Жеке меншік
Реферат, 28 Февраля 2012, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Меншік экономиканың және экономикалық теорияның ең маңызды әрі күрделі категориялары мен мәселелерінің қатарына жатқызылады. Меншік бүкіл қоғамдық қондырғыны қамтитын объективті қатынас ретінде ойшылдарды бұрыннан қызықтырған. Түрлі өркениеттер өкілдері «Экономикалық билік кімге тиесілі және шешуші рөлге ие өндіріс құралдарын кім иеленеді?» деген сұрақтарға әрқашанда ерекше көңіл бөлген.
Содержание
Кіріспе............................................................................................2
Меншіктің мәні мен мазмұны......................................................3
Иемденудің түрлері мен формалары..........................................6
ҚР дағы жекешелендіру және меншіктен шығару.....................8
Қорытынды...................................................................................10
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................11
Работа содержит 1 файл
Жеке меншік.docx
— 33.43 Кб (Скачать)Мазмұны
- Кіріспе.......................
.............................. .............................. .........2 - Меншіктің мәні мен мазмұны.......................
.............................. .3 - Иемденудің түрлері мен формалары.....................
.....................6 - ҚР дағы жекешелендіру және меншіктен шығару.....................8
- Қорытынды.....................
.............................. .............................. ..10 - Пайдаланылған әдебиеттер....................
.............................. .......11
Кіріспе
Меншік экономиканың және экономикалық
теорияның ең маңызды әрі күрделі
1. Меншіктің мәні мен мазмұны
Жалпы қатынастар
мен құбылыстар кеңістігінде меншік заңды
тәртіпте бекітілген мүліктік қатынастар
ретінде көрініс табады. Меншіктің заң
тұрғысындағы мазмұны келесідей дәстүрлі
құқықтармен сипатталады:
- иелену құқығы;
- пайдалану құқығы;
- басқару құқығы, яғни меншік объектісінің қалай, кіммен және қандай талаптарға сәйкес пайдалану мүмкіндігі жөнінде шешім қабылдау;
- меншікті пайдаланудан табыс алу құқығы;
- заттың капиталдық құнына құқық (иеліктен шығару, тұтыну, өзгерту, физикалық құрту құқығы);
- қауіпсіздік құқығы – қарсы иммунитет;
- мұраға қалдыру құқығы;
- меншік құқықтарының мерзімсіздігі;
- зиянды пайдалануға тыйым салу, яғни меншікті басқаларға зиян келтірмейтіндей пайдалану міндеті;
- меншікті қарыз төлемі ретінде пайдалану мүмкіндігін көздейтін мүліктік жауапкершілік;
- «қайтарым сипатындағы меншік құқықтары, яғни келісім-шарт мерзімінің бітуіне, оның талаптарының бұзылуына байланысты әлдекімге берілген құқық қабілеттілігінің қайтарылуы.
Меншікті анықтау барысында меншік
субъектілері мен объектілері қарастырылады.
а) жылжымайтын мүлік - жер учаскелері,
сондай-ақ ғимараттар, құрылыс және жермен
тығыз байланысты өзге де мүліктер, яғни
орны ауысқан жағдайда негізгі қызметіне
айтарлықтай көлемде (қалпына келместей)
нұқсан келетін объектілер;
1. Меншік - бұл адамдардың заттарға деген қатынасы ғана емес, бұл экономикалық ресурстар мен тұтынушылық игіліктерді иемдену жөніндегі экономикалық агенттер арасындағы қатынастар.
2. Бір субъектінің өндіріс
3. Табыстардың формалары меншіктің
экономикалық жүзеге асуын қалыптастырып,
меншік қатынастарындағы субъектілердің
орнымен анықталады.
Иемдену - заттарды, табиғат және қоғам
құбылыстарын, олардың пайдалы қасиеттерін
тіршілік әрекетінің нақты жағдайларына
(талаптарына) айналдыру әдісі ретіндегі
экономикалық үрдіс. Иемденудің құрамдастары
болып бір уақытта заңды да, құқықты да
экономикалық та категорияларды білдіретін
иелену, пайдалану, өкім беру және жауапкершілік
ету қатынастары табылады.
2. Иемденудің түрлері мен формалары
Меншік формаларын зерделеу
барысында базистік түсініктердегі қарама-қайшылықтарға
байланысты бірегей атаулар негіздерінің
жоқтығына тап болуға тура келеді. Жалпы халықтық,
мемлекеттік, қоғамдық, ұжымдық сияқты
меншік формалары бір авторларда синонимдер
ретінде қабылданса, басқаларында әр түрлі
түсініктер болып қарастырылады. Мұндай
жағдай жеке, индивидуалды, өздік меншікке
де қатысты. Осыған байланысты меншік
формасы дегеніміз не екенін, қандай критерийлермен
анықталатынын, меншіктің қандай формаларын
өзара ажырата білу қажет екенін анықтап
алу қажет.
- Жалпы халықтық – қоғамның барлық мүшелеріне жалпы және бірдей қол жеткізетін халықтың пайдалануындағы табиғи байлықтар түріндегі меншік.
- Мемлекеттік – жалпы халықтық меншіктің бөлігі болып табылатын, халықтың еркімен және халық билігі органдарының шешімімен белгілі бір топтарға сәйкес теңдей жауапкершілікпен мемлекеттік органдар өкіміне берілген табиғи байлықтар, негізгі өндіріс құралдары, айналым қаражаттары, ақпарат;
Меншік түрі |
Қоғамдық |
Жеке |
| |||||||||||||
Меншік формасы |
Мемлекеттік |
Ұжымдық |
Индивидуалды еңбек ету |
Жалдамалы еңбек ету |
||||||||||||
Меншік түрі |
Муниципалды |
Кооперативтік |
Акционерлік |
Қоғамдық ұйымдар меншігі |
Діни мәдени ұйымдар меншігі |
жеке тұлғалық |
Жанұялық |
Индивидуалды жалдамалы еңбектің қатысуымен |
Монополистік |
Корпоративті |
Мемлекеттік- ұжымдық |
Мемлекеттік жеке |
Жеке-ұжымдық |
Біріккен шет ел капиталын қолдана отырып |
Тағы басқа | |
- Аймақтық мемлекеттік-аймақтық мемлекеттік органдар өкіміне берілген меншік;
- Коммуналды, муниципалды-жергілікті органдар өкіміне берілген меншік;
- Ұжымдық - тұлғалар ұжымына белгілі бір немесе шектеусіз мерзімге берілген жалпы халықтық, мемлекеттік, аймақтық меншіктің бөлінбес бөлігін білдіретін, сондай-ақ заңмен келісім-шартпен, жарғымен белгіленген ережелер мен нормалар жүйесіне сәйкес жалға берілетін немесе пайдаланылатын меншік. Бұл меншік құқығын өткізу (беру) нәтижесінде пайда болатын меншіктің туынды формасы;
Жалпы - алғаш екі немесе бірнеше тұлғаларға, ассоциацияланған топ мүшелеріне тиесілі, олардың заңмен жалпы белгіленген ережелер және шектеулерді сақтай отырып өз қажетінше пайдаланылуында болған мүлік, құндылықтар, ақшалай қаражаттар, бағалы қағаздар, т.б. (мұндай формаға белгілі бір дәрежеде акционерлік, ұжымдық - үлестік, кооперативтік меншік те жатады). Жалпы меншік біріккен және аралас болып бөлінеді. Біріккен меншік шеңберінде меншік объектісі барлық қатысушылар мен тұлғаларға теңдей дәрежеде тиесілі болады. Үлестік меншік барысында әрбір қатысушының, тұлғаның жалпы меншік құқығындағы үлесі жеке-жеке белгіленеді.
Индивидуалды - белгілі бір құқықтың нормаларға сәйкес жеке индивидумға тиесілі және олардың өз қажетінше пайдаланатын мүлік, заттар, ақпарат, т.б.
Меншік формаларын абсолютті нақты бөлу мүмкін емес, өйткені бір формадан екінші формаға өтетін меншіктің аралас формаларын болдырмау мүмкін емес.
3. Қазақстан Республикасындағы
жекешелендіру және
Соңғы жылдары Қазақстанда
- меншік формаларының көп түрлілігі;
- жеке меншіктің Қазақстан экономикасындағы меншіктің негізгі формаларының біріне айналуы;
- халық шаруашылығының барлық салаларында дерлік мемлекеттік меншік монополиясын жеңу;
- нарық инфрақұрылымы мен меншіктің жаңа формаларына қызмет көрсететін механизмдердің қалыптасуы.
Мемлекеттік меншіктен шығару - бұл мемлекеттің экономикадағы шамадан тыс рөлін бәсеңдетуге бағытталған мемлекеттік меншікті қайта қалыптастыру жөніндегі шаралар жиынтығы. Мемлекеттік меншіктен шығару монополизмді жеңуге, бәсекелестік пен кәсіпкерліктің дамуына бағытталған.
Мемлекеттік меншіктен шығару шаралары жекешелендірумен тығыз байланысты құрайды.
Жекешелендіру - бұл меншікті жекелеген азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке меншігіне беруде көрініс табатын мемлекеттік меншіктен шығару бағыттарының бірі.
Қазақстан Республикасындағы 10 жыл аралығында мемлекеттік меншіктен шығару және жекешелендіру үрдістерінде әрқайсысына өзіндік мақсаттары мен міндеттері тән төрт кезеңді бөліп көрсетуге болады. Бұл үрдістердің басталуы Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу кезеңіне сәйкес келеді.
I кезең 1991-1992 жылдарды қамтиды. I кезеңдегі жекешелендіру үрдісінің негізгі бағыты болып, кәсіпорындарды ұжымдық немесе акционерлік меншікке беру, бұл кәсіпорындардың еңбек ұжымдарына жеңілдіктермен және сауда, қызмет көрсету объектілерін сату (соның ішінде тұрмыстық купондар) жолымен жүзеге асқан орталықтанған-жоспарлыдан нарықтық экономикаға өту талаптарын қамтамасыз ету мақсатында кең масштабты мемлекеттік меншіктен шығару табылады.