Ғылыми-техникалық прогресстің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2012 в 14:02, курсовая работа

Описание работы

Ғылыми-техникалық прогресс – ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы. Ол 16–18 ғ-лардағы мануфактуралық өндірістен, ғылыми-теориялық және техникалық қызметтер өзара жақындасып, тоғыса түскен кезден бастау алады. Бұған дейін материалдық өндіріс негізінен эмпирикалық тәжірибені, кәсіби құпияны қорландырып, машық-тәсілдерді жинақтау есебінен баяу дамып келді. Сонымен бірге табиғат туралы ғылыми теория таным аясында да ілгерілеу ниеті байқалды, бірақ ол теологиялық-схоластикалық қасаңдыққа қамалып, өндірістік амалшараларға ұдайы әрі тікелей ықпал ете алмады.

Работа содержит 1 файл

алибек,Ғылыми.docx

— 239.60 Кб (Скачать)

транспорттық кешенде  тасымалдау машиналары паркін жаңарту  жəне дамыту, инфрақұрылымның модернизациясы, прогрессивтік технологияларды  қолдану жəне су, əуе, теміржол, автокөлік  машиналарының техникалық деңгейін көтеру;

химиялық жəне мұнай химиясы  өндірісінде  – шикізат пен  энергияны үнемдейтін технологияларды  қолданып, синтетикалық жəне композициондық өнімдерді өндіру, сонымен қатар  экологиялық таза полимерлерді, химиялық талшықтарды, синтетикалық каучуктерді, тынайтқыштарды жəне тағы басқаларын өндіру;

микробиологиялық өндірісте  – ауылшаруашылық шикізатты өндіру мен өңдеудің биотехнологиялық процестерін  қолдану, жаңа, бəсекеге қабілетті өнімдер  технологиясын құру;

агроөндірістік кешенде  – биотехнологияның жетістіктерін  пайдалана отырып, ауылшаруашылық үрдістердің  деңгейін көтеру,  ауылшаруашылық өнімдерінің  сапасын көтеретін технологияларды  енгізу жəне т.б. Инновациялық экономиканың ғылыми–технологиялық әлеуеті

 

Ғылым өрісі бұрыннан дәстүрлі түрде мемлекеттік саясаттың  қызу саласы болып есептелінген. Қазіргі  жағдайда мемлекет бизнесті ең алдымен  қажет ресурстардың бірі – білім  және идеялармен қамтамасыз етуді –  өз міндетіне алып отыр. Сондықтан  алдыңғы қатарлы дамыған елдерде  ғылыми–техникалық саясат бірыңғай мақсат ретінде қаралады, және ол төменгідей салаларды қамтиды:

ғылыми идеялар мен  оларды жетілдіру.

инновациялық бизнес.

кең көлемде ғылымды пайдалану.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік  ғылыми–техникалық саясаттың мақсаттары болып төменгілер табылады:

ғылым мен техниканың республика экономикасының дамуына қосатын  үлесін арттыру;

материалды өндіріс өрісін прогресті, алдыңғы қатарлы өзгерістермен  қамтамасыз ету;

жаңа өнімнің әлемдік  нарықта бәсекелестік деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз ету;

республикамыздың қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайту;

экологиялық жағдайды дұрыстау;

қалыптасқан ғылыми–техникалық  мектептерді сақтап қалу және оларды дамыту.

Мемлекет өз саясатының мақсаттарын  анықтай отырып, ғылыми және инновациялық өрістегі осы саясатты жүзеге асыру  механизмдеріне қажет қағидаларды  да жасап шығарады.

Ғылыми зерттеулер мен  жасап шығарудың стратегиясы  мынадай түрлерге бөлінеді:

Алматы қаласында үстіміздегі  жылдың 6 қаңтарында “Алатау” ақпараттық технологиялар паркінде өткен “ ғылыми-техникалар және инновациялар – 2009” көрмесінде  “Парасат” холдингі ғылым мен өндіріс арасындағы алшақтықты жоюға бағытталған қазақстандық ғылыми–технологиялық  әлеуетті жүзеге асыру механизмін көрсетті. Осы механизмді ұлттық деңгейде тарату ұсынылды, оның маңыздылығы мынада:

бірінші кезең – өнеркәсіптік кәсіпорындарда технологиялық аудит  өткізу арқылы өнеркәсіптің ғылыми–техникалық  қажеттіліктерін айқындау;

өнеркәсіптің ұсыныстары негізінде уәкілетті мемлекеттік  органдар республикалық ғылыми-техникалық бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру аясында мемлекеттік тапсырмалар  қалыптастырады;

осыдан кейін  “Парасат”  холдингінің ғылыми ұйымдары және оның серіктестері ғылыми-зерттеу тәжірибелі–құрылымдық  жұмыстар жүргізеді.

 

Мемелекет ұлы держава айналғысы келсе  ол саясатын бірге  ғылыми иновация бағытын қатар ұстау қажет.

Н. Ә.Назарбаев

Ғылыми-техникалық даму мемлекетке халықаралық стандартқа сай, мемлекеттік азаматтарына қолайлы өмірді қамтамсыз етуге мүмкіндік береді.

Нәтижесi.Стандарттау - нақты қойылып отырған және ықтимал міндеттерге қатысты көпшілікке ортақ, көп мәрте және ерікті пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы өнімге, көрсетілетін қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет. Стандарттаудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

  • өнімге, процестерге (жұмыстарға), қызмет көрсетулерге нормалар, ережелер мен сипаттамалар белгілеу;
  • өнім, процестер, көрсетілген қызметтердегі адамдар өмірі, денсаулығы, мүліктер үшін қауіпсіздігін, қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз ету.
  • өнімнің техникалық және ақпараттық сыйысымдылығын, сондай-ақ өзара алмасымдылығын қамтамасыз ету;
  • өнімнің, процестердің, қызмет көрсетулердің сапасын ғылыми-техникалық даму деңгейімен сәйкестендіру және сапа мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
  • өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету;
  • ресурстардың барлық түрін сақтау және ұтымды пайдалану;
  • елдің қорғаныс қабілеті мен жұмылдырушылық әзірлігін қамтамасыз ету;
  • табиғи және техногенді апаттар мен басқа да төтенше жағдайлардың туындау қаупін ескере отырып, шаруашылық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Стандарттау объектілеріне көп мәрте ұдайы өндірілу және пайдалану перспективалары бар өнімдер, процестер (жұмыс тар), қызмет көрсетулер жатады, ал өзара байланыстағы стандарттау объектілерінің жиынтығы стандарттау аумағы деп аталады. Мысалы, тамақ өндірісі стандарттау аумағына, ал ондағы шығарылатын өнімдер, қолданылатын технологиялық үдерістер ж.б. стандарттау объектілеріне жатады. Стандарттау саласындағы негізгі нәтижелер - өнімнің, көрсетілетін қызметтің және процестің функционалдық міндетіне сәйкестік деңгейін жоғарылату, халықаралық тауар айналымында болатын техникалық кедергілерді жою, ғылыми-техникалық дамуға көмектесу және салааралық ынтымақтастықты нығайту. Стандарттаудың ғылыми-техникалық принциптері мен функциялары

Стандарттау әрқашан маңызды практикалық мәселелерді шешуге бағытталып, ғылыми-техникалық прогресті дамытуға мүмкіндік жасап отыруы керек. Еліміздегі және шетелдік тәжірибелер көрсетіп отырғандай, бұл мақсатқа жету үшін стандарттауды белгілі принциптерге сүйене отырып жүргізу қажет. Стандарттаудың басты принциптері ретінде мыналарды атауға болады:

  1. Стандарттарды ерікті түрде қолдану және олардың біркелкі қолданылуына жағдай жасау. Ұлттық стандарттар еліне және өнімді шығаратын жеріне, өмірлік циклінің процестеріне, көрсетілетін қызметтерге, келісім ерекшеліктеріне және тұлғаларға (дайындаушы, орындаушы, беруші) қарамастан бәрі бірдей ерікті түрде қолданылады.
  2. Ұлттық стандарттарды жасағанда халықаралық стандарттарды негіз ретінде қолдану. Егер климаттық және географиялық немесе отандық өнім өндірудің техникалық (технологиялық) ерекшеліктеріне байланысты оны қамтамасыз ету мүмкін болмаса, бұл принциптің орындалмауы мүмкін.
  3. Кедергі жасауға тыйым салу. Өндірілетін өнімге және оның айналасына стандарттау мақсатын орындауға сәйкес ең төменгі деңгейден асып, кедергі болатын талаптарға тыйым салынуы керек.
  4. Әр жақтың мүддесін теңестіру. Өнімді жобалаушының, дайындаушының және берушінің заңды мүдделері толық ескерілуі керек. Стандарттау жұмыстарына қатысушылардың, бір жағынан өнімді дайындаушылардың мүмкіндігі мен екінші жағынан тұтынушылардың талаптары арасында (пәтуа) консенсус болуы керек. Пәтуа жалпы келісім ретінде қабылданады, яғни мүдделі жақтардың маңызды мәселелер бойынша қарсылықтары жоқ екенін білдіреді. Пәтуаны әр жақтардың толық ынтымақтастығы деп түсінуге болмайды.
  5. Жүйелілік принципі. Техникалық прогресс және өнім сапасын жақсарту өнім шығару процесін, оның ішінде стандарттауды жүйелі түрде жүргізуді талап етеді. Стандарттау өндірістің бүкіл кезеңдерін және шикізаттарды, материалдарды іріктеп жинақталған бұйымдар мен дайын өнімдерді қамтуы керек. Сонымен қатар, стандарттау барлық өнім түрлеріне өзара үйлестірілген талаптар қойып отыруы керек.
  6. Динамикалық принципі. Тиімділік деңгейін көтеру үшін стандарттау объектісіне қойылатын талаптарды ғылыми-техникалық прогресс талаптарына сәйкестендіру мақсатында ұдайы қайтадан қарастырып отыру қажет.
  7. Стандарттаудың тиімділігі. Стандарттар тағайындайтын көрсеткіштер, нормалар, сипаттамалар және талаптар ғылымның, техниканың және өндірістің дүниежүзілік деңгейлеріне сәйкестендірілуі керек. Олар стандарттау объектісінің даму тенденциясын да ескеруі қажет. Тағайындалған көрсеткіштер өнімнің жаңа (жоғары) сапа көрсеткіштерінің тек қана тиімділігін емес, оларды жасауға, материалдарға, пайдалану жұмыстарына жұмсалатын шығындарын ескеріп экономикалық оңтайлы болулары керек, яғни, ең жоғары деңгейдегі экономикалық тиімділік шығын деңгейі ең төмен жағдайда алынуға тиіс.
  8. Үйлестіру принципі. Бұл принцип үйлестірілген стандарттарды әзірлеуді және олардың техникалық регламенттерге қайшы келмеуін көздейді. Бір объектіге еліміздегі мекемелер қабылдаған құжаттар халықаралық (өңірлік) мекемелермен қабылданған құжаттармен үйлестірілсе, халықаралық саудадағы кедергілер жойылады.
  9. Стандарттаудың негізгі жағдайларын тұжырымды келтіру. Стандарттарда келтірілген нормаларды әр түрлі мәнде түсінуге жол берілмеуі керек.
  10. Жинақтылық және оңтайлы иіектеу принципі. Стандарттарды жасау кезінде қарастырылып отырған объектіге әсер ететін барлық басты элементтерді ескеру қажет. Жұмыс көлемін азайту мақсатында объектіге әсер деңгейі төмен элементтер ескерілмейді. Стандарттау кезінде сипаттамалар жүйелері және көптеген өзара байланыстағы материалды және материалды емес элементтер қарастырылады. Сапалы өнім алу үшін қажетті жағдайды туғызу және өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында оның барлық өмірлік циклін қамтитын ұтымды стандарттар жүйесі керек.
  11. Талаптарды тексерудің әділеттілігі. Стандарттарда объектінің негізгі қасиеттеріне тағайындалатын талаптар, солардың ішінде адам өмірі мен денсаулығын, мүліктердің, қоршаған ортаның қауіпсіздігін, бірлестікті және өзара алмасуды қамтамасыз ететін талаптар әділ тексерілетін болуы керек. Өнімдерге қойылатын талаптарды әділ тексеру техникалық өлшеу құралдарының (приборлар, химиялық сынау тәсілдері) көмегімен, ал қызмет көрсету әлеуметтік және сараптамалық әдістермен жүргізіледі.

Стандарттау функциялары: Әлеуметтік және техникалық-экономикалық мақсаттарға жету үшін стандарттау әр түрлі функцияларды атқарады.

  1. Реттеу функциясы. Объектілердің жөнсіз көп түрлерін (көптеген өнім атауларын, жөнсіз көбейтілген құжаттар түрлерін) ықшамдап шектеу.
  2. Қорғау (әлеуметтік) функциясы - өнімді шығарушылардың, тұтынушылардың және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамзатты, табиғатты техногенді апаттардан қорғауға жұмылдыру.
  3. Ресурстарды үнемдеу функциясы - материалдардың, энергетикалық, еңбек және табиғи ресурстардың шекті болуы себепті нормативтік құжаттарда ресурстарды үнемді пайдалануды қарастыру қажет.
  4. Арақатынасқа байланысты функциясы - ақпараттың (компьютерлік, спутниктік, ж.б.) жүйелерін және хабарды тарату каналдарын пайдалана отырып, адамдардың өзара пікірлесуін және әрекеттестігін қамтамасыз ету. Бұл функция саудадағы кедергілерді жою және ғылыми-техникалық, экономикалық байланыстарды нығайту үшін қажет.
  5. Цивилизациялау (қоғамдық даму) функциясы - адам өміріне қатысты көрсеткіштерді өнім мен қызмет сапаларын белгілеу негізінде жақсарту. Мысалы, адам өмірін ұзарту мемлекеттік стандарттардың тамақ өнімдерінде, ауыз суда, темекінің құрамында болатын зиянды заттардың мөлшеріне қоятын талаптарының қатаңдығына тікелей байланысты. Бұл мағынада стандарттар еліміздің қоғамдық даму деңгейін, яғни өркениет (цивилизация) деңгейін көрсетеді.
  6. Ақпараттық функциясы. Стандарттау өндірісті, ғылымды, техникалық және басқа салаларды нормативтік құжаттармен, эталондармен, үлгілермен, бағалы техникалық және басқару ақпараттарының сақтаушысы болып табылатын өнім эталондарымен, өнім каталогтарымен қамтамасыз етеді.
  7. Норманы бекіту және құқықты қолдану функциясы - стандарттау объектілеріне қойылатын талаптарды міндетті стандарттар (немесе басқа нормативтік құжаттар) түрінде заңдастыру және құжаттарға құқықтық күш беру нәтижесі оларды жаппай қолданудан байқалады. Нормативтік құжаттардың міндетті талаптарын орындау экономикалық әкімшілік және құқықтың міндеттеу шараларын (санкцияларын) қолдану арқылы жүзеге асырылады.
  8. Дәлелділік функциясы. Бұл функцияның мәні нақтылы техникалық регламенттерге үйлестірілген стандарттар регламенттің маңызды талаптарының дәлелділігін көрсетуінде.

 Пайдаланған әдебиет

  1. Акишев К., Дарибаева Г. Стандарттау, метрология және сәйкестікті бағалау: Оқулық. - Астана: Фолиант, 2008.
  2. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
  3. Қазақ Энциклопедиясы
  4. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі
  5. wikipedia.org

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Қазақ технология және бизнес университетінің колледжі

 

 

 

 

                                 Курстық жұмыс

 

 

Тақырыбы: Ғылыми-техникалық прогресстің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі

 

                 

 

 

 

 

                                          Орындаған:Аманбалаев Әлібек 

                                                      Тексерген: Абдикеримова Гульмира

                                         

 

                      

                         Астана  2012ж.        

 

                                    

                                  Жоспар

          

 

     1. Ғылыми-техникалық прогресс сипаттамасы

      2. Ғылыми-техникалық прогресстің тарихы

      3. Ғылыми-техникалық  революция

4. Қазақстандағы және әлемдік прогресс

5. Ғылыми-техникалық прогресстің тиімділігі және адамзатқа пайдасы

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Ғылыми-техникалық прогресстің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі