Ғылыми-техникалық прогресстің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2012 в 14:02, курсовая работа

Описание работы

Ғылыми-техникалық прогресс – ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы. Ол 16–18 ғ-лардағы мануфактуралық өндірістен, ғылыми-теориялық және техникалық қызметтер өзара жақындасып, тоғыса түскен кезден бастау алады. Бұған дейін материалдық өндіріс негізінен эмпирикалық тәжірибені, кәсіби құпияны қорландырып, машық-тәсілдерді жинақтау есебінен баяу дамып келді. Сонымен бірге табиғат туралы ғылыми теория таным аясында да ілгерілеу ниеті байқалды, бірақ ол теологиялық-схоластикалық қасаңдыққа қамалып, өндірістік амалшараларға ұдайы әрі тікелей ықпал ете алмады.

Работа содержит 1 файл

алибек,Ғылыми.docx

— 239.60 Кб (Скачать)

Адамзат қоғамынын ұзақ даму тарихында шаруашылықтың ұдайы алға басып, жетілдірілуіне ғылым мен техниканың өркендеуі себепші болып келеді. XX ғасырдың екінші жартысында ғылыми-техникалық үрдіс аса жедел қарқынмен дамып, дүниежүзінің көптеген елдері мен шаруашылық салаларын қамтыды. Ғалымдар ғылыми тeхникалық революция (FTP) деп атаған бұл құбылыс қысқа уақыт аралығында қоғамның өндіргіш күштерін сапалық жағынан түбегешті өзгерткен "секіріс" ретінде бағаланды. Ол адамзат тарихында ғылым мен техника пайда болғаннан бері өндіргіш күштерді ұдайы жетілдіруге себепші болған ғылыми-техникалық прогрестен айырмашылық жасайды. Сонымен ғылыми-техникалық революция дегеніміз — белгілі бір уақыт аралығында дамудың жаңа сатысына көтерілуге себепші болған сапалық өзгерістердің жедел қарқынмен жүруі. Дүниежүзі аймақтары мен елдерінде FTP дамуы түрліше деңгейде өтуде. Жоғары дамыған елдерде XX ғасырдың 80—90-жылдарынан бастап, ҒТР-дың дәстүрлі үлгісінен басқа қазіргі заманғы тармағы дүниеге келді. Дәстүрлі FTP өндіріс пен адамзаттың жаңа тауарларға, технологиялар мен қызмет түрлеріне деген сұранысын қамтамасыз етеді. Жаңа үлгінің басты мақсаты — дәстүрлі FTP-дың адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына тигізетін кері әсерінің орнын толтыру немесе жою болып табылады. Адам өмірін қорғауға бағытталған бұл шаралар өте мол қаржыны қажет ететіндіктен, таралу ауқымы бірнеше елдің аумағынан аспай отыр. Дүниежүзіндегі көптеген елдерде ҒТР дәстүрлі сипат алған. Мешеу елдер экономикасына қатысты бұл ұғым мүлде қолданылмайды да. Қазіргі кезде ҒТР-дың құрылымдық бөліктері анықталып, негізгі белгілері талданған.

[өңдеу] ҒТР-дың негізгі белгілері

FTP-дың  басты белгілері мыналар:

1) әмбебаптық, ауқымдылық;

2) ғылыми-техникалық өзгерістердің  жеделдеуі;

3) өндірістің ғылымды көп қажет ететін салаларының қарқынды өсуі;

4) әскери-техникалық революция  (33-сызбанұсқаны қараңдар).

Ғылым мен білім адамзат өркениеті тарихында қоғамның алға басуы үшін қызмет етумен келеді. Қазіргі заманғы ғылым өндіріс пен қызмет көрсету салаларына күрделі техника мен технологияларды енгізу арқылы оларда ғылымды көп қажет ететін мүлде жаңа салалардың дамуына негіз болуда. ҒТР-дың әмбебаптығы мен ауқымдылығы дүниежүзінің барлық елдері мен географиялық қабықтың кез келген бөлігін қамтуымен және адамзаттың ғарыш кеңістігін игеруімен түсіндіріледі. FTP шаруашылықтың барлық салалары мен оның құрылымдарына, еңбек сипатына, адамдардың мәдениеті мен мінез-құлығына үлкен өзгерістер әкеледі. 
FTP жағдайында мамандардың біліктілік деңгейіне жоғары талаптар қойылады. Сондықтан алдыңғы қатарлы елдерде ғылымды дамытып, оның жетістіктерін өндіріске енгізу қазіргі заманғы білім беру жүйесін дамытумен қатар жүргізілуде. Мысалы, дүниежүзін таңғалдырған "жапон кереметіне" белгілі дәрежеде білім беру мен ғылым салаларына үкімет тарапынан айрықша қамқорлық көрсетілуі де себепші болған. 1983 жылдан бастап мұнда ғылыми-өндірістік бірлестіктердің аумақтық жүйесі қалыптаса бастады, қазір олардың саны шамамен 26-ға жетті. Жапонияда ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстармен айналысатын университеттер саны 400-ден асады. Соның нәтижесінде бұл елде "білім беру — ғылым — өндіріс" жүйесі жоғары дәрежеде қалыптасқан.

ҒТР заманында ғылыми-техникалық ақпаратты сатудың да маңызы артып отыр. Ғылым мен техника жаңалығы бірден тіркеліп, жаңалық иесіне патент беріледі. Дамыған елдерде өндіріс тиімділігі мен өнім сапасын арттыратын кез келген жаңалықтың патент берілген күннен бастап өндіріске енгізілуге дейін онша ұзақ мерзім өте қоймайды. Көбінесе өз елінде кеңінен қолданылып, тиімділігі белгілі болған жаңалық сыртқы нарыққа шығарылады.

Жеке  елдің ғылыми-техникалық күші осы  салада жұмыс істейтіндер санымен, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге  бөлінетін қаржының көлемімен және бұл жұмыстардың тиімді ұйымдастырылуымен  анықталады. Ғылым мен техника  саласында жұмыс істейтіндер  саны жөнінен дүниежүзінде экономикалық даму деңгейі жоғары елдер (АҚШ, Жапония және Германия) жетекші орын алуда. Дамыған елдерде ғылымға "маманданған" қалалар пайда болды, олардың аса ірілерінің көрсеткіштері 13-кестеде берілген.

Қала

Ел

Ғылыми-зерттеу мекемелері мен университеттер саны

Цукуба

Жапония

52

София

Болгария

49

Рейли

АҚШ

40

Иль-де-Франс

Франция

26

Новосибирск

Ресей

21


Жоғары  дамыған елдердің сыртқы саудасында ғылымды көп қажет ететін өнімдердің үлесі жоғары. Ғылымды қажет ететін өнімдердің дүниежүзілік нарықтағы көлемі 2300 млрд долларды (2008 ж.) құрайды. Оның 39%-ы АҚШ, 30%-ы Жапония, 16%-ы Германияға тиесілі болады. Сонымен, мұндай өнімнің 90%-дан астамы жоғары дамыған және жетекші елдерде өндіріледі (14-кестені қарандар).

Өнім түрлері

АҚШ

Германия

Жапония

Ұлыбритания

Авиация техникасы

1

2

-

3

Телекоммуникация жабдықтары

2

3

1

-

Сандық бағдарлама бойынша  басқарылатын станоктар

3

1

2

-

Микросұлбалар

2

4

1

-


Ғылыми-техникалық революцияға тән белгінің бірі—өндірістің техникалық базасының түбегейлі өзгеруі. Ғылыми білімдер мен жаңалықтар негізінде дамитын техника мен технологияда өндіріс тиімділігі және еңбек өнімділігін арттыру мақсаттары көзделеді. ҒТР жағдайында техника мен технология өндірістің мүлде жаңа салаларын қалыптастырумен қатар, дәстүрлі салалардың жабдықталуын жетілдіру арқылы экономиканың құрылымын күрделендіруде. Қазіргі заманғы өндірісті электрондық-есептеуіш техника мен роботтарсыз елестету мүмкін емес. Аса ірі автоматтандырылған жүйелермен қатар, дербес компьютерлер қолданылады. Қазіргі кезде АҚШ-та жұмыс істейтін әр 100 адамға 70 компьютерден келеді. Жыл сайын өнеркәсіптік роботтар саны өсуде, Жапонияда әрбір 10 мың жұмысшыға шаққанда 330 робот жұмыс істейді. 
Алдыңғы қатарлы техника мен технология жетістіктері энергия өндірудің жаңа көздерін ашу мен пайдалануға, жаңа химиялық материалдардың пайда болуына, кванттық. техниканың қолданылу аясының кеңеюіне жол ашты. Салыстырмалы түрде қысқа уақыт аралығында электрондық (факс, модем, электрондық пошта) және ғарыштың байланыс құралдары өндіріс пен күнделікті тұрмыста кеңінен пайдаланылатын болды. 
Ғылым мен өндірістің ұштасуынан Батыс Еуропа елдерінде технологиялық парктер, ал Жапонияда технополистер деп аталатын ғылыми-өндірістік кешендер пайда болып дамуда. Қазіргі кезде дүниежүзіндегі 300-ге жуық технопарктер тәжірибелік-өндірістік бағытта дамуда, олардың өндірістік қуаты шағын. Жапониядағы технополистер ең жаңа техника мен технологияны пайдаланатын қазіргі заманғы ірі өндіріс шоғырланған және экологиялық жағынан өте қолайлы қалалар болып табылады. Қазақстанда 4 технопарк жұмыс істейді.

 ҒТР-дың шаруашылық құрылымына ықпалы

FTP күрделі жүйе ретінде төрт құрамдас бөліктен тұрады:

1) ғылым;

2) техника және технология;

3) өндіріс;

4) басқару.

FTP дүниежүзілік шаруашылықтың өсу  қарқынын жеделдете түсумен қатар,  оның құрылымына да елеулі  ықпал етті. XX ғасырдың ортасынан  бастап өндірістік емес саланың басымдылығымен сипатталатын постиндустриялық (ақпараттық) құрылым қалыптаса бастады. Бұл шаруашылықтың жеке салаларының арасалмағын өзгертті, еңбек нарығындағы елеулі қайта құруларға алып келді. Постиндустриялық құрылымға алғаш енген ел АҚШ деуге болады. Мұнда 1955 жылы өндірістік емес салада жұмыс істейтіндер саны өндірістік салада еңбек ететіндер санынан асып түсті. Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша, әсіресе дамыған елдерде ақыл-ой еңбегімен айналысатындар саны жыл сайын артуда. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қоғамдық өмірдің барлық саласына (экономикалық, әлеуметтік және саяси) кеңінен енгізу өндірістік емес салаға жататын ақпараттық экономиканың қалыптасуына алып келді. Әлеуметтік-экономикалық дамудың басты факторларының біріне айналған ақпарат әлемдік нарықтағы айрықша тауар бола бастады. FTP жетістіктері ғаламшар ауқымында еркін ақпарат алмасуға (интернет және т.б.) мүмкіндік берді. Сонымен FTP және ақпараттық экономика ықпалымен дамыған және дамушы елдер экономикасы арасындағы алшақтық арта түсті. 
FTP ықпалымен дүниежүзілік шаруашылықтың өндірістік саласында да өзгерістер жүрді. Өндірістің салалық құрылымында өнеркәсіптің дәстүрлі ауыл шаруашылығынан басымдылығы байқалуда. Бұған ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану нәтижесінде ауыл шаруашылығының индустриялануы және жоғары тауарлы өндіріске айналуы, аграрлық-өнеркәсіптік кешендердің қалыптасуы себепші болуда. Өнеркәсіптің өз ішінде де жеке салалардың (машина жасау, химия өнеркәсібі және энергетика) басқаларына қарағанда жоғары қарқынмен дамып, құрылымдық жағынан күрделі өзгерістерге ұшырауы байқалуда. Ауыл шаруашылығынан мал шаруашылығының үлесі артуда. 
Жаңа техника мен технология өндірістің аумақтық құрылымына да барынша күшті ықпал етуде. Өндірістің орналасуында басты орын алып келген ресурстық фактор өзінің дәстүрлі маңызын жоғалтуда. FTP заманында шикізат қорына тапшы елдердің кейбіреуі қарқынды дамуда. Минералды шикізат пен отынның 9/10 бөлігін сырттан алатын Жапония жоғары дамыған елге айналды. Жеке елдерде өндірістің жаңа аудандарға "қоныс аударуы" (АҚШ-та Солтүстік-Шығыстан Калифорнияға) байқалуда. 
Өндірісті автоматтандыру еңбек ресурстары жетіспейтін шалғай аудандарда ірі кәсіпорындарды орналастыруға, ал көлік саласында болған "техникалық революция" аумақтық алшақтықты жоюға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде өндірістің кейбір салаларын орналастыруда оның ғылым орталықтарына алыс-жақындығы да әсер етеді. Өндірістің аумақтық орналасуының байырғы үлгісін (кәсіпорындардың ескі өнеркәсіп аудандарына шоғырлануы) шашыратып орналастыру бағыты алмастыра бастады. FTP жетістіктерін пайдалану шағын және орташа кәсіпорындардың ел аумағында мүмкіндігінше шашырап орналасуына, яғни олардың қоршаған ортаға кері әсерін неғұрлым азайтуға мүмкіндік береді. Өндірісті орналастыруда экологиялық фактордың маңызы артуда. 
Сонымен, ғылыми-техникалық революция біртұтас жүйеге айналған қазіргі заманғы дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымын жан-жақты ықпал етеді. Соның нәтижесінде кейбір дәстүрлі салалардың дамуы бәсеңдеп, керісінше ғылымға негізделген жоғары технологиялық салалардың маңызы, артуда.[

 

Қазақстан Республикасының  мәселелерінің бірі инновациялық технологияларының дәрежесі дамудың алғашқы сатыларында.Бірақ бұл мәселелер шешу жолы табылып, болашаққа үлкен серіппен өту үшін ғылыми-техниканы дамытуға арналған стратегиялық жоспарлар жасалған. Жалпы алғанда инновация дегеніміз – əкелетін ғылыми–техникалық, ұйымдастырушылық, қаржылық жəне коммерциялық іс–шаралар кешенін \

Шет елдік зерттеушілер Э.Дж.Долан, Я.Корани, П.Хейне, П.Ф.Друкер, Н.Г.Менкью, Г.Хоскинг, Й.Шумпетер, В.Леонтьев жəне т.б. өндірістік сферадағы кəсіпкерліктің инновациялық сипатын бейнелейтін  экономикалық қатынастардың қазіргі  заманғы теориясын дамытты [22, 23-25, 43, 79].

Алайда бұл ғалымдардың  еңбектерінің басым бөлігі жалпы  ғылымдық сипатта жазылған немесе мəселенің  жеке тұстарын ғана шешуге арналған. Қазіргі  уақытта инновациялық өнімді тиімді жасап, ұтымды пайдалану қатынастарын сапалы түрде қарастырылмайынша  елдегі аса маңызды əлеуметтік–экономикалық  міндеттерді шешу мүмкін еместігін  түсіну енді жеткілікті емес. Ал бұл  өзіне тəн арнайы мамандырылған  қызмет субъектілері, инфрақұрылым институтттары, өзіндік нарықтық қатынастары бар  елдің барлық инновациялық потенциалының  дамуын талап етеді.

Индустриалды–инновациялық қызметтердің өндірістің тиімділігі мен  өнімнің бəсеке қабілеттілігін арттырудың пəрменді тəсіліне айналуы инновация  сферасындағы меншік қатынастарын жүзеге асыру, инновациялық үрдістерді мемлекеттік  реттеуде жетілдіру мəселелеріне дұрыс  қарауды талап етеді.

Қазақстан Республикасының  индустриалды–инновациялық потенциалының  орнын, рөлін, қызметін ғылыми–тəжірибелік тұрғыдан талдау инновациялық қызметттің сан қырлы мəселелерін зерттеудің танымдық маңызын арттырып қана қоймайды, сондай–ақ дəстүрлі салалық талдауды жалпы ұлттық жəне аймақтық тұрғыдан толықтыра түседі Сонымен қатар  ҚР-ның 09.07.2001 №225-2 «Ғылым туралы» Заңының 1 бабында инновацияның келесі мамандандырылған субъектілеріне анықтама берілген:

Технопарк дегеніміз –  негізгі қызметі инновациялық жобаларды  іске асыру үшін қажетті жұмыстар мен қызметтерді ұсыну болып  табылатын біртұтас материалдық  – техникалық кешенге меншік құқығы бар заңды тұлға.

Технопарктер əлемдік  тəжірибеге сəйкес 3 түрге бөлінеді:

американдық;

жапондық;

аралас.

Технополис – бұл қаланың  немесе аймақтың өмірін қамтамасыз ететін технопарктер, инкубаторлар жəне құрылымдар кешені. Яғни, басқаша айтқанда, технополис жекелеген аймақ немесе қала негізінде  құрылған жəне сол аймақтың өмірлік  қызметін қамтамасыз ететін дамыған  инфрақұрылымы бар ғылыми өндірістік кешенді білдіреді.

ҚР-ның Индустриялық–инновациялық  стратегиясында мамандандырылған субъектілердің өзгеше тізімі  берілген:

ұлттық технологиялық  парктер;

аймақтық технологиялық  парктер;

технологиялық бизнес–инкубаторлар;

ғылыми қалашықтар.

Инновациялық инфрақұрылым 8 элементтен тұрады (сурет 1.1). Олардың

ең маңыздысы қаржы  инфрақұрылымы болып тыбылыды. Өз алдына қаржы

инфрақұрылымы келесі элементтерден  тұрады:

мемлекеттік даму институттары;

венчурлық қорлар;

кəсіпорындар;

жеке кəсіпкерлер;

екінші деңгейдегі банктер.

Дүние жүзінде жаһандану  үрдісінің күрделенуіне байланысты бәсекеге қабілетті экономиканы  қалыптастыруда әрбір мемлекет өзінің ұлттық инновациялық жүйесі мен инновациялық инфрақұрылымынын дамытуға басымдық беріп  отыр. Өйткені ұлттық экономикасы  қалыптасқан және дамыған елдердің тәжірибелеріне сүйенсек, олардың жеткен жоғары жетістіктеріне   инновациялық инфрақұрылымның оңды әсер еткенін  байқаймыз. Олардың әлемдік нарықтағы  үлесі де қомақты. Сондықтан да, дамыған  елдердің қатарына кіруге талпыныс білдіріп отырған Қазақстанның өзінің мүмкіндіктері  мен стратегиялық мақсаттарына сай  ұлттық инновациялық жүйесі мен инфрақұрылымын дамыту өзекті мәселе болып отыр.

 

Қaзipгi   кезде   қазақстандық  телекоммуникациялық  компаниялар   шетелдік  және халықаралық  спутник  компанияларынан спутник ресурстарын  жалға aлyғa мәжбүр. Сондықтан елдің  күллі аумағында теледидар хабарларын тарату үшін жағдай жасауға, шалғай және аз қоныстанған аудандармен байланыс мүмкіндігін  жacayғa, байланыс арналарының  қуаттылғын  әртараптандыру мен  кеңейтуге кемектесетін ғарыштық байланыс әлеуетін пайдалану қажет.  2015 жылға  дейінгі кезеңде көлік жүйесін  елдің қажетіне сай келетін жағдайға келтіру жөнінде жұмыс жалғастырылуы  тиіc. Ол өзіне:

  • жаңа темір жол желілерінің құрылысын қоса aлғaндa, темір жол тораптарының конфигурациясын жетілдіруді, жылжымалы құрамның өндірісіне және жөндеуге арналған өнеркәсіп базасын дамытуды, темір жол тарифтік жүйесін жетілдіруді;
  • мұнай мен газды тасымалдайтын жаңа экспорттық құбыр жолдары жобаларымен жұмысты, жұмыс icтеп тұрған құбыр жүйесін кеңейтуді, пaйдaлaнyғa беру 2010 жылдан кейінгі кезеңге жоспарланған жаңа магистральдық экспорттық  мұнай жолдарын тартуды;
  • автожолдар  желісін салу, кеңейту және қайта жаңарту;

Информация о работе Ғылыми-техникалық прогресстің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі