Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 09:31, реферат

Описание работы

Қоғамдық қатынастар жүйесінде кәсіпкерлік қызметті реттеу бойынша, бір жағынан, қолданыстағы заңдарға сәйкес кәсіпкер мәртебесін иеленуші жеке тұлғалар және заңды тұлғалар, екінші жағынан, уәкілетті мемлекеттік органдар (министрліктер, комитеттер және т.с.с.) шығады. Оған қоса, көрсетілген субъектілер арасында қалыптасатын қоғамдық қатынастар түтастай және толық билікке және бағыныштылыққа құрылған сатылас қатынастар (мысалы, лицензиялау, сертификаттау саласындағы жэне т.б. қатынастар) да, ешқандай бағыныштылық жоқ (мысалы, келісім-шарт қатынастары) деңгейлес қатынастар да болуы мүмкін. Алғашқы жағдайда көпшілік-қүкықтық қатынастар, ал екінші жағдайда жеке-құқықтық қатынастар туралы сөз болмақ.

Содержание

Кіріспе
1. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу түсінігі, түрлері.
2. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу органдары жүйесі
3. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу әдістері мен бағыттары
4. Кәсіпкерлік қызмет саласындағы мемлекеттік бақылауды жүргізу

Работа содержит 1 файл

РЕФЕРАТ.docx

— 31.02 Кб (Скачать)

 

РЕФЕРАТ

Тақырып: «Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу»

Пәннің аты Кәсіпкерлік құқық

Жоспар

1. Кәсіпкерлік қызметті  мемлекеттік реттеу түсінігі, түрлері.

2. Кәсіпкерлік қызметті  мемлекеттік реттеу органдары жүйесі

3. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу әдістері мен бағыттары

4. Кәсіпкерлік қызмет саласындағы  мемлекеттік бақылауды жүргізу

Кіріспе

Қоғамдық қатынастар жүйесінде  кәсіпкерлік қызметті реттеу бойынша, бір жағынан, қолданыстағы заңдарға сәйкес кәсіпкер мәртебесін иеленуші жеке тұлғалар және заңды тұлғалар, екінші жағынан, уәкілетті мемлекеттік органдар (министрліктер, комитеттер және т.с.с.) шығады. Оған қоса, көрсетілген субъектілер арасында қалыптасатын қоғамдық қатынастар түтастай және толық билікке және бағыныштылыққа құрылған сатылас қатынастар (мысалы, лицензиялау, сертификаттау саласындағы жэне т.б. қатынастар) да, ешқандай бағыныштылық жоқ (мысалы, келісім-шарт қатынастары) деңгейлес қатынастар да болуы мүмкін. Алғашқы жағдайда көпшілік-қүкықтық қатынастар, ал екінші жағдайда жеке-құқықтық қатынастар туралы сөз болмақ.

Кәсіпкерлік қызмет саласындағы мемлекеттік бақылау – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудағы нормативтік актілердің талаптарын комерциялық және комерциялық емес ұйымдардың қадағалауы үшін бақылау және тексеру жүйесі.

Мемлекеттік басқару мемлекеттің органдарының экономикаға тікелей және жанама араласуын білдіреді. Ол әкімшілік әдістерді қолданумен , сол уақытта мемлекеттік реттеу кең аумақты жабдықтар мен құралдарды пайдалануға , соның ішінде нарықты жанама реттеу әдістері мен жабдықтарын қолдануға бағытталған. Мемлекеттік реттеу ұғымы мемлекеттік басқару ұғымына қарағанда кең мағынада.

Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау - Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк бастаманы iске асыру үшiн жеке кәсiпкерліктi дамытуды ынталандыру, қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк жағдайлар жасау жөнiндегi мемлекеттiк шаралар кешенi.

Мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты ретінде қоғамның дамуының нақты сатысындағы кәсіпкерліктің және экономиканың дамуы үшін жақсы шартты құруды білдіреді.

Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеудiң және қадағалаудың мақсаттары: 1) қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және тұтастай алғанда қаржы жүйесiне деген сенiмдi қолдау; 2) қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылардың мүдделерiн қорғаудың тиiстi деңгейiн қамтамасыз ету; 3) қаржы рыногында адал бәсекенi қолдауға бағытталған қаржылық ұйымдардың қызметi үшiн тең құқықтық жағдайлар жасау болып табылады.

    1. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу түсінігі және түрлері

Мемлекет кәсіпкерлік қатынастарды реттей отырып, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің мінез-құлқына әсер етудің сан алуан түрлері мен тәсілдерін пайдаланады. Нарықтық қатынастарды мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігі көпшілік (қоғамдық) мүдделерді қорғау қажеттілігінен туады, себебі тек мемлекет қана өз органдары атынан қоғамдық мүдделерді қорғай алады және қорғауға тиіс.

Қоғамдық қатынастар жүйесінде  кәсіпкерлік қызметті реттеу бойынша, бір жағынан, қолданыстағы заңдарға сәйкес кәсіпкер мәртебесін иеленуші жеке тұлғалар және заңды тұлғалар, екінші жағынан, уәкілетті мемлекеттік органдар (министрліктер, комитеттер және т.с.с.) шығады. Оған қоса, көрсетілген субъектілер арасында қалыптасатын қоғамдық қатынастар түтастай және толық билікке және бағыныштылыққа құрылған сатылас қатынастар (мысалы, лицензиялау, сертификаттау саласындағы жэне т.б. қатынастар) да, ешқандай бағыныштылық жоқ (мысалы, келісім-шарт қатынастары) деңгейлес қатынастар да болуы мүмкін. Алғашқы жағдайда көпшілік-қүкықтық қатынастар, ал екінші жағдайда жеке-құқықтық қатынастар туралы сөз болмақ.

Қолданыстағы жеке кәсіпкерлік туралы заңдарда жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары ретінде: 1) жеке кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдайлар туғызу; 2) мемлекеттің мүдделері мен тұтынушылардың кұқықтарын жеке кәсіпкерлікті әкімшілік басқаруды енгізу жолымен қорғау («Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңның 4-бабы) шаралары аталған. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік әкімшілік басқару мақсаттарына қатысты айтатын болсақ, онда оларға: жеке кәсіпкерлік субъектісі өндіретін және сататын адамдардың өмірі мен денсаулығына арналған өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың мүлкін қорғау, қоршаған ортаның қауіпсіздігін және ҚР ұлттық қауіпсіздігін корғау; алдап-арбау практикасының алдын алу; табиғи жэне энергетикалық ресурстарды үнемдеу; үлттық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін көтеру жатқызылады.

Мемлекеттік әкімшілік баскару түрлері мыналар:

1) ҚР заңдарының жеке кәсіпкерлік өніміне, үдерістеріне талаптар белгілеуі (мемлекет ҚР заңдары арқылы өнімге, үдерістерге жеке кәсіпкерлік субъектілерінің барлығы орындауға міндетті талаптар белгілейді);

2) сәйкестігін растау бойынша, тексеру, калибрлік және сынақ зертханаларын (орталықтарын) тіркеу (сәйкестігін растау бойынша, тексеру, калибрлік және сынақ зертханаларын (орталықтарын) тіркеу ҚР заңдарына сәйкес жүргізіледі);

3) өнімнің жекелеген түрлерінің ҚР заңдарына сәйкестігін міндетті растау (өнімнің жекелеген түрлерінің, үдерістердің ҚР заңдарына сәйкестігін міндетті растау белгіленеді, егер бүл ҚР техникалық реттеу туралы заңымен белгіленген мақсаттарға жету үшін қажет болса);

4) жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік бақылау (жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік бақылау ҚР заңдарымен өнімге, үдерістерге қойылған талаптардың орындалуы, өнімнің жекелеген түрлерінің, үдерістердің сәйкестігін растау бойынша талаптардың орындалуы мемлекеттік экімшілш мақсаттары үшін жеткіліксіз болғанда белгіленеді);

5) жеке кәсіпкерліктің жекелеген түрлерін лицензиялау (егер жеке кәсіпкерлік субъектісі уәкілетті органға лицензия алу үшін қажетті құжаттарды табыс етсе, жеке кәсіпкерліктің жекелеген түрлерін лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жеке кәсіпкерлік субъектісіне ол өтініш білдірген қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беруге немесе негізді түрде лицензиялау туралы ҚР заңдарымен көзделген мерзімдерде лицензия беруден бас тартуға міндетті);

6) ҚР заңдарына сәйкес  жеке кәсіпкерлік субъектілерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (егер мемлекеттік әкімшілік басқару түрлерін қолдану мемлекеттік әкімшілік баскару максаттарына қол жеткізуді қамтамасыз етпесе, ҚР заңда-рымен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сактандыру белгіленеді);

7) ҚР заңдарымен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды түлғаларының жауапкершілігін тағайындау (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды тұлғаларының жауапкершілігі ҚР заңдарымен тағайындалады).

Мемлекеттік реттеу түрлерін жіктеу экономиканың әртүрлі салаларында кандай да бір қатынастарға мемлекеттің ықпал ету дәрежесіне . негізделеді. Атап айтқанда, экономиканы мемлекеттік реттеудің ең жоғарғы, орташа және ең төменгі деңгейін (режимін) бөлуге болады. Ең жоғарғы деңгей мемлекеттік реттеудің барлык немесе көпшілік құралдарын (аспаптарын) пайдалану дегенді білдіреді. Ол, мысалы, табиғи монополияларға қатысты белгіленген. Мемлекеттік реттеудің ең төменгі деңгейі шығармашылық қызметке байланысты кәсіпкерлікті реттеуге бағытталған.

Мемлекеттік реттеу түрлерін аумақтық белгісі бойынша, яғни ықпал ету қүралдарының қандай да бір түрлерін қолдану аумағына байланысты жіктеуге болады. Соған байланысты мемлекеттік реттеуді республикалық деңгейде, аймақтық деңгейде, жергілікті деңгейде бөлуге болады.

Сонымен катар ықпал етудің қолданылатын тәсілдерінің сипатына қарай, тікелей және тікелей емес (жанама) мемлекеттік реттеуді бөліп қарауға болады. Тікелей мемлекеттпік реттеу реттеудің әкімшілік (биліктік) әдістерін пайдалануға негізделген, ал жанама мемлекеттік реттеу ықпал етудің экономикалық әдістерінің көмегімен жүзеге асырылады (әдетте, ынталандырушылық сипатта).

Экономика саласында мемлекеттік реттеудің басқа да жіктеу түрлері болуы мүмкін.

    1. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу органдары жүйесі

Жалпы кұзырет органдарына, бірінші кезекте, ҚР Үкіметі жатады. Жеке кәсіпкерлік қызмет туралы Заңның 14-бабына сәйкес ол: 1) мемлекеттік саясаттың жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту саласындағы негізгі бағыттарды әзірлейді;

2) жеке кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік жүйесін қалыптастырады;

3) Үкімет жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша консультациялық-кеңесушілік органдарын қүрады және таратады;

4) сараптама кеңестерінің орталық мемлекеттік жэне жергілікті атқару органдары әзірлеген жеке кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативтік қүқықтық актілерді қарауын ұйымдастырады;

5) мемлекеттік қажеттіліктер үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінен сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, кызметтердің) номенклатурасын және олардың көлемін (пайыздық түрде) бекітеді;

6) шағын және орташа кәсіпкерліктің дамуын ынталандырады;

7) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне өнеркәсіптік өндіріс және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін жалға немесе сенімділікпен басқаруға берілген нысандарды өтеусіз беру тәртібін анықтайды;

8) бәсекеге қабілетті салаларды құруды және жетілдіруді, жеке кәсіпкерлік субъектілерін еркендетуді жэне солар өндіретін өнімнің сапасын көтеруді ынталандыратын мемлекеттік саясатты белгілейді және жүзеге асырады;

9) бәсекенің дамуына және инновациядағы инвестицияларды, материалдық активтерді, сонымен қатар ұзақ мерзімді инвестицияларды ынталандыруға себепші болатын нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;

10) экономиканың жекелеген секторларында кластерлер құруды ынталандырады;

11) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің дамуы үшін тосқауылдарды жою мақсатында экономика салаларының жүмыс істеуіне талдау жасайды;

12) инвестицияларды көбейту және ҚР экономикасына инновацияларды енгізуді жеделдету мақсатында ұлттық даму институттарын құрады;

13)жекелеген салаларда жеке кэсіпкерлік субъектілері арасында бәсекені дамыту үшін жағдайлар тұғыза отырып, сол салаларды тарифтік және тарифтік емес әдістермен уақытша қорғауды жүзеге асырады;

14) ұлттық экспортқа шығарушыларға қатысты басқа елдің белгілеген тосқауылдарын жою шараларын қабылдайды;

15) жеке кәсіпкерлік субъектілерін келісілген, бірлескен экспорттық саясат жүргізуге ынталандырады;

16) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне ішкі және сыртқы нарықтардың жай-күйі туралы экономикалық ақпарат беріп отыруды ұйымдастырады;

17) сапа менеджменті жүйелерін енгізуді ынталандыру жолымен ұлттық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін көтеру үшін жағдайлар туғызады;

18) ұлттық экспортқа шығарушылардың басқа елдердің аумақтарындағы мүдделеріне лобби жасау жолымен сыртқы сұраныс үшін жағдайлар туғызады;

19) жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметкерлерін қолдап отырады, жеке кәсіпкерлік субъектілері мен жұмыс берушілер бірлестіктерімен өзара әрекеттеседі;

20) бәсекеге қабілетті  салалар кұру мақсатымен жеке салаларды қолдау бағдарламаларын бекітеді;

21) ғылыми-зерттеу ұйымдарын  кұрады, саланың қиындықтарын және кластерлерін шешу үшін іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді қаржыландырады;

22) республика экономикасы үшін білікті мамандар даярлау бойынша мемлекеттік бағдарламалар әзірлейді;

23) халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын жеке кәсіпкерлікке тарту бойынша шаралар әзірлейді.

Жалпы құзырет органдары қатарына сонымен бірге ҚР жергілікті уәкілеттік және атқару органдары жатады. Жергілікті өкілеттік органдар:

1) жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың аймақтық бағдарламаларын бекітеді;

2) жергілікті атқару органдары басшыларының Қазақстанда жеке кэсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелері бойынша есеп-қисаптарын қарайды.

Жергілікті атқару органдарының құзыретіне мыналар кіреді:

1) жеке кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың мемлекеттік саясатын жүзеге асыру;

2) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар туғызу;

3) аймақтарда мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруды және орындауды қамтамасыз ету және жауапкершілік көтеру;

4) жеке кәсіпкерлікті қолдаудың аймақтық бағдарламаларын әзірлеу және іс жүзіне асыру;

5) аймақта жеке кәсіпкерлік және инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылымын құруды және дамытуды қамтамасыз ету;


Информация о работе Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу