Кәсіпорындағы маркетингті ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 02:00, реферат

Описание работы

Маркетингтің ұйымдастыру қызметі – маркетинг бойынша өздеріне жүктелген міндеттер мен қызметтерді орындайтын бөлімдер мен бөлімшелердің жиынтығы. Маркетингті ұйымдастырудың әр түрлі формалары бар, оларды таңдауға кәсіпорын мақсаттары, ресурстары болуы, басқарудың қалыптасқан құрылымы, өндірілген өнімнің, нарықтың және маркетингтік ортаның ерекшеліктері сияқты факторлар әсер етеді. Маркетингтік қызметті ұйымдастыру төменде көрсетілген белгілер бойынша құрылады.

Работа содержит 1 файл

Кәсіпорындағы маркетингті ұйымдастыру.doc

— 30.00 Кб (Скачать)


Кәсіпорындағы маркетингті ұйымдастыру

 

Маркетингтің ұйымдастыру қызметі – маркетинг бойынша өздеріне жүктелген міндеттер мен қызметтерді орындайтын бөлімдер мен бөлімшелердің жиынтығы. Маркетингті ұйымдастырудың әр түрлі формалары бар, оларды таңдауға кәсіпорын мақсаттары, ресурстары болуы, басқарудың қалыптасқан құрылымы, өндірілген өнімнің, нарықтың  және маркетингтік ортаның ерекшеліктері сияқты факторлар әсер етеді. Маркетингтік қызметті ұйымдастыру төменде көрсетілген белгілер бойынша құрылады.

 

Функционалдық ұйым.  Тауарлары мен нарық мөлшері аз кәсіпорындарда қолданылады. Бұл қағида еңбектің функционалдық бөлінуіне негізделген (6-сурет).

 

Маркетинг бойынша вице - президент

 

 

Маркетингтік зерттеу

 

 

Жаңа тауарларды өндіру

 

 

Тауар өткізу

 

 

Маркетингті жоспарлау

 

 

Жарнама және өткізуді ынталандыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6-сурет. Маркетингті басқарудың функционалдық құрылымы

 

Басқарылатын процестердің мамандануы, кадрлар құзіретінің нақты түрде анықталуы, тауар ассортименттерінің аз мөлшерде тұрақты өндірілуі маркетингті ұйымдастырудың осы формасының тиімділігін анықтайды .

 

Ұйымның мұндай формасы номенклатурасы шектеулі орта  және шағын кәсіпорындарға тән.

 

Функционалдық құрылым қағидасы маркетингтік ұйымдастырудың барлық басқа формалары үшін негіз болып табылады.

 

Функционалды ұйымдастырудың мынадай артықшылықтары бар:

 

·       Басқарудың қарапайымдылығы.

 

·       Басқару процестерінің мамандануы мен стандартталуы шешім қабылдау тиімділігін жоғарылатады.

 

·       Қызметкерлердің кәсіби мамандығының өсуіне әсер етеді.

 

·       Басқару функцияларында қайталану болмайды.

 

Кәсiпорындағы маркетингтi функционалдық ұйымдастырудың  кемшiлiктерi.

 

· басқару шешiмдерiн үйлестіруде кездесетін қиыншылықтар;

 

· тауарлар сапасына жеткiлiктi мән берiлмейдi;

 

· жаңа енгiзулерге  жылдам бейiмделмейдi;

 

· фирманың жалпы мүддесiмен салыстырғандағы эгоизм  мен жеке мүдделердiң болуы.

 

Маркетингтi тауарлық ұйымдастыру. Маркетингтiк құрылымның бұл түрiн  қолдану өндiрiс пен өткiзудiң арнайы шарттарын талап ететiн  өнiм ассортиментi мен өткiзу көлемi үлкен кәсiпорындар үшiн тиiмдi. Тауарлық ұйымдастыруда маркетинг бөлiмi тауар немесе тауар топтары бойынша құрылады. Тауар жөнiндегi менеджер тауардың әр түрi бойынша барлық маркетинг кешенiн үйлестiрiп, туындаған мәселелердi өз уақытында  шешедi.  Тауарлық ұйымдастыру функционалдық ұйымдастыруға қарағанда, үлкен шығындарды талап етедi. Сондықтан да ұйымдастырудың бұл формасы әр тауардың сату көлемi жұмыс барысында кездесетiн ұқсастықтардың шығындарын ақтайтын дамыған елдердегi iрi диверсификацияланған компанияларда таралған. Ұйымдастырудың мұндай түрiнде барлық тауарларға (мысалы, корпоративтiк стратегия) қатысты жалпы функциялар  басқарудың жоғары эшалондарында жүргізіледі (7-сурет).

 

 



Информация о работе Кәсіпорындағы маркетингті ұйымдастыру