеп берудегі тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза активтер өзгерісіндегі инвестордың мойындаған үлесі бойынша олардың құнын одан әрі арттыратын (кемітетін) сату құны бойынша көрініс табады;
ә) құндық әдіспен – инвестиция сатып алу сәтінде сату құны бойынша көрініс табатын есеп әдісі. Инвестициядан түсетін табыс инвестордың кіріс және шығыс туралы есебінде сатып алған күннен кейін пайда болған шаруашылықты серіктестікте жиналған таза табыстың жалпы сомасынан тиесілі дивидендтер көлемінде танылады.
Үлестік қатысу әдісі мынадай белгілермен сипатталады:
Мысалы. Инвестор «11» АҚ 70 000 теңге құнындағы «ААА» АҚ қатысты 35% акциясын иеленеді.
а) инвестицияның сату құнына:
Шот дебеті (Дебет счета) 1100 «Тәуелді серіктестіктегі инвестициялар»
Шот кредиті 1031 «Ағымдық шоттағы ақша»
Жыл қорытындысы бойынша:
ә) таза табыс үлесіне:
Шот дебеті 1100 «Тәуелді серіктестіктегі инвестициялар»
Шот кредиті 6160 (7010) «Басқа ұйымдары қатысу үлесінен табыс (залал)»
30 000 теңгех35%=10 500 теңге;
б) дивидендтер үлесіне:
Шот дебеті 1270 «Есептелген сыйақы»
Шот кредиті 1150 «Тәуелді серіктестіктегі инвестициялар»
15 000 теңгех35%= 5 250 теңге
Егер тәуелді шаруашылықты серіктестік қызметінің нәтижесі залал келтірсе, онда инвестор бұл серіктестіктегі өзінің қатысу үлесін мойындады, осының салдарынан инвестицияның баланстық құны кемиді.
Мысалы. Тәуелді шаруашылықты серіктестік 50 000 теңге залалға ұшырады. Төлемге кеткен дивиденд (артықшылықты акция бойынша) 25 000 теңге:
6160 (7610) «Басқа ұйымдардағы қатысу үлесінен табыс (залал)» шот дебеті
1150 «Тәуелді серіктестіктегі инвестициялар» шот кредиті
50 000 теңге х 35%=17 500 теңге.
Егер тәуелді шаруашылықты серіктестік активтерді қайта бағалауды жүргізсе, онда инвестор бұл өзгерістерді өзінің үлесін көрсетуі керек.
Мысалы. Тәуелді шаруашылықты серіктестік негізгі құрал-жабдықты 10 000 теңге сомасына бағалады. Таза табыс 20 000 теңге, дивидендтер – 8 000 теңгені құрады:
1150 «Тәуелді серіктестіктегі инвестициялар» шот дебеті.
5110 «Инвестицияны
қайта бағалаудан қосымша
10 000 теңге х 35% =3 500 теңге;
8000 теңге х 35%= 2 800 теңге.
Бұрынғы срма жойылған кезде қайта бағаланған инвестиция сомасы бөлінбеген табыс деп танылады:
5110 «Инвестицияны
қайта бағалаудан қосымша
561 «Есептік жылдың бөлінбеген табысы (орны толмаған залал)» шот кредиті – 3500 теңге.
Инвестицияның қайтуы мынадан көрінеді:
1030 «Ағымдық шоттағы ақша» шот дебеті
1150 «Тәуелді серіктестіктегі инвестициялар» шот кредиті 56 70 теңге.
Құндық әдісті
қолдану барысында – сатып
алу сәтіндегі инвестициядан
түсетін табыс сатып алу құны
бойынша білінеді. Инвестициядан
түсетін табыс тиесілі
Бұл әдіс қаржылық есеп жасау барысында, мынадай жағдайда инвесторға қолданылады:
Мысалы. 1 мамырда тәуелді шаруашылық серіктестігінің 35% акциясы 500 000 теңгеге сатып алынды:
1150 «Тәуелді серіктестігі инвестициялар» шот дебеті
1030 «Ағымдық шоттағы ақша» шот кредиті
Жылдың соңында жарияланған дивидендтер 40 000 теңге;
2170 «Есептелген сыйақы» шот дебеті
724 «Акция бойынша дивидендтер және процент түріндегі табыстар» шот кредиті
40 000 теңге х 35% = 14 000 теңге;
Шот дебеті 2170 «Есептелген сыйақы»
Шот кредиті 1150 «Тәуелді серіктестегі инвестициялар»
40 000 теңге – 14 000 = 26 000 теңге